Ақша нарығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2011 в 18:53, реферат

Описание

ақша нарығы

Работа состоит из  1 файл

Қ. және ақша нарығы.doc

— 161.00 Кб (Скачать документ)

                                         Мазмұны.

  Кіріспе.......................................................................................................3 

  І Бөлім Қаржы және ақша нарығы.

І.І  Қаржы және ақша нарығының мәні мен  мазмұны.............................................5

І.ІІ Қаржы  нарығының негізгі мәліметтері..............................................................7 

  ІІ Бөлім  Қаржы және ақша нарығы оның құрылымы.

ІІ.І  Ақша айналымы және ақша жиыны...................................................................10

ІІ.ІІ Қаржы  нарығының құрлымы.............................................................................14

ІІ.ІІІ  Қаржы нарығында қолданатын ақша агрегаттары.........................................19 

  ІІІ Бөлім Қазақстан Республикасындағы қаржы және ақша қатынастары.

ІІІ.І  Ақша нарығының қалыптасу мәселелері.........................................................22

ІІІ.ІІ Қазақстан Республикасындағы ақша эмиссиясы және ақшаны қамтамасыз ету ерекшеліктері.......................................................................................................24 

Қорытынды...............................................................................................26

Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................28 
 
 
 
 
 

                                

                                                Кіріспе.

    Курстық жұмыстың тақырыбы «Қаржы және ақша нарығы». Бұл жұмысты үш бөлім бойынша қарастырдым. Бірінші бөлімнің тақырыбы «Қаржы және ақша нарығы», мұнда қаржы және ақша нарығының мәні мен мазмұны, қаржы нарығындағы негізгі мәліметтерге тоқталдым..

    Бірінші қаржы және ақшаның мәнін түсініп алайық. Қаржы дегеніміз - қоғамда нақты өмір сүретін, обьективті сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіретін  ақшалай қаржы ресурстары мен қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды қамтып көрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі болып табылады.

    Ақша дегеніміз – тауардың жалпы эквивалентінің тиянақталған түрі, құнның эквиваленттік формасы мен тұтыну құны біте қайнасқан ерекше тауар. Яғни ақша-тауар өндіру мен оны айырбастау үрдісінде басқа тауарлардан бөлініп шыққан ерекше тауар, оның айрықша қызметі – барлық тауарларға ортақ эквивалент рөлін атқару.

    Ал енді қаржы мен ақша нарығын  қарастырайық. Қаржы нарығы - бұл,  ең алдымен дербес экономикалық  категория ретінде бағалы қағаздарды  сату мен қайта сату жөніндегі  операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтық институттарының, мемлекеттің және халықтың уақытша бос ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жиынтығы.

    Ақша нарығы дегеніміз – бұл қысқа мерзімдік несиелік құралдарды, қазыналық вексельдер мен коммерциялық қағаздарды алып – сату тетігі.

    Екінші бөлімнің тақырыбы «Қаржы  және ақша нарығының құрылымы».Тақырыпта ақша айналымы және ақша жиыны, қаржы нарығының құрылымы, қаржы нарығында қолданатын ақша агрегаттары туралы болмақ. Қысқаша түрде сипаттама беріп кетейік, ақша айналысы – бұл құн заңының айналыс аясындағы көрінісі.Ақша айналысының мәні – ақшаның айналыс құралы қызметін орындауы үшін қажетті ақша мөлшері сатылуға тиіс тауарлар бағасының  көбейтіндісін ақша өлшемінің айналым санына бөлгенге теңесуі болып табылады. 

    Ақша жиыны айналыстағы ақша  жиынның өзгермелігімен қатар,  оның айналым жылдамдығына әсер  етеді.Ақша жиыны бірнеше жолдармен өсіп отыруы мүмкін.

Үшінші  бөлімнің тақырыбы «Қазақстан Республикасындағы  қаржы және ақша қатынастары». Бұл  бөлімде ақша нарығының қалыптасу  мәселелері және Қазақстан Республикасындағы  ақшаны қамтамасыз ету ерекшеліктері  мен ақша эмиссиясы туралы талқылаймын.

    Қаржы ғылыми ұғым ретінде қоғамдық өмірде сан алуан нысандарда пайда болатын қызметтермен ассоциацияланады және міндетті түрде ақша қатынастарының қозғалысымен қосарлана жүреді.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      І Бөлім Қаржы және ақша нарығы туралы түсінік.

        І.І. Қаржы және ақша нарығының мәні мен мазмұны.

