Ақша нарығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2011 в 18:53, реферат

Описание

ақша нарығы

Работа состоит из  1 файл

Қ. және ақша нарығы.doc

— 161.00 Кб (Скачать документ)

   Қай нарық болмасын, барлық нарықтарда  мәселелер толып жатыр. Бұл мәселер бір бірімен тығыз байланыста болады.  Сонымен ақша нарығының қалыптасу мәселері инфлияция, қысқа мерзімдегі несие құралдары, қазыналық вексельдер мен коммерциялық қағаздарды  алу және сату, ақшаның сұранысы мен ұсынысы, ақша базасының жағдайы, ақша саясатының құралдары және тағы басқа мәселелерден туындайды.

Ақша  нарығының ең бірінші және көкейтесті мәселесінің бірі – инфлияция  жағдайы. Инфлияция дегеніміз –  ол тауарлар мен көрсетілген қызметтер  бағасының өсуі және тауар тапшылығы мен қызмет сапасының төмендеуі салдарынан ақшаның құнсыздануы, оның сатып алу мүмкіндігінің құлдырауы. Шындығын да, қауырт жағдайларда мемлекеттік шығындарды қағаз ақша шығарумен қаржыландыру ақша айналымының күрт «көтеріліп», қағаз ақшаның құнсыздануына әкеліп соқтырады.

    Инфлияция жағдайына мыналар  әсер етеді: ақша сұранысының  тауарлы ұсыныстан жоғары болуының  нәтижесінде ақша айналысы заңы  талаптарының бұзылуы, яғни бюджет  тапшылығын жою мақсатында шамадан  тыс ақша шығаруға байланысты  айналыстағы ақша массасының көбеюі; ұлттық валютаның қозғалысын шектеу және т.б. факторлар. 

    Қысқа мерзімдегі несиелер бір  жылға дейін берілетін несиелерді  айтамыз. Қысқа мерзімдегі несиелер  айнымалы капиталдың қозғалысынан  туындайтын қарыздардың ағымдағы  қажетіне беріледі. Оның қайтарылу мерзімі әр елдің экономикалық жағдайына, инфляцияның деңгейіне қарай өзгеріп отырады.

    Бұл нарықтағы ақша сұранысы  өзекті мәселенің бірі болып  табылады. Ақша сұранысы нақты  табыс өскенде артуы тиіс, ал  атаулы пайыз мөлшерлемесі өскенде ол қысқаруы тиіс. Ақша сұранысына табыстағы өзгерістер, пайыз мөлшерлемесіндегі өзгерістер әсер етеді. Сонымен қатар ақша нарығының мәселері мынадай жағдайда да туындайды: ақша иемденуінің пайдасы мен қауіптілігін алып қарағанда, сақтық кассасындағы депозиттер басқа да ақша тәрізді қатерге ұшырайды.Мұндағы негзгі қауіп инфлияциядан бейхабар болудан туындайды. Инфлияция жағдайында ақша сатып алу қабілетін жоғалтады, ақша құнын инфлияция айқындайды.  

ІІІ.ІІ Қазақстан Республикасындағы ақша эмиссиясы және ақшаны қамтамасыз ету ерекшеліктері.

    Қазақстан Республикасында 1993 жылы ақша реформасы жүргізілді. Оның негізгі себебі – ақша белгісін тұрақтандыру болды. Ақша реформасы дегеніміз – мемлекеттік ақша жүйесіне өзгеріс енгізуді айтады. Ақша реформасы жүргізілгенде бір ақша жүйесін екінші ақша жүйесімен ауыстырады, я болмаса сол ақша жүйесінің кейбір элементтерін өзгертеді. 1993 жылы Қазақстан мемлекетінің ұлттық валюта – теңге енгізілді.

    Эмиссия  дегеніміз – мемлекет тарапынан  банкноттардың, тиындардың, бағалы қағаздардың шығарылуы. Ол қолма-қол түрінде де немесе қолма-қолсыз ақша түрінде де болуы мүмкін.

    Эмиссиялық  банк – ол айналысқа ақша  белгілерін эмиссиялауға (шығаруға) құқы бар, әдетте, орталық банк.Қазақстан  Республикасында ақша эмиссиясын тек қана Орталық Банк шығарады. Мемлекеттің Орталық Банкінің негізгі мақсаты – айналысқа ақша бірлігін шығару, банктерге ерекше тауар – ақша белгісін сату және банк жүйесінің несие-есеп, эмиссиялық жұмысын басқару. Ақша эмиссиясы Қазақстан Республикасының бірінші деңгейдегі банктерге шығару құқығы берілген жалғыз мемлекеттік орган. Олар Ұлттық банктің эмиссиялауымен шығарылады және банктерге сатып, қолма-қол емес балама алу түрінде болады. Жоғарыда атап өткендей мемлекетіміздің ресми ақша бірлігі – теңге болып табылады. Ұлттық Банк банкноттар мен тиындардың қажетті мөлшерін анықтайды, олардың жасалуын қамтамасыз етеді, сақтау, жою және қолма-қол ақшаны жинақтау тәртібін орнатады.

