Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2011 в 19:17, курсовая работа
Төлем карточкаларын пайдалана жүргізілетін төлемдер қолма-қол ақша беру төлемдері мен сауда терминалдары арқылы жүзеге асырылатын тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін ақы төлемдері болып жіктеледі.Ал төлем карточкалары жергілікті жүйелер карточкалары және халықаралық жүйелер карточкалары болып бөлінеді.Жергілікті жүйелердің карточкалары ұлттық валютада тек Қазақстан Республикасының аумағында (ALTYN,ЕРТІС,Каспийский) қолданылады.Халықаралық жүйелердің карточкалары еліміздің ішінде де және сыртында да қолданылады (VISA International,Europay International,American Express,HSBC,Dinners Club International).
Банктiк карточкаларды колдану бойынша қатысты негiзгi субъектiлсрi: эмитент, карточка ұстаушы, сауда ұйымы, эквайрер, төлем ұйьмы, есеп айырысу банкi.
Банктік карточка эмитентi — бұл банктiк карточканы шыгарған және ұстаушыға бергсн несиелiк ұйым. Банктiк карточканы ұстаушы - оны қолданушы жеке тұлга. Сауда ұйымы — заңды тұлга немссс жскс кәсiпкер, оларлың және эквайрсрдiц арасьндағы келiсiмге сәйкес, эквайрсрдiң тауар (кызмет) ұстаушыға банктік карточканы колданьп ксзсктi төлсу үшiн тапсырылған кұжаттары бойынша жауаптылықта болады. Эквайрер - банктiк карточканы колданып жургiзiлген операция бойынша сауда ұйьмдарымен есеп айырысатын және ұстаушыға қолма-қол ақша қаржыларын беретiн несиелік ұйым болып табылады.[16]
Төлем
ұйымы – төлем жүйесi шегiнде банктiк
карточкалармен операция бойынша ережелердi
бекiтетiн заңды тұлға болып табылады.
Төлем жүйесi — анықталган түрдегі банктік
карточкалармен операцияларды демейтiн
коммуникация және арнайы құрылғылар
жүйесі. Төлем ұйымдары әдетте банктік
карточка түрлерін сәйкестендiретiн кызмег
көрсету белгілсрінiң құқынаине болады.
Төлем ұйымы сондай-ак тиiстi төлем жүйесiнің
техникалык қалыптасуын камтамасьгз етедi.
ІІ.
БАНКТІК КАРТОЧКАЛАРМЕН
ЕСЕП АЙЫРЫСУ
2.1БАНКТІК
КАРТОЧКАЛАР БОЙЫНША ОПЕРАЦИЯЛАР
Visa төлем карточкалары
Бұл төлем жасаудың және қолма-қол ақша алудың әмбебап құралы. Төлем карточкасын пайдалану сізді қолма-қол ақша алып жүру қажеттігінен босатады, ал бұл сіздің қауіпсіздігіңізді, сондай-ақ сауда және сервис орындарында қызмет көрсетудің ыңғайлылығын қамтамасыз етеді. Төлем карточкалары өзіңіздің қай елде жүргеніңізге қарамай, карточкалық есепшотыңыздағы ақшаны тәулік бойы әрі жедел алуыңызға мүмкіндік береді. Карт-есепшоттың заңсыз пайдаланудан жоғары деңгейде қорғалуы қосымша қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Барған елдің валютасымен сауда жасаған кезде, сома тиімді бағаммен карт-есепшот валютасына автоматты түрде айырбасталады.
Сіз Карт-есепшотқа/карт-есепшоттан оңай әрі жылдам ақша аудара аласыз. Сіз сенімді тұлғаларыңыздың бірінің атына қосымша карточка ашып, оған өзіңіздің карточкалық есепшотыңызды басқару құқығын бере аласыз. ЦентрКредит Банкінің халықаралық картасын алып шетелге шыққанда, карт-есепшотыңыздағы қаражатты декларациялаудың қажеті жоқ, кез келген қажетті сома ешқандай қиындықсыз барлық шекарадан өте береді.
