ҚР-ң инвестициялық қызметін жүзеге асыруы мен оның маңызды мәселелер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Декабря 2011 в 09:00, курсовая работа

Описание

Инвестициялар деп - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруышылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай, сондай-ақ ақша қаражаты түрінде, яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады.
Мұның бәрі де экономикалық өрлеудің жоғары қарқынын қамтамасыз етеді және демеп отырады.

Содержание

Кіріспе...................................................................................................................3-4
Негізгі бөлім
Инвестицияның әлеуметтік – экономикалық мәні........................5-10
Инвестицияның мәні, қызметі, түрлері, есептеу әдістері.........5-10
Инвестицияның қызметі мен операциялары................................11-14
Кәсіпорындағы инвестициялық қор............................................15
ҚР-ң инвестициялық қызметін жүзеге асыруы мен оның маңызды мәселелері.........................................................................................16-18
2.1 Қазақстанда инвестициялық саясаттың қалыптасуы..................16-18
2.2 Еліміздегі шетел инвесторларының рөлі және оның қызметтері.......................................................................................19-20
2.3 ҚР-ның инвестициялық қызметті қаржыландыру.....................21-22
Инвестицияның экономиканы дамытудағы рөлі.......................23-28
ҚР-на тартылатын инвестиция көлемін ұлғайту.....................23-28

Қорытынды.....................................................................................................29-30
Пайдаланған әдебиеттер тізімі...................................

Работа состоит из  1 файл

Курсовая готовая 2 (1).doc

— 248.50 Кб (Скачать документ)

    Жоспар  
 

Кіріспе...................................................................................................................3-4 

Негізгі бөлім

      1.   Инвестицияның әлеуметтік – экономикалық мәні........................5-10
    1.   Инвестицияның мәні, қызметі, түрлері, есептеу әдістері.........5-10
    2.   Инвестицияның қызметі мен операциялары................................11-14
    3.   Кәсіпорындағы инвестициялық қор............................................15
    4.   ҚР-ң инвестициялық қызметін жүзеге асыруы мен оның маңызды    мәселелері.........................................................................................16-18

    2.1  Қазақстанда инвестициялық саясаттың  қалыптасуы..................16-18

    2.2 Еліміздегі  шетел инвесторларының рөлі және оның қызметтері.......................................................................................19-20

    2.3   ҚР-ның инвестициялық қызметті қаржыландыру.....................21-22 

    1.    Инвестицияның экономиканы дамытудағы рөлі.......................23-28
    2.    ҚР-на тартылатын инвестиция көлемін ұлғайту.....................23-28
 

Қорытынды.....................................................................................................29-30 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі.........................................................................31 

Қосымша..........................................................................................................32-34 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе 

    Бұл тақырыпты алғандағы мақсат  елімізде инвестициялық саясаттың экономиканы дамытудағы рөлін, яғни алатын орнын, маңыздылығын, тәуелсіз елімізге қажеттілігін атап көрсету .

    Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік – экономикалық дамуымыздың негізгі  алғы шартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр. Инвестициялар кез – келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып саналады.

    Оған  дәлел 2005 жылдың 18-ақпандағы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына  Жолдауы. Онда еліміздің 1990- жылдардың  басындағы экономикалық ахуалынан неден басталғаны туралы айтылады. Қазақстанның іщкі өнімінің екі есе ұлғаюына, нарықтық экономиканың құрылуына инвестицияның тигізген әсері мол болды. Жолдауда « Экономикаға 30 миллиард АҚШ долларындай тікелей шетел инвестициясы тартылды. Бұл бүгінгі Қазақстанның тұрақты, тиімді әрі сенімді әріптес екенін барша инвесторларға көрсетеді» деп  айтылуы инвесторлармен қатар еліміздің экономикасының даму жолына түскендігін, әлем Қазақстанға өз қаржысын салғысы келетінін көрсетеді. Өйткені инвестиция дегеніміз  табыс табу және капиталды ұлғайту мақсатымен өндірістік және басқа да қызметтерге қаржы жұмсау болып табылады, яғни қаржы үнемі жұмыс істеуге басқаша айтқанда, қандай да бір табыс түсетін жұмысты немесе іске жұмсалынуы тиіс. Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың ең алғашқы, яғни 1997 жылы 10-қазанда Алматы қаласында өткен Республика белсенділерінің жиналысындағы «Қазақстан – 2030» барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» Жолдауында шетел инвестициясы тоқталды.

    «Шетел инвестицияларын тиісінше қорғауды және пайданы кері қайтарып алу мүмкіндіктері бұрынғысынша назарда бірінші кезектегі мәселелер қатарында ұсталады.» -деп атап өтілуі инвестициялардың  еліміздің экономикасын дамытуға қажеттілігін көрсетеді.

