Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2011 в 19:17, курсовая работа
Төлем карточкаларын пайдалана жүргізілетін төлемдер қолма-қол ақша беру төлемдері мен сауда терминалдары арқылы жүзеге асырылатын тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін ақы төлемдері болып жіктеледі.Ал төлем карточкалары жергілікті жүйелер карточкалары және халықаралық жүйелер карточкалары болып бөлінеді.Жергілікті жүйелердің карточкалары ұлттық валютада тек Қазақстан Республикасының аумағында (ALTYN,ЕРТІС,Каспийский) қолданылады.Халықаралық жүйелердің карточкалары еліміздің ішінде де және сыртында да қолданылады (VISA International,Europay International,American Express,HSBC,Dinners Club International).
Осы ретте қолма-қол ақша беру нүктелерi арқылы қолма-қол ақша беру жургiзiледi және ресiмделедi. Бұл кезде слипте (электронды терминал тубiртегi) жоғарыда аталган деректемелерден баска, кассир қолы мен егер бар болса эквайрерге операция жургiзгенi үшiн төлем сомасы енгiзiлуi тиiс.
Банкомат арқылы ақша беру кезiнде барлық операция автоматты режiмде жүргiзiледi. Ұстаушы банкомат клавиатурасында өзiнiң ДСН-iн (дербес сейкестендiру номiрiн) эмитент белгiлеген құпия сэйкестендiру коды н тередi. ДСН электронды терминалды колданып өткiзiлетiн операцияларда да колданылады. Егер ДСН дұрыс терiлсе, ұстаушы белгiлi бiр сома колемiн алуға мүмкiндiгi бар. Банкомат авторландыру рэсiмiн жузеге асыру ушiн эквайрердiц урдiстiк орталыгымен байланысады. Авторландырулық сұрауга жағымды жауап алынған жагдайда банкомат ұстаушыға қолма-қол ақша және келесi деректемелерден тұратын түбiртектi ұсынады:
банкомат сәйкестендіргіштері;
операция өткізу күні;
операция валютасы;
опрация эмитентiнiң втодьтруын белгiлейтiгi код;
банктiк карточка деректемелерi.
Банкоматтар - пластикалық карточкалармен операция жургiзу кезiнде қолма -қол акшаларлы инкассолайтын және беретiн банктiк автоматтар.[16]
Банкоматтар келесі негiзгi операцияларды жүзеге асырады:
1)
шотындағы қалдыктар туралы
2) қолма-қол ақша беру.
Осындай ретпен банкомат карточка ұстаушысына шоттың ағымды жағдайы туралы (соның шiнде қағаздағы шоттан жазбаны) ақпарат алуға мүмкiндк бередi, сондай-ақ бiр шоттан екiншi шотқа қаржы аудару операциясын жүргiзедi.
Банкоматқа операция жүргiзу үшiн кiру төлем карточкаларын және банк клиенттерiнiң дербес сәйкестендiргiш нөмiрiн пайдаланып жүргiзiледi. Банкоматты баскаруды және оның жағдайын бакылауды қамтамасыз ету үшiн дербес ЭЕМ жабдықталған. Банкомат акша қоймасы болғандыктан бақылау айрықша маңызды. Бүгiнгi күнi көптеген үлгiлерi оn-linе режiмiнде магниттi жолағы бар карточкалармен жұмыс iстеуге, есептеуге, сонымен бiрге смарт-картгармен оff-linе режiмiнде жұмыс iстеуге қабiлеттi құрылғылар да пайда болған. Банкоматтар ғимарат iшiнде, сондай-ақ көшеде де орналастырылып, тәулiк бойы жұмыс iстейдi.
Әр банкомат үшiн оның сақтық деңгейiне және үздiксіз жұмыспен қамту қажеттiлiгiне байланысты, бiр кезекте оныц сейфінде жинақталатын және сакталатын қолма-қол ақша лимитi белгiленедi.
Банкоматпен жүргiзiлетiн операциялар есебi үшiн, банкоматтағы операциялар есебiнiң кiтабы жүргізіледі.
