Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Января 2012 в 06:54, курсовая работа
Қазақстан -2030" стратегиясы еліміздің экономикалық, әлеуметтік жағдайын түпкілікті түрде жақсарту мақсатын көздейді.
Осы стратегияда экономикалық жоғары табыстарға қол жеткізген кез келген ел жедел экономикалық өрлеудің алдындағы кезеңде жоғарғы инфляцияны жою жөнінде барлық шараларды міндетті түрде қолдану және кейін макроэкономикалық көрсеткіштерді белгіленген шекте ұстап тұруды қатаң қадағалау тиіс.
Экономиканы көтеріп, дамыту жөнінде Н.Ә.Назарбаев былай деп айтқан: "Жаңа экономикалық үлгілерге сай болу үшін біз мемлекеттік басқарудың тиімділігі мен саласын едәуір көтеруге,жекеше сектор мен ұлттық капиталға жәрдемдесуге, оларды ынталандыруға және олардың белсенділігін арттыруға тиіспіз."
Экономикада ұлттық валютаның ішкі және сыртқы тұрақтылығына жету, инфляциялық үдерістерді тежеу, елдің банк жүйесінің қызметін жақсарту,экономикалық өсімді қамтамасыз ету қазіргі кезде өте өзекті мәселе болып саналады.Осылайша курстық жұмыстың тақырыбы өзінің өзектілігін жоғалтқан жоқ.
Берілген курстық жұмыстың басты мақсаты:Ұлттық валюта нарығын, оның айырбас бағамын, артуы мен төмендеуін, экономикалық зардаптарын зерттеу.
Зерттелініп отырған курстық жұмыстың мақсатына жету үшін келесі міндеттерді қарастырамыз:
1.Валютаның экономикалық маңыздылығын зерттеу.
2.Ұлттық валютаның қалыптасу кезеңіне шолу жасау.
3.ҚР валюта жүйесін және девальвациядан өтуінін талдау.
4.Ұлттық валюта бағамын тұрақтандырудың перспективалы бағытын қарастыру.
Қарастырылып отырған курстық жұмыстың зерттелу деңгейінде келесі ғалымдар өз пікірлерін білдірген: Жанайдарова О.К "Көркем суретті Қазақстан тарихы",Көшенова Б.А "Ақша. несие, банктер, валюта қатынастары", Оспанов А "Тәуелсіздік теңгесі", Омарбаева А.К "Қазақстан алтын–валюта активтерін қалыптастыру және оларды пайдаланудың тиімділігі", Сейітқасымов Ғ.С "Ақша, несие,банктер".
Курстық жұмыстың зерттелу обьектісі: ұлттық валюта болып келеді.
Осы жұмыстың құрылымы екі бөлімнен тұрады. І-бөлімнің аты "Валюта экономикасының қалыптасуы", ІІ-бөлімнің аты"Ұлттық валюта нарығы".І-бөлім өзі екі бөлімшеден тұрады, ІІ-бөлімде екі бөлімшеден тұрады. Сонымен бірге қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
КІРІСПЕ..............................................................................................................3
І Тарау. ВАЛЮТА ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
1.1. Валюта түсінігі және оның экономикалық маңызы...................................5
1.2. Ұлттық валютаның қалыптасу кезеңі.........................................................11
ІІ Тарау. ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА НАРЫҒЫ
2.1 Қазақстан Республикасының валюта жүйесі және девальвация саясаты......................................................................................................................20
2.2 Ұлттық валютаның айырбас бағамын тұрақтандырудың перспективалы
бағыты .................................................................................................................25
ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................31
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................................33
1961-1992
жылдардың үлгісіндегі
Қазақстан
Республикасының резиденті
Жеке және заңды тұлғалардың соммен жинаған қаржысы, банктегі шоттары мен салымдары, сондай-ақ олардің банктерге несиелік берешегі белгіленген бағам бойынша теңгемен қайта есептелді. Кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің де балансындағы сомдық активтер мен пассивтер де теңгемен қайта есептелді.
1993
жылғы 15 қарашадағы сағат 8:00-ден
бастап аударым арқылы
Қазақ елінің тұңғыш төл теңгесі ағылшынның “Хериссон” фирмасының көмегімен 1993 жылы басылып шықса, ендігі жерде ақша, басқа да құнды қағаздар шығару ісіндегі ешкімге тәуелді болмаудың жолдары да іздестіріле бастады. Құнды қағаздар мен банкноттарды өз елімізде басып шығару мәселесі 1991 жылдың соңында Республика үкіметінде, Жоғарғы Кеңесте қаралды да, 1992 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстан Республикасы Ұлттық Мемлекеттік Банкінің Монета сарайын құрудың кезек күттірмес міндеттері туралы” және “ Қазақстан Республикасы Ұлттық Мемлекеттік Банкінің баспа фабрикасын құру туралы ” екі бірдей Жарлығы жарық көрді. Әуелде бұл екі жарлық та құпия болды.
