Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 08:13, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты - кәсіпорынның өзін - өзі қаржыландыру барысын зерттеу, кәсіпорынның өндірістік дамуының өзін - өзі қаржыландыруын қарастыру.
Қандай кәсіпорын болмасын өзінен - өзі тіршілік ете алмайды. Сондықтан кәсіпорын экономикасы негізгі объектісіне:
- кәсіпорынның өндірістік құрылымы, өнеркәсіп өндірісінің үлгісі, өндіріс кезеңін ұйымдастыру;
- кәсіпорынның қаражат көздерін бағалау;
- кәсіпорынның қаражат көздерінің ұтымды құрылымын қарастыру;
- шаруашылық стратегиясын таңдау, өнімді өндіруді жоспарлау және өнімді сатуды әзірлеу;
- өндірісті қалыптастыру, капиталды пайдалану және кәсіпорынның табысын қаржыландыру;
- өндірістік техникалық жағдайы мен қажетті өндірістік инфрақұрылымды құру;
- өндірістің қаржы ресурстары, шаруашылық қызметінің тиімділігі;
- кәсіпорынның өзін - өзі қаржыландыруы.
КІРІСПЕ
1. КӘСІПОРЫН ҚАРЖЫСЫНЫҢ МӘНІ
1.1 Кәсіпорынның қаржылық мазмұны және оны ұйымдастыру нысандары
1.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын ұйымдастырудың мәні
1.3 Кәсіпорынның қаражат көздері және ішкі резервтер
2. КӘСІПОРЫНДЫ ҚАРЖЫЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ
2.1 «Гормолзавод» ЖШС-ң қаржылық қызметтерін талдау
2.2 Кәсіпорындардың қызметін қаржыландырудың ерекшеліктері
2.3 Қазақстанда кәсіпорынның қаржылық жағдайын дамыту жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР
Жоғары оқу орындарында экономикалық мамандық алатын студенттерге, бизнес мектептер мен экономикалық лицейлерге арналған ағылшын авторының "Бухгалтерлік талдау" деген оқулығында келесідей анықтама берілген: Баланс - бұл кәсіпорынның белгілі бір күндегі қаржылық жағдайының кестесі болып табылады.
Активтер дегеніміз бұл кәсіпорын нені иеленеді және ол нені алуға тиіс, соны көрсетеді (немесе активтер - бұл кәсіпорынның иелігіндегі және алуға тиісті мүлкі); пассивтер - бұл кәсіпорынның өзінің біреуге берешек қарызы немесе борышы. Активтер сомасы әрқашан да пассивтер сомасына тең болуы тиіс.
Ағылшын ғалымдары шығарған "Бухгалтерлік іске кіріспе" деген оқу құралында былай жазылған: Баланс - бұл белгілі бір күнге кәсіпорынға тиісті барлық активтер мен оның борыштарын анықтайтын пассивтерінің тізімі. Бұл берілген уақыт мерзіміндегі бизнестің (іскерлік қызметтің) қаржы жағдайының бейнесі болып табылады. Актив пен пассивтің әр бабы ақшалай көрініске ие болады және де активтер сомасы әрқашан пассивтер сомасына тең болуы тиіс.
Әрі қарай олар баланстың
негізгі элементтерін келесідей сипаттайды: Активтер -
бұл ұйымға тиісті немесе ол пайдаланатын
бағалы нәрсе. Пассивтер - басқа біреуге
тиісті нәрсе. "Пассив" термині таза
бухгалтерлік ұғым болып табылады және
ол кәсіпорынның қарызы дегенді білдіреді.
Капитал - пассивтердің арнайы
түрі.
Капитал алғашқы капитал
мен қызметте қалдырылған табысты қоса алғандағы меншік
иесінің бизнестегі үлесі болып табылады.