    Қаржы нарығы – құнды қағаздар айналысына байланысты экономикалық қатынастар және мемлекеттің бүкіл ақша қорының жиынтығы. Ол нарықтық қатынастарының құрамдас бөлігі болып табылады және тауар, ақша, несие, валюта, сақтық және тағы басқа капитал, жұмыс күші, тұрғын үй, алтын нарықтарымен байланысты болады.

    Қаржы нарығы біріне-бірі байланысты  және бірін-бірі толықтырып тұратын, бірақ әрқайсысы өз алдына қызмет жасайтын үш нарықтан тұрады: қолма-қол ақша нарығы, несие капиталының нарығы және бағалы қағаздар нарығы.

    Қаржы нарығының ұғымы көбінесе  кең түрде, оған ақша, несие,  валюта нарықтары қоса түсіндіріледі.  Мұның өзі қаржыны ақшаға тең  санатретінде қарастыратын дүниежүзілік  практикаға байланысты.

    Қаржы нарығынан айырмашылығы ақша нарығы төлем қаражаттарының нарығы болып табылады, ол қолма-қол ақшаны ғана емес, сондай-ақ қолма-қол емес төлем қаражаттарының, оның ішінде қысқа мерзімді банк несиесін қамтиды.

    Қаржы нарығы негізінен ұзақ  мерзімді сипаттағы міндеттемелер немесе куәліктер нарығы болып табылады. Қаржы нарығын кейде қор нарығы деп те атайды. Ақша мен несие нарықтары әдеттегідей айналым активтерінің қозғаласана қызмет етеді.

    Қызмет жағынан алғанда қаржы  нарығы – кәсіпорындардың, банктердің, мемлекеттердің құнды қағаздар сату арқылы халықтың уақытша бос қаржысын жинап, қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастар жүйесі.

    Қаржы нарығы – бұл, ең алдымен  дербес экономикалық категория  ретінде бағалы қағаздарды сату  мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтық институттарының, мемлекеттің және халықтың уақытша бос ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жиынтығы

    Нарықтардың барлық түрлерінің  өзара байланысы қаржа нарығының  болуының шарттарын айқындайды. Оларға мыналар жатады:

  1. Реттелген тауар нарығының болуы, яғни тауарлар мен қызметтің кез келген түрлері мен арналуы бойнша сұраныс пен ұсыныстың тепе – теңдігі.
  2. Ұлттық банк тарапынан ақша айналысын дұрыс реттеу, бұған қолма-қол және қолма-қол емес айналым эмиссиясына бақылау жатады.
  3. Несие нарығын жандандыру, оны толық коммерцияландыру, яғни несие ресурстарын еркін нарыққа орналастыру: несие ресурстарының қозғалысын Ұлтық банк тағайындайтын пайздық есептік мөлшелермесін, коммерциялық банктердің міндетті резерв нормасын белгілеу ақша нарығында операциялар жүргізуі арқылы реттеледі.

    Қаржы нарығы қызметінің алғышарттары  мыналар болып табылады:

    1) Бәсекені дамытып, монополиялық  үстемдікті шектеу мақсатымен  меншіктің барлық формасындағы, соның ішінде мемлекеттік сектордың,  материалдық өндіріс саласындағы  кәсіполрындардың бастапқы шаруашылық  буындарына неғұрлым кең дербестік  беру;

    2) Қаржы ресурсын қайта бөлуде мемлекеттің рөлін қысқарту; өндірістік күрделі жұмсалымды орталықтан қаржыландыру азайту, кәсіпорындар арасында қаражаттарды ведомстволық қайта бөлуді жою;

    3) Шаруашылық субьектілері мен  халықтың құнды қағаздарға салынатын  ақшалай табыстарының өсуі;

    4) Бюджет тапшылығын қаржландыру  үшін несие қорын пайдалануды  доғару; республикалық және жергілікті  бюджеттердің тапшылығы мемлекеттік  займдар шығару арқылы жабылады.

Қаржы нарғына тартылған үлкен көлемдегі  қолма-қол қаражат пен техникалық құрылымдары осы нарықтан белгілі-бір «тиімділікті» талап етеді. Нарық тиімділігін жүзеге асыру үшін екі шарт орындалуы керек: біріншіден, нарық болашағы туралы ақылы және ақысыз ақпараттарды дұрыс таңдап, талдау өткізіп отыру керек.

    Егер нарық тиімді болса, онда нарықтан тыс ақпараттарды жинау өз мағынасын жоғалтады. Егер бүгін акцияларға баға төмендеп жатса, бізге анық себебін іздеу қажет емес, нарық керек ақпаратты алып, қажетті қорытынды жасайды. Біз оның бағалағанымен келісеміз.

