Национальная валюта

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Января 2012 в 06:54, курсовая работа

Описание

Қазақстан -2030" стратегиясы еліміздің экономикалық, әлеуметтік жағдайын түпкілікті түрде жақсарту мақсатын көздейді.
Осы стратегияда экономикалық жоғары табыстарға қол жеткізген кез келген ел жедел экономикалық өрлеудің алдындағы кезеңде жоғарғы инфляцияны жою жөнінде барлық шараларды міндетті түрде қолдану және кейін макроэкономикалық көрсеткіштерді белгіленген шекте ұстап тұруды қатаң қадағалау тиіс.
Экономиканы көтеріп, дамыту жөнінде Н.Ә.Назарбаев былай деп айтқан: "Жаңа экономикалық үлгілерге сай болу үшін біз мемлекеттік басқарудың тиімділігі мен саласын едәуір көтеруге,жекеше сектор мен ұлттық капиталға жәрдемдесуге, оларды ынталандыруға және олардың белсенділігін арттыруға тиіспіз."
Экономикада ұлттық валютаның ішкі және сыртқы тұрақтылығына жету, инфляциялық үдерістерді тежеу, елдің банк жүйесінің қызметін жақсарту,экономикалық өсімді қамтамасыз ету қазіргі кезде өте өзекті мәселе болып саналады.Осылайша курстық жұмыстың тақырыбы өзінің өзектілігін жоғалтқан жоқ.
Берілген курстық жұмыстың басты мақсаты:Ұлттық валюта нарығын, оның айырбас бағамын, артуы мен төмендеуін, экономикалық зардаптарын зерттеу.
Зерттелініп отырған курстық жұмыстың мақсатына жету үшін келесі міндеттерді қарастырамыз:
1.Валютаның экономикалық маңыздылығын зерттеу.
2.Ұлттық валютаның қалыптасу кезеңіне шолу жасау.
3.ҚР валюта жүйесін және девальвациядан өтуінін талдау.
4.Ұлттық валюта бағамын тұрақтандырудың перспективалы бағытын қарастыру.
Қарастырылып отырған курстық жұмыстың зерттелу деңгейінде келесі ғалымдар өз пікірлерін білдірген: Жанайдарова О.К "Көркем суретті Қазақстан тарихы",Көшенова Б.А "Ақша. несие, банктер, валюта қатынастары", Оспанов А "Тәуелсіздік теңгесі", Омарбаева А.К "Қазақстан алтын–валюта активтерін қалыптастыру және оларды пайдаланудың тиімділігі", Сейітқасымов Ғ.С "Ақша, несие,банктер".
Курстық жұмыстың зерттелу обьектісі: ұлттық валюта болып келеді.
Осы жұмыстың құрылымы екі бөлімнен тұрады. І-бөлімнің аты "Валюта экономикасының қалыптасуы", ІІ-бөлімнің аты"Ұлттық валюта нарығы".І-бөлім өзі екі бөлімшеден тұрады, ІІ-бөлімде екі бөлімшеден тұрады. Сонымен бірге қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Содержание

КІРІСПЕ..............................................................................................................3
І Тарау. ВАЛЮТА ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
1.1. Валюта түсінігі және оның экономикалық маңызы...................................5
1.2. Ұлттық валютаның қалыптасу кезеңі.........................................................11
ІІ Тарау. ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА НАРЫҒЫ
2.1 Қазақстан Республикасының валюта жүйесі және девальвация саясаты......................................................................................................................20
2.2 Ұлттық валютаның айырбас бағамын тұрақтандырудың перспективалы
бағыты .................................................................................................................25

ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................31
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................................33

Работа состоит из  1 файл

кур ж Улттык валюта нарыгы Айырбас курсы артуы жане томендеу.doc

— 154.00 Кб (Скачать документ)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ  

Ш.Уәлиханов  атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті 
 

Экономикалық  факультет 

Менеджмент  және маркетинг кафедрасы 
 
 
 
 
 
 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС 
 

Тақырыбы: «Ұлттық валюта нарығы: Айырбас курсы, артуы және төмендеуі, оның зардаптары» 
 
 
 
 

                                                  Орындаған:   050509 «Қаржы» мамандығының,

                                                                         ФК-11-2009 тобының студенті 

                                                                         Батанасова М.С. 

