Бюджет, салық және ақша несие саясатын үйлестіру механизмі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2011 в 15:02, курсовая работа

Описание

Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығында жеке ортақ ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге болады. Қоғамдық өнімді құндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталық-тандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы "мемлекеттік бюджет" ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды. Экономикалық қатынастардың жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджеттің объективті сипаты бар. Бөлудің дербес сферасы ретіндегі оның өмір сүруінің объективті қажетгігі ұлғаймалы ұдайы өндірістің қажеттіліктерімен, мемлекеттің табиғатымен және функциясымен байланысты.

Содержание

І Бюджет салық және ақша несие саясатының теориялық
негіздері.

1.1. Қазіргі салық жүйесіне сипаттама және бюджет салық саясаты......6

1.2. Ақша айналысы және ақша жүйесі........................................................9

1.3. Ақша-несие саясатының мәні мен құралдары.....................................13


ІІ Бюджет – салық және ақша-несие саясатының үйлестіру механизмі.

2.1. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі.........................................17

2.2. Салық органдарының қызмет етуінің шарттары мен
себептері және олардың Қазақстанның нарықтық
экономикасының аяқтанудағы ролі...........................................................22

2.3. Бюджет – салық және ақша-несие саясатының үйлестіру
механизмі.........................................................................................................30


Қорытынды..........................................................................................................34

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...............................................................36

Работа состоит из  1 файл

Бюджет салық және ақша несие саясатын үйлестіру механизмі..doc

— 217.00 Кб (Скачать документ)
  1. рекстрикциялық ақша-несие саясаты;
  2. экспанциялық ақша-несие саясаты. Рекстрикциялық ақша-несие саясапгы — екінші деңгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталатьш шаралар жиынтығы.

Экспанциялық  ақша-несие саясаты — несие беру көлемін кеңейтумен, айналымдағы ақша жиынының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмеңдеуіне байланысты сипатталады. Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету.

   Ақша  саясатының құралдарын төмендегідей топтастыруға болады.

Ақырғы мақсат:

а)экономиканың өсуі;

ә) толық жұмысбастылық;

б)бағаны түрақтаңдыру;

в)төлем балансын тұрақтандыру. 
Аралық мақсат:

а)ақша жиыны;

ә) пайыз мөлшерлемесі;

б) айырбас курсы. 
Құралдары:

а)несие берудің лимиті, пайыз мөлшерлемесін тікелей реттеу;

ә) міндетті резервтер  нормасының өзгеруі;

б)есептеу мөлшерлемесінің өзгерісі;

в)ашық нарықтағы операциялар.

   Тікелей (а) және жанама (ә,б,в) құралдарының арасында айырмашылықтар бар. Жанама құралдарды тиімді пайдалану ақша нарығының дамуымен тығыз байланысты. Нарықтық экономикада әсіресе алғашқы өзгерістер кезеңінде, тікелей және жанама құралдар пайдаланылады, соңғылары алғашқыларын ығыстырады.

   Соңғы мақсаттар жалпы экономикалық саясаттың, сонымен қатар қазыналық, валюталық, сыртқы сауда, құрылымдық және басқа да саясаттарды ескере отырып, несие-ақша саясаты жоғарыда аталған саясаттардың бір бағыты ретіңде қарастырылады. Аралық мақсаттар нарықтық жағдайда тікелей орталық банктің жанама қүралдары арқылы жүзеге асырылады.  Бұл мақсаттарға жетуде Үлттық банк ақша-несие саясатын жүргізуде. Нысанаға алатын ақша базасы келе-сідей ақша-несие саясатының негізгі қүралдарының көмегімен реттеледі: Қайта қаржыландыру мөлшерлемесі: ресми мүдделендіру мөлшерлемесі деңгейін белгілеу; ҚҰБ-те (Қазақстан Ұлттық банкі) жинақталатын ең төменгі міндетті резервтер нормасын белгілеу, оның ішінде сырттан тартылған қаражат-тарды мерзіміне, көлеміне және түрлеріне байланысты жіктеу; мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу және сату бойынша ақша нарығындағы операцияларды жүргізу; банктерге және үкіметке несие беру; валюталық нарықтағы басқыншылық; кейбір жағдайларда несиелік операциялардың жекелеген түрлерінің деңгейі мен көлеміне тікелей сандық шектеулер енгізу; ресми есепке алу (дисконттық) мөлшерлемесі.  Пайыз саясаты. Қазақстан Ұлттық Банкі өзі жүргізетін операциялар бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін, сол сияқты басқа да мүдделендіру мөлшерін белгілейді. Ресми қайта қар-жыландыру мөлшерлемесін ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейіне байланысты белгілейді. ҚҰБ мүдделендіру мөлшерлемесі саясатын мемлекеттік ақша-несие саясаты жүзеге асырылатын аумақтағы нарықтың мүдделеңдіру мөлшерлемесіне әрекет ету үшін пайдаланады. ҚҰБ пайыз саясатының басты мақсаты — айналыстағы теңге деңгейін көтере отырып, несиеге деген сұранысты азайту, соның нәтижесінде ақша жиыны және инфляцияның өсуін төмендетуді қамтамасыз ету болып табылады. Жоғары пайыз мөлшерлемесі, шын мәнісінде пайыз үшін төлемдер өз кезегінде шығынның көлемін құрайды. Демек, жаңа пайыз саясаты алдағы уақытта немесе белгілі бір уақыт аралығында өзінің нәтижелеріне қол жеткізуге тиіс. 

