Национальная валюта

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Января 2012 в 06:54, курсовая работа

Описание

Қазақстан -2030" стратегиясы еліміздің экономикалық, әлеуметтік жағдайын түпкілікті түрде жақсарту мақсатын көздейді.
Осы стратегияда экономикалық жоғары табыстарға қол жеткізген кез келген ел жедел экономикалық өрлеудің алдындағы кезеңде жоғарғы инфляцияны жою жөнінде барлық шараларды міндетті түрде қолдану және кейін макроэкономикалық көрсеткіштерді белгіленген шекте ұстап тұруды қатаң қадағалау тиіс.
Экономиканы көтеріп, дамыту жөнінде Н.Ә.Назарбаев былай деп айтқан: "Жаңа экономикалық үлгілерге сай болу үшін біз мемлекеттік басқарудың тиімділігі мен саласын едәуір көтеруге,жекеше сектор мен ұлттық капиталға жәрдемдесуге, оларды ынталандыруға және олардың белсенділігін арттыруға тиіспіз."
Экономикада ұлттық валютаның ішкі және сыртқы тұрақтылығына жету, инфляциялық үдерістерді тежеу, елдің банк жүйесінің қызметін жақсарту,экономикалық өсімді қамтамасыз ету қазіргі кезде өте өзекті мәселе болып саналады.Осылайша курстық жұмыстың тақырыбы өзінің өзектілігін жоғалтқан жоқ.
Берілген курстық жұмыстың басты мақсаты:Ұлттық валюта нарығын, оның айырбас бағамын, артуы мен төмендеуін, экономикалық зардаптарын зерттеу.
Зерттелініп отырған курстық жұмыстың мақсатына жету үшін келесі міндеттерді қарастырамыз:
1.Валютаның экономикалық маңыздылығын зерттеу.
2.Ұлттық валютаның қалыптасу кезеңіне шолу жасау.
3.ҚР валюта жүйесін және девальвациядан өтуінін талдау.
4.Ұлттық валюта бағамын тұрақтандырудың перспективалы бағытын қарастыру.
Қарастырылып отырған курстық жұмыстың зерттелу деңгейінде келесі ғалымдар өз пікірлерін білдірген: Жанайдарова О.К "Көркем суретті Қазақстан тарихы",Көшенова Б.А "Ақша. несие, банктер, валюта қатынастары", Оспанов А "Тәуелсіздік теңгесі", Омарбаева А.К "Қазақстан алтын–валюта активтерін қалыптастыру және оларды пайдаланудың тиімділігі", Сейітқасымов Ғ.С "Ақша, несие,банктер".
Курстық жұмыстың зерттелу обьектісі: ұлттық валюта болып келеді.
Осы жұмыстың құрылымы екі бөлімнен тұрады. І-бөлімнің аты "Валюта экономикасының қалыптасуы", ІІ-бөлімнің аты"Ұлттық валюта нарығы".І-бөлім өзі екі бөлімшеден тұрады, ІІ-бөлімде екі бөлімшеден тұрады. Сонымен бірге қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Содержание

КІРІСПЕ..............................................................................................................3
І Тарау. ВАЛЮТА ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
1.1. Валюта түсінігі және оның экономикалық маңызы...................................5
1.2. Ұлттық валютаның қалыптасу кезеңі.........................................................11
ІІ Тарау. ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА НАРЫҒЫ
2.1 Қазақстан Республикасының валюта жүйесі және девальвация саясаты......................................................................................................................20
2.2 Ұлттық валютаның айырбас бағамын тұрақтандырудың перспективалы
бағыты .................................................................................................................25

ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................31
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................................33

Работа состоит из  1 файл

кур ж Улттык валюта нарыгы Айырбас курсы артуы жане томендеу.doc

— 154.00 Кб (Скачать документ)

  Бірақ бір жағынан қарағанда, экспорттың айырбас бағамына тәуелділігін ескере отырып, едәуір экспорттық пайда мен  салық түсімінің жоғарылығын болжауға болады.

  Шағын және орта бизнес аяғына тік тұрып  келеді және жұмыс орындары ашылады. Өйткені Қазастанда шағын кәсіпорындар мен қосылған өнім 8%-ке жақын. Мысалы Италияда орташа кәсіпорындар барлық өімнің -80% өндіреді, ал АҚШ пен Еуропа мемлекеттерінде-50-70%.