    Қазақстан  Республикасының шығарылған ақшалар,  банкноттар мен тиындардың атаулы құрылымы, айшықталған пішіні болуы керек. Банкноттар мен тиындардың сипаттамалары баспасөзда жариялануы тиіс. Валютаны өзгертуге Қазақстан Республикасы Парламентінің құқығы бар. Ұлттық валютаның қызмет ету шарттарын, мерзімін, тәртібін анықтау құқығы Қазақстан Республикасының Президентіне жүктеледі.

    Қазақстан  Республикасындағы ақша эмиссиясын, яғни валютаны шет ел мемлекеттерінің  ақша бірліктеріне айырбастау  бағамын анықтау тәртібін Ұлттық  Банк белгілейді.Қолма-қол ақша  түріндегі эмиссия – айналысқа банкноттар мен тиындардың қосымша шығарылуын сипаттайды.

    Жалпы  ақша, банкнота, монетаны (теңге мен  тиынды) эмиссиялау Ұлттық банктің  – екінші  қызметтерінің бірі  болып табылады. Эмиссиялау үшін  Ұлттық Банк номиналдардың құрылымын,  теңге мен тиындардың пішінін (дизайн), олардың қажет мөлшерін анықтап, дайындығын қамтамасыз етеді. 

    Ұлттық  Банктің қолма-қол ақша қаражатын  шығаратын, теңге мен тиынның  қолма-қолсыз ақшаның эквивалентін  алып сату арқылы айналысқа  түсіруді ұйымдастырып айрықша құқығы бар. Сондай-ақ қолданылған ақша белгілерін айналымнан шығарып, олардың жаңасымен айырбастап, тозығы жеткендерін жоюмен шұғылданады.

    Ақшаны  қамтамасыз етудің жолдарының  бірі - валютаны реттеу және валюталық  бақылау қызметі.

    Валюталық  реттеу және валюталық бақылау қызметін атқару үшін Ұлттық Банк шетел валютасының және шетел валютасындағы ақша және бағалы қағаздардың айналым аясын  және тәртібін белгілеп, шетел валютасымен жүргізілетін операцияларға қажетті кезде, оның ішінде пайыздық мөлшер деңгейіне шектеу қояды. Ақшаны қамтамасыз етудің бір жолы – ұлттық валютаны шетел валютасымен салыстырып, курсын реттейді.

    Сонымен  қатар ақшаны қамтамасыз ету  елдегі металл ақша айналысы, несие ақшалары және қағаз  ақша айналысы, яғни ақша жүйесіне  де байланысты болады. Ақша жүйесі – ол тарихи қалыптасқан және мемлекеттің ұлттық заңдарымен бекітілген бір тұтас ақша айналымы. Металл ақша айналысы, бұл жүйеде ақша тауары, яғни толық құнды ақша айналсыта жүреді және ол ақшаның барлық қызметтерін орындайды. Ал несие ақшалары металға айырбасталады. Несие ақшалары және қағаз ақша айналысы. Бұл жүйеде атына сай, айналыстан толық құнды ақша,яғни алтын біржолата ығыстырылып, айналыста тек қана ақша белгілері жүреді.

                       
 

                           Қорытынды.

    Курстық  жұмысты қорыта келгенде, қаржы  және ақша нарығы бір – бірімен  тығыз байланыста болады. Екі  нарықта болған өзгерістер бірі  екіншісіне әсер етіп отырады.

    Қаржы  нарығы дегеніміз – қаржылық  қызмет көрсету мен тұтынуға, сондай-ақ қаржы құралдарының шығарылуына және айналысына байланысты қатынастардың жиынтығы болып табылады.

    Қазіргі  кезде дүние жүзінде АҚШ, Еуропа  бірлестігі мен Жапония қаржы  нарығының ең үлкен қорларын  иемденуде. Ал Қазақстанның нарықтық  экономикаға өтпелі кезеңінде оның қаржы нарығының қоры мол,өзінің өркендеуіне жетеді деуге әзірше ерте. Қаржы нарығы біріне-бірі байланыста және бірін-бірі толықтырып тұратын, бірақ әрқайсысы өз алдына қызмет жасайтын үш нарықтан тұрады: қолма-қол ақша нарығы, несие капиталының нарығы және бағалы қағаздар нарығы.

    Қаржы  нарығының айырмашылығы ақша  нарығы төлем қаражаттарының  нарығы болып табылады, ол қолма-қол  ақашаны ғана емес, сондай-ақ қолма-қолсыз  төлем қаражаттарының, оның ішінде  қысқа мерзімді банк несиесін  қамтиды. 

