Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2011 в 19:17, курсовая работа
Төлем карточкаларын пайдалана жүргізілетін төлемдер қолма-қол ақша беру төлемдері мен сауда терминалдары арқылы жүзеге асырылатын тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін ақы төлемдері болып жіктеледі.Ал төлем карточкалары жергілікті жүйелер карточкалары және халықаралық жүйелер карточкалары болып бөлінеді.Жергілікті жүйелердің карточкалары ұлттық валютада тек Қазақстан Республикасының аумағында (ALTYN,ЕРТІС,Каспийский) қолданылады.Халықаралық жүйелердің карточкалары еліміздің ішінде де және сыртында да қолданылады (VISA International,Europay International,American Express,HSBC,Dinners Club International).
Сурет 2 – Пластикалық карталар нарығының құрылымы
Ескерту
– Автор диаграмманы Ұлттық Банк мәліметтері
негізінде құрастырған
III.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ «КАРТОЧКАЛЫҚ
БИЗНЕСТІ» ЕНГІЗУДІҢ
МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
3.1ПЛАСТИКАЛЫҚ
КАРТОЧКАЛАРМЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫҢ ШЕТЕЛДІК
ТӘЖІРИБЕСІН ЗЕРТТЕУ
Дамыған шет мемлекеттердегі халықаралық төлем карточкалары көптеген қаржы ұйымдары реттеп отырады. Оның ішінде халықаралық валюта қорының маңызы зор.
Халықарылық Банктік карточкалар (несиелік, пластикалық, т.б.) –өзінің иесіне көрсетілген соманы шетелден тауар сатып алғаны және қызмет көрсету үшін төлем жасауға рұқсат беретін ақша құжаттары. Халықаралық есеп айырысуда 1999 жылдан бастап доллармен қатар ЕО ортақ валютасы – еврода кеңінен қолданыла бастады.
Банк жүйесіне ғылыми – техникалық прогрестің жетістіктерін пайдаланудың нәтижесінде 1959 жылы әлемде ең алғашқы рет Сан-Франциско қаласындағы "Бэнк оф Америка" банкі чектерді өңдеу және ағымдағы шоттарды жүргізу үшін толық автоматтандырылған электрондық құрылымды банк ісіне енгізген. Кейін электронды-есептегіш машиналардың одан да жетілген түрлерін енгізу аралық құрылым – алып жүретін терминал-пульттің көмегімен оларға көптеген абоненттерді (клиент) қосуға мүмкіндік берді. Осы процесс АҚШ-тың барлық банктеріне және Еуропа мемлекеттерінде енгізілген. Нәтижесінде ақша – есеп айналымына электрондық пластикалық карточка енгізілді. Электронды техниканың жетістіктерінің, банк операцияларын автоматтандыруды дамыту мен жетілдірудің нәтижесінде XX ғасырдың 70-жылдарының екінші жартысында электрондық төлем жүйесін қолдануға мүмкіндік туды. Электрондық төлем жүйесі – ол қағазсыз тасымалдаушы, электронды сигнал жіберу арқылы ақша сомасын аудару, банктік шоттардың жағдайын бақылау, несиелік және есеп айырысу операцияларын жүргізу үшін қолданылады.
АҚШ – тағы ақшасыз айналыстың ерекше түрі үйде банктік қызмет көрсету – ол электронды есептегіш техниканы пайдалану негізінде халыққа банктік қызмет көрсету, яғни телефон аппараттары мен жеке компьютердің қазіргі үлгісін пайдаланумен жүзеге асады. Оның ең жай түрі - телефонмен тікелей байланысу арқылы – жеке клиенттерге шот ашуға, несие алуға, есеп айырысуға мүмкіндік береді.
ТМД
елдері пластикалық карталарды пайдаланып
қолма-қолсыз төлемдер жүйесін дамытуда
түрлі ерекшеліктерді басшылыққа алады.