Ақшаны кассаға салу және кассетадан алу касса бөлмесiнде жүзеге асырылады. Тексергеннен кейiн кассир ақшаны кассетаға салады, кiлтпен жабады және пломб қояды.
Кассетаға банк аты, банкомат номiрiн, салынған ақша купюрасы, номиналы, сомасы, күнi және қолдары, кассирдiң жеке таңбасы басылады. Кассетаны толтырган соң касса меңгерушiсi инкассаторға инкассаторлык бағыт парағын жазады. Инкассатор бағыт парағын және кассетаны алады, кассетаның бүтіндігін, құлақша қағазды және ондағы деректемелердi тексередi. Кассетамен бiрге инкассаторға банкоматтарды толтыру және босату операциялары есебiнiң кiтабына қолхат қалдыра отырып банкомат сейфiнiң және оны баскару модулiнiң кiлтi, сондай-ақ кiру карточкасы берiледi. Кассетаны жеткiзген соң инкассатор кіру карточкасын пайдаланып, бағыт парағында белгiленген кассетаны ішiндегi ақша қалдығымен алады, орнына жаңа кассетаны қойып, бағыт парағындағы деректер бойынша банкоматты баскару модулiне қойылған кассетадағы купюра саны мен номинал туралы ақпаратты енгiзедi. Алынған кассеталарды, кiлттердi, карточканы және банкоматан алынған түбiртектi инкассатор банкоматтарды толтыру және босату операциялары есебiнiң кiтабында қолхат бере отырып кассирге тапсырады.
Кассир инкассатордың қатысуымен әкелiнген кассеталардың бүтіндiгiн, құлакша қағазы мен пломбтардьң бар екендiгiне көз жеткiзедi және одан сома көрсетiлген түбiртектi қабылдайды. Одан соң ол өз қолымен бағыт парағына кассеталарды алғандығын сендiрiп қол қояды, касса меңгерушiсiнiң кiтабы мен кассетадан алынған ақшаны қайта санайды, түбiртек сомасымен салыстырады, кассетадан алынған ақша сомасына кассалық кiрiс ордерiн толтырады. Осыған сәйкес банкоматтың баланстан тыс шотынан қаржы алынып касса есебiне жазылуы үшiн бакылауiпы бухгалтерге кiрiс кассасы бойынша өткiзбе жасауга бередi. Одан соң қолма-қол ақша касса меңгерушiсiне берiледi. Банкоматтан алынған кассетадагы колма-кол акшаның нақты қалдыгы мен түбiртекте берiлген калдыкта сәйкессiздiк табылса, тиiстi акт толтырылып, касса мецгерушiсi мен кассир колдары қойылады. Табылған сәйкессiздiк факт бойынша кызметтiк iздестiру жасалынып, сәйкессiздiк себептерi анықталады. Қызметтiк iздестiру негiзiнде қолма-қол ақшаның жетiспеушiлiгi дәлелденсе, кiнәлi тұлгалар жетiспеген соманы бекiтiлген тәртiпте қалпына келтiруге мiндеттi.
Жұмыс күнi соңында касса меңгерушiсi банкоматтарга толтырылған қолма-қол ақша сомасы туралы есеп бередi жене инкассатордан алынған тубiртекпеп бiрге күн есебiне тiркейдi. Кезеңмен айына кем дегенде бiр рет банкоматтарга толык босату жасалынады.
