ҚР-ң инвестициялық қызметін жүзеге асыруы мен оның маңызды мәселелер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Декабря 2011 в 09:00, курсовая работа

Описание

Инвестициялар деп - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруышылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай, сондай-ақ ақша қаражаты түрінде, яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады.
Мұның бәрі де экономикалық өрлеудің жоғары қарқынын қамтамасыз етеді және демеп отырады.

Содержание

Кіріспе...................................................................................................................3-4
Негізгі бөлім
Инвестицияның әлеуметтік – экономикалық мәні........................5-10
Инвестицияның мәні, қызметі, түрлері, есептеу әдістері.........5-10
Инвестицияның қызметі мен операциялары................................11-14
Кәсіпорындағы инвестициялық қор............................................15
ҚР-ң инвестициялық қызметін жүзеге асыруы мен оның маңызды мәселелері.........................................................................................16-18
2.1 Қазақстанда инвестициялық саясаттың қалыптасуы..................16-18
2.2 Еліміздегі шетел инвесторларының рөлі және оның қызметтері.......................................................................................19-20
2.3 ҚР-ның инвестициялық қызметті қаржыландыру.....................21-22
Инвестицияның экономиканы дамытудағы рөлі.......................23-28
ҚР-на тартылатын инвестиция көлемін ұлғайту.....................23-28

Қорытынды.....................................................................................................29-30
Пайдаланған әдебиеттер тізімі...................................

Работа состоит из  1 файл

Курсовая готовая 2 (1).doc

— 248.50 Кб (Скачать документ)

    Бағдарламалау кезеңіндегі басты мақсат- жоспарда бекітілген мақсаттарды қызметтің  мемлекеттік бағдарламаларына өзгерту. Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасына (МИБ) инвестициялар бойынша ұсыныстарды  ұзарту бюджеттік процеске арналатын таңданудың сол бәсекелестік қағидаларына негізделуі қажет.

    Қаражат бөлу жөніндегі шешімдер мынандай факторларды  ескеруі қажет: 

    - бюджет орындалатын , макроэкономикалық  жағдай;

    - инвестициялар бойынша ұсыныстардың нақты аспектілері, соның ішінде экономикалық аспектілер.

    Егер  инвестициялық жобаларды (кеңес  беру мен сатып алуда талдау) жүзеге асыру бюджеттік мекемелерінің  міндеті болып табылса, инвестициялық  жобаларды қауіпке жиі қойса, әсіресе қаражатты артық жұмсауда, мәселелерден аулақ болу үшін сақтықтың қосымша шараларын қабылдау қажет.

    Қазақстанға ең алдымен, мемлекеттік инвестицияларды  тиісті инстиутуционалдық жүйесін  құру мен жоғарыда аталған функциялардың (жоспарлау, бағдарламалау, бюджетті дайындау және оны орындау) ұйымдық пен  тиімді орындалуын қамтамасыз ету қажет. 

    Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау. Қазақстанда “Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы” Заң (28 ақпан 1997 ж.)қабылданған. Онда инвестицияның қызметі- инвестицияларды жүзеге асыру процесімен байланысты кәсіпкерлік қызмет деп көрсетілген.

    Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау ең алдымен келесілерден тұрады:

    - инвестициялық қызметті қамтамасыз  етудің заң шығарушы кепілдері;

    - жеңілдіктер мен артықшылықтар  жүйесін белгілеу (мемлекетті сол  немесе басқа кәсіпорындар мен ұйымдарға олардың қызметіне қолайлы жағдайлар жасау мақсатымен жеңілдіктер мен артықшылықтар беруі).

    - Қазақстан Республикасының мүддесін  инвесторлар алдында көрсетуге  өкілетті,  бірыңғай мемлекеттік  органның болуы. 

    Заңда тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың мақсаттары мен міндеттері белгіленген.

    Бұл қолдаудың мақсаты- экономиканың басым  секторларында тауар өндірісін, жұмыс пен қызмет көрсетудің жедел  дамуын қамтамасыз ету үшін қолайлы  инвестициялық климат жасау болып  табылады.

    Мемлекеттік тікелей қолдаудың ортақ мақсатына  жету үшін міндеттердің бірқатарын шешу қажет:

    - жаңа технологияларды , алдыңғы  қатарлы техника мен ноу- хау  енгізу;

    - жоғары сапалы тауарлар мен  қызмет көрсетуге ішкі нарықтың  қанығуы;

    - отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау мен ынталандыру ;

    - экспортқа бейімделген және импортты  алмастырушы өндірістерді жетілдіру;

    - ҚР- ның шикізат базасын ұтымды  және кешенді пайдалану;

    - менеджмент пен маркетигтің қазіргі  әдістерін енгізу;

    - жаңа жұмыс орындарын құру;

    - жергілікті кадрларды үздіксіз  оқытудың, олардың мамандық деңгейін  жоғарлатудың жүйесін енгізу;

    - өндірісті күшейтуді қамтамасыз  ету;

    - қоршаған табиғи ортаны жақсарту;

    Басқару процесі үшін инвестициялық жобаларды  жүзеге асыруды ынталандырудың шаралар жүйесі басты мәнге ие. Соның ішінде, жеңілдіктер жүйесі : бекітілген инвесторлардың мүддесін қорғау бойынша ҚР- ның берген кепілдері, сондай-ақ , келісім шартқа отыру мен оны бұзудың шарттары мен тәртібі қарастырылған.