Әлемдік банк өңдеп шығарған "Қаржылық есеп, аудит, есеп
беру бойынша нұсқаулар" оқулығында
бұл ұғымдарды былайша түсіндіреді: "Баланстық
есеп - бұл белгілі бір кезеңде жасалған
және осы кезеңдегі ұйымның жалпы қаржылық
жағдайын бағалау үшін пайдаланылатын
фотосурет. Қаржылық жағдай ұғымымен тікелей
байланысқан баланстық есеп элементтері
дегеніміз бұл активтер, пассивтер және
капитал. Баланстық есеп кәсіпорынның
әрі қарайғы жұмысын камтамасыз ету үшін
қазіргі уақытта қолда бар ресурстар туралы
ақпаратты қамтиды. Ол сондай-ақ, бұл активтерді
қаржыландыру көздері туралы ақпараттан
тұрады. Мысалы, бұл көздер қарызға алынған
ба, жоқ, әлде меншікті ме".
Аталған оқулықта бухгалтерлік
баланстың бөлімдері (жақтары) мен элементтері
келесідей анықталады:
«Актив дегеніміз - бұл
өткен жағдайлардың нәтижесінде кәсіпорынмен бақыланатын
және болашақта кәсіпорынға экономикалық
табыс әкелетін ресурс.
Пассив - бұл өткен жағдайлардан пайда болған кәсіпорынның ағымдағы міндеттемесі.
Оны өтеу экономикалық табыс алумен байланысты кәсіпорын ресурстарының шығынына (сыртқа кетуіне) әкеліп соқтырады.
Капитал - бұл пассивтерді
активтерден алып тастағандағы кәсіпорынның
өзіндік қаражаты».
Көріп отырғанымыздай, бухгалтерлік
баланс және оның элементтері туралы
бұл анықтамалар біздің бухгалтерлік
есеп теориясы бойынша оқулықтарымызда берілген
анықтамалардан өте ерекшеленеді. ҚР-дағы
бухгалтерлік есеп туралы заңды жасаушылар
негіз ретінде батыс ғалымдарының еңбегін
алып отыр. "Қаржылық есептің, субъектінің
қаржылық жағдайын бағалаумен байланысқан
негізгі элементтері – активтер, меншікті
капитал және субъектінің міндеттемесі"
болып табылатынын айта келе, олар қаржылық
есептің бұл элементтеріне келесідей
сипаттама береді.
«Активтер - бұл құндық
бағасы бар кәсіпорыннын мүлкі, мүліктік,
жеке мүліктік емес иелігі және құқығы болып табылады.
Міндеттеме - бұл тұлғаның (қарыз адамның) белгілі бір әрекетті басқа бір тұлғаның (несие берушінің) пайдасына жасайтын міндеті - мүлікті беру, жұмыс атқару, ақша төлеу және басқалар немесе белгілі бір іс-әрекеттен бас тарту, ал несие берушінің қарыз адамнан өзінің міндетін орындауын талап етуге құқығы бар.
Сонымен, факторлық талдау қортынды көрсеткіштерді оның құамдас бөліктеріне жіктелгенде – тура ал, оның жеке элементеріне жалпы қорытынды көрсеткішке біріктіргенде ол кері (синтез) болуы мүмкін. [11]
1.3 Кәсіпорынның қаражат көздері және ішкі резервтер
Кәсіпорынның табысы, оның мәні мен маңызы. Табыс — төтенше таралған, кең түрде қабылданатын, сонымен қатар түрліше маңызды қолданылатын көп мағыналы ұғым. Сөздің кең мағынасында ақшалай құнына ие болуды кез келген ақша қаражатының түсімі немесе материалдың құндылықты алуды көрсетеді.
Кәсіпорындардың қаржысын ұымдастырудың қажетті қағидаты — басқарудың барлық деңгейлеріндегі қаржы резервтерінің (резервтік капитал, тәуекел қоры) болуы әр түрлі әдістермен өңдірістік және әлеуметтік қорлардың мөлшеріне пайызбен, пайда немесе табыстан тұрақты нормативтер бойынша аударымдар арқылы жасалуы мүмкін.