  Осылайша, Үкімет пен Ұлттық банктің саясатында еркін айналымдағы құбылмалы  айырбас бағамының өтуін бағалай  отырып, ұлттық экономикамыздың бәсекелестігіне  жақсы әсер етуі айдан анық көрініп  тұр.  
 

  2.2 Ұлттық валютаның  айырбас бағамын тұрақтандырудың перспективалы бағыты. 
 

  Валюталық бағам дегеніміз – бұл бір  елдің ақша бірлігінің басқа бір  елдердің ақша бірліктеріне бейнеленген  бағасы.Әрбір елдің ұлттық валюталарын  салыстыру олардың өндіріс және айырбас процесінде пайда болатын обьективті құндық қатынастарына негізделеді.

  Ұлттық  валютаның ішкі және сыртқы тұрақтылығына  жету, инфляциялық үдерістерді тежеу,қалыпты  қолма-қол ақша айналымын ұйымдастыру, елдің банк жүйесінің қызметін жақсарту, экономикалық өсімді қамтамасыз ету  әрқашанда валюта саясатында басым бағыттар болды. Республика экономикасында жүргізілген реформалардың барысында Ұлттық банктің міндеттері алмасып, кеңейіп, құрамында валюта қатынасы да бар ақша-несие саласын реттеу әдістері мен тетіктері жетілді.

  Ақша  түсімінің көлемі мен бағыттарына бақылау жасаудан басқа валюталық реттеудің алдында қойған бірқатар маңызды міндеттердің арасынан теңгенің айырбас бағамын тұрақтандыруды, капиталдың кемуінің алдын алудың тетігін жасауды, елге валютаның ақшалай түсімінің толық түсуін қамтамасыз етуді және басқа мақсаттарды бөліп алуға болады. Шектеу негізінен капиталдың жылыстауының жолына қойылды.

  Валюта  әлемі бойынша негізінен экспортшы  кәсіпорындардың валюта түсімін  міндетті сатуының мөлшерін белгілеу, айырбас операцияларын жүргізген кезде жеке тұлғадан 1% алым алынуды енгізу, белгілі эквиваленттегі қолма-қол валюта әлемінің сомасын мағлұмдау түрінде реттеуші сипаттағы уақытша шаралар қолданылды.

  Республика  әлемдік экономикаға неғұрлым көбірек  біріксе оның ақша-несие және валюта саясатына сыртқы экономикалық фактордың әсері соғұрлым күшті болатынын Қазақстан экономикасын тәжірибесі көрсетті.Экономикасы шикізатқа бағытталған Қазақстан экспорттық дәстүрлі баптарының әлемдік бағаларының жағдаятына күшті тәуелді болды. Экспорттық валюта түсімі өте-мөте тұрақсыз болғандықтан ол төлем балансының  және ұлттық валюта бағамын тұрақтандырудың ахуалына тікелей әсер етеді. Валюталық түсімге тәуелділікті жеңу үшін мемлекеттің ақша саясаты ұлттық экономиканы дамытуға бағдарлануға тиіс. Өнеркәсіптің көпшілік саласында өндірістің өсуі байқалып, қаржы көрсеткіштері жақсарғанына қарамастан осы бағдарламаны жүзеге асыру айтарлықтай уақытты талап етеді. Алайда жеткілікті берік және тұрақты емес өсім қарқынын бекіту қажет.