    Тікелей инвестицияларды қолдауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган, инвестициялар бойынша Мемлекеттік Комитет болып табылады. Ол  ҚР- на тікелей инвестицияларды тарту жұмыстарын ұйымдастыру ; инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру; барлық келістіруші және рұқсат құжаттарын алуды қамтамасыз ету; инвестициялық жобалардың іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру сияқты функцияларды атқарады.

    Мемлекет қазіргі таңда шетелдік капиталды кең көлемде тарта түсуге, осы үшін кешенді қолайлы факторларды орнатуға бағыт ұстап отыр. Қазақстандағы салымның іс-әрекет қаржыландырудың ішкі және сыртқы көздерінің арқасында өндіру процесін жандандыруға бағытталған. 
 
 
 
 

       ҚОРЫТЫНДЫ 

     Инвестициялық қызметті жүзеге асыру арқылы мемлекет иновациялық жетістіктерге жете алады. Ескере кететін болсақ ұзақ мерзімді қаржыландырудың бірден бір қайнар көзі болып табылатын инвестициялар, лизингтер, бағалы қағаздар болып табылады. Бүгінгі күні біздің елімізде осы инвестициялық саясат, лизингтік келісім және қор биржасындағы бағалы қағаздардың қарқынды дамуы күннен күнге өз мәресіне жетуде.

     Менің бұл курстық жұмысты таңдаған себебім: Кез-келген істі бастау үшін міндетті түрде қаражат керек. Сондықтан  қаржыландырудың көздерін анықтап  және оларды қалай басқарудың амалдарын  саралап және де Қазақстан Республикасындағы банктердің, қаржылық институттардың, кәсіпкерліктердің, ұйымдардың ұзақ мерзімді қаржыландыру көздерінің басқарылуын жан-жақты талдап, зерттеп білу. Онда кездесетін кемшіліктерді ескеріп, оңтайландыру шаралары мен бағыттарын ұсыну.

     Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік – экономикалық дамуымыздың негізгі  алғы шартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр. Инвестициялар кез  – келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып саналады.

     Инвестиция – экономикалық дамудың жоғары және тұрақты қарқынын қалыптастыруды, ғылыми – техникалық прогресс жетістіктерін еңгізуді, инфра – құрылымды дамытуды көздейді.    

  Инвестицияны дамытуда ерекше рөлді кәсіпорындарды қаржыландыруға және ұзақ мерзімге несие беруге мамандырылған инвестициялық банктер мен акционерлік қоғамдарды құру барысында шығарылған акциялардың мемлекеттік пакеттерімен айналысатын, кәсіпорындар акцияларын ауыстыру және оны сатумен айналысатын инвестициялық қорлар атқарады. Сөйтіп, қорлар капиталдың экономикасында неғұрлым пайдалы салалары мен кәсіпорынға капиталдың құйылуына жағдай жасайды.     

      Сонымен, курстық жұмысты аяқтай келе, ұсынысым:  экономиканы  инвестициялауда банктердің инвестициялық қызметі өте маңызды. Қазақстанда банктер тарапынан экономикаға  қаражаттарды бөлу көбінесе несиелер түрінде болып отыр. Банктердің  қаржылық  инвестицияларға  қызығушылығын арттыру жолдарын қарастыру керек. Сондай – ақ, шағын және орта бизнеске инвестицияларды бөлу шарттарын жеңілдету  жолдарын іздестіру  қажет. Жинақтаушы зейнетақы  қорларының активтерін нақты экономиканы  қаржыландыруға жұмсалу жағдайларын қарастырған жөн.

       2000-2004 жылдары елімізге тікелей  инвестиция тарту бағдарламасына  сәйкес , «1999-2000» жылдардағы Қазақстанға шетелдік инвестицияны тарту бағдарламасының « орындалу нәтижелерін сараптай келе, еліміз экономикалық секторға шетелдік инвестицияны тартудың тиімді аймағы атанды деуге негіз бар. Бұл пікірді шетелдік экономика сарапшылары да қуаттайды. Қазақстанда инвестициялық ағымның жылдан- жылға көбеюінің басты себебін жаңа мұнай- газ кеніштерінің ашылуымен түсіндіруге болады Жыл сайын елімізге келетін шетел инвестициясының 70 пайызы тау-кен өндірісіне,оның ішінде мұнай – газ секторына жұмсалса, 10 пайызға жуығы ауыл шаруашылығы мен қайта өңдеу өнеркәсібінде игеріледі екен.