Қаржы резерві дегеніміз
- уақытша болатын қаржы
Кәсіпорынның табысы олардың активтерінің, артуы немесе капитал меншігінің кебеюіне әкелетін міндеттемелердің кемуі «Табыс» ұғымы жалпы мемлекетте, кәсіпорындарда (жалпы табыс, таза табыс), ал жеке тұлғаларда халықтың ақшалай табысы, жеке табыс болып қолданылады.
Кәсіпорынның жалпы табысына ақшалай түсім тауаларды сату және қызмет көрсетуден түсетін ақшалай түсім, атқарылған қызметтен, несие берілгендегі алынатын тиісті пайыздар және басқа да ақшалай және материалдың түсімдер жатады.
Кәсіпорын экономикасын зерделеудің негізгі объектісіне жататындар:
- кәсіпорынның өндірістік құрылымы, өнеркәсіп ондірісінің үлгісі, өндіріс кезеңін ұйымдастыру;
- өндірісті басқару процесін ұйымдастыру;
- шаруашылық стратегиясын таңдау, өнімді өндіруді жоспарлау және өнімді сатуды әзірлеу;
- өндірісті қалыптастыру, капиталды пайдалану және кәсіпорынның табысың қорландыру;
- өндірістің материалдық-техникалық базасымен қамтамасыз етілуі, шикізаттар, материалдар жеткізілуі, босалқы қорды қалыптастыру және оларды ұтымды пайдалану;
- өндірістің техникалық жағдайы және қажетті өндірістік инфрақұрылымды құру;
- өндірістік шығындарды қалыптастыру, өнімнің өзіндік құн калькуляциясы, өндірістің баға саясаты;
- өндірістің қаржы ресурстары, шаруашылық қызметінің тиімділігі, кәсіпкерліктегі тәуекелдік баға.
Сонымен, кәсіпорын эканомикасы - өндіріс факторының жиынтығы (меншік және қарызгер), өндірістік емес факторлар (бала бақшалар, профилактория және т.б.) айналыс қоры, дайын өнім кәсіпорындардың есепшоттарындағы ақша қаражаттары, құнды қағаздар, материялдық емес меншікті қор (патенттер, лицензиялар және т.б.), өнімді сату нәтижесіндегі табыстар немесе зиянды және түрлі қызмет көрсетулер. [7]
2. КӘСІПОРЫНДЫ ҚАРЖЫЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ
2.1 «Гормолзавод» ЖШС-ң қаржылық қызметтерін талдау
«Гормолзавод» ЖШС-гі 1999 жылдың сәуірінде Көкшетаулык «Сүт» ААҚ негізінде құрылған, ЖШС-тік шаруашылық ететін субъект ретінде тіркелген, тіркелу туралы куәлік номері 4704-1948 ЖШС.
ЖШС-к қызметі ҚР-ның әрекет ететін заң шығарушы органдармен, сонымен қатар құрылтай келісім-шарттары және жарғымен реттеледі. Меншік түрі - жеке.
«Гормолзавод» ЖШС-нің қызмет түрлері:
- ауылшарушылық және мал шаруашылық
өнімдерін дайындау, өңдеу,
өндіру және өткізу;
- нан, тоқаш өнімдерін өндіру;
- коммерциялық, саудалы - делдалдық, саудалы - сатыпалушылық, сыртқы- экономикалық қызмет;
- фирмалық дүкендер ашу;
- тамақтану өнімдерін, халықтық тұтыну тауарларын өндіру және өткізу;
- жиынтық қызмет көрсету;
- көтерме және бөлшек сауда бағасы.
Қаржылық және өндірістік есептеу, салықты есептеуді және ішкі бақылау мен аудитті ұйымдастыру кезінде ЖШС ҚР «Бухгалтерлік есеп туралы» Заңын, ҚР «Салық Кодексін», ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» Заңын басшылыққа алады.
Тозу құны бірқалыпты (бірсызықты) құнды есептен шығару әдісі арқылы есептеледі.