  Макроэкономикалық тұрақтылықтың қазіргі мезеттегі жетістігі және минералды ресурстардың жаңа кеніштерін өнеркәсіптік пайдалануға байланысты Қазақстан экономикасының өсу перспективасы валюталық реттеу жүйесін оны ырықтандыру жағына қарай түзетуге мүмкіндік береді. Мұнай өндірудің ұлғаюы,тіпті сақтанымпаз болжам бойынша, 2010 жылдың аяғына қарай  2,5 есе көбейеді. Жаңа кен көздерін пайдалану Қазақстанға алдағы кездегі шетел инвестициясы түсімін қамтамасыз етеді. Төлем балансының  “Қателіктер мен өткізіп алулар”  бабының сальдосының бірізді төмендеуі бір жағынан, валюта бақылауының пәрменділігінің жоғарылауын, екінші жағынан Қазақстанда капиталды инвестициялаудың өскелең тиімділігін дәлелдейді. Осындай жағдайларда резиденттің капиталды әкетуіне қойылған шектеудің сақталуы валюта рыногіндегі шет ел валютасының сұранысы мен ұсынысының арасындағы үйлесімсіздіктің ұсыныстың айтарлықтай жоғарылауы жағына қарай күшеюіне қозғау салады. Артық ұсыныс нақты тұлғада атаулы айырбас бағамының қымбаттауы бағытында қысым көрсетеді. Қазақстан теңгесінің нақты қымбаттауы ішкі тұтынушыға бағдарланғанын қосқанда отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігінде жағымсыз көрінеді. Төлем балансын теңестіруде минералды ресурстар экспортының сандық көлемін ұлғайту есебінен қол жеткізіп ол Қазақстан экономикасының шикізатқа бағытталғандығын  тағы да күшейте түседі. Ұлттық экономиканың бәсекелестік жайғасымының жоғалуын болдырмау ішкі валюта рыногінен монетарлық үкіметтің шет ел валютасын айтарлықтай сатып алуын талап етеді. Ол ақша жиынының өсуіне апарады. Нәтижесінде инфляцияның төмен қарқынын ұстап тұру үшін қосымша қиындықтар мен шығындар туындайды. Төлем балансының салыстырмалы орнықтылығына жету және шет ел валютасының  ұсынысынан экономиканың  “тым қысып кетуінің”  жағымсыз зардаптарын  болдырмаудың қажеттілігі монетарлық үкіметтердің валюталық тәртіптемені ырықтандыруына мүмкіндік береді.

  Макроэкономикалық аспектілерді шешу үшін шет ел инвестициясы түсімінің маңызына, ақша айналымына оның әсеріне ерекше көңіл аудара отырып, Қазақстанның банк жүйесінің  өтімділік жағдайына валютаның құрамдас бөлігінің ықпалын көзден таса қылуға болмайды.

  2003 жылдың қорытындысы бойынша қаржы  рыногінде 35 банк жұмыс істеп,  олардың арасында 2 мемлекеттік ("Қазақстанның  эксим банкі" ЖАҚ, және "Қазақстанның  тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" ААҚ), шет ел қатысқан 16 банк және "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ. БВУ сенімді қаржы институты болып саналып, барлық сараланымдары халықаралық стандартқа келтірілген қаржы рыноктарының келешектегі дамуын байқаған Халық банкі дамыған елдерде қабылданған стандарттарға ақша-несие саясатының ең жоғарғы жақындауын  2003 жылдан 2006 жылға дейінгі кезеңдегі басым бағыты ретінде анықтайды.

  Қазақстан Республикасының валюта заңымен  бұрын белгіленіп, осы кезде де қолданылатын шектеулер мен тосқауылдар  нарықтық қатынастармен дамушы елдердің көпшілігіне тән. Әлемдік экономиканы  ғаламдандыру және халықаралық қаржы операцияларының өсуі жағдайында әлемдік экономикаға көбірек активтік бірігуге артықшылықты барынша пайдалануды қалайтын елдер үшін капитал қозғалысын ырықтандыру экономикалық дамудың болмай қоймайтын және қажетті шарты болып саналады. Сонымен, валюта қатынастарының ырықтандырудың әрбір кезеңінде ұшырасуға тура келетін белгілі тәуелділіктерді есепке алу қажет.

  Бүгінгі күні Қазақстан экономикасы қос  секторлы үлгі тәрізді жұмыс істейді. Бірінші секторда экспорттың төмен үлесіне ие кәсіпорындар топтасып, олар ішкі ресурстардың есебінен дамиды. Екінші секторға шет ел компанияларының меншігіндегі өндіруші салалардың экспортқа бағдарланған кәсіпорындар жатады. Қазақстан экономикасы әлі толық ырықтандырылмаған. Шет елдік шығарушылар шығарған бағалы қағаздардың айналымы жеткілікті жетілмегендігі Қазақстанның бағалы қағаздар рыногіне арналған заңымен оларға рұқсат етуді қатал нормативтеріне байланысты. Әлемдегі ірі мемлекеттердің биржаларымен салыстырғанда параметрлері қарапайым жалғыз қор биржасы қаржы рыногінде өз қызметін жүзеге асырады.

  Халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуінен ең алдымен  дамыған мемлекеттер  тобы артықшылық алады. Осы қиыншылықтарға қарамастан дамушы елдер ғаламдану үдерістеріне қатысуға мәжбүр  ғана емес, сондай қатысуларға мүдделі. Қазақстан сондай мемлекеттердің бірі саналып, әлемдік шаруашылықтан оқшаулануды таңдау түпкілікті есепте оны өсім қарқынының төмендеуіне, технологиялық, қаржылық, ақпараттық ресурстардың, адами капиталдың, дамудың сыртқы импульстарының болмауы тапшылығынан болатын созылмалы тоқырау қауіпіне апарып соққан болар еді.

  Қазіргі күні Қазақстанда капиталдың кетісінен  гөрі құйылуы көбірек. Өйткені ақша жиының әкетілуі мемлекеттің реттеуші органдары қатал бақылап отыр. Қазақстанның валюта тәртіптемесін толық ырықтандырғаннан кейін елден капиталдың безіну тәуекелділігі болғанымен, алайда ол аз мөлшерде болады. Қазіргі кезде капиталды алып кеткеннен гөрі салымға салған тиімді. Республика табиғи ресурстарға бай болғандықтан шет ел инвестициялары үшін тартымды аймақ болып қалуға оның қорлары ұзаққа жетеді. Қазақстанның инфрақұрылымдарының халықаралық инвестициялық қызметтеріне қатысты айтсақ, таяу уақытта олардың капиталы ірі мемлекеттер инвестицияларының әлемдік көрсеткіштерімен теңесуі екі талай. Соған қарамастан қазақстандық инвестиция сала алады.

  Сонымен Қазақстанның экспорт жағын қуат көздері және металдар айқындап, ол қауіпті құрылымдық үйлесімсіздікке, экономиканың сиықсыздығына апарады. Ұдайы өндіріс циклдарына қатысушы есебінде мойындалмаған республика экономиканың әлемдік циклдарының үзіліссіз жұмыс істеуін өз ресурстарымен қалай да қолдайды. Оған әлемдік ұлтаралық шикізаттық және энергетикалық қосымша рөлі бекітіледі.

  Шикізаттан тыс сектордың бәсеке қабілеттілігінің нашарлауы экономиканың салалық шоғырлануының күшеюіне соқтырып, Қазақстан экономикасын ақырғы шотта бағаның сыртқы талдырмасының әсеріне осалырақ қылып, оның экономикалық саясатының ұзақ мерзімді мақсаттарға жетуінде қосымша қиындықтар тудырады.

  Теңгенің  тұрақты нақты бағамын сақталып тұрғанда Ұлттық банктің ішкі валюта рыногінен шет ел валютасының  артығын  сатып алуы ақша жиынының өсуіне апарады. Соның нәтижесінде  егер ақша ұсынысының көбеюі оларға нақты  сұраныстың өсуімен өтелмесе, не инфлияцияның төмен қарқынын ұстап тұруда қиындықтар туып Ұлттық банк ақша жиынын айықтыруға жәрдемдесетін борышқорлық құралдарға қызмет көрсету бойынша залал шегеді. Орташа мерзімді перспективада төлем балансының салыстырмалы орнықтылығына жету валюталық реттеу саясатының акцентін капиталдың жылыстауын қатаң әкімшілік бақылаудан мына мәселелерді шешу арқылы валюта қаржыларын тарту мен пайдаланудың тиімділігін жоғарылатудың міндеттерін шешуге ауыстыруға мүмкіндік береді: резидент еместердің бағалы қағаздарға салған сапалы инвестициялрына валюталық бақылау реттемелерін жұмсарту жолымен инвестициялық қоржынды әртараптандыруға жағдай жасау; Қазақстанның өндірістік әлуетін кеңейтетін, жаңа перспективлы рыноктарға енуге жағдай туғызатын инвестициялау обьектілерін бақылауды қажетті деңгейге келтіретін резиденттердің тікелей инвестицияларын ынталандыру; валюталық реттеудің және ең мәнді валюталық реттеудің және ең мәнді валюталық операцияларға экспорттық-импорттық валюта бақылауын жасаудың тиімділігін жоғарылату, сыртқы экономикалық операцияларды жүзеге асырған кездегі шектен тыс әкімшілік бөгеттерді жою.