Осы мемлекеттерде меншікті карталық
бағдарламаларды дамытуға себепші болған
фактор – 1992 жылы қолма-қол ақша тапшылығы
еді. Соның салдарынан Ресейде аймақтық
және локальдық карточкалар бағдарламалары
әзірленді. Мұндағы мақсат – біріншіден,
қолма-қол ақшаны қолма-қолсыз ақшамен
алмастыру, екіншіден, тауарды қолма-қол
ақшаға айырбастап басқа елдерге шығаруға
шектеу жасау. Бұл үрдістерде банктер
карталық бағдарламаларды оның имиджі
ретінде қызмет ету аясын кеңейтуге және
болашақта пайда әкелетін жаңа бағыт деп
қарастырды.
Сурет 1 – Айналыстағы төлем карточкаларының құрылымы
Ескерту – Автор
диаграмманы Ұлттық Банк мәліметтері
негізінде құрастырған
Суреттен
көріп отырғанымыздай, халықаралық төлем
карточкалары қолданыс аясына еніп, үлес
салмағының артуы, жергілікті төлем карточкаларының
төмендеуіне себеп болып отыр. 2000 жылы
100% жергілікті карточкалар айналыста
болса, берілген мерзім ішінде оның үлесі
5%-ға дейін күрт азайған, бұл 20 есеге төмендікті
білдіреді. Жергілікті карточкалардың
арасында Altyn Card жүйесінің карточкалары
кеңінен қолданылады (оның үлесі 2,1%). 2009
жылы елімізде 7391 сауда кәсіпорыны оның
төлем карточкаларын қолданған, бұл 2008
жылдан 38,5%-ға артық.
3.2 ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНДА ПЛАСТИКАЛЫҚ КАРТОЧКАЛАРМЕН
ЕСЕП АЙЫРЫСУДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ШЕШУ ЖОЛДАРЫН
ҚАРАСТЫРУ
Қазақстандық кейбір мерзімді баспасөзде Қазақстандағы пластикалық карточка клиенттерінің аталған жүйеде немесе банкоматта жиі қайталанатын кідірістер, сатушылардың тауарға немесе қызметке пластикалық карточкамен төлеудегі бас тартушылық, пластикалық карточкалармен операцияларды халықаралық төлем жүйелерімен, әлемдік экономикалық дағдарысқа орай эмитенттелген банктермен блоктау тәрізді проблемалармен ұшырасып отырғандығы жазылуда, бірақта әлемдегі ең басты проблема пластикалық карточкалармен алаяқтық жасау болып табылады.
Мәселен, пластикалық карточкаларды қолдан жасауға байланысты банктердің жоғалтқандары соңғы жылда 25 есе артып кетті.
Осыған байланысты Қазақстанның банк жүйесі алдында проблеманы тек техникалық тұрғыдан шешу ғана емес, сонымен бірге оны құқықтық әдістермен, яғни пластикалық карточкамен алаяқтық кезінде тараптардың материалдық жауапкершілігінің өзара қарым-қатынасын реттейтін нормативтік құкыктық актілерді әзірлеу міндеті тұр, сондай-ақ банктердің, құқық қорғау органдары мен банк клиенттерінің пластикалық карточкамен алаяқтықтың (кардерлер – пластикалық карточкалармен алаяқтық жасаушылар) себептері мен салдарын жою жөніндегі өзара бірлескен іс-қимылы қажет.
Бірақта пластикалық карталар жаңадан бір проблемаларды алға тартады, бұл өзінің дамуы барысында Қазақстан Республикасының бұрын-сонды белгілі бір уақытқа дейін кездеспеген пластикалық карточкалармен алаяқтық жасау болып табылады, ондай жағдаймен бетпе-бет келу Қазақстандағы банк қызметінің дамуы барысында кездесіп отыр.
Қазақстан Республикасында қылмыскерлер халықаралық және мемлекеттік пайдаланудағы төлем карточкаларын қолдан жасау арқылы бірқатар банктерге шабуыл жасады, 2004-2006 жылдары ақшаны алу мақсатымен банк жүйесіне санкцияландырылмаған 23 оқиға тіркелген, бұл орайда ондай қылмыс санының өсе түсуі байқалады. [13, 6б.]
