Бюджет, салық және ақша несие саясатын үйлестіру механизмі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2011 в 15:02, курсовая работа

Описание

Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығында жеке ортақ ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге болады. Қоғамдық өнімді құндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталық-тандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы "мемлекеттік бюджет" ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды. Экономикалық қатынастардың жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджеттің объективті сипаты бар. Бөлудің дербес сферасы ретіндегі оның өмір сүруінің объективті қажетгігі ұлғаймалы ұдайы өндірістің қажеттіліктерімен, мемлекеттің табиғатымен және функциясымен байланысты.

Содержание

І Бюджет салық және ақша несие саясатының теориялық
негіздері.

1.1. Қазіргі салық жүйесіне сипаттама және бюджет салық саясаты......6

1.2. Ақша айналысы және ақша жүйесі........................................................9

1.3. Ақша-несие саясатының мәні мен құралдары.....................................13


ІІ Бюджет – салық және ақша-несие саясатының үйлестіру механизмі.

2.1. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі.........................................17

2.2. Салық органдарының қызмет етуінің шарттары мен
себептері және олардың Қазақстанның нарықтық
экономикасының аяқтанудағы ролі...........................................................22

2.3. Бюджет – салық және ақша-несие саясатының үйлестіру
механизмі.........................................................................................................30


Қорытынды..........................................................................................................34

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...............................................................36

Работа состоит из  1 файл

Бюджет салық және ақша несие саясатын үйлестіру механизмі..doc

— 217.00 Кб (Скачать документ)

   Егерде  ақша айналымының күтпеген, кездейсоқ  өзгерісі нақты айнымалылардың динамикасын сақтап қалса, онда пайыз мөлшер-лемесін қалыпты деңгейде ұстап тұратын саясат пайдаланылады. Бұл жағдайда ақша ұсынысы горизонтадды болады. V қисығының бұрыштық көлбеуіне байланысты ақшаға сұраныстың өзгерісі немесе ақша жиынына, пайыз мөлшерлемесіне әсер етеді. Орталық банк бір мезгілде ақша жиыны мен пайыз мөлшерлемесін тіркей алмайды. Мысалы, ақшаға сүраныс өскен кезде тұрақты пайыз мөлшерлемесін ұстап тұру үшін, банк ақша ұсынысын кеңейтеді, оны сұраныстың өсуіне байланысты пайыз мөлшерлемесін өте тез өсірмеу үшін жасайды. Монетарлық саясат өте күрделі табыстау механизмінен тұрады. Жалпы саясаттың тиімділігі өр бөліктің сапалы жұмысына төуелді. Ақша-несие саясатының төрт түрлі табыстау механизмін қарастыруға болады:

1)Орталық банк саясатының салдарынан нақты ақша ұсынысының       мәнінің өзгеруі;

  1. Ақша нарыгындағы пайыз мөлшерлемесінің өзгеруі;
  2. Пайыз мөлшерлемесінің динамикасына байланысты жиынтық шығындардың (әсіресе инвестициялық шығындардың) реакциясы;
  3. Жиынтық сұраныстың өзгеруіне байланысты өнім көлемінің өзгерісі.

   Ақша  ұсынысының өзгерісі мен жиынтық ұсыныс реакциясының арасыңда тағы екі аралық баспаддақ жатыр, осы жағдайлар соңғы нәтижеге көп ықпал етеді. Нарықтық пайыз мөлшерлемесінің өзгерісі экономикалық агенттердің қоржын активтерінің құрылымының өзгеруіне байланысты болады, ал бұл өзгерістер Орталық банктің ақша саясатын кеңейтуінің садцары. Мұндай саясаттың салдары ретіңде активтің басқа түрлерін сатып алу, несиесінің арзандауы, нәтижесінде пайыз мөлшерлемесінің төмеңдеуі байқалады.

   Ақша  нарығының реакциясы  қисығының  тікшелеу болуынан ақшаға сүраныстың сипатына, түріне тәуелді болады.