Кәсіпорынның мақсаты мен міндеті:
- қазіргі уақытта кәсіпорынның негізгі мақсаты;
- сүт өнімдерін өндіру және қайта өңдеу сферасында нарықтық көп бөлігін қамту. Ал бұл келесідей негізгі жұмыс принциптерінің арқасында іске асады;
- жаңа түрдегі жабдықтар;
- төмендетілген баға;
- өнімнің жоғары сапасы.
Жұмыс істейтін барлық адамдар саны -137 Негізгі жұмысшылар саны - 112 Орташа еңбек ақы - 15500 Кәсіпорын экспортпен айналыспайды.
Өткізуде құрылған нарық: Көкшетау, Қарағанды, Астана, Алматы, Жезқазған қалаларында. Жалпы өндірістің ауданы - 1262,1м .
«Гормолзавод» ЖШС-ның шығаратын өнім ассортименттері:
- сүт;
- айран;
- қатық;
- сары май;
- қаймақ;
- ірімшік;
- зефир;
- құрт;
- нан;
- қоспа;
- балмұздақ;
- майсыздалынған сыр;
- йогурт;
- «Сулугуни» сыры;
- тығыздалған сыр «Имиленский»;
- шұжықты сыр, сүрленген;
- ерітілген сыр.
«Гормолзавод» ЖШС-ң шаруашылық көлемінің сипатын 2.1.1 кестесінен көруге болады.
Кесте 1 - Шаруашылық көлемінің сипаты
Көрсеткіштер |
2009 |
2010 |
2011 |
Орташа |
Жалпы өнім құны (тенге) |
82620,774 |
121727,270 |
122671 |
109006,3 |
Тауар өнімінің құны (тенге) |
79875,500 |
117642,210 |
122671 |
65839236,7 |
Негізгі өндірістік қорлар құны (тенге) |
7821000 |
20125000 |
22153000 |
16699666,7 |
Айналым құралдарының құны (тенге) |
5094 |
11718 |
33914 |
16908,7 |
Жұмысшылар саны (адам) |
58 |
48 |
49 |
51,7 |
«Гормолзавод» ЖШС-нің көлемі жоғарлады, яғни жалпы өнім құнының өсу тенденциясы байқалады, ол 2009 жылы 82620,774 теңге болса, 2010 жылы шаруашылықтың кеңеюіне байланысты 121727,270 теңгеге жетсе, ал 2011 жылы 122671 теңгені құрады орташа 109006,3 теңгеге тең. Тауар өнімінің құны 2009 жылы 79875,500 теңге болса, тұтынушылардың сұранысының жылдан жылға өсуіне байланысты 2010 жылы 117642,210 теңгеге өсіп, 2011 жылы 122671 теңгені құрады, орташа 65839236,7 теңгеге тең.
Негізгі қорлар құны жаңа құралдар, машина сатып алу нәтижесінде жоғарлады 2009 жылы 7821000 теңге болса, 2010 жылы 20125000 теңгеге жетті, 2011 жылы бұл көрсеткіш 122671 теңгеге өсті, орташа 16699666,7 теңге тең болды.
Динамикада айналым құралдары да жоғары өнім сату көлеміне байланысты өсті, 2009 жылы 5094 теңге болса, 2010 жылы 11718 теңгені құрады. 2011 жылы ол 33914 теңгеге артып, орташа 16908,7 теңгеге жетті.
Адам саны да кәсіпорынның көлеміне әсер етеді, бірақ кәсіпорын жеке меншік формада болғандықтан ЖШС-тің адамдар саны 50 ден аспау керек. Бұл кәсіпорында 2009 жылы 58 адам жұмыс істеген еді, 2010 жылы ол 48 адамға қысқарды, 2011 жылы жұмысшылар саны 49 адам болды, бұл орташа 51,7 тең.
Кәсіпорынның
қаржылық жағдайы мынадай
Тәуелсіздік коэффиценті-меншік капиталдын барлық балансталған қатынасын анықтайды.