ІІ  Бюджет – салық  және ақша-несие саясатының  үйлестіру механизмі.

2.1. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі.

   Мемлекетгің орталықтаңдырылған ақша қорын қалыптастырумен  және пайдаланумен байланысты болып  келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар — бюджеттің  кірістері мен шығыстары арқылы болып отырады. Бюджеттерді қарау және бекіту кезінде билік пен басқарудың тиісті оргаңдары бюджеттердің белгілі бір мөлшерлерін белгілеуі мүмкін.

   Бюджет  тапшылығын ақша эмиссиясы есебінен жабуға болмайтындығы заңмен белгіленген. Бюджет тапшылығын жабудың негізгі  нысаңдары мыналар болып табылады:

мемлекеттік қарыздар шығару;

кредит ресурстарын  пайдалану.

   Тапшылықты  азайту немесе жою мақсатымен секвестрлеу  — ағымдағы қаржы жылының қалған уақыты ішіңде барлық баптар бойынша (қорғалатындарынан басқа) белгілі бір пайызға мемлекеттің шығыстарын үйлесімді төмендету — пайдаланылады. Бюджеттердің атқарылуы процесіңде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалардың тізбесін республика Парламенті мен биліктің жергілікті оргаңдары анықтап, бекітеді.  Олар құндық бөліністің жеке көздерін білдіреді. Категориялардың екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық арналымы болады: кірістер мемлекетгі қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз етеді, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпымемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес бөледі.

   Кірістер  мен шығыстардың құрамы мен құрылымы нақты әлеумет-тік-экономикалық және тарихи жағдайларда жүзеге асырылатын мемлекегтік бюджет және салық саясатын жүргізудің бағыттарына байланысты болады. Бұл кезде мемлекет белгілі бір жағдайларда кірістерді қалыптастырудың және шығыстарды жұмсаудың қолайлы нысандары мен әдістерін пайдаланады.

   Нарықтық  қатынастарға көшкенге дейін КСРО-ның  мемлекеттік бюджетінің кірістері  мемлекеттік кәсіпорындардың ақша жинақтарына негізделіп келді. Ол бюджет кірістерінің жалпы сомасының 90% құрады және негізінен екі төлемнен — айналым салығы мен пайдадан алынатын төлемдерден тұрды. Бұл жүйе 1930 жылдан 1990 жылға дейін өмір сүрді. 1980 жылдары енгізілген өндірістік қорлар, еңбек ресурстары және басқалары үшін ақы түріндегі пайдадан алынатын нормативті төлемдер қолданылып жүрген төлемдер жүйесін өзгертпеді және жеке кәсіпорындар қызметінің жеке-дара нәтижелеріне бағытталып отырды.

   Дағдыдағыдай, кірістердің көзі салықтар немесе оларға бара-бар төлемдер болып табылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті кірістерінің құрамы мен құрылымы салық төлемдерінің қолданыстағы жүйесімен және салыстырмалы тұрақсыз сипаттағы салықтық емес қаражаттардың түсімдерімен айқындалады.

   Бюджет  жүйесі туралы заңға сәйкес бюджеттің құрылымы мыналардан тұрады:

1)  түсімдерден;

- кірістерден;

- альшған ресми трансферттерден (грантгардан);

бұрын бюджеттен  берілген кредиттер бойынша негізгі  борышты өтеуден;

2) шығыстардан және кредит беруден: 
шығыстардан;

кредит беруден;

3) бюджет тапшылығынан (профицитінен);

4) бюджет тапшылығын (профицитті пайдаланудан) қаржыландырудан.