Елбасының осы Жарлықтарын орындау үшін Министрлер Кабинеті арнайы қаулы алып, Алматы қаласында ұлттық валюта өндіретін кешен құру мәселесін қарастырды. Бұл кешеннің құрамына Монета сарайы, Мемлекеттік белгілерді басатын баспахана фабрикасы және Мемлекеттік қойма кірді.
Міне,
еліміздің осынау тарихи маңызы зор
істі атқаруға Ұлттық Мемлекеттік Банкі
басшылары мен мамандары
Қазір
Банкнот фабрикасында ақшамен бірге
Қазақстан азаматтарының
Еліміздегі монета өндіру ісі 1991 жылдың бас кезінде қолға алынған болатын. Сол кезде үкімет тарапынан “Үлбі металлургия заводы” өндірістік бірлестігіне көп түрлі төлем белгілерін жасап шығару ісін ойластыру жөнінде тапсырма берілді. 1992 жылдың қаңтар айында Үлбі заводында монета өндірісінің учаскесінде жұмыс басталып та кетті. Дәл осы жылдың төртінші тоқсанында Ұлттық Банк монета өнімдерін құятын шетелдік жабдықтар сатып ала бастады да, 1993 жылдың үшінші тоқсанында мемлекеттік наградалар құю жөнінде тапсырыс алынды. Бұл наградалардың алғашқы партияларын Республика күніне орайластырылып, яғни 1994 жылдың 25қазанында дайындау тапсырмасы берілді. Сол үшін де 1994 жылдың 17 қаңтар күні мемлекеттік наградалар шығаратын цех та құрылды. Қазір тәуелсіз мемлекетіміздің барлық наградалары Монета сарайында құйылып жүр. Монета сарайы өнімдерінің сапасы да жоғары бағаларға ие болуда.1998 жылдың 14 мамыр күні үкімет қаулысымен монета және наградалар шығаратын завод Ұлттық Банкінің “Қазақстан Монета сарайы” болып құрылды.
Балқаштың
мысы мен күмісінен құйылып, алтынмен
апталып жатқан тәуелсіз еліміздің
Монета сарайының өнімдері де қазақ
елінің абыройын аспандатып келеді. Қазір
“Қазақстан Монета сарайы” Еуразиялық
монета сарайлары Ассоциациясының мүшесі
болып отыр.
ІІ бөлім. Ұлттық валюта нарығы
2.1
Қазақстан Республикасының
валюта жүйесі
және девальвация
саясаты.
Қазақстан 1992 жылдың шілдесінде ХВҚ-ға мүше болып кіргеннен бастап өзінің валюта қатынастарын Ямайка валюта жүйесінің құрылымдық қағидалары мен қордың Жарғысына сәйкес қалыптастыруда. Валюта қатынастарын ұйымдастыру үшін 1993 жылдың 14 сәуірінде “Валюталық реттеу туралы” алғашқы заң қабылданды. Ол кезде Қазақстан сом аймағында болғандықтан шетелдермен жеке валюталық байланыстары жоқтың қасында болатын. Сонымен қатар еліміз өзінің ұлттық валютасын айналымға шығаруға дайындап, жеке алтын резервтерін құру жұмыстарын жүргізумен шұғылдануда еді. Қабылданған заң бағаны ырқына жіберу (либерализация) деңгейіне сәйкес келіп, кейбір жағдайларда дамып келе жатқан валюта қатынастарына тіпті қарама-қайшы сипатта болды. 1996 жылы 24 желтоқсанда Қазақстанда “Валюталық реттеу туралы” жаңадан заң қабылданды.
Қазақстан
Республикасының шетелдермен
Қазақстан
заңдары бойынша валюталық
Қазақстан Республикасындағы “
Қазақстан заңдарына сәйкес шетел валютасын сатып алу-сату мәмілелері Ұлттық банк валюта операцияларын жүргізуге берген лицензия бойынша өкілетті коммерциялық банктер мен валюталық биржалар арқылы жүреді.
Қазақстан
Республикасында негізгі
Қазақстанда валюталық бақылауды валюталық бақылау органдары және олардың агенттері жүргізеді. Валюталық бақылау органдары болып Ұлттық банк және Қазақстан Республикасының Үкіметі саналады. Бақылау агенттері болып заң бойынша валюталық бақылау қызметін жүргізетін ұйымдар, атап айтқанда, валюталық операцияларды жүргізетін өкілетті банктер есептеледі.