Депозиттiк банкоматтарды колдану кезiнде инкассатор қолма-қол ақша қалдығы бар кассеталарды, клиент шотына қосу үшiн салынған ақшасы бар конверттермен қоса әкеледi. Кассир касса меңгерушiсiнiң қатысуымен конвертте корсетiлген соманы банкоматтарды баскару жүйесiнен алынган мемориалды ордер деректерiмен сальтстырады. Накты сома мен мемориалды ордер деректерi арасында сәйкессiздiк табылса клиент деректерi, банкомат нөмiрi, орналаскан жерi, нақты ақшаны қабылдау уақыты, жазылған сома мен накты сома көрсетiлiп тиiстi акт жасалады. Ақша салған клиент акт мазмұнымен танысуы тиiс.[18]
Салыстырудан соң кассир конверттен алынған қолма-қол ақша сомасына кассалық ордер толтьрады және мемориалды ордер деректерiмен салыстырады, кiрiс және мемориалды ордерде қол қояды. Мемориалды ордер негiзiнде нақты алынған қолма-қол ақша клиенттер шотына қосылады. Банкоматтарда жургiзiлген операция туралы ақпарат эквайрердiң үрдiстiк орталығына электронды түрде жiберiледi. Онда ол электронды терминалдарды қолданып жүргiзiлген операциялар туралы акпарат және слипттермен бiрге ерекше құрамдас банктiк құжат — карточка қолданылған операциялар бойынша эквайрердiц толемдер тiзiмiн құруга негiз болады.
Банктің карточкалары қолданылатын операциялар бойынша төлемдер тізімі – электронды немесе қағаз жеткізушіде үрдісті жүзеге асырушы және есеп айырысуға қатысушы (эмитент, эквайрер, есеп айырысу банкі) ұйымдармен белгілі уақыт аралығында эквайрер құрылысын және эмитеттің банк карточкасы қолданылған операциялар бойынша екі және одан да көп құжат. Төлемдер тізімі несиелік ұйымдарда ашылған шоттар бойынша операция өткізуге негіз болады. Келтірілген анықтамада көрсетілгендей, төлемдер тізімі есеп айырысу құжаты статусына ие.
Эквайрердің төлемдер тізімі арнайы қатынас құралдары бойынша өңдеу үшін төлем жүйесіне жіберіледі. Осы рәсім негізінде төлем ұйымы эмитенттердің төлем тізімін құрады, онда белгілі эмитент ұстаушылары банктік карточканы қолданып өткізілген операциялар туралы деректер беріледі. Эмитентттердің төлем тізімі өткізілген операциялар сомасын ұстаушылар шотынан өтеу үшін оларға жіберіледі. Төлем ұйымы – эмитент пен эквайрер арасындағы есеп айырысуды реттеуге қатысады. Көрсетілген есеп айырысулар клиринг (өзара талаптарды есептеу) әдісімен жүргізіледі және әдетте «нора-нетто» жүйесіне негізделеді. Оның мәні - әр қатысушы банк үшін оның барлық қатысушысына жіберген және алған қаржы пударымы туралы барлық тапсырмалардың жалпы көлеміне қатысты бірыңғай дебеттік немесе кредиттік сальдоға келу. Мұндай банктік тәжірибеде қалыптасқан дебеттік және кредиттік сальдоның аталуы – «таза сальдо» немесе «таза позиция». Бұл кезде әр эмитенттің немесе эквайрердің кредиторы және борышкері төлем жүйесі болып табылады.
Күн сайын өтетін клиринг сеансынан кейін және оның нәтижесіне байланысты төлем жүйесінің есеп айырысу банкінде төлем ұйымы эмитенттер мен эквайрерлердің шоттары бойынша ақша аударымдарына тапсырысты рәсімдейді. Есеп айырысу банкі көрсетілген шоттар бойынша қаржыны аударады және шот иелеріне кредиттеу немесе дебеттеу туралы жазба жібереді.
Егер несиелік ұйым – эмитент бір мезгілде өзі шығарған карточканың эквайрері де болса, келтірілген есеп айырысу кестесі сәл қысқарады. Аталған жағдай карточка ұстаушы банкоматтан қолма-қол ақша қаржысын алған кезде немесе эмитент кассасынан, не болмаса эмитентке қызмет көрсетілетін сауда мекемесінен банктік карточканы қолданып сауда жасаған кезде жүзеге асады. Бұл кезде аталған операция төлем жүйесіне жіберілетін төлемдер тізіміне қосудың қажеттігі жоқ. Несиелік ұйым бір жағынан сауда ұйымымен еркін есеп айырыса алады, екінші жағынан керекті сомаға ұстаушы шотын дебеттейді.