Өз кезегінде  кірістер:

салықтық түсімдер;

салыққа жатпайтын  түсімдер;

капиталмен  жасалатын операциялардан алынатын  кірістер болып бөлінеді.

   Бюджетгік түсімдердің бұл үш категориясы алынған ресми трансферттер бөлігімен (және бір уақытта санатымен) яғни тауарларды немесе қызметтер көрсетуді сатып алуға, кредиттер беруге немесе өтелмеген борышты төлеуге байланысты емес тегін және қайтарылмайтын төлемдермен толықтырылады.

   Бюджеттен берілген кредиттерді өтеу санаты бюджеттік кредиттер бойынша (қайтару негізінде берілген — бұрынғы жылдардағы несиелендіру) мемлекеттік шаруашылық жүргізуші субъектілер тарапынан ақшалай қаражаттардың түсуі болып табылады.

   Бюджеттің шығыстар бөлігі функционалдық топтардың шығыстарын қаржыландыруға жұмсалады.

   Мемлекеттік борышқа қызмет ету жөніндегі  шығыстар "борышқа қызмет ету" функционалдық тобы бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің мемлекеттік мекемелерін — әкімдер аппаратын және кіші бағдарламалар — қарыздар бойынша сыйақылар (мүдделер) төлеу және қарыздарды орналастырғаны үшін комиссиялық сыйақылар төлеу бойынша Қаржы министрлігін бөле отырып жүргізіледі.

   Кейін бюджетке өтеу түрінде қайтаруға  жататын, басқа эко-номикалық бірліктерді несиелендіруге арналған қаражаттар тиісті бөлікте — функционалдық топ болып табылатын несиелендіруде көрсетіледі.

   Бюджет  тапшылыгы шығыстар мен бюджеттен қайтарымды негізде бөлінген кредиттер ауқымының бюджетке түсетін түсімдердің жалпы сомасынан асып түсуін қамтып көрсетеді. Бекітілген республикалық бюджет тапшылығының көлемі ұлттық валютамен және жалпы ішкі өнімге пайызбен, ал облыстық бюджеттер, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің тапшылығы ұлттық валютамен көрсетіледі. Ал бюджет профициті — бұл бюджетке түсетін кірістер мен ресми трансферттер түсімдерінің және бұрын бюджеттен берілген кредиттер бойынша негізгі борышты өтеудің жалпы сомасының жалпы шығыстардың және қайтарымдық негізде бөлінетін кредиттердің ауқымынан асып түсуі. Бекітілген бюджет профицитінің көлемі де ұлттық валютамен немесе жалпы ішкі өнімге пайызбен есептеледі.

   Мемлекеттік бюджеттің соңғы бөлігі — бюджет тапшылыгын (профицитті пайдалану) қаржыландыру ішкі және сыртқы мемлекеттік борышты өтеу жөніндегі шығыстарды қамтып көрсетеді. Оның қос арналымы бар: тағалылық болған жағдайда — ішкі кездерден (Ұлттық банктен, коммерциялық банктерден, бағалы қағаздар сатудан, есепке алу бойынша, шығыстарды жабуға бағытталатын жыл басындағы бюджет қаражаттарының қалдықтары) және сыртқы қарыздардан қаражаттар тарту;  профицит кезінде — жоспардан тыс түсімдерді, бірінші кезекте мемлекеттік міндеттемелерді өтеуге немесе бірінші кезектегі бюджеттік бағдарламаларды қосымша қаржыландыруға пайдалану. Кірістер мен шығыстардың егжей-тегжейлі тізбесі мен топтамасы бюджеттік сыныптамамен айқыңдалады. Қаржы Министрлігі бекіткен бірыңғай бюджеттік сыныптама — функционалдық, ведомстволық және экономикалық сипаттамалар бойынша бюджетке түсетін түсімдер мен бюджеттен жұмсалатын шығыстардың топтастырылуын белгілейтін нормативтік құқықтық акт. Ол кірістердің сыныптамасынан, шығыстардың функционалдық және экономикалық сыныптамаларынан тұрады. Бірыңғай бюджеттік сыныптама бюджеттің мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік дамуының жоспарларымен, болжамдарымен және бағдарламаларымен, министрліктер мен ведомостволардың, ұйымдар мен мекемелердің қаржы жоспарларымен тығыз байланысын қамтамасыз етеді; жеке (дара) сметалар мен қаржы жоспарларын құрама сметалар мен жоспарларға біріктіруге мүмкіндік береді, құрама жоспарлар мен бюджеттің жазбаша тізбесі арасындағы үйлесуді қамтамасыз етеді. 1996 жылға дейінгі бюджеттік сыныптама мынадай бөліктерді қамтыды: бөлім, параграф, бап, тарау. Алайда ұзақ уақыт қолданылып келген сыныптама бюджет қаражаттарын жобалаудың, оған есеп жүргізудің және бақылаудың, сондай-ақ бюджет процесін жүзеге асырудың қазіргі заман талаптарына сай болудан қалды. Сондықтан 1996 жылдан бастап ол жаңа, халықаралық стандартқа сәйкес келетін сыныптамамен ауыстырылды. Жаңа бюджеттік сыныптамаға сәйкес кірістер енді төрт бөлікке жіктелетін болды, олар: санат, сынып, ішкі сынып, ерекшелік. 

