Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2011 в 15:02, курсовая работа
Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығында жеке ортақ ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге болады. Қоғамдық өнімді құндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталық-тандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы "мемлекеттік бюджет" ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды. Экономикалық қатынастардың жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджеттің объективті сипаты бар. Бөлудің дербес сферасы ретіндегі оның өмір сүруінің объективті қажетгігі ұлғаймалы ұдайы өндірістің қажеттіліктерімен, мемлекеттің табиғатымен және функциясымен байланысты.
І Бюджет салық және ақша несие саясатының теориялық
негіздері.
1.1. Қазіргі салық жүйесіне сипаттама және бюджет салық саясаты......6
1.2. Ақша айналысы және ақша жүйесі........................................................9
1.3. Ақша-несие саясатының мәні мен құралдары.....................................13
ІІ Бюджет – салық және ақша-несие саясатының үйлестіру механизмі.
2.1. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі.........................................17
2.2. Салық органдарының қызмет етуінің шарттары мен
себептері және олардың Қазақстанның нарықтық
экономикасының аяқтанудағы ролі...........................................................22
2.3. Бюджет – салық және ақша-несие саясатының үйлестіру
механизмі.........................................................................................................30
Қорытынды..........................................................................................................34
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...............................................................36
Мазмұны
Кіріспе.......................
І Бюджет салық және ақша несие саясатының теориялық
негіздері.
ІІ
Бюджет – салық
және ақша-несие саясатының
үйлестіру механизмі.
2.1. Қазақстан
Республикасының бюджет жүйесі.
2.2. Салық органдарының қызмет етуінің шарттары мен
себептері және олардың
экономикасының аяқтанудағы
2.3. Бюджет –
салық және ақша-несие
механизмі.....................
Қорытынды.....................
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі........................
Кіріспе
Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығында жеке ортақ ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге болады. Қоғамдық өнімді құндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталық-тандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы "мемлекеттік бюджет" ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды. Экономикалық қатынастардың жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджеттің объективті сипаты бар. Бөлудің дербес сферасы ретіндегі оның өмір сүруінің объективті қажетгігі ұлғаймалы ұдайы өндірістің қажеттіліктерімен, мемлекеттің табиғатымен және функциясымен байланысты. Бұл тиісті орталықтандырылған ресурстарды қажет етеді. Ақша қаражаттарын орталықтандыру бүкіл ұлттық шаруашылық ауқымында үздіксіз ауыспалы айналымды ұйымдастыру үшін, жалпы экономиканың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажет. Экономика дамуының қазіргі кезеңіңде орталықтаңдырылған қаржы ресурстары мемлекетке қоғамдық өңдірістің қажетті қарқыны мен үйлесімін қамтамасыз етуге, оның салалық және аумақтық құрылымын жетілдіруге жетуге, экономиканың салаларын дамытудың бірінші кезекті бағдарламасы үшін қажетті көлемде қаражаттарды қалыптас-тыруға, ірі әлеуметтік өзгерістерді жүргізуге мүмкіндік береді. Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық категория сияқты, өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін нақты материалдық-заттық түрінде болады, бюджет қатынастары мемлекеттің орталық-тандырылган ақша қорында — бюджеттік қорында затталынады.
І Бюджет салық және ақша несие саясатының теориялық
негіздері.
1.1.Қазіргі салық жүйесіне сипаттама және бюджет салық саясаты.
Салық жүйесін мемлекет пен және заңды тұлғалар арасындағы қатынастарының жиынтығы, салықтар мен алымдар, салык, салу әдістері мен тәсілдері, салық заңдары мен салыққа қатысты актілер, салық салу органдары мен салық қызметі жиынтығы құрайды.
Салық жүйесі мемлекет қаржы
көздерін жасақтаудың ең
Қазақстан
Республикасының 1991 жылдың 25-желтоқсанында
қабылдаңған «Қазақстан-
-шаруашылықты жүргізудің еркіндігі;
-меншік
түрлерінің бір-біріне өзара
-шаруашылық жүргізуші субъктілер мен мемлекет арасындағы қатыстардың қүқықтык, негізде жүргізілуі т. б.
Бұл заң салық жүйесін құрудың басты принциптерін, алым мен салықтың түрлерін, олардың, бюджетке тусу тәртібін белгілеген түңғыш тарихи құжат болып есептеледі.
Осы заң бойынша салық төлеушілер мен салық қызметі органдарының құқықтары мен міндеттері, республикалык, және жергілікті басқару органдарының да салыққа байланысты қызметтері, қүқықтары мен міндеттері айқын бекітілді.