    Қаржы  нарығы болашақпен тәуекелді  бағалайды. Сондықтан үй шаруашылықтары  мен корпорацияларға қор жинау  мен несие алу туралы шешім  қабылдау ақпарат жинау қажеттілігінен  басталады. Қаржы активтерінің  табиғаты – бұл үлкен көлемді  активтер мен ірі, жақсы ұйымдасқан нарықтарда сауда жүргізу жеңілдігі, сақтау арзандығы. Сол себептерден оларды біз басқа нарықтардағы ағым ретінде емес, қор ретінде қарастырамыз. Қаржы нарықтарындағы нарықтық тепе-теңдік осы нарыққа ұсыныс және сұраныс көлемдері арасында орнатылады. Қорлардың сұранысы үлкен болуы үшін активтердің сапалығымен табыстылығын бірдей болуы керек. Ешқандай тәуелсіз тепе-теңдік орнатылатын қызмет түрі арбитраж деп аталады. Арбитражды тәуекелді ұстаумен шатастыруға болмайды, біріншісі тәуекелдің толық жоқтығын қарастырады. Ал екіншісі инвестордың тәуекелді болуын есепке алады. Нарық тиімді бодлуы үшін ол бар активтері туралы толық ақпаратты жинап отыруы қажет және әр актив өз тәуелділігі бойынша дұроыс бағалануы қажет. Қазақстандағы қаржы нарығы көбінесе шетел компанияларының бағалы қағаздары мен қорлары бойынша операция жүргізуде.

    Өкінішке  орай, еліміздегі көптеген кәсіпорындар  мен ұйымдар қор нарығына белсенді  араласуға және оның мүмкіндіктерін  пайдаланып, қосымша қаржы көздерін  тартуға дайын емес болып шықты. Тапшылық мәселелерін шешуге мемлекеттің өз активтерін басқаруды икемсіздігі елеулі кедергі келтіруде. Осы уақытта үкімет ұлттық компаниялардың мемлекеттік емес облигациялардың эмитенттері ретінде қуатын да пайдаланған емес. Сондай-ақ мемлекеттік емес бағалы қағаздардың тартымдылығын атқару мәселелерінде шешілген жоқ. Көптеген эмитенттер шығарылған бағалы қағаздар бойынша кірісті уақтылы есептек мен ақша аударуды тәртіпсіздікке ұрынады, корпорациялық басқарудың тиісті нормаларын өз деңгейінде сақтамайды. Мұның ұсақ акционерлердің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына, өзінің іс-әрекеттері жөніндегі ақпарларды ішкі және сыртқы инвесторлардың сұранысына сай тиісті дегенде ашық көрсете алмауына әкеліп соқтыруда.

    Стратегиялық  тұрғыдан келгенде экономиканы сауықтыру, қазір жұмыс істеп тұрған өндіріс орындарын жандандыру және жаңаларын құру үшін қажетті алғы шарттар жасау, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту жөніндегі мәселелерді толық шешуге мүмкіндік береді.

    Қаржы  нарығы негізінен ұзақ мерзімді сипаттағы міндеттемелер немесе куәліктер нарығы болып табылады. атайды. 

    Ал  ақша нарығы қаржы нарығының бір бөлігі, онда қысқа мерзімді бағалы қағаздар сатылып және сатып алынады. Оның айналу мерзімі 1 күннен 1жыл аралығында созылады. Бұл нарыққа қазыналық вексельдер, депозиттік сертификаттар және басқа коммерциялық қағаздар сатылуға түседі. Оларды шығарушылар әртүрлі жіктелу топтарына жатсада, олардың бәрі қарызды бағалы қағаздарға жатады. 

                           Пайдаланылған әдебиеттер.

  1. Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. «Қаржы»: Оқулық. – Алматы: 2005
  2. Шеденов Ө.Қ., Жүнісов Б.А., Байжомартов Ү.С., Б.И. Комягин. «Жалпы экономикалық теория»: Оқулық/Ақтөбе , 2004.
  3. ӘубәкіровЯ.А., БайжұмаевБ.Б., Жақыпова Ф.Н., ТабеевТ.П. «Экономикалық теория»: Оқу құралы/Қазақ университеті/ Алматы, 1999.
  4. Көшенова Б.А. Ақша. Несие. Банктер. Валюта қатынастары. Оқу құралы – Алматы: Экономика,2000ж
  5. Мамыров Н.Қ., Мадиярова Д.М., Қалдыбаева А.Е. Халықаралық экономикалық қатынастар: Оқу құралы – Алматы: Экономика 1998ж.
  6. Абленов Д.О., Бижигитова Р.Н., Смагулова Д.Д. Финансовый практикум: Учебное пособие/Алматы: Бастау, 2004.
  7. Ковалева А.М. Финансы: учебное пособие.
  8. Мамыров Н.Қ., Тілеужанова М.Ә. Макроэкономика: Оқулық. – Алматы: Экономика, 2003.
  9. Саяси экономия негіздері. Оқу құралы. Т. Қожамқұлов.
  10. Қазақстан экономикасын басқару негіздері. Оқу құралы. К.Б.Бердалиев. Алматы: Экономика 2001ж.

11) ХХІ  ғасырға қандай экономикамен  кіреміз. О.Сәбден. Алматы: Қазақстан, 1997ж.

Информация о работе Ақша нарығы