                                                   Тексерген:   Менеджмент және маркетинг

                                                                       кафедрасының аға оқытушысы, 

                                                                       менеджмент магистрі

                                                                       Азмаганова Қ.Ж. 
 
 
 
 
 
 

Көкшетау  – 2009

  ЖОСПАР 
 

  КІРІСПЕ..............................................................................................................3 

  І Тарау. ВАЛЮТА ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

  1.1. Валюта  түсінігі және оның экономикалық  маңызы...................................5

  1.2. Ұлттық  валютаның қалыптасу кезеңі.........................................................11 

  ІІ  Тарау. ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА НАРЫҒЫ

  2.1 Қазақстан  Республикасының валюта жүйесі  және девальвация саясаты......................................................................................................................20

  2.2 Ұлттық  валютаның айырбас бағамын тұрақтандырудың  перспективалы                       

  бағыты .................................................................................................................25 
 

  ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................31 

  ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................................33 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  Кіріспе 
 

  "Қазақстан  -2030" стратегиясы еліміздің экономикалық, әлеуметтік жағдайын түпкілікті түрде жақсарту мақсатын көздейді.

  Осы стратегияда экономикалық жоғары табыстарға қол жеткізген кез келген ел жедел  экономикалық өрлеудің алдындағы кезеңде  жоғарғы инфляцияны жою жөнінде  барлық шараларды міндетті түрде  қолдану және кейін макроэкономикалық көрсеткіштерді белгіленген шекте ұстап тұруды қатаң қадағалау тиіс.

  Экономиканы көтеріп, дамыту жөнінде Н.Ә.Назарбаев  былай деп айтқан: "Жаңа экономикалық үлгілерге сай болу үшін біз мемлекеттік  басқарудың тиімділігі мен саласын  едәуір көтеруге,жекеше сектор мен ұлттық капиталға жәрдемдесуге, оларды ынталандыруға және олардың белсенділігін арттыруға тиіспіз."

  Экономикада ұлттық валютаның ішкі және сыртқы тұрақтылығына жету, инфляциялық  үдерістерді тежеу, елдің банк жүйесінің  қызметін жақсарту,экономикалық өсімді қамтамасыз ету қазіргі кезде өте өзекті мәселе болып саналады.Осылайша курстық жұмыстың тақырыбы өзінің өзектілігін жоғалтқан жоқ.

  Берілген  курстық жұмыстың басты мақсаты:Ұлттық валюта нарығын, оның айырбас бағамын, артуы мен төмендеуін, экономикалық зардаптарын зерттеу.

  Зерттелініп отырған курстық жұмыстың мақсатына  жету үшін келесі міндеттерді қарастырамыз:

  1.Валютаның  экономикалық маңыздылығын зерттеу.

  2.Ұлттық  валютаның қалыптасу кезеңіне  шолу жасау.

  3.ҚР валюта  жүйесін және девальвациядан өтуінін талдау.

  4.Ұлттық  валюта бағамын тұрақтандырудың  перспективалы бағытын       қарастыру.

  Қарастырылып  отырған курстық жұмыстың зерттелу деңгейінде келесі ғалымдар өз пікірлерін білдірген: Жанайдарова О.К "Көркем суретті Қазақстан тарихы",Көшенова Б.А "Ақша. несие, банктер, валюта қатынастары", Оспанов А "Тәуелсіздік теңгесі", Омарбаева А.К "Қазақстан алтын–валюта  активтерін қалыптастыру және оларды пайдаланудың тиімділігі", Сейітқасымов Ғ.С "Ақша, несие,банктер".

  Курстық жұмыстың зерттелу обьектісі: ұлттық валюта болып келеді.