Қабылданған Заңға сәйкес 1992 жылдың бірінші қаңтарынан Қазақстан Республикасында:
13 — жалпы мемлекеттік салықтар;
11 — міндетті түрде төленетін жергілікті салықтар мен алымдар;
18 — жергілікті салықтар мен алымдар енгізілді.
Салықтар негізін пайдаға салынатын салық, табыс салығы, қосылған құнға салыпатын салық және т. б. салықтар құралады. Қазақстан Республикасының салық, жүйесін құруда алғашқы тарихи құжат болған жоғарыда көрсетілген Заңның ел экономикасын реформалаудағы маңызы мен алар орны ерекше. Дегенмен, өмірге келген әрбір жаңа қүбылыста кездесетін ерекшеліктермен қатар кемшіліктер де бұл Заңда да тыс қалмаған сияқты. Яғни Қазақстан Республикасының алғашы құрылған салық жүйесінде бірқатар шешуін таппаған мәселелер, кемшіліктер мен жетіспеушіліктер аз емес. Әрине, бұл кемшіліктердің түрлі себептері де бар. Басты себеп, ол біз салық жүйесін қүрғанда елімізде жиынтықталған ғылыми немесе практикалық тәжірибе болған жоқ. Салық қызметі органдары да, салық төлеушілер де мұндай жаңа қадамаға психологиялық жағынан дайын еместігі көріңй Еліміздің алғаш қабылданган салық жүйесінде біз жоғар айтып кеткен дүниежүзілік тәжірибеде қолданылып келген салық принптері сақтамалды. Сондықтан бұл салық жүйесін нарықтық қатынастардық талабына толығымен жауап беру мүмкіндігі болмады. Ең бастысы салық жүйесінің өндірісті дамытуға ешқандай ықпал етпеуі, бюджет кірісін құраудағы өз рөлін жете атқара алмауы, яғни салық көзі табыс немесе пайда емес, керісінше е тұтыну болып табылды. Салық санының көптігі, айналымды анықтаудың қиындығы, шектен тыс дәлелсіз берілген салык, жеңілдіктері, салык, ставкаларының бір салық бойынша бірнеше түрлі болуы, халықаралық салық салудың негіздерінің тыс қалуы және т. б. кемшіліктер салық жүйесінің одан ары қарай реформалаудың қажет екенін айқын көрсетті. Әрине бұл өмір талабына сай. Экономиканы реформалау 1-2 жылдың ішінде мүмкін еместігін баршамыз түсінеміз, сондықтан салық жүйесі де біртіндеп қалыптасады, түзеледі, ары қарай дамиды. Қазақстан Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді концепциясын қабылдады. Бүл құжатта, негізінен, салық жүйесін салық заңдылығын бірте-бірте халықаралық салық салу принциптеріне сәйкес қызмет етуге жеткізу көзделген. Осы концепсияны іс жүзіне асырудағы бірінші кезең Қазақстан Республикасы Президентінің 24. 04. 95 жылы қабылданған Заң күші бар „Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Жарлығы болып табылады. Қазақстан Республикасында 1995 жылдың бірінші шілдесінен бастап жаңа салық жүйесі іске қосылды. Бұл жаңа салық жүйесі біршама болса да нарықтық қатынастар талабына бейімделіп, халықаралық тәжірибеге мейлінше жақындатылған. Енді бұрын қызмет еткен 42 түрлі салықтар мен алымдардың саны едәуір қысқартыльш, жалпы салықтар мен алымдар саны 11-ге жеткізілген. Салықтың ең басты түрі болып табысқа салынатын салық, яғни пайда емес табыстан салық алынатын болды. Салық салудың негізгі принциптері сақталып, салық салуда қарапайымдылық әділеттілік, салыстыру принциптері біршама өз шеішмін тапқан.
1.2. Ақша айналысы және ақша жүйесі.
