Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Декабря 2011 в 09:00, курсовая работа
Инвестициялар деп - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруышылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай, сондай-ақ ақша қаражаты түрінде, яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады.
Мұның бәрі де экономикалық өрлеудің жоғары қарқынын қамтамасыз етеді және демеп отырады.
Кіріспе...................................................................................................................3-4
Негізгі бөлім
Инвестицияның әлеуметтік – экономикалық мәні........................5-10
Инвестицияның мәні, қызметі, түрлері, есептеу әдістері.........5-10
Инвестицияның қызметі мен операциялары................................11-14
Кәсіпорындағы инвестициялық қор............................................15
ҚР-ң инвестициялық қызметін жүзеге асыруы мен оның маңызды мәселелері.........................................................................................16-18
2.1 Қазақстанда инвестициялық саясаттың қалыптасуы..................16-18
2.2 Еліміздегі шетел инвесторларының рөлі және оның қызметтері.......................................................................................19-20
2.3 ҚР-ның инвестициялық қызметті қаржыландыру.....................21-22
Инвестицияның экономиканы дамытудағы рөлі.......................23-28
ҚР-на тартылатын инвестиция көлемін ұлғайту.....................23-28
Қорытынды.....................................................................................................29-30
Пайдаланған әдебиеттер тізімі...................................
Мұның барлығы Үкіметтің орта мерзімдік инвестициялық бағдарламасын қабылдау және жүзеге асыру үшін бағыт-бағдар беруге мүмкіндік жасады. Объектілерді салу және сатып алумен шетел капиталын салу бағыттарына мыналар жатады:
• акционерлеу жолы арқылы кәсіпорындарды жекешелендіру процесіне донорлардың қатысуын кеңейту;
• банктік мекемелерді инвестициялау.
Қолданылатын бағыттар сипатында елеулі өзгерістер болуда:
• Біріккен
кәсіпорындардың делдалдық-өткізу және
сатып
алу кызметі салаларында емес, өндірістік,
банктік, құрылыстық
қызметте, аграрлық секторда ұлғаюы.
• Қазақстан Республикасы экономикасына тартылатын айналым капиталының ұлғаюы жеке жобалар бойынша жекешелендіру процесінде көрініс тапты.
Оның өрістеуі белгілі мөлшерде төлем төлемеу дағдарысы сияқты түйінді мәселені жеңілдетті, өндірістердің іскерлік белсенділігін көтеруге және озық технологияларға өту процесін жеделдетуге мүмкіндік береді.
Қазақстандағы объектілер басқаруға өте тиімді жагдайларда беріледі: әлеуметтік объектілерді қамтамасыз етілуден босатылады, жұмыскерлер санын кысқартуда еркіндік беріледі және экспортқа бағытталған өндірістер құнға үстеме салықтан босатылады.
Сонымен бірге, белгілі бір өндіріске салынған инвестициялар кейінгі жылдары едәуір көлемде коммерциялық несиелеу құнынан асып кетті.
Барлық елдердегі сияқты, Қазақстандағы инвестициялық процестің гүлденуі макроэкономикалық параметрдің, төмендегі факторларымен тежеліп отыр.
Олардың біріншісіне мынаны жатқызуға болады: яғни жинақталатын ресурстардың төмен тиімділікте сіңірілуі, оларды қаржыландыру механизмінің жоқ болуы (сақтандыру, зейнетақымен қамтамасыз ету және инвестициялаудың нарықтық институттарының қалыптасуының, сонымен бірге жинақтаулардың салымдарға айналуы механизмінің аяқталмағандығы).
Бұл жағдайды ұлттық банктік жүйенің жеткілікті түрде дамымауы шиеленістіріп отыр. Қазіргі кезде ұлттық банктік жүйе жинақтарды салудың және оларды инвестициялаудың шынайы активтерге айналуының тартымдылығын қамтамасыз етуге қабілеті жоқ.
Екіншіден,
Республика көлемінде тиімді инвестициялық
жобалар түріндегі төлем
Үшіншіден, банктердің, клиенттердің қаржылық жағдайының төмен деңгейі; мемлекеттік бағалы қағаздардың жоғары табыстылықпен қамтамасыз етілмеуі; кәсіпорындардың қаржылық жағдайының қажетті деңгейде болмауы себебінен инвестициялаудың жоғары тәуекелділіктерін компенсациялайды.
Төртіншіден, төлемдер дағдарысы жағдайындағы қарыздардың сақталуы бұрынғысынша айналым капиталын толтыру үшін ақшаға деген жоғары сұранысты сақтап отыр, ол қаржылық ресурстарды инвестицияландыру мақсаттарына емес, айналым қорларын қаржыландыруға бағыттайды.
Бесінші - жүктемеленбеу жағдайында тұрған өндірістік саланың негізгі капиталы өзін сақтауға жоғары шығындарды талап етеді, сол арқылы қаржылық ресурстардың елеулі бөлігі шығындалады.
Алтыншы - тиісті әдістердің болмауы негізгі капиталдың теңбе-теңсіз қайта бағалануына әкеліп соқты.
Осының салдарынан амортизациялық төлемдер мен ішкі жалпы өнім (ІЖӨ) арасындағы арақатынас шектен тыс жоғары болып отыр. Нәтижесінде, жоғарыда аталған себептер әсерінен Қазақстан экономикасында өндірістік шығындардың бұзылған құрылысы, өндірістердің төмен шынайы пайдалылығы, бюджетке төлемдердің жинақталмауы, мүліктік активтер негізінде кәсіпорындар қаржыларының жоғарылауы көрініс алып отыр.
КСРО
кезінде де көрініс тапқан техника
мен құрал-
жабдықтарды қолданылудың жоғары мерзімі,
инвестициялық сұраныс қысымының нәтижесінде
негізгі қорлардың бұзылуы күшейді, ал
негізгі қордың моральдық емес, табиғи
тозуы 40% шегінде өзгеріп отырды. Кәсіпорындардың
өзіндік қаржылары инвестицияға деген
сұранысты 25-40% деңгейінде қанағаттандыра
алды.
Елдегі қаржылық, несиелік жүйелер мен оның институттарының дұрыс қалыптасуы шетелдік капиталдың жаппай өктемдік жүргізуі үшін қолайлы жағдайлар жасады.
Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатын дамытушы елдер тәжірибесімен салыстыра отырып, Аргентина саясатымен белгілі бір ортақтықтың бар екендігін атап өтуге болады.
Тиімді инвестициялық саясаттың жоқ болуы "өсу нүктесі" болып табылатын белгілі бір салаларды анықтауға мүмкіндік бермеді; ол сыртқы экономикалық саясатты "өсу локомотивінен" "тежеу локомотивіне" айналдыруды, әлеуметтік реформаларды ұстап тұру, халықтың ағымдық табысының төмен деңгейі, сонымен бірге тұтынушылық несиенің болмауы республика халқын инвестициялық саясаттың белсенді субъектілерінің біріне айналдырды.
Бұл
кездегі тауар өндірушілердің жаппай
банкротқа ұшырауы шетел инвесторларының
баюы жағдайында жүріп жатыр және ұлттық
валютаны жоюда. Қазақстандағы саны 1300-ден
астам біріккен кәсіпорындар жаңа, яғни
20 мың жұмыс орны бар кәсіпорындардың
құрылуына ықпал етті, осы кезде кішкентай
Сингапурде алғашқы кезеңдерде жұмысшы
орындарының саны 70 мыңға жеткен еді.
Шетел инвестицияларын тартудың тарту арналары мен нысандары бар.
Шетел капиталы 3 арна бойынша түседі:
Кредитор (несие беруші) – елден тауарларды немесе қызметтерді сатып алу шарты бар экспорттық несиелер . Инвестициялық несиелер технологияны, жабдықты және басқаны жеткізіп беру мақсатымен, ал тауарлық несие- дайын тұтыну тауарларын жеткізіп беру шартымен беріледі.
Дамытуға ресми көмек мемлекетке өкімет аралық денгейде көрсетіледі. Мұнда техникалық көмек дегенде - әр түрлі салаларда қызмет көрсету: оқыту, кенес беру, жұмысты ұйымдастыру мен оқыту барысында қолданатын жабдық кіреді.
Инвестициялар республика экономикасы шетел капиталының ағымы ретінде түсіндіріледі. Олардың 2 нысаны бар:
Олардың біріншісі, кәсіпкердің өзіне тәуекел ала отырып, республика экономикасына шетел капиталын салуы, ал екіншісі, фиктивті капиталға акциялармен басқа да құнды қағаздарға қаржы қаражат салу.
Қазіргі кезеңде тікелей инвестицияның басымдылық маңызы мойындалып келеді.
Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында шетелдерден капитал тартудың маңызына көңіл бөлді. Мысалы ол:”Біздің басты көңіл бөлуіміз шетел инвестициясын қорғау мәселесі. Сондықтан да мен өз Қаулыммен Мемлекеттік инвестициялық комитет құрдым және оған тікелей инвестицияны Қазақстанда пайдалану құқы туралы саясатты жүргізетін бірден бір мемлекеттік ұйым мәртебесін бердім”,-деді.
Тікелей инвестиция алушы елдерге қарыздық міндеттеме алғызбайды, сонымен бірге шетелден басқару және техникалық тәжірибелер алуға мүмкіндік береді. Бұндай технология беру артықшылығы капитал ағынының келуінен де басым түседі.
Тікелей инвестиция әлемдік
-өзі үшін тұрақты нарықты
-өзінің “ішкі нарығын” құру, оның кейбір секторлары басқа елдерде орналасуы мүмкін;
-өз мүддесін аймақтық және
кең ауқымды халықаралық
Қарапайым акцияның, немесе дауыстың 10 немесе одан да көп пайызына шетелдік бақылау болса, немесе кәсіпорынды басқарудың “тиімді дауысына” ие болса онда тікелей инвестиция деп түсініледі. Кейбіреулер үшін ол меншікпен, акционерлік капиталдағы үлеспен байланысты.