    Үкіметіміз  шетелдік инвесторлармен ауылшаруашылығы  саласына қатысты жалпы саны 14 келісім  – шартқа отырып, 27 млн . АҚШ долларын  қолма – қол иемденіп, 1.6 мың жұмыс орнының ашылуына мүмкіндік жасады. Президент соңғы жылдары Астананың әлеуметтік – экономикалық жағынан гүлденуіне баса назар аударып жүр. Сондықтан болар, Астанаың құрылыс – сәулет және өзге де экономикалық салаларында 20млн. АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылып, 2001 жылдың өзінде – ақ 291 жұмыс орнын ашты. Әлемдік экономикадағы Қазақстанның интеграциялық қозғалысы жыл өткен сайын артып келеді . Мәселен, 2001 жылы шетелдік инвесторлармен 16 келісім – ьшарт жасалып, 817 млн . Ақш доллары көлеміндегі капитал ел экономикасына араласты. 

    Еліміздегі  негізгі капитал көздерінің ең қомақты  инвестициялық жобалары деп мыналарды  айтуға болады :

    Нидерланды  – 580 млн. АҚШ доллары  («Испат Кармет»  ААҚ);

    Корея – 25.1 млн. АҚШ доллары («LG ELECTRONICS»компаниясының       ірі жобасы);

    Түркия  – 39 млн. АҚШ доллары («Эфес –  Қарағанды сыра жасау зауытының» ірі жобасы);

    Лихтенштейн – 17 млн . АҚШ доллары («АБС орталығы»  ААҚ);

    Ұлыбритания – 11.7 млн . АҚШ доллары («Лосан –  Мардон» ЖШС-нің ірі жобасы).

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

      
  1. Қазақстан Республикасының “Инвестиция туралы”  заңы. 2003 жыл және 2005, 2006 жылдардағы енгізілген өзгертулермен
  2. М.В Ивошин «Инвестиция. Организация управления и финонсирования.»//Москва 1999 год//
  3. Аналитическая  информация  о   состоянии рынка ценных бумаг Республмкиа Казахстан. // Рынок ценных бумаг Казахстана. N° 1. 2006 г,
  4. Бочаров В.В. “Современный финансовый менеджмент”  Москва Санкт-Петербург, Нижний Новгород Воронеж Ростов-на-Дону Екатеринбург, Самара Новосибирск Киев-Харьков. Минск. 2006 год. 
  5. Бочаров В.В. “Управление денежным оборотом предприятий и корпораций. Москва Финансы и статистика 2001.г.
  6. Васина А.А. “Финансовая диагностика и оценка проектов” – СПб: Питер 2004. г.
  7. Журнал “Хабаршы” 2004-2006 жылдар
  8. Инвестициоиный рейтинг Казахстана // Офиальный сайт ЗАО «Казинвест », 2006 г.
  9. Интернет сайт WWW.WFIN.KZ
  10. Косжанов.Т.Н. “Промышленная  и  инвестиционная политика в долгосрочной стратегии экономики страны, //Транзитная экономика,№ 7.2005 г,
  11. Казахстанская правда. // С.Тай «Влияние прямых иностранных инвестиций// 07.03.2006 г.
  12. Крушевиц Л. “Инвестиционные расчеты” Питер 2004г
  13. Ковалев В.В. Финансовый анализ  Алматы Финансы и статистика. 2004 год.
  14. Қаржы-қаражат А. Қантарбаев //Инвестицияларды талдау// 2004-2006 жылдар
  15. Маулимбердина С.Т.  “Рынок    ценных    бумаг” вводенме в проблему. //Саясат, 10-11,2006 г.
  16. Методические рекомендации по оценке эффективности иевестиционных проектов: Официальное издание. – Москва Экономика 2000г
  17. Нәдірбек Әпсәләмов, Қазиқан Исабеков, Өмірзақ Сұлтанов “Экономикалық теория негіздері” Алматы ғылым 1999 жыл. 479-492б
  18. Нурланова. Н.К. “Инвестиционная     ситуация    в Казахстане    и   перспективы    ех   позитивных    сдвигов” //Европейское сообщество.    М 3. 2004 г,
  19. Реформировамие экономики Казахстана: Про их решения. Алматы, 2004, С. 343.
 
 
 

ҚОСЫМША А

Сурет 1 Инвестициялардың түрлері

Информация о работе ҚР-ң инвестициялық қызметін жүзеге асыруы мен оның маңызды мәселелер