Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2011 в 19:17, курсовая работа
Төлем карточкаларын пайдалана жүргізілетін төлемдер қолма-қол ақша беру төлемдері мен сауда терминалдары арқылы жүзеге асырылатын тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін ақы төлемдері болып жіктеледі.Ал төлем карточкалары жергілікті жүйелер карточкалары және халықаралық жүйелер карточкалары болып бөлінеді.Жергілікті жүйелердің карточкалары ұлттық валютада тек Қазақстан Республикасының аумағында (ALTYN,ЕРТІС,Каспийский) қолданылады.Халықаралық жүйелердің карточкалары еліміздің ішінде де және сыртында да қолданылады (VISA International,Europay International,American Express,HSBC,Dinners Club International).
Мобильді банкинг арқылы келесі мүмкіндіктерді жүзеге асыруыңызға болады:
Ұялы телефон арқылы банкке жоламай-ақ, тәуліктің кез келген уақытында өзіңіздің карточкалық шотындағы ақша қаражаттарының қалдығы туралы оперативті ақпарат алу.
Автоматты режимде ұялы телефон дисплейіне карточкалық шотына қаражаттын түсуі және шығуы туралы хабар алу.
Егер карточка жоғалған немесе ұрланған жағдайда өзіңізге және дәл уақытта карточканы бұғаттауға болады.
«Мобильді банкинг» қызметінің қолданушысы болып Халық банктің кез келген ұялы телефоны бар төлем карточкасының ұстаушысы табылады.Тек ұялы байланыс операторының Халық банкімен бұл қызметті ұсыну туралы келісім бар болғанда. «Мобильді банкинг» қызметіне сіз Халық банктің банкоматы арқылы, немесе банк офисіне жолығып қосылуыңызға болады.
«Мобильді банкинг» қызметіне банкомат арқылы қосылу үшін сізге мына әрекеттерді орындауыңызға қажет:
Банкоматқа карточканы салу;
Банкомат экранында «Мобильді банкинг» қызметін таңдау;
Ары қарай, банкомат нұсқаулықтарын орындап, тіркеу процедурасын өту.
«Мобильді банкинг» қызметіне банк офисінде қосылу үшін сізге келесілер қажет:
Сәйкес өтінішті толтыру;
Банк менеджеріне өзіңіздің жеке басын куәландыратын құжатты және «Мобильді банкинг» қызметіне қосылатын төлем карточканызды ұсыну.
«Мобильді банкинг» қызметіне қосылу барысында пайдалынатын қызмет режимінің бірін таңдаңыз:
1.Тек
қана SMS-хабарлар түріндегі
2.
SMS-хабарлар түріндегі
«Мобильді банкинг» қызметіне қосылатын карточкалар саны шексіз. Қызмет барлық төлем карточкалар бойынша жеке тұлғаларға беріледі. «Мобильді банкинг» бойынша қызмет көрсету тәулік бойы және демалыс күндерінсіз ұсынылады. Сонымен қатар, егер сіз өзіңіздің операторыңызда роуминг қызметін пайдалансаңыз, онда Қазақстаннан тыс елдерде де «Мобильді банкинг» қызметін қолдана аласыз.
Берілген қызметке қосылу, банк офисінде өтінішті тапсыру күннен бастап үш жұмыс күн ішінде жүргізіледі.
Карточкалық шот бойынша әрбір операциядан кейін сіз SMS-хабарлар түріндегі ақпарат аласыз, мұнда келесі мағлұматтарды құрайды:
карточка нөмірі;
карточкамен операцияның түрі мен нәтижесі.
операция сомасы;
операцияның өткізілу орны;
операцияның орындалу уақыты;
Сіздің
төлем карточкаларында
«Мобильді банкинг» қызметтерінен сіз қандай таңдағаңызға қарамастан, банк келесі анықтамалық хабарлар қатарын ұсынуы мүмкін.
Карточканың әрекет ету мерзімі туралы;
карточка бойынша күмәнді операциялардың орындалуы туралы;
несиені жабу мерзімінің өтелуі туралы.
карточка бойынша қызметтердің немесе жаңа тарифтердің енгізілуі туралы; басқа да анықтамалық хабарлар.
Карточка ұстаушылардың мобильдік телефондарында SMS-хабарлар түсіру арқылы төлем карточкалары бойынша жасалған операциялар туралы мағлұмат беру. Қазіргі заманғы технологиялар Сіздің банкпен қатынасыңызды жайлы және жинақы етеді. Жаңа «SMS-банкинг» қызметінің көмегімен Сіз банк бөлімшесіне келмей-ақ өз төлем карточкаларыңыз бойынша жасалған операцияларды бақылай аласыз. Жаңа «SMS-банкинг» қызметі Сіздің карт-шотыңызға ашылған барлық карточкалар бойынша жүргізілетін операцияларға толық бақылауды қамтамасыз ететін карточкалық шот бойынша шығын операциялары туралы Сізге мәтіндік SMS-хабарлар хабарлар түрінде уақтылы мағлұмат беріп отырады.
