Национальная валюта

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Января 2012 в 06:54, курсовая работа

Описание

Қазақстан -2030" стратегиясы еліміздің экономикалық, әлеуметтік жағдайын түпкілікті түрде жақсарту мақсатын көздейді.
Осы стратегияда экономикалық жоғары табыстарға қол жеткізген кез келген ел жедел экономикалық өрлеудің алдындағы кезеңде жоғарғы инфляцияны жою жөнінде барлық шараларды міндетті түрде қолдану және кейін макроэкономикалық көрсеткіштерді белгіленген шекте ұстап тұруды қатаң қадағалау тиіс.
Экономиканы көтеріп, дамыту жөнінде Н.Ә.Назарбаев былай деп айтқан: "Жаңа экономикалық үлгілерге сай болу үшін біз мемлекеттік басқарудың тиімділігі мен саласын едәуір көтеруге,жекеше сектор мен ұлттық капиталға жәрдемдесуге, оларды ынталандыруға және олардың белсенділігін арттыруға тиіспіз."
Экономикада ұлттық валютаның ішкі және сыртқы тұрақтылығына жету, инфляциялық үдерістерді тежеу, елдің банк жүйесінің қызметін жақсарту,экономикалық өсімді қамтамасыз ету қазіргі кезде өте өзекті мәселе болып саналады.Осылайша курстық жұмыстың тақырыбы өзінің өзектілігін жоғалтқан жоқ.
Берілген курстық жұмыстың басты мақсаты:Ұлттық валюта нарығын, оның айырбас бағамын, артуы мен төмендеуін, экономикалық зардаптарын зерттеу.
Зерттелініп отырған курстық жұмыстың мақсатына жету үшін келесі міндеттерді қарастырамыз:
1.Валютаның экономикалық маңыздылығын зерттеу.
2.Ұлттық валютаның қалыптасу кезеңіне шолу жасау.
3.ҚР валюта жүйесін және девальвациядан өтуінін талдау.
4.Ұлттық валюта бағамын тұрақтандырудың перспективалы бағытын қарастыру.
Қарастырылып отырған курстық жұмыстың зерттелу деңгейінде келесі ғалымдар өз пікірлерін білдірген: Жанайдарова О.К "Көркем суретті Қазақстан тарихы",Көшенова Б.А "Ақша. несие, банктер, валюта қатынастары", Оспанов А "Тәуелсіздік теңгесі", Омарбаева А.К "Қазақстан алтын–валюта активтерін қалыптастыру және оларды пайдаланудың тиімділігі", Сейітқасымов Ғ.С "Ақша, несие,банктер".
Курстық жұмыстың зерттелу обьектісі: ұлттық валюта болып келеді.
Осы жұмыстың құрылымы екі бөлімнен тұрады. І-бөлімнің аты "Валюта экономикасының қалыптасуы", ІІ-бөлімнің аты"Ұлттық валюта нарығы".І-бөлім өзі екі бөлімшеден тұрады, ІІ-бөлімде екі бөлімшеден тұрады. Сонымен бірге қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Содержание

КІРІСПЕ..............................................................................................................3
І Тарау. ВАЛЮТА ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
1.1. Валюта түсінігі және оның экономикалық маңызы...................................5
1.2. Ұлттық валютаның қалыптасу кезеңі.........................................................11
ІІ Тарау. ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА НАРЫҒЫ
2.1 Қазақстан Республикасының валюта жүйесі және девальвация саясаты......................................................................................................................20
2.2 Ұлттық валютаның айырбас бағамын тұрақтандырудың перспективалы
бағыты .................................................................................................................25

ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................31
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................................33

Работа состоит из  1 файл

кур ж Улттык валюта нарыгы Айырбас курсы артуы жане томендеу.doc

— 154.00 Кб (Скачать документ)

  Резервтік валюта мәртебесі эмитент – елдің  экономикасына белгілі бір міндеттемелерді жүктейді: осы валютаның тұрақтылығын қолдап отыру қажеттігі, сауда және валюталық шектеулердің болмауы, девальвация жүргізбеу. Сонымен қатар, ұлттық валютаны резервтік дәрежеге көтеру ұлттық шаруашылық үшін төлем балансының тапшылығын ұлттық валютамен автоматты түрде пайызсыз және мерзімсіз халықаралық несие алу жолымен жабу мүмкіндіктері түрінде бірқатар артықшылықтар береді.