    Нарық тиімділігін дәлеледейтін фактілер күдіксіз, нақты, бүкіл дүниенің қаржы нарықтары үздіксіз келіп жатқан жаңа ақпараттарды қабылдай отырып, тиімді жерде жедел әрекет жасайды.

    Ақша дегеніміз – тауарлы өндірістің өнімі болып табылады.Ақша – төлем немесе халықаралық айырбас құралы. Әр адамның еңбектегі, яғни қоғамдық өндірістегі үлесін ақша арқылы анықтауға болады.Себебі адам қоғамдық еңбектегі үлесін жалақы ретінде алғанда, ақша төлем құралы қызметін атқарады. Осыдан келе ақшаның бес қызметін айтуға болады.

   Ақша нарығы дегеніміз – қазыналық вексельдер мен коммерциялық қағадарды алып – сату және қысқа мерзімдік несие құралдарын қарастырады.

    Ақша нарығы мыналардан құралады: негізгі ақша агрегаттары, ақша  жиыны, ақшаның қызметтері, ақшаға  сұраныс пен ұсынысты, ақша базасын және тағы басқа салаларды қамтиды.   
 

     І.ІІ. Қаржы нарығындағы негізгі мәліметтер.

    Ең басты қаржы нарықтарының  негізгі сипаттамаларын ұғып  алайық. Басқа нарықтардың көбі  ағынмен (поток) (картоп килограмдары, бір жылда немесе айда жасалған автомобильдер) сатса, қаржы нарығы қорларды сатып отырады. Олардың бәрі екі жалпы сипатқа ие: біріншіден, олар стандартталған және ешқандай қиындық шекпестен ірі және жақсы ұйымдастырылған нарықтарда сатылуы мүмкін; екіншіден, олар ұзақ мерзімді тұтыну қасиетіне ие, өйткені оларды сақтау қымбатқа түспейді.

    Үй шаруашылықтарының ұсыныстары, көбінесе ағын (поток) болып табылады, сол сияқты қарыз алушылардың  өз шығындарын қаржыландыруға  керекті жинақтарға сұраныс та. Бірақ ұзақ мерзімдік, бүкіл жинақталған қаржы активтері ретіндегі активтер кез келген уақытта сатылып кетуі немесе сатып алынуы мүмкін. Көбінесе активтердің резерв көлемі ағын көлемінен аз болады, актив бағалары өзгеріп отырады, екіншісінікіне қарағанда біріншіні болашақта қайта сатып жіберуге болатындығын көрсетеді. Қорлардың (қосалқы қор) сұраныс пен ұсыныстан жылдам өзгеріп отыруы нарық жағдаятының тұрақсыздығына итермелеп отырады. Осындай түсініктеме, тек қана бір түрлі активтерге ғана емес, басқа да ұзақ мерзімді тұтыну тауарларына (сақтап сата алатын) да қатысты айтылады.

    Жеке тұлғалардың көбі қаржы  нарығында үлкен көлемді іс  жүргізбейді. Сондықтан да олар  делдалдар арқылы тапсырыстарын  өткізеді, олар осындай шағын  тапсырыстарды жинап бір үлкен  тапсырыстарды жасайды да, немесе тапсырушылар атынан «нарық құрып» өз қоймаларынан сатады. Сол уақытта делдалдар өздері капитал иелері болады. Активтердің болашақтағы бағаларының анық еместігінен сол активтерді ұстау өте тәуекелді. Сондықтан делдалдар тәуекелді төмендетуге немесе азайтуға тырысады. Осы талпыныстарда делдалдар өз қаражатын жұмсайды да, өз табысын жоғарлатуға тырысады. Олар тапсырыс беруші (клиент) атынан жұмыс істеуден өз атынан жұмыс істеуге көше бастайды. Қазір олар қаржы нарығының негізгі субьектілеріне айналады. Осы себептен қаржы нарығында жасалатын мәміле саны басқа нарықтардан гөрі көп. Екінші себеп, тәуекелді диверсификациялау: әр қоржынның тәуекелділігін төмендету үшін активтерді әр түрлі қоржындарға орналастырады. Ірі қаржы орталықтарында мәмілелер саны ерекше көп, өйткені оларға бүкіл дүниежүзілік компания өкілдері қатысады.

    Қаржы нарығы бір үлкен ойынхана  ретінде көрінеді, бірақ шынында  бұл делдалдар өз клиентіне  әр түрлі қызмет көрсетуге  тырысуынан бәсекелестіктің дамығанын  көреміз.

Информация о работе Ақша нарығы