Сіз келесі операциялар бойынша SMS-хабарландыруды таңдай аласыз:
Дистанциялық қызмет көрсету Сізге жүргізілген операция жөніндегі барлық ақпаратты алуға мүмкіндік береді: операцияны жүргізу сомасы, валютасы, орны, күні, уақыты, төлем карточкасы нөмірінің соңғы төрт саны және карточкалық шот бойынша қол жеткізуге болатын қалдық ақша.
Сіздің
мобильдік телефоныңызда
Негізгі карточканың ұстаушысы келісім берген жағдайда, осы аталған қызмет түріне қосымша карточка ұстаушылар да қосыла алады. Қызметке қосылу үшін Сіздің өтініш беруіңіз және SMS-хабарлар алу туралы шартқа қол қоюыңыз қажет.
Кредит лимиті жалақысы кемінде 15000 теңге болатын және осы Халық банкінің карточкасы бойынша үш айдан астам уақыт алып жүрген кәсіпорындар мен ұйым-мекемелердің (оның ішінде-бюджеттік) қызметкерлеріне ашылады.
Кредитті
алу үшін банкоматтағы менюден «Кредит
лимиті» деген батырманы
Кредит лимиті Сіздің жалақыңыздың 70 пайызына дейінгі мөлшерде белгіленеді. Мысалы, егер Сіздің жалақыңыз 15000 теңгені құраса, кредит мөлшері 10500 теңге болады (15000*70% =10500).
Банк берешек өтемін карточкаға жалақы немесе басқа ақша түскенде автоматты түрде ұстап қалады. Берешек өтелген кезде кредит лимиті автоматты түрде қайта жаңартылады, Сіз оған банкомат арқылы қосымша растамасыз қол жеткізе аласыз.
2.3 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ
ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ ПЛАСТИКАЛЫҚ
КАРТОЧКАЛАР АЙНАЛЫМЫ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ
ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫНА ТАЛДАУ ЖАСАУ
Қазірігі кезде коммерциялық банктердің пластикалық карточкаларының көмегімен қол жеткізуге болатын операциялар:
Пластикалық карточкасын пайдалану арқылы шетелдік валютаны сатып алу төлемді сатылған шетелдік валютаны банктің бағасы бойынша сатып алынған шетелдік валютаның сомасына сәйкес теңгемен жүзеге асырылады.
Төлем карточкаларын шығаруды 14 банк жүзеге асырады, бұл шамамен 3 мың терминалды, 2 мың импринтерлер мен 650 банкоматты пайдалану арқылы бір жарым мың ұйымға қызмет көрсетеді.
Төлемдік карточкалар Қазақстанда тез дамып кетті, көбі ондай болады деп ойлаған да жоқ, мәселен, 2008 жылы 167,4 миллиард теңгеге 12,9 миллион трансакциялар жасалды.
Қазақстанның Ұлттық Банкі Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 24 тамыздағы №331 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы төлем карточкаларын шығару мен пайдаланудың Ережелерінің негізінде төлем карточкаларымен байланысты аталған банк қызметін реттейді. Қазақстан Ұлттық Банкі төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесінің жұмыс істеуінің жалпы талаптарының және төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесінің арнайы ұйымының қызметін белгілейді.
Қазақстан Республикасында Ұлттық банкаралық төлем карточкалары жүйесiн құруға дайындық 1993 жылы басталды, 1993 жылдан 1995 жылға дейiнгi кезең iшiнде Ұлттық Банктiң тапсырысы бойынша IBM фирмасы (АҚШ) және банкаралық жұмыс тобы Электрондық қолма-қол ақшаның Ұлттық жүйесiнiң техникалық-экономикалық негiздемесiн және Пластикалық карточкалардың интеграцияланған жүйесiнiң дизайнын әзiрледi, оларға сәйкес электрондық қолма-қол ақшаны және дебеттiк несиелiк карточкаларды дамытуға болжам жасалды.
Қазақстан Үкіметінің 1999 жылғы 28 қыркүйектегі №1464 «Мемлекеттік бюджет есебінен еңбекақыны стипендияларды, зейнетақыларды, жәрдемақылар мен өзге де ақшалай төлемдерді төлеу тәртібін жетілдіру туралы» қаулысына сәйкес мемлекеттік мекемелер еңбекақыны, стипендияларды және өзге де ақшалай төлемдерді төлеуді тиісті банктік операциялар түріне Қазақстан Ұлттық Банкінің лицензиясы бар және белгіленген заңнама тәртібімен тендерді ұтып алған ұйымдар арқылы жүзеге асырады.