  Халықаралық  есептік ақша бірлігі – валюталық  паритет пен валюталық бағамды  белгілеу, халықаралық талаптар мен міндеттемелерді өлшеу үшін шартты бірлік ретінде пайдаланылатын валюталық бірлік. Қазіргі уақытта халықаралық экономикалық қатынастарға қызмет ету үшін қажетті дүниежүзілік несиелік ақша типтері ретінде СДР (арнайы қарыз алу құқығы) және ЭКЮ (еуропа валюта бірлігі ) қызмет етеді. Бұл халықаралық активтер қолма-қолсыз халықаралық есеп айырысуларда елдердің арнайы шоттарына жазбаша жазу жолымен: СДР – Халықаралық  валюта қорда, ЭКЮ – Еуропалық қауымдастыққа ынтымақтастық валюталық Еуропалық қорында пайдаланылады. Олардың шартты құны валюталық  “қоржынға” кіретін валюталардың орташа өлшемді құнын және бағамдарын өлшеу негізінде есептеледі.

  Елдің экономикалық және валюталық жағдайларына байланысты анықталатын валюталардың конверсиялау дәрежесі валюталық жүйенің келесі бір элементін сипаттайды. Басқа да ұлттық валюталарға еркін айырбасталатын, ақша бірліктері ретінде еркін конверсияланатын валюталар болады. 1978 жылдан бастап халықаралық валюталық қорлар мынадай ұғымдарды енгізген болатын:

  • “еркін пайдаланылатын валюта”, яғни халықаралық есеп айырысуларда және валюталық нарықтардың негізгі операцияларында кеңінен қолданылатын;
  • валюталық шектеулері бар,  жартылай конверсияланған елдердің валюталары;
  • валюталар айырбасына тыйым салынған, елдердің конверсияланбайтын валюталары.

  Валюталық паритет – бұл валюталық бағамның негізі болып табылатын және заңды  түрде бекітілетін екі валюта арасындағы шекті қатынасты білдіреді. ХВҚ Жарғысы бойынша валюталық  паритет СДР негізінде белгіленеді.

  Халықаралық ақшалай талаптар мен міндеттемелерді мемлекеттік реттеумен байланысты бейнелейтін және жекелеген елдің немесе барлық елдердің төлем қабілетін сипаттайтын – халықаралық өтімділік  валюталық жүйенің элементі болып табылады. Халықаралық валюта өтімділігінің құрылымына шетел валютасы, алтын, Халықаралық валюталық қатынастағы резервтік позиция, СДР және  ЭКЮ – дағы шоттар кіреді.

  Халықаралық несиелік құралдарды пайдалану ережелерінің регламенттелуі және халықаралық есеп айырысулар  жүйелік халықаралық  нормаларға (Женева вексельдік және чектік конвенция, 1930ж.) сәйкес жүзеге асырылады.

  Валюталық жүйенің институтциональдық құрылымы ұлттық және мемлекетаралық деңгейлерде  реттеледі.

  Аймақтық  валюталық жүйелердің пайда болуының себептерінің біріне, жаңа валюталық  орталықты құру және оны дүниежүзілік валюталық жүйе аумағына қосу жатады.

  Аймақтық  валюталық жүйе – валюталық бағамдардың  ауытқуын азайту және интеграциялық  процессті ынталандыру мақсатында бірлестікке мүше елдердің валюталық  қатынастарын  мемлекеттік –құқықтық  ұйымдастыру формасының және экономикалық интеграция шегінде валюталардың қызмет етуімен байланысты қалыптасатын қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады(Еуропалық валюталық жүйе 1979 ж. наурыз)

  Қазақстан Республикасы Халықаралық валюталық  қорға мүше бола отырып, дүниежүзілік валюталық жүйелердің бірден-бір қатысушысы болып саналады. 