1997 жылдың басында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жалпы алтын –валюталық резерві бағам бойынша 1 доллар 73,30 теңге деп есептегенде 1,96 млрд.доллардан асты. Бұрын 31% болған алтын үлесі енді 34%-ға жетті.
Жалпы
алтын-валюталық резервтер
1998
жылы Ресейдің «тамыз»
Қазақстан Республика Үкіметінің дағдарыстың болдырмауына қолданылған шараларының арқасында девальвация процесін біршама уақытқа созып, қаржылық жағдайда және экономикалық дағдарыста теңге бағамының құлауын жеңілдетті. Егер де біз осы қадамға бірден аяқ баспағанда,біздің экономика және қаржы жүйесі дайындалуға үлгермес еді.
Бір жарым жыл үзіліс кезінде экономика жүйесінде тұрақтылықты сақтауға мүмкіндік берді. Айырбас бағамын белгілі бір деңгейде ұстап тұру үшін Ұлттық банк өзінің алтын-валюта резервтерін жұмсады. Бұл алтын-валюта резервтерің төмендеуіне және сыртқы сауда операцияларында теріс сальдоның көбеюіне әкелді.
1.01.1999 жылы теңге бағамы – 84теңге үшін $1 салыстырмалы тұрақты болды.
Бұл жағдай Ресеймен ұқсас болды, бірақ оның айырмашылығы да бар. Біздің мемлекет жасаған істеріне жауап берді. Сонымен Ұлттық банкпен Үкімет теңге бағамы процесіне араласуынан бас тартпайды.
Егерде бұл жағдай бақылаудан шығып кетсе, онда Ұлттық банк бағамның толқуына жол бермейді.
1999 жылы наурыздағы $1,7 млрд құратын алтын-валюта резервтері 3 айлық импорт көлемін халықаралық стандартта қанағаттандырды. Өйткені Ұлттық банк валютаны төмен бағамен әрі қарай сатуға қажеттілік етпеді.Халықты жоғарғы бағамен сүйемелдеу аяғында бәрі бір әлеуметтік жағдайдың нашарлауына әкелер еді. Өйткені тауат өндірушілерге үлкен зардап әкеледі.
Теңгені сүйемелдеу үшін Үкімет 3 бағыт ұсынды:
1)10-15%
көлеміндегі құбылмалы
2) Кейінгі түзетумен бір жолғы девальвация;
3) Еркін айналымдағы құбылмалы теңге.
Егер де мемлекет өзінің резервтерін жұмсап жіберсе, онда ол ерте ме кеш девальвация жүргізеді. Девальвация шетел валютасының бағасын көтеріп, шетел тауарларын отандық тауарлардан біршама қымбатырақ болады.
Ақша айырбасын қамтамасыз етумен немесе оның біршама бөлігін алу жолымен Үкімет ашық девальвация кезінде оны валютаны нығайту құрамына айналдырады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы бойынша ұлттық валютаның айырбас бағамы туралы саясаты 5.04.1999 жылдан бастап еркін айналымдағы құбылмалы айырбас бағамы ұлттық валюта теңгеге ауыстырылды.
Еркін тауар бағасының кіргізілуі нарықта импорт тауарларын толықтырумен ғана емес, онда отандық тауар өндірушіні қолдау, оның өнімінің ішкі нарықта бәсекеге қабілеттілігі көрінеді. Біз өзіміздің өндірісімізді дамыта отырып, бюджетке түсімімізді көбейте аламыз. Осының арқасында халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарта аламыз. Жетістікке жету үшін девальвацияны арзандату керек, яғни ол девальвация мемлекетке өткізетін баға тым өсіп кетпеуі керек.
Теңге бағамының ұстаным саясатының басқа елдердің валютасына қатынастары – Қазақстанның экономикалық серіктестері рубль бағамының жоғарғы көлеңкелі темпының басты әлемдік валюта мен теңгеге деген Қазақстан экономикасының экспорттық потенциалын түсірді.
Атап айтқанда, кәсіпорынның жемісті әрекетінен, экспорттық тауарларды өндіруінен, олардың қаржылық әрекетімен экономиканың тұрақтылығы Қазақстан Республика азаматтарының ауқаттылығына байланысты болады. Монополистердің қызметтерінен тарифтерді ұстап қалу керек, әйтпесе Үкіметтің отандық экономиканы көтеру күші нөлге теңеседі.
Нәтижесінде еркін айналымдағы құбылмалы айырбас бағамында, ұлттық валютада мемлекеттік импорт шығындарымен сыртқы қарыздар өсуі мүмкін.