Картамен бірге біздің Дербес Сәйкестендіру Нөмірін (PIN-код) аласыз. Оны сете сақтап, ешкімге айтпаған жөн, қандай жағдай болса да ДСН үшінші тұлғаға жарияланбауы қажет. ДСН бойынша жүргізілген барлық операцияларға сіздің дау айтуға құқыңыз жоқ.
Тауарлар мен қызмет көрсетулерге төлем жасау үшін картаны Visa төлем жүйесінің эмблемасы орналасқан кез келген сауда немесе сервис орындарында пайдалана аласыз. Visa карточкасы бойынша қызмет көрсететін кез келегн банкоматта немесе банк бөлімінен қолма-қол ақша ала аласыз. Төлем карточкасын пайдаланушылар несие лимитін ресімдеп, карточка бойынша несиеге есеп айырыса алады.
Эквайринг
Эквайринг (Acquiring) – пластикалық карточкаларға қызмет көрсету, оған карточканың көмегімен жүргізілетін операциялар бойынша сауда және сервис мекемелерімен есеп айырысу кіреді. Қазіргі сәтте Visa карточкасы бойынша қызмет көрсете алатын сауда және сервис мекемелерінің бүкіл әлем бойынша саны 18 миллионнан асты.[19]
Төлем карточкасымен тауарға/қызмет көрсетуге төлем алу үшін мекемеге: ЦентрКредитБанкімен Төлем карточкаларын ұстаушыларға қызмет көрсету туралы шарт жасау ғана жеткілікті. Пластикалық карточкалармен жүргізілген операциялардан түскен барлық түсім сіздің шартта көрсетілген есепшотыңызға салынады. Клиенттерге қызмет көрсету үшін пайдаланғыңыз келетін жабдықты таңдау.
Мекеменің қалауы бойынша Банк механикалық импринтерлер (бұл кезде Банк операцияны телефон арқылы жүргізуге рұқсат береді ) немесе Электрондық POS-терминалдар (операция жүргізуге автоматты түрде рұқсат беріледі) орнатады.
Қызметкерлеріңізге жалақы төлеу үшін «Жалақы жобасы» атты қызмет көрсетуді пайдаланыңыз.
Жалақыны карт-есепшотқа төлеу бухгалтерлер үшін де, қызметкерлеріңіз үшін де ыңғайлы, себебі төлем жасаған сәтте олар бір- бірін іздемесе де болады. Жалақы Банк файлды алғаннан кейінгі 15-20 минуттың ішінде электрондық түрде аударылады.
Банк жалақы карточкалары бойынша Несие лимитін ұсынады, аталған Несие лимиті болашақ жалақыңыздың кепілімен орташа айлық жалақыңыздың 120 % мөлшерінде есеп айырысуға мүмкіндік береді.
Halyk Card - әп-сәтте шығарылатын алғашқы қазақстандық
карточка.
Егер Сіз шоп-турға аттанатын, Қазақстан
бойынша немесе шетелге жедел іссапарға,
сондай-ақ демалуға баратын болсаңыз,
Егер Сіз Card to card жүйесімен ақша аударуды,
жалақыны карточкамен алуды, банкомат
арқылы төлем жасауды қаласаңыз,Қазақстан
Халық Банкі төлем карточкасын банкке
келген күні бірден алудың бірегей мүмкіндігін
ұсынады. Halyk Card карточкасының иелеріне
стандартты карточка ұстаушыларға арналған
мүмкіндіктің барлығы ұсынылады.
Halyk Card карточкасын
алу үшін Халық банкінің кез келген бөлімшесіне
барып, жеке куәлігіңіз бен СТН анықтамасының
көшірмесін ұсынасыз және карточка беруге
өтініш жазып, тиісті шартқа қол қоясыз,
сондай-ақ Банкте қолданыстағы тарифтерге
сәйкес тиісті комиссиялық төлейсіз.