Клиринг
өз алдына операицяға қатысушы тараптардың
өзара талап ету
Кез келген бизнестің басты міндеті – пайда табу. Бақылауды сақтауда қаржылық қызметті сипаттайтын есептілік маңызды орын алады. Қаржылық операцияларды орындау және пайданы есептеу қаржылық есеп берусіз мүмкін есем.
Карточкалық
операциялардың есебі есептің
Клиенттер шоттарының көмекші есебі карточка ұстаушылардың шоттары бойынша барлық ақпаратты тіркейді. Аталған шоттар бухгалтерлік есеп талаптарына сәйкес бас бухгалтерлік кітапта және соған сәйкес банк балансында бейнеленетін жеке карточкалық шоттарға топтастырылады.
Сауда
нүктелері өткізетін
Үрдістік орталықта тіркелген ақпаратқа сәйкес бухгалтерия үш жұмыс күні ішінде авторландырудың автоматтандырылған режимінде өткізілген карточкалық операцияларды қалпына келтіру сомасын клиенттің банктік шотына қосады.
Карточканы дамыту бойынша бөлім қызметкері клиент сұрауымен жазба әзірлейді, карточкалық операциялар бойынша өзара есеп айырысуды реттеуге қатысады.
Операцияны бақылау есебі бойынша бастапқы құжат операция мазмұны, формасы, референс нөмірі, авторланыру коды және клиент қолы бар чек болып табылады. Егер аталған операция бойынша чектің түпнұсқасы болмаса (яғни мынадай деректемелері бар чек жоқ болса – карточка нөмірі, операция типі, валюта, сома, авторландыру коды және референс нөмірі), «операция көшірмесі» деген жазуы бар чектің операция бойынша кәдімгі чек сияқты күші болады. Бірдей деректемелері бар барлық чектер қаржылық операциялардың құжаты болып табылады. POS – терминалдан кезекті жабу кезінде берілген құрама чек анықтамалық құжат болып табылады және штат өткізген операцияларды салыстыруға қолданылады.
Қолмен авторландырудың автоматтандырылған режімінде ALTYN,VIZA, Eurocard\Master Card карточкаларын қолданып, клиринг және карточкалық операциялар бойынша есепайырысу бөлімінің қызметкері мыналарды орындайды:
-
келісім жасаған клиенттерден
слиптерді қабылдайды және
-
банктің үрдістік орталық
-
банктің мөлшерлемесіне сәйкес
сыйақыларды ұстай отырып
- банктің мөлшерлемесіне сәйкес сыйақыны банк кірісіне қосады.
Төлем жүйесіндегі мүшелік ережесіне сәйкес есеп апйырысу аталған жүйенің клиринг және есеп айырысу жүйесі арқылы өтеді. Төлем жүйесінің шоттарды құру бөлімшесінің хабарлауы клирингте қатсушы банк үшін шоттар құрудың әр кезеңінің соңында пошта арқылы қатысушы банк (КҚБ) атына түседі. Хабарлауда күні көрсетіледі; ол бойынша клирингтік банктегі банктің клирингтік шоттары, карточкалары бойынша қызмет көрсетілнег эмитент банктердің атына төлем жүйесімен есептелген сыйақы ескеріле отырып дебеттеледі немесе кредиттеледі.
Клиринг және КҚБ есеп айырысу бөлімі алынған шоттар мен жазбалар негізінде банктің кірісі мен шығысының тиісті баптарына қаржылай өтем жасайды.
Карточкалық операциялар сауда ж»нге қызмет көрсету кәсіпорындары арқылы жүргізіледі.
Мобильді банкинг – бұл Халық бантің жаңа қызметі. Бұл қызметті қолдана отырып, сіз өзіңіздің ұялы телефонына SMS-хабарларды жіберу арқылы өзіңіздің карточкалық шоты туралы әрдайым хабар ала аласыз.