  Осы жұмыстың құрылымы екі бөлімнен тұрады. І-бөлімнің аты "Валюта экономикасының қалыптасуы", ІІ-бөлімнің аты"Ұлттық валюта нарығы".І-бөлім өзі екі бөлімшеден тұрады, ІІ-бөлімде екі бөлімшеден тұрады. Сонымен бірге қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. 

                                                                                         
 

                             
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

І бөлім .Валюта экономикасының қалыптасуы.

   1.1 Валюта түсінігі  және оның экономикалық маңызы. 
 

   Валюта (итальян сөзі, сөзбе-сөз – құн ) – елдің ақша бірлігі,оның шартты түрі, халықаралық төлем-есеп айырысу  айналымының каналдары арқылы ұлттық ақшаларды қолданудың ерекше формасы.

   Шаруашылық  жағдайларын интернационалдандыру және әлемдік еңбек бөлінісін интенсивтендіру (күшейту) халықаралық нарықтың құрылуына себепші болды. Өндіріс күштерінің дамуы мен ішкі нарықтағы өркендеген салалардың өнімін сатуда туындайтын қиындықтар,тауарлар тасымалы жағдайларын жетілдіру – міне осылардың бәрі әлемдік сауда-саттық байланыстарының кеңеюіне әсер етті. Әлемдік тауар айналымының дамуы мұнай, машина жасау, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі салаларының өнімдерін сатудың ұлғаюына байланысты болды.

   Халықаралық экономикалық қатынастарда өндіріс пен капиталды интернационалдандыру ішкі сауда айналымындағы шектеуді азайтуды, оның жолындағы кедергілерді  жоюды, яғни ішкі сауда-саттықты босаңдатуды талап етті. Өз тауарларының сыртқы нарықта кедергісіз қозғалыста жүруіне транскорпорациялардың қызығушылығы күшті болды. Олардың дамушы мемлекеттрдің тауарлардың нарыққа түсуін жеңілдетуі, сондай-ақ интернационалдық өнеркәсіп кешені аумағындағы ішкі корпорациялық тауар айналымының ұлғаюы – ресурстарды толық және тұрақты қолдануға қол жеткізгендіктің айғағы.

   Әлемдік шаруашылық байланыстағы өнеркәсібі дамыған  мемлекеттердің өзара қарым-қатынастардың  тереңдеуі және кеңеюі осы елдердің экономикалық жағдайын анықтайтын барлық факторлардың - өндіріс пен әлемдік  айырбастың, жалақы мен бағаның өсуі қарқынына зор әсер етті. Әлемдегі елдердің шаруашылық қарым-қатынастарына тауарлар, қызмет, капитал және несие легі жылдан-жылға ұлғая түсуде. Ұлттық қоғамдық ұдайы өндіріс процесінде қалыптасқан тауар айналымы тұрақты түрде әлемдік нарыққа ұласады және де әрбір егемен мемлекеттің заңды төлем құралы болып оның ұлттық ақшасы саналады. Халықаралық тауар айналымында, әдетте, шетел валютасы қолданылады. Бұл әлемдік шаруашылықта жалпы бүкіл мемлекеттерге міндетті деп танылған халықаралық несие ақшасының әзірше жоқтығынан.

   Елдердің әлемдік шаруашылыққа интеграциялануы (экономикалық одаққа кіру) ақша капиталының бір бөлігінің ұлттық ақшадан шетел валютасына және керісінше айналуын туындатады. Ол халықаралық валюта, есеп айырысу және несие-қаржы қатынастарында жүзеге асады.

   Валюта қатынастары - әлемдік  шаруашылықта валюта айналымынан қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы. Олар ұлттық шаруашылықтардың нәтижесінің (тауарының, қызметінің) өзара айырбасталуына қызмет етеді. Валюта қатынастарының кейбір элементтері көне дәуірде( ежелгі Египетте, Римде) вексель және айырбастау істері ретінде пайда болған. Валюта қатынастарының туындауы ұдайы өндіріске байланысты болғанымен оған, өз кезегінде, өндірістің тұрақтылығы дәрежесіне қарай керісінше де әсер (жағымды немесе жағымсыз) етеді. Валюта қатынастары құқықтық нормаларымен және ережелермен реттеледі.

