Кәсіпорын қаржысының мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 08:13, курсовая работа

Описание

Курстық жұмыстың мақсаты - кәсіпорынның өзін - өзі қаржыландыру барысын зерттеу, кәсіпорынның өндірістік дамуының өзін - өзі қаржыландыруын қарастыру.
Қандай кәсіпорын болмасын өзінен - өзі тіршілік ете алмайды. Сондықтан кәсіпорын экономикасы негізгі объектісіне:
- кәсіпорынның өндірістік құрылымы, өнеркәсіп өндірісінің үлгісі, өндіріс кезеңін ұйымдастыру;
- кәсіпорынның қаражат көздерін бағалау;
- кәсіпорынның қаражат көздерінің ұтымды құрылымын қарастыру;
- шаруашылық стратегиясын таңдау, өнімді өндіруді жоспарлау және өнімді сатуды әзірлеу;
- өндірісті қалыптастыру, капиталды пайдалану және кәсіпорынның табысын қаржыландыру;
- өндірістік техникалық жағдайы мен қажетті өндірістік инфрақұрылымды құру;
- өндірістің қаржы ресурстары, шаруашылық қызметінің тиімділігі;
- кәсіпорынның өзін - өзі қаржыландыруы.

Содержание

КІРІСПЕ
1. КӘСІПОРЫН ҚАРЖЫСЫНЫҢ МӘНІ
1.1 Кәсіпорынның қаржылық мазмұны және оны ұйымдастыру нысандары
1.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын ұйымдастырудың мәні
1.3 Кәсіпорынның қаражат көздері және ішкі резервтер
2. КӘСІПОРЫНДЫ ҚАРЖЫЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ
2.1 «Гормолзавод» ЖШС-ң қаржылық қызметтерін талдау
2.2 Кәсіпорындардың қызметін қаржыландырудың ерекшеліктері
2.3 Қазақстанда кәсіпорынның қаржылық жағдайын дамыту жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР

Работа состоит из  1 файл

Данияр.doc

— 366.00 Кб (Скачать документ)

Шаруашылық қызметінің нәтижелігіне мүдделік бірдей дәрежеде кәсіпорындар мен ұйымдардың ұжымдарына, жеке қызметкерлерге және жалпы мемлекетке тән нәрсе. Бұл қағидатты іске асыру лайықты еңбек ақы төлеумен, мемлекеттің оңтайлы салық саясатымен, таза табысты (пайданы) тұтыну мен қорланымға болуда экономикалық жағынан негізделген үйлесімдерді сақтаумен қамтамасыз етілуі мүмкін; кәсіпорындардың ұжымдарын қаржылық ынталандырудың қуатты тұтқасы олардың өздері тапқан қаражаттары есебінен әлеуметтік-мәдени мақсаттарға жұмсалатын шығындар болып табылады.

Қаржылық жауапкершілік  пен мүдделік — бір процестің — ша-руашылық жүргізудің тиімділігін арттырудың ынталандырмаларын жасау мен іске асыру процесінің екі жағы.

Сөйтіп, екі экономикалық категорияның — экономиканың негізгі  буыны — кәсіпорын, ұйым, басқа  шаруашылық субьекті сферасындағы қаржы  мен коммерциялық есептің өзара  байланысы көрінеді.

1. Жоспарлылық қағидаты кәсіпорынның қаржылық қызметі өндірістің мақсаттарына, міндеттеріне, оларға жетудің белгіленген әдістеріне, жетудің дәйектілігі мен мезгіліне қарай оның параметрлерін есептеу арқылы алдын ала қарастырылатынын білдіреді. Есеп-қисаптар негізінде және белгіленген қаржы нормативтерін пайдалану арқылы арнаулы құжатта — қаржы жоспарында (болжамында) қамтитын көрсетілетін қаржы көрсеткіштері анықталады. Кәсіпорынның болжамды қызметі факторларының тұрлаусыздығы жағдайында қаржы көрсеткіштерін егжей-тегжейлі пысықтаудың — жоспарлаудың орнына болжау қолданылады, яғни қолда бар мәліметтерді зерделеудің, өзгермелі факторларды ғалыми өндеудің (үлгілеудің, экстраполяциялаудың) және қорытындылаудың негізінде кәсіпорынның қаржылық дамуының болжамы жасалады. Болжам кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің нұсқалары бойынша бағалау және кейінгі шешімдерді қабылдау үшін қызмет етеді.