Жалған
төлем карточкаларына, сондай-ақ бағалы
кағаздар болып табылмайтын өзге
де төлем және есеп айырысу құжаттарын
өткізу мақсатымен дайындау немесе өткізгені
үшін қылмыстық жауаптылық Қылмыстық
кодекстің 207-бабында белгіленген.
Микропроцессорлық карточкалар негiзiнде
төлем карточкаларының ұлттық банкаралық
жүйесiн ендiру үшiн мынадай iс-шараларды
дәйектi түрде iске асыру қажет:
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мәліметтері бойынша, 2010 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша банктердің шығарған төлем карточкаларының саны 8,2 млн. дана құрап, бұл карточкалардың ұстаушыларының саны – 7,7 млн. адам болды. (2009 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіштер сәйкесінше 14,5% және 14,1%-ға артқан). Төлем карточкаларының ішінде неғұрлым көп тарағаны халықаралық жүйе карточкалары болып келеді. Олардың өзіндік үлесі 97,9%, ал, жергілікті жүйе карточкаларының үлесі – 2,1%. 2009 жылы 1-ші қыркүйекте бұл арақатынас 97,9% және 2,1% құраған болатын.
2010 жылдың қантарында қазақстандық эмитенттердің төлем карточкалардың қолдануымен транзакциялар көлемі 44,6 млрд. теңге құрды (2009 жылдың өсіміне қарағанда 40,1 пайызын құрды). Бірақта Ұлттық Банк қолма қол ақшаларды алу бойынша операциялар көлеміің өсіміне қарағанда ( 33,9 пайыздан 40,6 млрд. теңгеге дейін) қолма қолсыз төлемдер көлімінің асқан өсімін ( 2,7 есе 3,9 млрд. теңгеге дейін) қарастырды. 2010 жылдың қаңтарына транзакциялар саны 2,5 млн. транзакциясын құрды, бұл көрсеткіш 2009 жылдың қаңтарына қарағанда 25,6 пайызға көбейді. Сонымен қатар, қолма қол ақшаларды алу бойынша операциялар санының өсіміне қарағанда ( 17,8 пайызға, 2,2 млн. транзакцияларға дейін) қолма қолсыз төлемдер көлімінің асқан өсімі байқалады.
Жоғарыда аталған көрсеткіштер банктердің дамып келуін және олар бойынша есеп айырысу операциялар көлемінің өсуін айқындайды. Алайда төлем карточкаларының нарығындағы жағдай, оның жедел өсуіне қарамастан мінсіз емес. Қазіргі уақытта төлем карточкаларын ең көп қолданатын тұлғалар Алматы және Астана қалаларында тұрады. Бұл жерлерде Республикада пайдаланатын POS – терминалдардың жартысы және 2/3 - тен астам карточкаларды қолданатын сауда кәсіп орындары орналасқан. Ал Қазақстандықтардың көпшілігінде карточкаларды қолдану мүмкіндігі шектелген. Бұл проблеманы шешу жолы, Республикамыздың күллі аумағында POS – терминалдар мен карточкаларды қолданатын сауда кәсіп орындарын орналастыру болып келеді. Ол өз кезегінде банктік карточкалардың одан әрі жетілдіруіне ықпал етеді.