Инвестициялардың
негізгі бөлігі және оны іске асырушы
Трансұлттық корпорациялар “
Шетелдік саясат мемлекеттің экономикалық
стратегиясының маңызды элементі және
оның мақсаттарымен анықталады. Шетел
капиталын тарту саясаты өндірістің құрылымдық
қайтақұрылуына максималды түрде көмек
көрсету, инвесторлардың инвестициялық
белсенділігін маңызды көлемде көтеруге
қол ұшын беру қажеттілігінен туындайды.
Қазақстан тұңғыш президенті Н.Ә Назарбаев нарықтық қатынастары ерте қалыптасқан, нарықтық құрылымдары әбден дамыған Америка Құрама Штаттары, Европа, Азияжолбарыстары болып саналатын Оңтүстік Корея, Гонконг, Тайвань, Сингапур, Индонезия, Малайзия, Тайланд және Филипин елдерімен дипломатиялық достық қарым-қатынас орнатып, олардың әлемдегі ірі-ірі транс-ұлттық компанияларын Қазақстан экономикасына тартты. Соның арқасында, әсіресе, шикізат саласына миллиардтаған доллар шетелдік қаражат ұзақ мерзімге әкелініп, Қазақстан экономикасына қан жүгіре бастады
Қазақстанның тағы бір ерекшелігі – географиялық құрылымдық жағдайы мұхиттармен шектеспейді. Соның кесірінен, шикізат пен өнеркәсіп тауарларын шетке шығару немесе шетелден әкелу әжептәуір шығындар мен жоғарыкәсіби дипломатиялық келіссөздерге қажет. Мәселен, Түркістанда зират арқылы өтетін болғандықтан мұнай-газ құбырын жүргізуге жергілікті тұрғындар қарсылық білдіріп, ойланғандарын іске астыртпай тастады. Кейбір мемлекеттір өз аумағындағы құбырдан өтіп жатқан мұнайды заңсыз жолмен бұрып та алады екен.. Әдейі жарып жіберетіндері де табылады. Халықаралық келісім бойынша, Қазақстан аумағы мұхитпен шектеспейтін болғандықтан халықаралық ұйым біздің елге өтемақы төлейді. Әлемдегі кез-келген дамыған елдердің барлығы да мұхиттармен шектеседі. Ондай мемлекеттедің әртүрлі тауар таситын үлкен танкерлері балады. Халықаралық келісім бойынша, бейтарап зона белгіленіп қойылады. Ол белгілетен бейтарап зонамен кез-келген мемлекеттің кемелері ешқандай ақы төлемей өздерінің жалауларын желбіретіп жүзе беруге хақы бар. Мәселен, күншығыс елінен танкир шықсын, араб мемлекеттеріне барарда өзіне өнеркәсіп тауарларын толтырып тиеп алады да, қайтар кезінде мұнай шикізатымен елінее оралады. Кедергісіз әрі шығыны аз. Оларды шекарада құрлықтағыдай ешкім ұстап, тексеріп жатпайды. «Миттал – Стил Темиртау» трансұлттық корпарациясын бүкіл әлем біледі. (Бұрынғы аты « Испат - Кармет»). Түсінікті болу үшін бұрынғы атымен атай берейік. Оның қожайыны —Лакшами Миттал. Британия азаматы, ұлты индус. Лакшами Миттал әлемдегі ірі бай адамдардың бірімен саналады, оның жеке байлығының мөлшері 20 миллиард доллардан асып жығылады. FогВes журналы Лакшами Митталды Еуропада саясат пен экономикаға өз ықпалын жүргізетінін жазған. Лакшами Миттал Мексика, Оңтүстік Африка, Индонезия, Алжир, Польша, Чехия, Франция және Германиядағы болат қарытатын ірі-ірі зауыттардың қожайыны. Еуропа құрылығындағы ең ірілердің қатарына жататын Румыниядағы болат қорытатын зауытқа да оның ықпалы бар көрінеді. Мемлекеттік мудде жағынан қарағанда, Лакшами Миттал секілді инвесторлар мемлекетке қаржы-экономика жағынан өте тиімді. Қазақстанда тұратын және шетелде тұратьш қалталы қазақтардың қайсысы отанымыздың экономикасына инвестиция кұйыпты? Жеңіл жолмен тапқан ақшаларын супер-маркет пен козинолар, базарлар, сауна салудан әрі бармайды. Біздің қалталыларымыз бір күндік қарын тоқтығын ойлайды. Дана бабаларымыз айтпақшы «Үш күндігін ойламаған әйелден без, үш жылдығын ойламаған еркектен без».
Информация о работе ҚР-ң инвестициялық қызметін жүзеге асыруы мен оның маңызды мәселелер