2. Кәсіпорындар мен  ұйымдар меншігінің барлық  нысандарының теңдігі қағидаты қатынастардың тұрақтылығы мен меншіктің түрлі нысандары — мемлекеттік, жеке меншік, шетел мемлекеттерінің және олардың заңды ұйымдары мен азаматтарының, халықаралық ұйымдардың нысандары дамуының мемлекет кепілдігінде жүзеге асырылады. Меншіктенуші өз білгенінше өзінің мүлкіне иелік жасайды, пайдаланады және басқарып ұйымдастырады, оған қатысты заңға қарсы келмейтін кез келген іс-әрекет жасайды, мүлікті кез келген шаруашылық және заңмен тиым салынбаған өзге де қызмет үшін пайдаланады.

3. Кәсіпорындардың қаржысын  ұйымдастырудың қажетті қағидаты  — басқарудың барлық деңгейлеріндегі қаржы резервтерінің (резервтік капитал, тәуекел қоры) болуы. Қаржы резервтері әр түрлі әдістермен өңдірістік және әлеуметтік қорлардың мөлшеріне пайызбен, пайда немесе табыстан тұрақты нормативтер бойынша аударымдар арқылы жасалуы мүмкін. Қаржы резерві уақытша болатын қаржы қиыншылықтарын жоюға және шаруашылықтардың қызметіне қажет қалыпты жағдайларды қамтамасыз етуге, сондай-ақ, әдетте, қаржы жоспарында қаралмайтын өндірістік және әлеуметтік дамумен байланысты шығындарды (ойда болмаған шығындарды) қаржыландыруға арналған. [2]

Нарықтық экономика  жағдайында кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастыруда елеулі өзгерістер болуда. Әріптес кәсіпорындардың арасында деңгейлес байланыстар күшейіп келеді, олардың банк жүйесімен өзара іс-қимылы нығайып келеді. Бұл процестер салалық құрылымдардан бас тартып, жаңа үлгідегі құрылымдарды — экономикалық мүдделермен, бірыңғай акциялармен және мемлекеттің мүліктегі үлесімен байланысты ұқсастық негіздегі және көпсалалық құрылымдарды жасауда көрінеді. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі қаржылық есеп беру болып табылады.                                                                                               

ҚР Президентінің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы №2732 "Бухгалтерлік есеп туралы" заң күші бар Жарлығына  сәйкес, 1998 жылдан бастап қаржылық есеп беруге мыналар жатады:                                                                                               

1) бухгалтерлік баланс;                                                                                                               

2) қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп;                                                  

3) ақша қаражаттарының  қозғалысы туралы есеп.                                                                         

Онда сонымен қатар  түсіндірме хат болады, сондай-ақ қаржылық есеп беруге негізделген немесе қаржылық есептен алынған материалдармен толықтырылуы мүмкін және бұл материалдар солармен бірге оқылады. Түсіндірме хатта, берілген субъектінің есеп және есеп берудің қандай саясатын ұстап отырғандығы және каржылық есепті пайдаланушылардың талаптарына сай басқа да ақпараттар жазылуы тиіс. Мысалы, оған: субъектіге әсер етуші тәуекел мен белгісіздік туралы, қаржылық есепте жазылған міндеттемелер туралы түсініктерді жазуға болады. Нарықтағы географиялық сегменттер, сомалық ерекшеліктер, қызмет түрлері туралы ақпараттар, баға өзгерісінің әсері туралы мәлімдемелер және басқалары қосымша ақпарат ретінде қарастырылады.                        

Субъектілерге қаржылық есепті бухгалтерлік есеп стандартында анықталған жеңілдетілген түрде толтырып, көрсетуге рұқсат етіледі. Бұл егер де төмендегі көрсетілген 3 шарттың кез келген екеуі орындалғанда ғана (соңғы 2 қаржылық жыл үшін) маңызға ие болады:

1) зейнетақыны, жәрдем  ақша және басқа әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ жылдық табыс ҚР заңымен көрсетілген 10000 есе есептік көрсеткіштенаспайды;  

2) қаржылық жыл бойы  қызметкерлердің орташа саны 50-ден  аспайды;                           

3) активтердің жалпы  құны 60000 еселік есептік көрсеткіштен  аспайды. 