  1.2 Ұлттық валютаның  қалыптасу кезеңі 
 

     Теңге Қазақстанның алғашқы ақшасы  емес. Ежелгі Қазақстан аумағында  ақша бұдан көптеген ғасырлар  бұрын пайдаланылған. Сырдарияда,Отырар  алқабында түркі билеушілері, ал Жетісуда түргештер VII- VIII ғасырларда өз ақшаларын шығарған. Отырар мен Исфиджабта монета сарайлары жұмыс істеген. Х ғасырдың ортасы мен ХІІ ғасырда қалалар тез өсіп, тауар өндірісі мен сауда көлемі ұлғая түсті. Ұсақ бөлшек саудада көбіне мыс фельстер қолданылды. Алтын монеталар да айналымға түсті, бірақ ол саудада дара түрінде салмағына қарай пайдаланылды: монетаны қажетіне қарай кесектеп сындыратын болған. XIV ғасырдың соңынан бастап Қазақстанда Әмір Темір монеталары айналымға енді. Бұлардан басқа Қазақстан қалаларында саудада Самарқанд, Бұхара, Ташкент монеталары, негізінен, мыс динарлар пайдаланылды. Қазақстан ақшасының бұрынғы тарихы міне, осындай.

   ХХ  ғасырда Қазақстанның қаржы-несие, бюджет, салық, әлеуметтік, ішкі- сыртқы саясаты Ресейге тәуелді еді. Ресейлік 1993 жылғы банкнот Қазақстанға аса қауіпті болды. Енді Ресейден, ТМД-ның басқа елдерінен қолданыста болған бұрынғы ескі ақшалар ағыны күшеюге айналды. Мұның өзі еліміздегі инфляцияны күшейтіп, қаржы-несие саясатын тізгіндеп ұстау мүмкіндігінен айыратын еді. Міне, осы бір аса жауапты кезеңде Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев ұлттық валютаны енгізу жөніндегі ұйғарымға келді.Сөйтіп, ұлттық валютаны енгізу жөніндегі жұмысқа басшылық жасау мақсатымен Қазақстан Республикасы Президентінің 1993жылғы 3қарашадағы Жарлығымен Мемлекеттік комиссия құрылды.

   Осы мемлекеттік комиссия ұлттық валютаны енгізу механизімін анықтауға тиісті болатын. Және де ақша айырбасының тәртібі  мен шартын, ұлттық валютаны енгізуге қарастырылатын мемлекеттік, басқа да құрылымдардың іс- әрекеттерін жүзеге асыру шараларын тиянақтап шешулері керек еді.

   Президент Жарлығымен құрылған сол Мемлекеттік  өзіне берілген құқықтарға орай осы  шараларды жүзеге асыратын жұмысшы  тобын құрды. Бұл жұмысшы тобын  елімізге белгілі қаржыгер Д.Х. Сембаев басқарды да, Қазақстан Республикасының экономика министрі О.А. Жандосов, Қазақстан Республикасы вице-президентінің көмекшісі Г.А. Марченко, Қазақстан Республикасы Министерлер Кабинетінің бөлім меңгерушісінің орынбасары Ө.Е. Шүкеев, Ұлттық Банк төрағасының орынбасары М. Тұрсынов, Ұлттық  Банк  төрағасының кеңесшісі К.Назаров осы  жұмысшы тобының  құрамында болды.

   Ең  әуелі ұлттық валютаны енгізудің  уақытын анықтап алу мәселесін  шешу және сол жөнінде нақтылы  ұсыныс енгізу Мемлекеттік комиссияның жауапты міндетіне айналды.

   Ұлттық  валютаны енгізуге байланысты ой да, пікір  де, ұсыныс та жетерлік еді. Алайда, сол  көптеген ұсыныс пен пікірлердің  арасынан ең тиімдісін таңдап алу- мәселенің  мәселесіне айналды. Бұл орайдағы әрбір  пікір терең ой елегінен өткізілді.Сол барлық ұсыныстар екшеленіп келіп, ең соңында ұлттық валютаны бірден енгізу жөніндегі ұйғарым жасалды. Мұндай шешім қабылдаудың негізгі мәні республикамыздың қаржы- несие саясатын ешкімге тәуелді болмай жүргізу үшін қажетілікке келіп тірелді. Теңгені бірден енгізу арқылы халықты әлдебір сенімсіздіктен арылту қажет болды. Сондай–ақ, ұлттық  валютаны шетелдік валютаға сәйкес айырбас бағамын белгілеу мүмкіндігі  туды.