Ақша реформасы валюталардың тұрактылығын, ақша айналымын күшейту және реттеу мақсатымен мемлекет жүргізетін ақша жүйесінің (толық немесе ішінара) жаңғартылуын көрсетеді. Жаңа ақша бірлігін енгізумен байланысты акша реформасы -экономиканы дағдарыстан шығарудың бірден-бір шарасы және оның кезекті тұрақтылығын көрсетінін әлемдік тәжірибе дәлелдеп отыр. Сондықтан, Қазақстанда 1993 жылы жүргізілген ақша реформасы мемлекеттің экономикалық саясатымен тығыз байланысты. Ол макроэкономикалық тұрактылыққа және кезекті ақша-несие, баға, салық және инвестициялық саясаттың табысына жету мақсатымен жүргізілді. Әлемдік тәжірибеде ақша реформасы нуллификация, ревальвация, девальвация және деноминация әдістерін қолдануды қамтиды. Латынның «nullificatio» сөзінен нуллификация шығады және ол «жою» деген мағынаны береді. Нуллификация кезінде айналымдағы бұрынгы өте құнсызданған ақша белгілері жойылып, оның орнына жаңалары енгізіледі. Осы процедура есепке алуды жеңілдетеді, ейткені материалдық құндылыктардан іске аспаған ақшалай қаражаттар мен жинақ акшалардың барлығы іс жүзінде жойылады. Қазакстанда ақша реформасы нуллификация әдісімен- жүргізілді, яғни ескі құнсыздалған кеңестік рубльдер айналымнан толық шығарылып, жаңа Қазақстандық акша белгілері - теңгелер енгізілді. 16 жасқа толған адамдардың бірі ауыстырып алатын мүмкіндігі бар ең жоғары шамадағы ақша өлшемі 100 мың рубльді құрады. Ауыстыру тек бір рет қана жасалды, ол туралы паспортта белгі қойылған болатын.
Дееальеация латынша «de» - төмендеу, «valко» - тұрмын дейтін сөздерден туындайды. Ақша бірлігінің немесе ұлттық ақша бірлігінің бағамын шетел валюталарына қатысты алтын мәнінің төмендеуін білдіреді.
Қазақстанда, 1999 ж. қыркүйегінде Оңтүстік-Шығыс Азия мен Ресейдегі экономикалық дағдарыспен байланысты, америка долларына қатысты теңге бағамының төмендеу жолымен ақша девальвациясы болды (егер 1999 ж. қыркүйегіне дейін теңгенің долларға қатысты курсы 76 теңге болса, ол 130 теңге дейін түсті). Аталған шара отандық өнімнің өндірісі мен тұтынуда өте жағымды рөлін атқарды, сондай-ақ шетел валюталары мен инвестициялардың құйылуына себеп болды.
Ревальвация латынша «rе» - жаңару және « vаlко» - тұрмын дейтін сөздерден туындайды. Ақша бірлігінің бұрынғы алтын мәнін қайта қалыптастыруды немесе ұлттық валюта бағымының шетел валютасымен салыстырғандағы жоғарылауын көрсетеді, яғни девальвацияға қарама-қарсы. Қазақстанда теңгенің ревальвациясы, мұнай мен металга элем бағаларының күрт өсіп шетел ватютасының көп ағылуына байланысты 2003-2005 жж. болды. Егер 2003 ж. дейін теңгенің бағамы АҚШ долларына қараганда 155 теңгеге дейін өссе, соңғы 2 жылда (2003-2004 жж.) ол 1 АҚШ долларға І30теңгеге дейін түсті.
Латынның «denominatio» сөзін аударғанда деноминация «қайта атау» дегенді білдіреді және арақатынасы бойынша жаңа акша бірліктеріне ауыстыру жолымен акша белгілерінің көрсетулі құнын ірілендіруді, яғни ескімен салыстырғанда жаңа бір атаулы ақша бірлігінің номиналды сатып алу кабілетін көтермелеу жолымен бағалар масштабын ірілендіруді керсетеді. Деноминацияның негізгі қызметі айналымда ақша жиынының номиналды кемуі болып табылады, нәтижесінде есепке алу жеңілдейді, айналым шығындары қысқарады және ақша айналым жүйесі реттеледі. Деноминация тауарлар мен көрсетілетін кызметтердің, тарифтердің, жалакылардың, зейнетақы мен жәрдемақының банктің есепшоттарындағы қаражат қалдықтардың және т.б. бағаларга сәйкес бір мерзімде қайта есептеумен қоса жүреді.
Деноминация бүгінгі таңдағы Қазақстанда өткізілмеген, бірақ Ресейде 1998 ж. ол 1000/1 сәйкестілікпен жасалған (реформаға дейінгі 1000 руб.жаңа I руб.).