2.2. Салық органдарының қызмет етуінің шарттары мен

себептері және олардың Қазақстанның   нарықтық

 экономикасының  аяқтанудағы ролі.

         Мемлекеттің салықтық қызметі Қазакстан Республикасының салық жүйесі ауқымындағы салық салу процесін ұйымдастыруға және салық салуға байланысты барлык мәнжайларды (салықтар мен баска да міндетті төлемдердің шамасын және ставкаларын, салықтық төлем сомаларын есептеу және оларды бюджетке төлеу тәртібін, өздеріне қатысты заңи фактілер негізінде салықтық міндеттемелер жүктелген занды және жеке тұлғалардың шеңберін, салық жүйесінің барынша жұмыс істеу механизміндегі фискальдық және реттеуші функциялардың өзара іс-әрекетін, сондай-ақ олардың балансты болуын қамтамасыз етуге бағытталған, салықтық заң актілеріне негізделген, мемлекеттің объективті экономикалық кызметі болып табылады. Салықтар мемлекеттік кірістің (бюджеттің) ең мол түсім көздері болғандықтан олар қандай болмасын мемлекеттің өсіп-еркендеуінің материалдық ңегізі болып есептелінеді. Сондықтан салықтық қызмет мақсатының басты бағыты салықтардың көмегімен бюджетке кірістерді тарту арқылы мемлекеттің қазынасын калыптастыру және мемлекеттің функциялары мен қоғам мүдделерін акшалай қамтамасыз ету болып табылады. Бұл ретте мемлекеттік салықтық қызмет аясы коғамның әлеуметтік-экономикалық инфра-құрылымын кұруға бағытгалған іс-кимылдарды қамтиды.

Мемлекеттің салықтық қызметі;

1) Мемлекет  аумағындағы республикалық және  жергілікті бюджеттерге алынатын салықтар мен өзге де міндетті төлемдерді, олардың түрлерін, ерікті төлеу және мәжбүрлеп алу тәртібін белгілеу, салық жүйесі мен салықтық кұрылымдарды калыптастыру және олардың тиісінше жүмыс істеулерін камта-масыз ету, сондай-ақ қоғамның әлеуметтік-экономикалық аясын салықтық реттеу жөніндегі мемлекеттің біртұтас өзінің немесе өзі айрықша уәкілеттілік берген мемлекеттік органдарының кызметі ретінде;

2) Барлық  салық төлеушілердің өздеріне  тиесілі салықтық міндеттемелерін дұрыс орындауларына жағдай жасау, салық әкімшілігін толыққанды жургізу, оның ішінде салықтык тексерулердің жемісті жүзеге асырылуына баса назар аудару, сондай-ақ занда көзделген келеңсіз сәттердің орын алуына байланысты салықтарды мәжбүрлеп алу жөніндегі арнайы уәкілетті салық органдарының іс-қимылдары мағынасында сипатгалады. Салықтық қызмет өзара тығыз байланысқан қүқықтық және экономикалық катынастардың жүйесінен тұрады. Жоғарыда айтқандай, мемлекет тиісті заңдар мен басқа иормативтік-құкықтык актілерді қабылдауы аркылы салықтар мен міндетті төлемдерді белгілейді, өзгертеді, жояды және олардың уақтылы, белгіленген мөлшерде бюджетке түсуіне бақылау жүргізеді. Демек, салықтар мен өзге де міндетті төлемдердің белгіленуі және алынуы мемлекеттің салықтың қызметіне байланысты болады.

Информация о работе Бюджет, салық және ақша несие саясатын үйлестіру механизмі