   Сыртқы  экономикалық байланыстардың дамуына  қарай валюта жүйесі пайда болды. Валюта жүйесі – валюталардың, оларды пайдалану мен өзара айырбастау, төлем құралдары ретінде қолдану  ережелері мен нормаларының, сондай-ақ қаржы-кредит қатынастарының жиынтығы. Валютаның шығарылуы мен айналысқа түсуін реттеуші органдар да валюта жүйесіне жатады.

   Валюталық жүйе ұлттық, дүниежүзілік, аймақтық немесе мемлекетаралық валюта жүйесі болып  үшке бөлінеді.Алғашқыда елдің ақша жүйесінің құрамдас бір бөлігі ретінде ұлттық валюта жүйесі пайда болды.

   Ұлттық  валюта жүйесі – деген қоғамдық ұдайы өндірісті қалыптастыруға және халықаралық төлем айналымын  қамтамасыз етуге қажетті валюта ресурстарын пайдаланатын экономикалық қатынастардың жиынтығы. Ұлттық валюта жүйесі ұлттық валютаға негізделіп құрылады.

   Ұлттық  валюта – елдің ақша бірлігі. Ол қолма-қол формада (банкнота, монета) және қолма-қол емес формада (банктік  шоттардағы ақша қалдығы) болады. Оның эмитенттері ұлттық орталық банк және коммерциялық банктер. Ұлттық валюта жүйесінің негізгі элементтері төмендегілер:

  • ұлттық валюта;
  • ұлттық валютаны шетел валютасына айырбасталу жағдайлары, яғни айырбасталудың екі түрлі болуы: а)шетел валютасына шектеусіз еркін айырбасталатын валюта. 1978 жылдан Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) Жарғысында “еркін қолданылатын валюта” деген ұғым енгізілген. Оған американдық доллар, немістің маркасы, жапон иені, француздық франк, ағылшындық фунт стерлинг; ә) жарым-жартылай айырбасталатын валюта, мысалы, ресейлік рубль; б)айырбасталмайтын (тұйық) валюта;
  • валюталық паритеттің бірдейлік ережесі – валюталардың алтын құрамына байланысты өзара қатысы. Ақша өлшемінің алтын мазмұнына негізделген ондағы алтын паритеті алынып тасталды (Батыста  70-жылдарда, ал КСРО-да 1991жылдан). ХВҚ-ның Жарғысы бойынша валюта паритеті тек СДР – арнаулы ақша өлшемімен немесе басқа халықаралық валютамен, бірақ алтынмен емес, анықталуы мүмкін. 70-жылдардың орта шенінен бастап паритеттер валюта қоржыны(корзина)негізінде анықталады. Валюта қоржыны – деп бірнеше валюталардың белгілі бір бөліктерінің сомасын сол валюталардың нарықтық бағамына көбейтіп, оларды АҚШ долларына бөлумен анықталатын бір валютаның орташа өлшенген бағамын айтады. Мысалы, СДР валюта қоржыны жоғарыда көрсетілген бұрын еркін қолданылатын валюталардан құралады, қазір ондағы американдық доллардың үлесі шамамен 39%, неміс маркасы – 21%, жапон иені – 18%, француздық франк  және фунт стерлингтің әрқайсысының үлесі 11%-тен болады. Еуропа қауымдастығының еуропалық валюта өлшемі (ЭКЮ) он екі елдің валютасынан тұратын валюта қоржынынан құрылған, ЭКЮ 1999 жылдың  1 каңтарынан ұжымдық валюта – еуромен біртіндеп алмастырмақшы;
  • валюталық шектеудің болуы немесе болмауы. Мысалы, Ресейде ел экономикасының тұрақсыздығына байланысты шектеу, лимит белгілеу, белгілі бір валюталық құндылықтармен жүргізілетін операцияларға тыйым салу енгізілген; 50-жылдардың аяқ кезінен бастап дамыған мемлекеттер бірте-бірте валюталық шектеуді алып тастаған. 1996  жылы Ресей ХВҚ  Жарғысының VIII бабына қосылып, саудалық және саудалық емес операцияларға валюталық шектеулерді жойды.
  • төрт қосындыдан тұратын (елдің ресми алтын және валюта резервтері, СДР есепшоттары, еуро(1999 жылдан ЭКЮ-дың орнына), ХВҚ резервтік позициясы(бағыты) және елдің сыртқы қарызын өтеу мүмкіншілігін білдіретін мемлекеттің халықаралық валюта өтімділігін реттеу);
  • халықаралық несиелік айналым құралдары мен халықаралық есеп айырысу формаларын қолдану тәртібін белгілеу;
  • валюта нарығы мен алтын нарығы ережесі;
  • Валюта қатынастарын реттейтін ұлттық органдардың статусы (орталық банк, Қаржы министірлігі, арнаулы органдар, мысалы, Қазақстанда   Ұлттық банк, Ресейде – валюталық және экспорттық бақылаудың федералдық қызметі).