Қазақстанда ақша реформасын өткізу қажеттілігі бірқатар ерекше себептермен түсіндіріледі:
-көп
жыл бойы әкімшіл-әміршіл және
жоспарлы орталықтандырылған
-бағалау көп жағдайда төмендеген немесе нақты орындалған деңгейден қалмауга тырысқан кезде жоспарлы және мемлекеттік тапсырмаларды орындау дәрежесіне қарай өткізілді, бірақ бұл жалақы және басқа ресурстардың қор шамасында көрінген жоқ. Сонымен, экономика тиімділігінің төмендеуіне әкеліп соқтыратын шаруашылықты жүргізудің шығын механизмі кұрылды;
-орталықта
бекітілген баға өнімнің
-экономикның шығындылығынан, үлкен өнімсіз ысыраптардан мемлекеттік бюджеттің тапшылығы туды. КСРО ыдырауы, экономика кұдырауы, КСРО акша жүйесінің құлауы, Қазакстанның рубль шеңберінен шығарылуы, ұлттық ақша жүйесінің болмауы - Қазақстанда ақша реформасын өткізу қажеттілігінің басты себептері болды. Қазақстанның тәуелсіздік алғанына байланысты ұлттық ақша жүйесін кұру үшін ақша реформасын өткізу керек болды. Ол «Қазакстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» 1993 ж. 12 қарашада шыққан ҚР Президентінің Жарлығымен тәжірибеде жүзеге аса бастады. Осы Жарлықпен ұлттық валюта -теңге айналымға енгізілді. Ескі ақшаны теңгеге ауыстыру мерзімі 1993 ж. 15 қарашада сағат 8-де бекітілді. КСРО Мембанктің 1961-1992 жж. рубльдері мен Ресей банкінің 1992 ж. рубльдері қолма-қол ақшага ауыстырылуы, сондай-ақ рубль есепшоттары, салымдар және міндеттемелер 500 рубль үшін 1 теңге ауысу бағамымен ауыстырылды. 16-ға толган жэне одан ересек Қазакстан азаматтарының барлығы 100 мың рубльден аспайтын соманы ауыстыра алатын. Ауысым тек бір рет жасалды. ҚР Ұлттық банк теңгенің валюталық бағамын бекітті: 1 АҚШ доллары - 4 теңге 70 тиын. Теңге 1, 3, 5, 10, 20, 50, 100-дік купюралармен шығарылды. Бірінші қағаз ақша, кейін ұсақ тиындар шығарылды. Кейінгі жылдары инфляция бірден өсіп, оған сәйкес бағалар мен жалақыда көтерілді. Инфляциянын өсу қаркыны екі белгімен есептелді. 1994 ж. бастап 200, 500, 1000, 2000 теңге купюралары шығарылды. Мыс-никель қорытпасынан 1, 3, 5, 10, 20 теңгелік ақшалар басылды. 1995 ж. аяғында «Жібек жолы» топтамасын құрайтын жоғары сапалы төрт алтын ақша шықты. Топтамаға 57,74 гр. жалпы салмағымен 1, 2, 5, 10 мың теңгелік алтын акшалар кірді. Топтаманың бағасы 816 АҚШ доллары болды.
1.3. Ақша несие саясатының мәні мен құралдары.
Нарық жағдайында банк жүйесі екі деңгейде болады: Орталық банк (эмиссиялық) және коммерциялық (депозиттік) банк. Коммерциялық банктердің негізгі функциясы несие беру және салымдарды өсіру. Осындай шаралардың нәтижесіңде коммерциялық банктер ақша ұсы-нысын кеңейтеді. Банк жүйесі қүнды қағаздарды алып сатумен де айналысады.
Орталық банк ұлттық валютаны айналымға шығарады, мемлекеттің алтын резервтерін сақтайды, коммерциялық банктердің міңдетті резервтері банктер арасындағы шот айыру ретінде пайдаланылады. Орталық банк халықаралық ақша нарығында сатушы және сатып алушы қызметін орындайды және шет мемлекеттердің және банктерінің істерін үйлестіреді. Барлық мемлекеттерде орталық банк ақша-несие саясатын қалыптастырады және жүзеге асырады, коммерциялық банктердің іс-әрекетін қадағалайды жөне ұйымдастырады. Орталық банк пен коммерциялық банк операцияларының және банктен тыс секторлардың шешімдері нәтижесінде экономикадағы ақша ұсынысының өзгеруіне ықпалын тигізеді.
Орталық банк ақша ұсынысын ақша базасына және мультипликаторға әсер ету арқылы қадағалайды. Ақша ұсынысының нақты көлемі коммерциялық банк операцияларының нәтижесінде несиені қабылдау және беру арқылы құрылады.
Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық банкі ақша-несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді. Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық банкі ақша-несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақ-тылығын, яғни оның төлемқабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді.
Ақша-несие — бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы. Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субъектісі — Ұлттық банк болып табы-лады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу объектілеріне экономикадағы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз жиынының жиынтығы жатады. Ақша-несие саясатының түрлері
Шаруашылық жағдаятына байланысты ақша-несие саясатының екі типі болады:
Информация о работе Бюджет, салық және ақша несие саясатын үйлестіру механизмі