Visa Virtuon Card - Интернет желісінде есеп айырысу
үшін Қазақстан Халық банкі шығарған Visa
International халықаралық жүйесінің арнаулы
карточкасы, есеп айырысу жүргізілгенде
карточканы көрсету талап етілмейді.[19]
2.2ЕСЕП
АЙЫРЫСУ БАНКІ НЕМЕСЕ ЕСЕП АЙЫРЫСУ АГЕНТІ
Есеп айырысу банкі немесе есеп айырысу агенті — төлем ұйымымен жасалған келiсiм негiзiнде эмитент пен эквайрлер арасындағы өзара есеп айырысуды жургiзетін несиелiк ұйым.
Банктiк карточканы ашу үшiн клиент бекiтiлген нысандағы өтiнiштi ұсынады және банк онымен келiсiм жасайды. Банктiк карточкалар негiзгi екi операцияны жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi: тауарларды (кьзметтi) төлеу және банкоматтар арнайы автоматгық құрылғылар немесе ҚАА
— колма-кол ақша каржыларын алу. Казiргі кезде аталған операцияның екеуiн жүзеге асыратын карточкалар (әмбебап карточкалар) кең тараған, алайда тек колма-кол ақша каржыларын алуға немеса тек тауар немесе қызметтердi төлеуге негiзделген карточкалар да қолданылуда.[13]
Банктiк карточкалар екi негiзгi типте болады: кредиттiк және дебеттiк. Халықаралық төлем ұйымдарының кредиттiк карточкаларының дебеттiктен айырмашылығы операция жүргiзу технологиясына байланысты. Дебеттiк карточкалармен операция барлық уақытта авторландыруға жатқызылады, кредиттiк карточкалармен операциялар анықталған шарттарда жатқызылмайды. Осындай ерекшелiктерiне байланысты дебеттiк карточкаларды эмитенттер банктiк шотта бар қаржы қалдығы көлемiнде операцияларды жүзеге асыруға қолданылады, ал несиелiк карточкалар бойынша шоттағы бар қаржы көлемiнде операция жүргiзуге, сондай-ақ несие ұсынуға болады, әдетте тәжiрибеде бұл қарызшыға несиелiк желi ашу жолымен жүзеге асырылады.
Банктiк карточканы қолданып тауар немесе қызметтi төлеу кезiнде ұстаушы карточканы сауда ұйымының кассирiне бередi. Кассир авторландыру рәсiмiн өткiзуi керек, ол үшiн карточка эмитентгерi мен бұл орталықта карточка ұстаушының банктiк шотының жағдайы туралы деректер базасы жургiзiледi. Авторландырудың негiзгi қызметi — карточка ұстаушының төлем қабiлетіне көз жеткiзу. Авторландыру екi әдiспен жузеге асырылады: дауыстык және электрондық.
Дауыстық авторландыру кезiнде кассир эквайрер-банкiнiң iс жүргiзу орталығына телефон соғып, ондағы қызметкерге келесi деректердi хабарлайды: карточка нөмiрiн және оның әрекет ету мерзiмiн, операция сомасын және сауда ұйымының сәйкестендiрушiсiн (нөмiрiн). Эквайрердiң iс жүргiзу орталығының қызметкерi тиiстi төлем жүйесiнiң байланыс арнасы аркылы (электронды тәсiлмен, яғни берiлген деректердi компьютерлiк жүйеге енгiзу аркылы) эмитенттің iс жургiзу орталығымен байланысады. Егер қызмет мақұлданса, онда көрсетiлген тiзбек бойынша, бiр-ақ керi бағытта аталған авторландырушылық сұрауды сәйкестендiретiн «авторландыру коды» хабарланады.
Электронды авторландыру кезінде жоғарыда көрсетiлген мәлiметтердi сауда ұйымының кассирi арнайы кұрылғы — электрондык терминалға енгiзедi. Ол аталған деректердi эквайрердің iс жүргiзу орталығына жолдайды және ол автоматты режiмде тиiстi эмитенттiң iс жүргiзу орталығына бередi. Осы ретпен эмитенттің iс жүргiзу орталығы авторландыру кодын жолдайды.