Банктік карточкалардың кең өріс алуы, олар бойынша операциялардың қолайлығы мен басқа төлем құралдарынан артықшылығының көптен болуына байланысты. Банктік карточкалардың қолдануымен операциялардың жаңа түрлері оның мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Еуропалық одақ құрамына енетін елдерде микропроцессорлық технологиялар негізінде төлем карточкалары жүйесін дамыту көзделген. Экономиканың дамуы халықаралық кеңістікке енумен тығыз байланысты болғандықтан, Қазақстан төлем жүйелерiн Еуропалық Одақ стандарттарына жақындату мақсатында Ұлттық Банк елімізде микропроцессорлық карточкалар негiзiнде төлем карточкаларын енгiзу мен дамытуды жоспарлап, оның алғашқы қадамы жасалды. Ол – Қазақстан Республикасында микропроцессорлық карточкалар негiзiнде төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесiн дамыту бағдарламасы. Онда көзделген микропроцессорлық карточкалар негiзінде төлем карточкаларын пайдалану болашақта халыққа, сауда-сервис кәсiпорындарына оларға қай банк қызмет көрсеткенiне қарамай бiрыңғай "төлем" кеңiстiгiн құруға мүмкiндiк бередi.
1. Төлем карточкаларының нарығы эмитент ойлап тапқан менеджмент бойынша емес, объективті қиындықтарға кездесуде. Олар осы күнге дейін толыққұнды төлем құралы болмағандықтан, жаппай қолма-қол ақшаны алу үшін пайдаланылды. Көптеген адамдар үшін банкомат еңбек ақы, зейнетақы, стипендия және басқа аударымдарды алу үшін арналған кассаның бір түрі ғана. Нәтижесінде қалыптасқан шарттар төлем карточкаларын пайдаланылу мемлекет тарапынан орталықтандырылған жүйені құруды қажет етіп келеді.
2. Эквайрингтің толық жетілмегендігі, пластикалық карточкаларға сауда және сервистік кәсіпорындарында қызмет көрсету кең тарамағандығы зерттеу барысында анық байқалды. Бұл алдымен тауарларға және қызмет көрсетуге қолма-қолсыз төлем үшін карточкаларды пайдаланатын сауда ұйымдарының технологиялық дайындығының жеткіліксіздігінен көрінді.
3. Жаңа идеялар және технологиялар енгізуде төлем карточкалар нарығы елдегі экономикалық жағдайдан тыс дами алмайды. Оған қалыпты сұраныс болған жағдайда ғана жаңа технологиялар негізінде төлем карточкаларын тарату елеулі жетістіктерге қол жеткізу мүмкін.
4. Бүгінгі таңда нарықта төлем карточкаларының әртүрлі бәсекелес жүйелері қызмет етеді, олардың ішкі нормативтері және инфрақұрылымы жағдайларын ескеру маңызды. Бұл банктердің инфрақұрылым шығындарын жоғарылатып, сауда ұйымдарының жағдайын қиындатады және карточка ұстаушыларына ыңғайсыздықтар туғызады. Кез келген сауда нүктесінде тауарларды төлеу, кез-келген банкоматтан қолма-қол ақшаны алу үшін әмбебап ұлттық карточка жоқ. Бір банктің карточкасын басқа банкке қызмет көрсету желісінде пайдалану күрделі, әрі қымбат. Сол себепті, төлем карточкасын ұстаушы-клиент мүмкіндігі өзінің банкінің қызмет ететін инфрақұрылымына байланысты. Бұл республикада төлем карточкаларын қолдану үшін бірыңғай төлем кеңістігін құруды қажет етеді.
5.
Практикада сақтандыру компаниялары мүліктік
және қаржылық сақтандыру бағдарламаларын
әзірлеп, мүліктік тәуекелдерден сақтандыру
базалық болса, қаржылық тәуекелдерден
сақтандыру кеңейтілген бағдарламамен
қамтамасыз етіледі. Біздің елімізде пластикалық
карталарды сақтандыру қалыптасуда. Сақтандыру
нарығында пластикалық карта эмитенттерін
сақтандыру карта ұстаушыларын сақтандыруға
қарағанда аз кездеседі. Бұл банктің меншікті
қаражаттарын үнемдеу мен сақтандыруды
қорғау мәселелерін клиентіне аударуды
білдіреді. Оған қоса, банк картаны сақтандыру
жарналарын оған жылдық қызмет көрсету
құнына қосу арқылы өнімнің бәсекеқабілеттігі
төмендеуі де мүмкін.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі: