ҚР-ң инвестициялық қызметін жүзеге асыруы мен оның маңызды мәселелер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Декабря 2011 в 09:00, курсовая работа

Описание

Инвестициялар деп - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруышылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай, сондай-ақ ақша қаражаты түрінде, яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады.
Мұның бәрі де экономикалық өрлеудің жоғары қарқынын қамтамасыз етеді және демеп отырады.

Содержание

Кіріспе...................................................................................................................3-4
Негізгі бөлім
Инвестицияның әлеуметтік – экономикалық мәні........................5-10
Инвестицияның мәні, қызметі, түрлері, есептеу әдістері.........5-10
Инвестицияның қызметі мен операциялары................................11-14
Кәсіпорындағы инвестициялық қор............................................15
ҚР-ң инвестициялық қызметін жүзеге асыруы мен оның маңызды мәселелері.........................................................................................16-18
2.1 Қазақстанда инвестициялық саясаттың қалыптасуы..................16-18
2.2 Еліміздегі шетел инвесторларының рөлі және оның қызметтері.......................................................................................19-20
2.3 ҚР-ның инвестициялық қызметті қаржыландыру.....................21-22
Инвестицияның экономиканы дамытудағы рөлі.......................23-28
ҚР-на тартылатын инвестиция көлемін ұлғайту.....................23-28

Қорытынды.....................................................................................................29-30
Пайдаланған әдебиеттер тізімі...................................

Работа состоит из  1 файл

Курсовая готовая 2 (1).doc

— 248.50 Кб (Скачать документ)

   Инвестициялар – кәсіпкерлік қызметтің және нәтижесінде пайда (табыс) құралатын немесе әлеуметтік тиімділікке қол жеткізілетін қызметтің басқа да түрлерінің объектілеріне жұмсалған мүліктік және интеллектуалдық құндылықтардың барлық түрлері, ел ішіндегі және шетелдегі капиталдың экономикаға ұзақ мерзімді жұмсалымы.

   Инвестициялар нақты инвестициялар және қаржы  инвестициялары болып бөлінеді. Нақты инвестициялар – капиталдың өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығына, құрылысқа және т.б. жұмсалымы. Қаржы инвестициялары – мемлекеттен, басқа да кәсіпорындардан, инвестициялық қорлардан бағалы қағаздар мен акцияларды сатып алуға бағытталған.

   Бірінші жағдайда инвестор, өзінің өндірістік капиталының көлемін - өндірістік негізгі  қорлар мен айналым қорларына  ұлғайтады. Екінші жағдайда инвестор бағалы қағаздардан дивиденд алу арқылы өзінің қаржы капиталын ұлғайтады.

   Капиталдың  кейбір салымдары шығысты құраушыларға әсер етеді. Мәселен, шығынды азайтуға апаратын шығыстарға, ал басқалары  – табысқа да, шығысқа да. Табыс пен шығыс статьяларына инвестицияның әсерін болжау – салыстырмалы еңбекті қажет ететін тапсырма, олардың өсім немесе, керісінше төмендеу көлемін бағалау өте қиын. Жаңа өнім шығару үшін өндірістік қуаттарға инвестиция салу айналым капиталын ұлғайтуды қажет етуі мүмкін (шикізат көлемі, аяқталмаған өндіріс, қоймадағы дайын тауар). Өнімді несиеге сату кезінде дебиторлық қарыз көбейеді және т.с.с.

   Барлық  инвестициялар екі негізгі топқа  бөлінеді: нақты (капитал құрушы) және портфельді. Нақты инвестициялар  – бұл негізінен құралдардың (капиталдың) тікелей өндіріс құралдары мен тұтыну затына ұзақ мерзімді салымдар. Олар нақты әдетте, ұзақ мерзімді жобаға салынатын қаржы салымдарын білдіреді және нақты актив иеленумен байланысты. Сонымен бірге заемды капитал, оның ішінде банктік несие қолданылуы мүмкін. Бұл жағдайда банк те нақты инвестициялауды жүзеге асырушы инвестор болып табылады.

   Портфельді  инвестициялар – құнды қағаздар сатып алумен және олардан тиімді портфель алумен байланысты жобаларға  капитал салымы. Берілген жағдайда инвестордың негізгі міндеті – қор нарығында құнды қағаздарды сату мен сатып алу операциялары арқылы жүзеге асатын оптимальды инвестициялық портфельді құру мен басқару. Портфель – бір тұтасқа жинақталған инвестициялық құндылықтардың шоғырлануы .

   Нақты инвестицияларды кейде тікелей  деп атайды, өйткені олар өндірістік процеске тікелей қатысады, мәселен, ғимаратқа, жабдыққа, тауарлық-материалдық  қорларға және т.б. құралдар салымы.

   Қаржылық  мүлікке салым бас кәсіпорындардағы үлестік қатысуларға құқық алу, олардың акцияларын, басқа да құнды қағаздарын, қарыз беру құқығын сатып алу – қаржы инвестициялары деп аталады. Интеллектуалды материалды емес инвестицияларды да бөліп қарастырады – патенттер, лицензиялар, ноу-хау сатып алуға, персонал дайындау мен қайта дайындауға, ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстар мен жарнамаларға және т.б. салымдарға шығындар.

   Одан  басқа, бастапқы инвестиция немесе нетто-инвестицияларды  айырады, олар кәсіпорын сатып аларда немесе жоба негізінде жүзеге асырылады.

   Реинвестициялар – бұл қайтадан босаған инвестициялық  ресурстар, өндірістің жаңа құралдарын дайындау мен сатып алуға және басқа мақсатқа қолданылады. Бұндай инвестициялар бар объектіні  жаңаға аустыруға, технологиялық жабдық немесе үрдіс рационализациясы мен модернизациясына, шығару көлемін өзгертуге, номенклатура өзгерісімен, өнімнің жаңа түрін жасаумен, өткізудің жаңа нарығын ұйымдастырумен байланысты диверсификацияға, кәсіпорынның перспективада өмір сүруін қамтамасыз етуге (мәселен, жарнамаға, қоршаған ортаны қорғауға және т.б.) бағытталуы мүмкін.

   Негізгі капитал мөлшерін ұлғайтатын және оның модернизациясына бағытталған жаңа инвестициялар сомасы жинақ инвестицияларды  құрайды.

   Тұтынылған  құралдар орнын толтыруға, қызмет етуші  кәсіпорындар қуаттарын техникалық қаруландыру мен кеңейтуге, сонымен қатар өндірістік және өндірістік емес негізге қорлар алуға бағытталған, қаржыландыру көздеріне тәуелсіз шығындарды ұзақ мерзімді инвестицияларды жатқызады. Олар әрқашан нақты және келесі формада жүзеге асырыла алады: жаңа кәсіпорын құрылысы, қызмет етуші кәсіпорындардың және өндірістік сфера объектілерінің реконструкциясы, кеңейтілуі мен техникалық қайта қарулануы; жер учаскелері мен табиғатты қолдану объектілерін сатып алу; материалды емес активтер сатып алу мен құру.

             Инвестициялар бірнеше  түрге бөлінеді: венчурлық, тікелей, портфельдік, аннуитеттік түрде  болады.

       Венчурлық капитал - бұл тәуекелділік күрделі  қаржыны салуды білдіруде қолданылатын термин. Венчурлық капитал үлкен  тәуекелділікпен жаңа іс-әрекет саласына салынатын инвестиция. Мысалы, жаңа акцияларды шығару түрінде. Венчурлық капитал өзара байланыстары жоқ жобаларға салынады да, салынатын қаржының тез арада орнына келуіне есептеледі.

       Күрделі қаржының жүзеге асуы, кәсіпорның клиенттердің акцияларының бір бөлігін сатып алу арқылы немесе оған қарыз беріп, оның ішінде ол қарыздарын акцияға айналдыруымен жүргізіледі. Капиталды тәуекелділікпен салу жаңа технологияны енгізген ұсақ инновациялық фирмаларды қаржыландыру қажеттілігінен туады. Тәуекелділік капиталға әртүрлі капитал түрлерін үйлестіре береді: қарыздық, акционерлік, кәсіпкерлік. Ол сондай-ақ ғылыми-өнертапқыштық фирмалардың-венчурлық деп аталатын құрылуына деддалдық жасайды.

       Тікелей инвестициялар - бұл шаруашылық субъектісіне табыс алу үшін және осы шаруашылық субъектісінің басқару органдарына қатынасуға құқыққа ие болу үшін, жарғылық капиталға өзінің салымын салу.

       Портфельдік инвестиция - бұл өзінің портфелін  құрап алумен байланысты және бағалы қағаздар мен басқадай активтерді сатып  алу болады. Портфель - бұл әртүрлі инвестициялық құндылықтардың бірігіп жыйнақталғаны болады да, салым иесінің нақтылы инвестициялық мақсатқа жетуіне қызмет көрсететін құралы. Портфельге бағалы қағаздардың бір түрі   немесе әртүрлі инвестициялық бағалылықтар: акциялар, облигациялар, жыйнақ және депозиттік сертификаттар, аманаттық куәліктер, сақтандыру полистер және басқалары кіреді.

       Аннуитет - жеке адамның салған инвестициясы. Бұл зейнеткер болып кеткеннен кейін, кейбір аралықтарда оған үнемі белгілі кіріс әкеліп тұратын салымы. Бұл - негізінен сақтандыру және зейнетақы қорына салынатын қаржы.

Сақтандыру  компаииялары және зейнетақы қоры қарыздық міндеттемелер шығарады да, оның иелері келешекте оны аяқ астынан болып қалған шығындарын жабуға пайдалана алады. Өзін-өзі сақтандыру арқылы, мезгілсіз қайтыс болған жағдайда, қаржылық қыйыншылыққа ұрынбайды. Зейнетақылық қор өз клиенттерін  зейнеткерлікке шыққаннан  кейін    ақшалай қормен қамтамасыз  етеді. Сақтандыру компаниялары өмірін қамсыздандырғандарға сақтандыру полисі бойынша бір уақытта алғысы келгендерге ақша немесе ануитетті беруі мүмкін.

       Инвестицияның орны толу мерзімі, тәуекелділік жағдайы, алдағы инфляция қарқыны, салық төлемдерінің жағдайына қарай келіп, оның тиімділігін  қалай анықтауға болады? Сұрақтан сұрақ туып, басқадай тиімді тәсілдің болмағаны ма?

       Ең  тиімді, оңай тәсіл болып, ақшаны дұрыс  пайдалану тек оны банкке салып, процент алу ғана. Осыдан келіп, ең бірінші ережеге айналғаны: ақшаны банкте сақтаудан гөрі қаржыны өндіріске жұмсап, бағалы қағаздарға және тағы басқаға беру арқылы, егер бұлардан таза пайданы (салықты шығарып тастағанда) көбірек алғанда.

       Инвестициялық шешімге барғанда, онымен бірге инфляцияны да есепке алу қажет. Егер, біз жыл аяғында пайданы 100.000 теңге көлемінде аламыз деп есептесек, алдағы болатын инфляция қарқынын 10% деп есептесек, онда нағыз пайда 90 мың теңге ғана болады.

       Егер  инвестор 100 мың теңгені 15% жылдық өсіммен  салғанда, инфляция болмаса, жыл аяғында 15000 кіріс алады. Сондықтан, 10% инфляция болғанда, инвестор жылдық процентті (15% + 10% = 25%) 15% кем салуына болмайды..

       Пайданың  жай нормасына негіз болатыны пайдалану жөніндегі есептесулер. Бұл бойынша бір жыл бойына пайдаланылған пайданың ең соңғы  инвестициялық шығынға қатынасын  есептеп шығаруға мүмкіндік туады. Сөйтіп, пайданың жай нормасының көлемі, пайда мен капиталдың қалай анықталғанына байланысты болады. Есептеп шығару варианттары:

       1) Жалпы пайда немесе салық алынатын, жалпы инвестициялық шығынға  жатқызылған пайда;

       2)  Таза пайда   +   жалпы   инвестициялық шығынға жатқызылған  амортизация.

       Пайданың  жай нормасының кемшіліктері болады:

       а) негізге алатын белгілі бір жылды  табу қыйын болады;

       б) пайданың жай нормасы салықтық жеңілдік болған жылдарды есепке алмайды.

       Компаундинг: бұл әдістің мәні мынада - жыл  сайынғы кірістің өсуіне қарай, капиталдың базалық сомасының қалай өсетінін есептеп шығамыз.

       Мұндай  есептің тәжірибелік мәні: егер өсу  процентін өзгерте алмасаңыз, онда келешек кірістің көлеміне қажетті  болатын базалық соманы өзгерте  аласыз. Егер алғашқы салынған салым  сомасы сізге оңай болмаса, онда сіз жылма-жылға кірістің процентін көбейтуге тырысыңыз, сонан кейін бірнеше нақтылы жылдардан соң өзіңіз тілеген, өскен мөлшердегі сомаға жетесіз.

       Үшінші  варианттың мүмкіндігі бар: базалық  сома да, процент те сізге байланысты емес. Онда сіз бәрібір, бірнеше жылдардан кейін барып, өзіңізге қажетті сомаға қолыңыз жетеді. Егер де, қандай да болмасын вариант бойынша, өзіңізге қажетті сомаға өзіңізге керекті уақытта жете алмасаңыз, онда бұл варианттан алдын-ала бас тарту керек те, инвестицияны басқа біреуіне салу керек болады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

1.2  Инвестицияның қызметі  мен операциялары. 

       Инвестициялық қызмет бұл – инвестицияларды салып және инвестицияларды жүзеге асыру бойынша тәжірибелік әрекеттер жиынтығы.

       Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік – экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр. Инвестициялар кез – келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып саналады. Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп, сатылатын тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса жұмыс орындарының көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді. Сонымен, елімізде жүргізіліп жатқан инвестициялық процесті экономикалық пайда кіргізіп, әлеуметтік саланың өркендеуіне жағдай жасайтын қызмет деп қарастыруымыз керек. Осыған орай, инвестициялық іс - әрекетті талдауда оның тиімділігіне экономикалық шаралармен бірдей әсер ететін әлеуметтік шараларды ерекшелеудің маңызы зор. Бұл тұрғыдан инвестициялық іс - әрекетті екі құрамдас бөлікке жіктеуге болады. Экономикалық құрылым мынадай элементтерден және инвестициялық іс-әрекеттің нәтижесінен тұрады:

  1. Пайда табу. Түскен пайданың өзі екі аспектіні қамтиды: экономикалық, яғни инвесторлар пайда тауып оны қайта өндіріске жұмсайды – реинвестирование және әлеуметтік, тапқан пайданының белгілі бір бөлігі инвестордың әлеуметтік қажеттілігіне жұмсалады.
  2. Жоғарыда көрсетілген пайданың негізінде жұмыскерлер де табыс тауып, соның негізінде өздерінің, жанұяларының әлеуметтік қажеттілігін өтейді.
  3. Пайдадан түскен салық пен өтелімдер мынадай мақсаттарға жұмсалады:
    • Міндетті медициналық қамсыздандыру қорына;
    • Мемлекеттік зейнетақы қорына;
    • Аймақтық бюджетке;
    • Республикалық бюджетке;

    4. Өнеркәсіптік әлеуметтік даму қорын құру.

       Егер  фирма салымдары бойынша ең жоғары тиімділікке жетуге тырысса, онда олардың  басшылары инвестициялаудың базалық  принциптерін есептеуі керек.

       1. Инвестициялаудың шектеулі тиімділігі

       2. "Замазкалау" принципі.

Информация о работе ҚР-ң инвестициялық қызметін жүзеге асыруы мен оның маңызды мәселелер