  Қазақстанның  монетарлық үкіметі валюта тәртіптемесін  ырықтандыру тұжырымдамасын және оны  жүзеге асырудың 2004 жылға дейінгі  әрекет ету бағдарламасын айқындады. Ең алдымен, Қазақстанның  2030 жылға дейінгі даму стратегиясы жүзеге асыру болып саналады.       
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды 
 

    Курстық жүмысты қорытындылай  келсек ұлттық валютамыз енгізілген  он бес жыл уақыт аралығында  қаржы- несие бағытында жүргізілген саясаттың дұрыс болғандығына көзіміз жете түседі. Теңгеміздің беделінің қазір өз елімізде ғана емес, тысқы жерлерде де жоғары екендігін әрбір қазақстандық орынды мақтаныш қылады. Ұлттық валютаны енгізгеннен кейін экономиканың тұрақтылығына,бағаның қалыпты жағдайға келуіне қол жетті.

   Ұлттық  валюта жүйесі – деген қоғамдық ұдайы өндірісті қалыптастыруға және халықаралық төлем айналымын  қамтамасыз етуге қажетті валюта ресурстарын пайдаланатын экономикалық қатынастардың жиынтығы. Ұлттық валюта жүйесі ұлттық валютаға негізделіп құрылады.

   1995 жылғы 10 сәуір күні тұңғыш рет  өз теңгесін басып шығарды.Осы  бір тарихи сәтке қатысқан  Елбасы банкнот фабрикасының  құрметті қонақтар кітабына жазып  қалдырған: “Еліміздің экономикалық  тәуелсіздігінің айқын белгісі – тұңғыш өз астанамызда дүниеге келген өз теңгеміз халқымыздың бақытты болашағына қызмет етсін”,- деп жазды.

  Қазақстан 1992 жылдың шілдесінде ХВҚ-ға мүше болып  кіргеннен бастап өзінің валюта қатынастарын Ямайка валюта жүйесінің құрылымдық қағидалары мен қордың Жарғысына сәйкес қалыптастыруда. Валюта қатынастарын ұйымдастыру үшін  1993 жылдың  14 сәуірінде “Валюталық реттеу туралы” алғашқы заң қабылданды. Ол кезде Қазақстан сом аймағында болғандықтан шетелдермен жеке валюталық байланыстары жоқтың қасында болатын. Сонымен қатар еліміз өзінің ұлттық валютасын айналымға шығаруға дайындап, жеке алтын резервтерін құру жұмыстарын жүргізумен шұғылдануда еді. Қабылданған заң бағаны ырқына жіберу (либерализация) деңгейіне сәйкес келіп, кейбір жағдайларда дамып келе жатқан валюта қатынастарына тіпті қарама-қайшы сипатта болды. 1996 жылы   24 желтоқсанда Қазақстанда “Валюталық  реттеу туралы” жаңадан заң қабылданды.

  Қазіргі күні Қазақстанда капиталдың кетісінен  гөрі құйылуы көбірек. Өйткені ақша жиының әкетілуі мемлекеттің реттеуші органдары қатал бақылап отыр. Қазақстанның валюта тәртіптемесін толық ырықтандырғаннан кейін елден капиталдың безіну тәуекелділігі болғанымен, алайда ол аз мөлшерде болады. Қазіргі кезде капиталды алып кеткеннен гөрі салымға салған тиімді. Республика табиғи ресурстарға бай болғандықтан шет ел инвестициялары үшін тартымды аймақ болып қалуға оның қорлары ұзаққа жетеді. Қазақстанның инфрақұрылымдарының халықаралық инвестициялық қызметтеріне қатысты айтсақ, таяу уақытта олардың капиталы ірі мемлекеттер инвестицияларының әлемдік көрсеткіштерімен теңесуі екі талай. Соған қарамастан қазақстандық инвестиция сала алады.

Информация о работе Национальная валюта