        Еліміздің инвестициялық аспектісі ірі салымдары қаржыландыру үшін жағдайлар жасауға, тауар өндіру және қызмет етуді жоғары тиімділікпен нарық қатынастары субъектілерінің сұраныстарына сәйкес ұлғайтуға бағытталуы тиіс.          

        Қазақстан экономикасын тұрақтандыру және дамытудың маңызды жолдарының бірі – инвестициялық қызметті ұлғайту, ең алдымен еліміздің ішкі резервтерін жұмылдыру және  көбірек тиімді пайдалану болып табылады.  

    Президент Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасына  Жолдауында өтпелі кезеңнің қиындығын және XXI ғасырдағы республиканың бет бейнесі айқын көрсетілді. Болашақта Орталық Азиядағы Барыс болу үшін, халықтың әл-ауқатын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін экономикалық күш-қуатты арттыру керек. Осы мақсатқа байланысты жеті стратегиялық басым бағыттарды жүзеге асырудың бір көзі – шетел инвестициясын пайдалану. Әрине Қазақстанның халықаралық байланыстары осы кезеңде де алдымен жақын көршілеріміз – Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей және басқа да ТМД елдерін қамтиды. Бірақ ірі трансұлттық капиталды, ҚХР, Батыс және Шығыс елдері, Мұсылман әлемімен де экономикалық қтынастар ұлғаяды. Мұны біздің республиканың геосаяси, геоэкономикалық, географиялық жағдайлары талап етеді.     

    «Қазақстан – 2030» стратегиясында Н. Ә. Назарбаев халықаралық қатынастардың мынадай маңызды бағыттары мен факторларын атады:   - қуатты сыртқы күштер келешегімізді айқындауға сөзсіз елеулі рөл атқаратын күннен-күнге өсе түскен ауқымдану мен ұлғайып келе жатқан өзара тәуелділік дәуірде өмір сүріп отырмыз;       - шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу;    - Ұлттық қауіпсіздікке Ресей, ҚХР, Орта Азия, Таяу және Орта шығыс елдерінің, АҚШ, БҰҰ, Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік Азия, Еуропа, Ислам даму банктерінің, халықаралық институттардың қолдауларын барынша пайдалану.           Кәсіпорын – түрлі өндірістерден және шаруашылықтардан (негізгі, көмекші, қосымша, қосалқы және эксперименттік) тұратын күрделі механизм.

        Инвестициялар деп - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруышылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай, сондай-ақ ақша қаражаты түрінде, яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады.

          Мұның бәрі де экономикалық өрлеудің жоғары қарқынын қамтамасыз етеді және демеп отырады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    1. Инвестицияның әлеуметтік – экономикалық мәні.
 

    1.1  Инвестицияның мәні, қызметі, түрлері, есептеу әдістері. 

    Инвестициялар деп - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай сондай-ақ ақша қаражаты түрінде, яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады.

    Инвестиция  дегеніміз - бүгінгі күні қолда бар  ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды, яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы клешекте, яғни алдағы уақытта пайыз түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады.

    Бұл жоғарыда айтылған процеспен екі  фактор байланысты болып келеді. Оның біріншісі – уақыт, ал екіншісі –  тәуекелдік . Сонымен қатар инвестиция  экономикалық өсудің негізі бола отырып, елдің әлеуметтік дамуына жағдай жасайды. Осы айтылғандармен қатар инвестиция экономикалық дамудың жоғарғы және тұрақты қарқынын қалыптастырудың, ғылыми- техникалық прогресс жетістіктерін өсірудің, инфрақұрылымды дамытудың маңызды факторы болып саналады.

    Нақтылық  инвестиция дегеніміз – шаруашылық субъектісіндегі белгілі бір материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активтердің өсуіне, дамуы жұмсалану үшін салынатын салымдар болып табылады.

    Қаржылық  инвестиция дегеніміз – акционерлік  қоғамдар немесе мемлекет шығарған акцияларға, облигациялар және басқадай құнды қағаздарға банктердің депозиттерін салынған салымдар болып табылады.

    Қаржылық  инвестициялар иелену мерзіміне  қарай мынадай категорияларға жіктеледі:

    а) қысқа мерзімдік иелену- иелену мерзімі  бір жылға дейін;

    ә) ұзақ мерзімдік – иелену мерзімі  бір жылдан артық; 

    Инвестор – қор нарығында құнды қағаздарды сатып алушылар болып табылады.

    Ұлттық  инвестор дегеніміз- Қазақстан Республикасында  инвестицияны жүзеге асыратын Қазақстан  Республикасының Заңды тұлғасы.

    Инвестиция  бұл – табыс табу және капиталды  ұлғайту мақсатымен өндірістік және басқа да қызметтерге қаржы жұмсау болып табылады, яғни қаржы үнемі жұмыс істеуге басқаша айтқанда, қандай да бір табыс түсетін жұмысқа немесе іске жұмсалынуы тиіс. Инвестор өз алдына дербес екі топқа бөлінеді:

    - жеке инвесторлар .