Қазіргі кезде бізде қолданылып жүрген отандық қаржылық есеп негізі шамалары бойынша халықаралық есеп стандартының талаптарына сай келеді, себебі ҚР-да соңғы жылдары бухгалтерлік есепті халықаралық тәжірибеге бейімдей отырып реформалау процесі белсенді жүргізілді, ол біріншіден, негізін құраушы нарықтық қатынастар болып табылатын жаңа экономикалық жүйенің қалыптасуымен, екіншіден, біздің еліміздің әлемдік экономикалық кеңістікке кіруімен байланысты.                                                                                                  

ҚР-да бухгалтерлік есепті реформалау процесі барысында есеп беруді құру мақсаттарына жаңа көзқарастар пайда  болды және оның бағыты өзгерді. «Қаржылық есептің мақсаты - бухгалтерлік есепті» №2 «Бухгалтерлік баланс және қаржылық есептегі негізгі ашылулар» деген стандартында көрсетілгендей, бұл қолданушыны заңды тұлғаның қаржылық жағдайы және оның қызметінің нәтижелері мен есепті кезеңдегі қаржылық жағдайында болған өзгерістер туралы пайдалы, маңызды әрі дәл ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады. Қаржылық есеп негізінен өтелген жағдайлардың қаржылық нәтижелерін және де кәсіпорын үшін инвестициялық шешімдер мен несие беру бойынша шешімдерді шешу үшін, сондай-ақ субъектінің болашақтағы ақша ағьгмдарын және осы субъектіге сеніп тапсырылған ресурстар мен басқарушы органдардың жұмыстарымен байланысты ресурстар мен міндеттемелерді бағалау үшін қажетті пайдалы ақпараттарды сипаттайды. Алайда қаржылық есеп қолданушыларға экономикалық шешімдерді қабылдау үшін қажетті барлық ақпараттарды қамтымайды. Қаржы есебін пайдаланушылар қабылдайтын экономикалық шешімдер субъектінің ақша қаражаттарын айналдыру мүмкіндігін бағалауды, сондай-ақ оларды айналдыру уақытын есептеу және нәтижеге сенімді болуын талап етеді. Бұл нәтижесінде, субъектінің өз жұмысшыларына және жабдықтаушыларына ақы төлеу, пайызды төлеу, несиені қайтару және табысты тарату қабілетін анықтайды. Егер де қолданушылар тек қана субъектінің қаржылық жағдайын, қызметін және оның өткен есепті мерзімдегі қаржылық есебінің өзгерісін сипаттайтын ақпараттармен емес, сонымен қатар барлық қажетті ақпараттармен жабдықталған болса, онда олар, яғни қолданушылар ақша қаражаттарының айналдыру мүмкіндігін одан да жақсы бағалайды. Бірақ коммерциялық құпияны қорғау туралы заң қолданушылар алатын қаржылық ақпаратқа шек қояды, дегенмен олардың ішінде кейбіреулері (тергеу органдары, ревизорлар, аудиторлар) өкілдігі болған жағдайда қаржылық есепте көрсетілген ақпараттарға косымша ақпараттарды талап ете алады. Қолданушылардың көпшілігі қаржылық есепке қаржылық ақпараттың басты көзі ретінде сенуі тиіс.

Нарықтық экономика жағдайында қаржылық есеп шаруашылық субъектілерінің қызметі жөнінде қаржылық ақпараттардың жүйелендірілген бірден-бір көзіне, әр түрлі ұйымдық-құқықтық нысандардағы шаруашылық субъектілерінің өзара негізгі байланысына және басқару шешімдерін қабылдауға қажетті аналитикалық есептердің ақпараттық базасына айналды. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауда негізгі ақпарат көзі қызметін бухгалтерлік баланс атқарады. [12]                                                                                                                                                                                           

Баланс - есепті жылдың басындағы және соңындағы кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайды және маңызды қызметтер атқарады. Біріншіден, баланс меншік иелерін шаруашылық субъектісінің мүліктік жағдайымен таныстырады. Осы арқылы олар бұл субъекті нені иеленеді, материалдық құралдардың сандық және сапалық қорлары қандай, кәсіпорын жақын арада үшінші жақ алдындағы өз міндеттемелерін ақтай ала ма, соны білдіреді. Екіншіден, басшылар кәсіпорынның басқа ұқсас кәсіпорындар жүйесіндегі өз орны, таңдап алынған стратегиялық бағытының дұрыстығы туралы, ресурстарды пайдалану тиімділігінің салыстырмалы сипаты және кәсіпорынды басқару бойынша әр түрлі сұрақтарға шешімдер қабылдау туралы түсінік алады. Үшіншіден, баланстың мазмұны, оны ішкі қолданушылары сияқты сыртқы қолданушыларға да пайдалануға мүмкіндік береді. Мысалы, аудиторлар жұмыс процесінде дұрыс шешім қабылдау үшін өз тексеріс жұмысын жоспарлауда, сондай-ақ клиенттің сыртқы есеп берудегі есеп жүйесінде мүмкін болатын, әдейі жасалынған және әдейі жасалынбаған қателіктер аумағындағы әлсіз жақтарын шығару үшін көмек алады, ал талдаушылар қаржылық талдаудың бағытын анықтайды.                                                                                                           

