Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2013 в 12:50, курсовая работа
Әрбір жұмысшының еңбек ақысы оның жеке қосқан үлесімен және кәсіпорын жұмысының нәтижесімен анықталады. Ол салықтармен реттеледі, жоғарғы шегі шектелмейді. Ал, барлық ұйымдық – құқықтық формалардың жұмысшыларының еңбек ақысының ең төменгі мөлшері Қазақстан Республикасының заңдарымен және жыл сайын «Республикалық бюджет» заңымен анықталады.
Кіріспе..........................................................................................................................3
1.1. Еңбек және еңбекақы есебі.................................................................................4
2. Еңбек және еңбекақы есебінің негізгі міндеттері,түрлері............................11
2.1. Еңбек ақы жүйелері және тариф (сетка) жүйесі............................................14
3. Еңбекақы жүйесі есебі бойынша жүргізілетін бухгалтерлік есептің негізгі коореспонденциясы..................................................................................................16
Қорытынды..............................................................................................................18
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................19
Еңбекақынын аналитикалық және синтетикалық есебі
Шаруашылық субъектілеріндегі жұмысшылар мен қызметкерлердің бәріне және олардың әрқайсысына бір айға төленуге тиісті еңбекақының жалпы сомасын табу үшін алғашқы құжаттар бойынша өндірілген өнімдер мен істелінген жұмыстарға және қосымша төлемдер мен қосымша еңбекақыларына қоса төленетін жалпы соманы анықтап, одан ұсталуға тиісті сомаларды алып тастау керек.
Жұмысшылар мен қызметкерлердің табысын, оның ішінде табыстан ұсталатын ұсталымдарды және оларға теленуге тиісті еңбекакы сомаларын жинақтап, қорытындылауға арналған құжатты «есеп айырысу төлеу ведомосі» деп атайды. Шаруашылық субъектілерінде бұл ведомості әрбір цехтар, бөлімшелер бойынша толтырады. Еңбекақы жөнінде есеп айырысу төлеу ведомосі әрбір жұмысшы мен қызметкер бойынша есептелінген еңбекақымен басқа да төлем сомаларын және одан ұсталынған ұсталым сомаларын жинақтаушы құжат болып табылады. Бұл ведомоста жұмысшы қызметкерлердің аты-жөні, табельдік номері, оларға есептелінген негізгі және қосымша еңбекақылары мен одан ұсталынатын ұсталымдардың түрлері бойынша сомалары және сол айдың басы мен соңындағы шаруашылық субъектілерінің жұмысшылар мен қызметкерлерге немесе жұмысшылар мен қызметкерлердің шаруашылық субъектісіне қарыз сомалары көрсетіледі. Жұмысшылар мен қызметкерлер осы есеп айырысу төлеу ведомосы бойынша шаруашылық субъектісінін кассасынан өзіне тиісті еңбекақыны алып, қол қояды.
3. Еңбек және еңбекақы есебі бойынша жүргізілетін бухгалтерлік есеп операцияларының негізгі корреспонденциясы
№ |
Операциялар мамұны |
Шоттар номері | |
Дебет |
Кредит | ||
1 |
2 |
3 |
4 |
1 |
Жұмысшы-қызметкерлерге еңбекақы, сыйақы және басқа да төлемдер есептелінеді: - негізгі өндіріс жұмысшыларына; - қосалқы өндіріс жұмысшыларына; - цехтың қызметкерлеріне; - шаруашылық субьектісінің
басқару аппараты - маркетинг бөлімнің, басқа да тауарларды (қызметтерді, жұмыстарды) сатумен айналысатын жұмыскерлерге; - әлеуметтік сала қызметкерлеріне. |
902 922 932 821
811 942 |
681 681 981 681
681 681 |
2 |
Жұмысшыларға кезекті демалыс аөысын есептеу:
|
685
685 |
681
634 |
3 |
Жұмысшы-қызметкерлерге есептелгенеңбекақыданзейнетақы қорына ұсталынатын сомаға |
681 |
653 |
4 |
Жеке тұлғаларға есептелген еңбекақыдан ұсталынатын табыс салығы сомасына |
681 |
634 |
5 |
Жұмысшылардың еңбекақысынан, сот органдарының шешіміне сәйкес орындалатын құжат бойынша ұсталатын сомаға |
681 |
687 |
6 |
Жұмысшылардың еңбекақысынан олардың есеп беруі бойынша ұсталынатын сомаларына |
681 |
333 |
7 |
Бүлінген материалдық құндылықтардың орнын толтыру мақсатымен жұмысшылардың еңбекақысынан ұсталатын сомаға |
681 |
727 |
8 |
Жұмысшылардың еңбекақысынан олардың алдыңғы уақыттарда алған қарыздары үшін ұсталатын сомаларға |
681 |
333 |
9 |
Есептелген, бірақ белгіленген мерзімде таратылмаған,депоненттелген еңбекақы (алушының келмеуіне байланысты) |
681,682 |
687 |
10 |
Жұмысшы-қызметкерлерге кассадан төленген еңбекақы, сыйақы, жәрдемақы және зейнетақы сомасына |
681 |
451 |
11 |
Лауазымды тұлға болып саналатын жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген төлемдер (басқарма тексеру комиссиясының, бақылау кеңесінің, тағы басқа мүшелеріне) |
821 |
682 |
12 |
Лауазымды тұлғаларға есептелген еңбекақыдан ұсталған табыс салығы сомасы |
682 |
634 |
13 |
Лауазымды тұлғаларға есептелген еңбекақы сомасы кассадан төленді |
682 |
451 |
14 |
Жұмысшылардың алдағы уақыттардағы демалыс ақылары үшін есептелген резерв сомасы |
903,913, 923,821 |
685 |
15 |
Есептелген әлеуметтік салық сомасы |
821,902, 922,932, 942,952 |
634 |
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазіргі уақытта еңбек ақының маңызы зор екені белгілі. Республикада тұратын халықтың көпшілігі үшін жалақы кірістің негізгі бөлігі болып табылады. Сондықтан оны көтеру адамдардын қалыпты тұрмыс деңгейін қамтамасыз ету үшін аса маңызды. Нарыктық экономикаға бағдарландырылған жалақыны мемлекеттік нормалаудың жаңа жүйесі еңбек ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында және қызметкерлердің еңбек белсенділігін арттыру мен материалдық ынталан-дырудың механизмін әзірлеудің бастапқы базасы болып табылады.