  Әлемдік шаруашылық қатынастарының дамуына  байланысты  әр елдің       ұлттық валюта жүйелерінің негізінде дүниежүзілік және аймақтық валюта жүйелері қалыптаса бастады. Олардың негізгі принциптері мемлекетаралық келісіммен заңды түрде бекітіледі.

  Дүниежүзілік  валюта жүйесі деген халықаралық  валюта қатынастарының ұйымдастыру формасы, яғни ол – халықаралық несие-қаржы институттарымен халықаралық-шарт және мемлекеттік құқық нормасы кешендерін біріктіретін жүйе. Бұл ереже-шарттардың негізгі міндеті – халықаралық сауда-саттық процестерін жеңілдету, саудаға қатысушы фирмалардың іс-әрекеттерінің тиімділігін қамтамасыз ету. Жалпы валюта жүйесі халықаралық экономикалық және сауда қатынастарын ұзақ мерзімге жоспарлауға мүмкіндік туғызуы қажет. Басқа жағынан, оның мақсаты – кейбір мемлекет пен үкіметтер жағынан болып тұратын әр түрлі валюталық шектеуді және тамыр-таныстық (протекционизм) әрекеттерді түп-тамырымен құртуға мүмкіндік жасау.

  Валюта  жүйесі әлемдік шаруашылық байланыстарда  дербес рөл атқарады. Ол өндірістің даму қарқынына, халықаралық айырбастың көлеміне, баға саясаты мен жалақыға әсер етеді. Дүниежүзілік валюта жүйесі елдер арасындағы ақша-есептесу қатынастарын, сондай-ақ қатысушы елдердің әрқайсысының ішкі ақша айналымын қамтиды. “Дүниежүзілік валюта жүйесі ” деген ұғымға кіретін ішкі және сыртқы жүйелер органикалық өзара байланысты, себебі екеуін біріктіретін түйін – әлемдік ақша бірлігі.

  Егер  ұлттық валюталық жүйе ұлттық валютаға – елдің ақша бірлігіне негізделген  болса, ал дүниежүзілік валюталық жүйе – бір немесе бірнеше резервтік  валюталарға  немесе халықаралық  есептесу бірліктеріне негізделеді.

  Резервтік валюта – халықаралық төлем және резерв құралы функциясын орындайтын, басқа елдер үшін валюталық паритет  пен валюталық бағамды анықтауға  базалық қызмет ететін, валюталар  бағамын реттеу мақсатында валюталық  интервенция жүргізуде пайданылатын алдыңғы қатарлы елдердің айырбасталған ұлттық валюталарының ерекше категориясы.

  Резервтік валюта мәртебесін алудағы алғышарттар:

  • дүниежүзілік өндірісте, тауарлар мен капитал экспортарында елдердің билік ету позициясы;
  • жоғары тиімді байланыс жүйесі бар несиелік –банктік мекемелердің дамыған торабы;
  • басқа елдерде оған деген сұранысты қамтамасыз ететін, халықаралық айналымдағы валютаның еркін айналымдығы және валюталық шектеудің болмауы.

Информация о работе Национальная валюта