   1993 жылдың 12 қараша  күні Қазақстан  Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев теледидар және радио арқылы сөз сөйлеп, Қазақстан халқына ұлттық валютаны енгізудің мәні мен маңызы жайлы айтты. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің теңгені айналымға енгізу жөніндегі Жарлығы, Жоғарғы Кеңес пен Министерлер кабинетінің осы орайдағы Елбасының шешіміне қолдау білдірген бірлескен қаулылар жарық көрді.

   Бұқаралық – ақпарат құралдары арқылы Қазақстан  Республикасының аймағында КСРО Мемлекеттік банкінің және Ресей  банкісінің 1961-1962 жылдардағы үлгісі бойынша шығарылған қазыналық және банкілік билеттерді теңгеге ауыстырудың тәртібі, мерзімі мен шарттары туралы жан-жақты түсініктер, Мемлекеттік банкі тарапынан да ұлттық валютаны енгізуге қатысы бар мекемелерге тиісті нұсқаулар беріліп жатты. Сөйтіп, теңгені енгізу 1993 жылдың 15 қарашасы күні таңертеңгі сағат 8:00-де басталып та кетті. Бұл қазақ мемлекеттілігінің сандаған ғасырлар ішінде тағы да бір тарихи  маңызы зор ісінің жүзеге асқан сәті еді.

    1993 жылғы айналымда жүрген қолма-қол  ақша аса көп болғанымен, ол жетпей жататын. Өйткені инфляцияның деңгейі 784,1 пайызға барып қалған болатын. Сол кездегі әлеуметтік ушығушылықты болдырмай және халық шаруашылығының қолма-қол ақшаға деген сұранысын қанағаттандыру үшін Алматыдан самолетпен  ақша тасу ісі  де ұйымдастырылды.

   Ұлттық  валюта-теңге айналымға енгізілер  сәттің аса күрделі, аса қарбалас болып келді. Ресей бойынша айналыстан алып тасталған ескі ақшалар тасқыны  елімізді басып кетті. Бұл экономиканың қалыпты дамуына кері әсерін тигізе бастады.Осы бір аласапыран сәтте Қазақстанға ұлттық валюта тасылып, жеткізіле басталды. Бұл шара аса құпия жағдайда жүзеге асырылды.Теңге арнайы жәшіктерге салынып, су өтпестей етіліп, тығыз жылтыр қағазбен қосымша оралып тасталды. Бұл жәшіктердің сыртына ешнәрсе жазылмады да, ешбір белгі де салынған жоқ болатын. Тек бұл жүктің анықтаушы құжаттарында латын әрпімен салынған шартты шифрлары ғана көрсетілген-ді. Ол шифрлар тек теңге айналысқа енгізілетін күні ғана айғақталды.

   Ұлттық  валюта – теңге айналымға енгізілген  1993 жылдың қараша айының 15-і мен 20-сы аралығында Ұлттық Банктің Көкшетау облыстық басқармасы бойынша 72 миллион  280 мың теңге сомасындағы  ұлттық валюта айналымға шығарылды. Бұл- 1961-1962 жылдар үлгісіндегі банкноттардың 140 миллион сомы айырбастслды деген сөз.

   Күн сайынғы өмір ағымының заңдылықтарына бағынған адамдардың  біреулері шетелдерге шығып, енді біреулері іссапарларға барып жатты.  “Біреу туып, біреу өліп жатқан” дейтіндей тіршіліктің қай түйткілін болмасын шешуге қаражат қажет еді. Халықтың ақшаға деген сұраныстарын қанағаттандырып, әлеуметтік ушығушылыққа жол бермеу үшін облыстық және қалалық әкімшіліктерде  заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарайтын комиссиялар да  қүрылған-ды. Сол кезде Ресей ақшасына деген сұраныс аса көп болды. Өйткені бір-бірімен іргелес орналасқан екі ел арасындағы экономикалық байланыс әлі де мықты болатұғын. Облыстық басқарма халықтың шет ел валютасына деген сұраныстарын қанағаттандыру ісіне үлгере алмады. Соған әйкес шет ел валютасын айырбастауды шектеудің  әкімшілік шараларын енгізуге де тура келді.Мұндай айырбас аса бір қажетті жағдайда, жерлеуге, болмаса емделуге жұмсауға мұқтаждарға ғана, оның өзінде әкімшіліктің рұқсаты бойынша жасалды. Сондай-ақ Ұлттық Банктің Қазақстан Республикалық кеңсесі 1993 жылдың тамыз айында Ресей Орталық Банкімен келісе отырып Көкшетау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының  Мемлекеттік банкілерінің облыстық басқармасында  субкорсчет ашуға рұқсат берді. АҚШ доллары мен неміс маркасын айырбастау тек қана Көкшетау облыстық басқармасында  ғана жүргізілді.