Номиналды
жалақы дегеніміз -жалдамалы еңбектің
қызметкері өзінің күндік, апталық,
айлық еңбегі үшін алатын ақша сомасы.
Номиналды жалақының мөлшеріне қарап
табысының деңгейі жайында айтуға болады,
бірақ тұтынудың деңгейі мен адамның әл
– ауқаты жайлы айту мүмкін емес.
Шынайы жалақы – алған ақшаға
сатып алуға болатын өмірлік игіліктер
мен қызметтердің жиыны. Ол номиналды
жалақыға тікелей қатынаста және тұтыну
заттары мен ақылы қызметтердің бағасы
деңгейімен кері қатынаста болады.
Дағдарысты жеңудің басты
жолы – ынтымақ пен ауызбірлік. Елбасымыз:
“Саусақ бірікпей, ине ілікпейді” деген
халық даналығын тілге тиек ете отырып,
“...енді ұсақ-түйекті доғарған жөн. Ел
үшін, ұрпақ үшін бір жеңнен қол, бір жағадан
бас шығаратын кез келді, ағайын...”, –
деген болатын.
Шаруашылық субъектілеріндегі жұмысшылар мен қызметкерлердің бәріне және олардың әрқайсысына бір айға төленуге тиісті еңбекақының жалпы сомасын табу үшін алғашқы құжаттар бойынша өндірілген өнімдер мен істелінген жұмыстарға және қосымша төлемдер мен қосымша еңбекақыларына қоса төленетін жалпы соманы анықтап, одан ұсталуға тиісті сомаларды алып тастау керек.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. ҚР шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы – шаруашылық қызметі
бухгалтерлік есебі шоттарының Типтік жоспары.
2. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»
2001 жылғы 12 маусымдағы № 209-II Қазақстан Республикасының
салық кодексі.
3. Тоқсанбай С.Р. Толық экономикалық орысша- қазақша сөздік. –
Алматы: Сөздік- Словарь, 1999.
4. Т. Ә. Әбдіқалықов “Аудит және бухгарлік есеп” Оқу құралы, Алматы, “Қазақ
Университеті” 2000 ж.
5. С. Б. Баймұханова, Ә. Ж. Балапанова “Бухгалтерлік есеп” Оқу құралы, Алматы,
“Қазақ Университеті” 2001 ж.
6. “Учет основных средств” //Заочная Школа Бухгалтера № 5. 2003.
7. Қ. К. Кеулімжаев, З. Н. Әжібаева, Н. А. Құдайбергенов, А. Ә.Жантаева
“Қаржылық есеп” Оқу құралы “Экономика” 2001 ж.
8. Қ. К. Кеулімжаев, З. Н. Әжібаева, Н. А. Құдайбергенов, “Бухгалтерлік есеп
принциптері” Оқу құралы, Алматы “Экономикс” 2003 ж.
9. Д.А.Панков “Бухгалтерский учет и анализ зарубежем” Учебное пособие, Минск,
ООО “Новое знание” 2001г.
10. В. К. Родостовец, Т. Ғ. Ғабдуллин, В. В. Родостовец, О. И. Шмидт
“Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп” Алматы 2002 ж.
11. В.Соловьева “Зарубежные стандарты бухгалтерского учета и
отчетности”.Москва, “ИНФРА”.
12. Т. А. Тасмағамбетов, А. Ш. Омаров, Б. А. Әлібекова, О. Ж. Рабатов, Н.Ә.
Байболтаева, В . К. Родостовец “Қаржы есебі” Оқу құралы, Алматы, “Дәуір”
1998 ж.
13. Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп туралы» 1995 жылғы
26 желтоқсанындағы №2732 заң күші бар Жарлығы.