Авторландыру, соның iшiнде дауыстық авторландыру белгiлi бiр уакыт мерзiмiн алады және сауда ұйымы қызметiнде қажетсiз болып табылады. Тиiстi телекоммуникацияны қолдану себептi авторландыру айтарлықтай қымбат тұратын рәсiм болып есептеледi, ол аз сомадағы операцияда өзiн ақтамайды. Сондықтан халықаралық төлем жүйесiнiц ережесi белгiленген лимиттен аспайтын сомадағы банктiк карточкалармен операциялар авторландыруды қолданбай жүргiзiлуiн қарастырады.
Көрсетiлген лимит әрекет етуi үшiн анықталған сауда ұйымы мен эквайрер банк арасындағы келiсiм бойынша тиiстi шарттар қарастырылуы керек. Халыкаралық төлем жүйесiнiң ережесiне сәйкес «лимитке дейінгi» сома операциялары авторландырылған эмитент болып саналады. Бiрақ сауда ұйымы карточканың әрекет ету мерзiмi аяқталмағанына және оның нөмiрi тоқтатым парағында (стоп-лист) — ұрланған немесе жойылған карточкалардың тiзiмiнде жоқ екендiгiне көз жеткiзуi тиiс.
Атап өтетiн жайт, дебеттiк карточкалармен операция сома көлемiне байланыссыз авторландыруға жатады, өйткенi шоттағы бар қаржы көлемiнде ғана катаң жүргiзiлуге тиiстi.
Авторландырудың заңдық мәнi, банктiк карточканы қолданып атқаруға ұсынылған құжаттарды эмитенттер мiндеттемесiнiң еркiн пайдаланылуына негiз болып табылуында. Аталған ереже авторландыру жүзеге асқандығын сол мезетте эмитентке хабарлап, ұзамай оған тиiстi есеп айырысу құжаттары ұсынылатындығын хабарлайды. Осындай ретпен авторландыруға құқылық факт статусын беру қалыптасқан қатынастарды көрсетедi.
Авторландыру өткiзу кезiнде эмитент авторландырылган сома көлемiнде ұстаушының ақшалай қаржыларын шектейдi. Аталған шектеу өткiзiлетін операциялар сомасын ұстаушыға төлеу бойынша эмитенттің талаптарын қамтамасыз етуге негiзделген. Егер авторландыру өткiзiлiп, кандайда бiр себептермен тауар толык ұсынылмаса, онда сауда ұйымы авторландыруды толықтай немесе жартылай қайтаруы тиіс.
Алайда егер авторландыру өткiзiлмесе және операция сомасы сауда ұйымы бекiткен лимитген аспаса, эмитент банктiк карточканы колданып құрылған кужаттарда корсетiлген мiндеттемелердiң орындалуына жауапты.
Авторландыру өткiзiлген соң кассир карточка және импринтер көмегiмен слип деп аталатын арнайы түбiртектi құрады. Импринтер орнына электронды терминал қолданылуы мүмкiн. Бұл жағдайда тиiстi құжат электронды терминал түбiртегi деп аталады. Халықаралық тәжiрибеге сәйкес слип (электронды терминал түбiртегi) кем дегенде келесi деректерден тұруы тиiс:
— сауда ұйымының сәйкестендiргiштерi (нөмiрi);
— операция өткiзу күнi;
— операция сомасы;
— операция валютасы;
— операция эмитенттерi авторландыруды бекiтетiн код;
— банктiк карточка деректемелерi:
— карточка ұстаушының қолы.
Әдетте слип ұстаушыныц эмитент банкке сауда ұйымының операция сомасын төлеу тапсырмасын бiлдiредi. Сонымен қатар слип және электронды терминал түбiртегiне сауда ұйымы кассирiнiң қолы қойылады.
Спин үш данада құрылады. Бiр данасы ұстаушыға, қалган екi данасы — сауда ұйымы мен эквайрерге (оның үрдiстiк орталығына) берiледi. Электронды терминалды қолдану кезiнде қағаз жеткiзушiде карточка ұстаушы және сауда ұйымы үшiн екi данада электронды терминал құрылады, сонымен катар откiзiлген операция туралы ақпарат электронды түрде электронды терминалдан эквайрердiң үрдiстiк орталыгына жiберiледi.