    - институттандырылған инвесторлар (банктер, инвестициялық қорлар, зейнетақы қорлары, тағы басқалары).

    Инвестициялық саясат дегеніміз – халық шаруашылығының әр түрлі салаларында пайда табу мақсатымен ұзақ мерзімді капитал жұмсау саясаты. Күрделі қаржыны тиімді пайдаланудың, оларды шешуші бағыттарға шоғырландырудың, қоғамдық өндірісте тепе- теңдікті қамтамасыз етудің жолдарын көрсететін шаруашылық шешімдерінің жиынтығы. Егер инвестициялық саясат дұрыс шешілсе, әрбір шығындалған теңгеге келетін ұлттық табыстың мөлшері өседі, өнім молаяды.

    Тікелей инвестиция дегеніміз- капиталды экспорттаушының  қабылдаушы ел территориясында өндірісті  ұйымдастыруын айтады. Тікелей инвестициялар  арқылы халықаралық корпорациялар  дүниежүзілік нарықта өз бөліктерін жүргізеді.

    Ал  капитал дегеніміз - тауар өндірісінің  жұмыс күші тауарға айнала бастаған кезінде пайда болады. Капиталдың алғашқы қорлануы процесінде тікелей  өндірушілер өндіріс құрал- жабдықтары капиталистік кәсіпкерлердің қолына жинақтала бастады. Өндіріс құрал жабдығынан айырылған жұмысшы өз жұмыс күшін капиталистерге сатуға мәжбүр болды. Бұл процесс тауар өндірісінің капиталистік өндіріске айналуын көрсетеді.

    Капиталды әлем елдерінде пайдаланудың негізгісі  мыналар :

  1. Инвестициялаушы елдегі капиталдың мол қорлануы;
  2. Дүниежүзілік шаруашылықтың әр түрлі бөліктеріндегі капиталға сұраныс пен ұсыныс арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы;
  3. Жергілікті рынокты монополизациялау мүмкіндігі;
  4. Капитал экспортталатын елде арзан шикізат пен жұмысшы күшінің болуы;
  5. Саяси тұрақтылықтың және қолайлы инвестициялық ахуал;

    Капиталды шетке шығару мына нысандарда жүргізіледі:

     - өнеркәсіп, сауда т.б. кәсіпорындарына  тікелей инвестициялар ;

    - портфельдік инвестициялар (шетелдік  облигацияларды, акцияларды және  басқа да құды қағаздарға алу  үшін);

    Ішкі  инвестициялық ресурстар өте  тапшы бүгінгі экономикалық жағдайда экономиканы тұрақтандыруға, реформаларды тереңдету және құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыру шетел капиталын тартпайынша мүмкін емес.

    Шетел инвесторы - шетелдік заңды тұлғалар, шетел азаматтары , шетел мемлекеттері, халықаралық ұйымдар, шетелде тұрақты тұрғылықты мекені бар Қазақстан Республикасының азаматтары, егер олар шаруашылық қызметін жүргізу үшін азаматтығын алған немесе тұрақты тұрғылықты мекені бар елде тіркелген жағдайда.

    Шетелдік инвестиция дегеніміз - қабылдаушы елдегі компанияның қызметін бақылап, басқарып отыру үшін капиталдың мақсатты түрде ауысуы болып келеді. Шетелдік инвестициялардың елдер мен өнеркәсіп салалары арасында бөлінуі кәңіргі халықаралық экономиканың құрамына айтарлықтай әсер етеді.

    Шетелдік  инвестицияларын тарту саясаты 1991 жылдан басталып, оң нәтижелер беруде. Шетел капиталын басқаратын Қазақстан  эксимбанкі, сырттан қарыз алу  жөніндегі комитет және инвестициялар  жөніндегі комитет тәрізді органдар құрылды. Сөйтіп Қазақстанда шетел капиталы үшін қолайлы ахуал қалыптасты.

    Шетел инвестицияларын тартудың басты  бағыттарына тіршілікті қамтамасыз ету салалары мен экспорт бағдарындағы өндірістер – мұнай-газ және мұнай  – химия салалары , электр энергетикасы , металлургия , коммуникация және де Қазақстан дәнді дақылдапр , жүн , мақта т.б. ірі өндіруші болу себепті, ароөнеркәсіп кешені жатады. Мұнай-газ саласында күш-қуат мұнай мен газ өндіріп , экспорттқа шығаруды арттыруға сыртқы мұнай құбырлары мен ішкі газ құбырларын салуға жұмсалады.  

Информация о работе ҚР-ң инвестициялық қызметін жүзеге асыруы мен оның маңызды мәселелер