«Төлемдер және ақша аударымы туралы» заңға сәйкес төлем карточкасы оны ұстаушы арқылы төлемді жүзеге асыру мақсатында, сондай-ақ қолма-қол ақшаны алу үшін оның эмитенті белгілеген жағдайларда өзге де операцияларды жасау үшін қолданылады.
Бүгінгі
таңда Республикада орта есеппен 5 адамға
бiр төлем карточкасынан
Сондай-ақ, қызмет көрсетiлетін төлем карточкалары желiсiнiң одан әрi кеңеюi байқалып отыр. 2008 жылғы Қазақстанда ақы төлеуге төлем карточкаларын қабылдайтын 2387 сауда кәсіпорны жұмыс iстейді. Бұл ретте, 2008 жылғы банкоматтар саны 1432 бiрлiктi, сауда терминалдарының саны 5152 бiрлiкті ал импринтерлер саны 1414 бiрлiктi құрады.
Енді төлем карточкаларын пайдаланудың аймақтық аспектісін қарастырсақ, бірінші орында үлесі бойынша Алматы қаласы, одан кейін 11,8%-бен Қарағанды облысы және 8,3%-бен Шығыс Қазақстан облысы.
Республикамызда қондырылған банкоматтар саны – 4607 бірлік (1 банкомат 1 550 адамға қызмет көрсете алады, сәйкесінше, 100 банкомат 155 000 карта иелеріне). Карта иелерлерінің саны жылдам өскенімен банкоматтар саны көбеюі оған сәйкес келмейді (Мәселен, ай сайын қолданушылар саны 74 мыңға артса, банкоматтар саны 75-ке ғана артып отырды). Осы айтылғандар бойынша республика аумағында төлем карточкалары нарығының инфрақұрылымын беруді жөн көрдік.
Кесте 1 – Төлем карточкалар нарығының инфрақұрылымы
(2009 жылғы мәліметтер негізінде)
Облыстар | POS – терминалдар | Импринтерлер | Банкоматтар |
Сауда
кәсіпорындары | ||||
Саны, дана | Үлесі, % | саны, дана | Үлесі, % | саны, дана | Үлесі, % | саны, бірлік | Үлесі, % | |
Ақмола | 421 | 2,5 | 6 | 0,6 | 158 | 3,4 | 223 | 3,0 |
Ақтөбе | 981 | 5,9 | 23 | 2,2 | 285 | 6,2 | 413 | 5,5 |
Алматы | 281 | 1,7 | 5 | 0,5 | 194 | 4,2 | 88 | 1,2 |
Атырау | 832 | 5,0 | 50 | 4,8 | 276 | 6,0 | 364 | 4,9 |
Шығыс-Қазақстан | 1302 | 7,8 | 48 | 4,6 | 401 | 8,7 | 605 | 8,1 |
Жамбыл | 438 | 2,6 | 7 | 0,7 | 172 | 3,7 | 205 | 2,7 |
Батыс Қазақстан | 605 | 3,6 | 23 | 2,2 | 174 | 3,8 | 234 | 3,1 |
Қарағанды | 1303 | 7,8 | 28 | 2,7 | 433 | 9,4 | 564 | 7,5 |
Қостанай | 579 | 3,5 | 20 | 1,9 | 183 | 4,0 | 231 | 3,1 |
Қызылорда | 328 | 2,0 | 6 | 0,6 | 133 | 2,9 | 187 | 2,5 |
Маңғыстау | 626 | 3,7 | 24 | 2,3 | 216 | 4,7 | 322 | 4,3 |
Павлодар | 927 | 5,6 | 16 | 1,5 | 289 | 6,3 | 417 | 5,6 |
Солтүстік Қазақстан | 459 | 2,7 | 7 | 0,7 | 141 | 3,1 | 238 | 3,2 |
Оңтүстік Қазақстан | 828 | 5,0 | 19 | 1,8 | 231 | 5,0 | 348 | 4,6 |
Алматы қаласы | 4847 | 29,0 | 660 | 63,0 | 952 | 20,7 | 2034 | 27,2 |
Астана қаласы | 1945 | 11,6 | 105 | 10,0 | 369 | 8,0 | 1011 | 13,5 |
Барлығы | 16702 | 100 | 1047 | 100 | 4607 | 100 | 7484 | 100 |
Ескерту – Автор кестені Ұлттық Банк мәліметтері негізінде құрастырған |