Бухгалтерлік баланс қаржылық есептің негізгі түрі бола отырып, ол есепті кезеңдегі кәсіпорын  мүлкінің құрамы мен кұрылымын, ағымдағы активтердің айналымдылығы мен  өтімділігін, меншікті капитал мен  міндеттеменің қолда барын, дебиторлық және кредиторлық борыштың динамикасы мен жағдайын және кәсіпорынның несие қабілеттілігі мен төлеу қабілеттілігін анықтауға мүмкіндік береді. Баланс көрсеткіштері кәсіпорынның капиталын орналастыру тиімділігін, оның ағымдағы және алдағы кезеңдегі шаруащылық қызметке жетуі, қарыз көздерінің көлемі мен құрылымын, сондай-ақ оларды ынталандыру тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Осылайша, бухгалтерлік балансты талдау үшін және кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауда ақпараттың ең қажетті түрі болып табылады.                                                                                                 

1997 жылға дейін бухгалтерлік  баланс екі бөліктен: актив және пассивтен тұратын кесте түрінде құрылып  келді. Активтер, баланс кәсіпорынының есепті кезеңде бақылап, таратып отыратын мүмкіндік және қарыздық күқық құны ретінде көрсетіледі. Пассивтер кәсіпорынның заемдар мен кредиторлық қарыздар бойынша міндеттемелері болып табылады, оларды өтеу мүлік құнының немесе келіп түсетін табыстың төмендеуіне әкеліп соқтырады.

Мүліктің түрлері және олардың  қалыптасу көздері сапалық біркелкі белгілері бойынша топтастырылады. Осының нәтижесінде баланстың активі мен пассиві мүлік және онын қалыптасу көздерінің біркелкі экономикалық топтарының аз ғана санынан құралады, ал оның ішінде әр топ өз алдына жеке-жеке элементтер мен қорытындыланған керсеткіштерден тұрады. Актив пен пассивтегі бұндай жеке элементтер мен қорытындырылған көрсеткіштер баланс баптары деп аталады.                                                                                                                   

Баланстың актив бөлімінің  құрылымына сай ерекшелік - бұл яғни баланс бөлімдері мен баптарының әр бөлім ішінде (шегінде) қатаң, белгілі бір дәйектілікпен орналасуы - яғни олардың өтімділік дәрежесіне байланысты мына принцип бойынша: өтімділік дәрежесі аз активтерден өтімділігі көп активтерге дейін, демек басында баланстың өтімділігі жағынан төмен бөлімдері мен баптары жазылады, содан кейін өтімділігінің өсу деңгейіне байланысты жоғары өтімді активтер жазылады. Осы принцип бойынша активтің қорытынды баптары ең өтімді айналым қаражаттары (ағымдағы активтер) болып табылады олар қысқа мерзімді қаржылық салымдар, кассадағы, есеп айырысу және валюталық шоттардағы ақша қаражаттары, сондай-ақ басқа да ақша қаражаттары.                                                                                                          

Баланс пассивінің бөлімдері  мен баптары төлем мерзімінің жеделдік дәрежесіне байланысты мына принципке сай құрылды: төлем мерзімінің жеделдігі аз бағыттарынан жеделдігі көп бағыттарға дейін.                                          

Бухгалтерлік стандарттың  іске қосылуынан бастап бухгалтерлік баланс жаңаша анықталады және оның екі бөлігі мен элементтері де жаңаша сипатталады.

 Олардың түсіндірмесі  нарықтық экономикасы дамыған елдердің бухгалтерлік есеп және аудит тұрғысындағы жетекші ғалымдардың еңбектеріне арқа сүйейді.

Осыған орай ағылшын  тілінен орыс тіліне аударылған оқулықтардың және тәжірибе құралдарының авторларының пікірлері теориялық көзқарас болып табылады.

Информация о работе Кәсіпорын қаржысының мәні