   Қазақстан Республикасы Ұлттық  Банктің Көкшетау облыстық басқармасының қызметкерлері 1993 жылдың  15   қарашасынан бастап, сол жылдың аяғына дейін 58 миллиард  120 миллион  877 сом ақшаны санап, қоймаға  жөнелтті.

   Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстан Республикасының ұлттық валютаны енгізу жөніндегі мемлекеттік комиссиясы туралы” 1993 жылғы  3 қарашадағы жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының ұлттық валютаны енгізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның қаулысы бойынша Қазақстан Республикасының аумағында 1993 жылғы 15 қарашадағы сағат 8:00-ден бастап  айналысқа  ұлттық валюта- теңге енгізілуіне орай барлық сомдық шоттар, салымдар мен міндеттемелер, сондай-ақ  Қазақстан Республикасының аумағында айналыста жүрген КСРО  Мемлекеттік Банкі мен Ресей банкінің 1961-1992 жылдардың үлгісіндегі қазынашылық және банк билеттері қайта есептеліп, теңгеге алмастыруға тиісті болды. 1961-1992 жылдардың үлгісіндегі банкноттар, сомдық шоттар, салымдар мен міндеттемелер  1 теңгеге 500 сом айырбас бағамымен айырбасталды.

   Қазақстан Республикасының резиденті болып  табылатын 16 жастан асқан жеке тұлға  1962-1992 жылдардың үлгісіндегі банкноттарды белгіленген айырбастау бағамы бойынша 1993 жылғы 15 қарашадағы сағат 8:00-ден 1993 жылғы  20-қарашадағы сағат 18:00-ге дейінгі кезеңде  100 мың сомға дейінгі мөлшерде қолға берілетін теңгеге айырбастап ала алды.

   Қазақстан Республикасының резиденті болып  табылатын заңды тұлға, меншік нысанына қарамастан, 1962-1992 жылдардың үлгісіндегі  банкноттарды белгіленген айырбастау бағамы бойынша осы қаржыны өзі қызметін пайдаланатын банктегі ағымдағы есеп айырысу шотына қосу арқылы 1993 жылғы 15 қарашадағы сағат 8:00-ден сағат 14:00-ге дейінгі кезеңде бөлшек сауда мен халыққа қызмет көрсетуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар – 1993 жылғы шілдедегі бір күнгі орташа кірісінің  1,3 коэффициентіне үйлестірілген мөлшерінде, қалған заңды тұлғалар  касса қалдығының лимитінен аспайтын мөлшерінде айырбастап алған еді.

   Мұндай  айырбас тек бір мәрте ғана жүргізілді және оны жүргізу фактісін қызмет көрсететін банк немесе байланыс поштасы кәсіпорны осы заңды түлғаның жарғысының немесе оны алмастыратын құжатының түпнұсқасының алғашқы бетіне белгіледі. Белгі соғу айырбас сомасы теңгемен көрсетіліп, “айырбас жасалды ” деген жазу арқылы көрсетілді және банктің немесе байланыс кәсіпорны қызметкерлерінің және банктің немесе байланыс кәсіпорынның мөрімен куәлендірілді. Лимиттен артық 1961-1992 жылдардың үлгісіндегі банкноттардағы қаржы белгіленген бағам бойынша теңгемен есептеліп, алты айға дейінгі мерзімде пайдалану құқығынсыз қызмет көрсететін банктегі арнаулы шотқа қосылды. Бұдан кейін осы лимиттен жоғары қаржының заңдылығын арнайы комиссия қарады.

Информация о работе Национальная валюта