   Ақшаға  сұраныс пайыз мөлшерлемесінің өзгеруіне байланысты сезімтал болса, оңда ақша жиынының өсуіне, пайыз мөлшерлемесінің болымсыз өзгеруі әсер етеді. Және керісінше, ақшаға сұраныс пайыз мөлшерлемесінің өзгерісіне әлсіз әсер етсе, онда ақша ұсынысының өсуі пайыз мөлшерлемесінің едәуір төмендеуіне алып келеді. Келесі қадам, пайыз мөлшерлемесінің өзгерісіне байланысты жиынтық сұранысты түзету болады. Әдетте пайыз мөлшерлемесінің динамикасына инвестициялық шығындар әсер етеді деп есептеледі. Егерде ақша нары-ғында пайыз мөлшерлемесінің едәуір өзгерісі болды деп жорамаддасақ, онда пайыз мөлшерлемесінің динамикасына инвестициялық сүраныстың сезімталдығы байқалады. Басқа жағдайлар тұрақты болса, онда осы шарттан жиынтық табыстың мультипликаторлык мәнінің кеңейуі пайда болады.

   Табыстау  механизмі қадамдарының бұзылуына байланысты ақша саясатының төмендеуі немесе мүлдем нәтижесіз болуы мүмкін.

Мысалы, ақша нарығында пайыз мөлшерлемесінің болымсыз өзгерісі немесе пайыз мөлшерлемесіне жиынтық сұраныс реакциясының болмауы, өнім көлемі мен ақша жиынының арасыңдағы байланысты үзеді. Мұндай қүбылыс нарықтық экономикаға көшіп жатқан мемлекет-терде байқалады. Ақша саясатын жүргізуде табыстау механизмінің сапалы жұмысынан басқа да қиындықтар кездеседі. Орталық банктің пайыз мөлшерлемесін өзгертуі экономикаға әр уақытта дүрыс әсер өте бермейді, сондықтан да Орталық банк пайыз мөлшерлемесін бір тұрақты деңгейде ұстап тұру арқылы инвестицияны тұрақтандырады, демек мультипликатор арқылы өнім көлеміне әсер етеді. Егер экономикада өрлеу болса жөне жалпы ұлттық өнім өссе, онда ақшаға трансакциялық сұраныс өседі. Орталық банк ақша ұсынысын өсіруі қажет. Мұндай жағдай ЖҰӨ өсуін қосымша ынталандырады жөне инфляцияның пайда болуына әкеледі.

   Экономикадағы құлдырау және ақшаға сұраныстың азаюы жағдайында Орталық банк пайыз мөлшерлемесінің төмендеуін болдырмау үшін, ақша үсынысын азайтуы қажет. Бірақ мұндай жағдай жиынтық сұранысты төмендетіп, экономикадағы құлдырауды шиеле-ністіре түседі. Ақша-несие саясатының жанама әсерлерін де ескерген жөн. Мысалы, егерде Орталық банк ақша ұсынысын өсіру қажет деп есептесе, онда ол құнды қағаздар нарығынан облигация сатып алу арқылы ақша базасын кеңейте алады. Бірақ ақша ұсынысының өсуімен қатар пайыз мөлшерлемесі төмендей бастайды. Мұндай шаралардан кейін ақша мультипликаторы төмендейді, бұл жағдай ақша жиынын кеңейту тенденциясының төмендеуіне әсер етеді.

   Ақша-несие  саясаты көлемді сыртқы кешеуілдеуге ие бола алады (шешім қабылданғаннан бастап, нәтижеге дейін), өйткені экономикадағы инвестициялық белсенділік өзгерісіне байланысты пайыз мөлшерлемесі тербелістері ЖҰӨ көлеміне әсер етеді, мұндай құбылыстар ұзаққа созылады. Ақша-несие саясатының қазіргі кезеңдегі тиімділігі Орталық банктің саясатына деген сенімділікпен тығыз байланысты. Ақша-несие саясаты салық-бюджет жөне сыртқы экономикалық саясатпен тығыз байланысты. Егерде Орталық банк тұрақты айналым курсын ұстап тұруды көздесе, онда дербес, тәуелсіз ішкі ақша саясаты болуы мүмкін емес, өйткені айнымалы курсты ұстау мақсатындағы әрекеттер, валюталық резервтердің көбеюі және азаюы экономикадағы ақша жиынының озгеруіне өкеледі. (Мысалы валюта сатып алғанда экономикадағы ақша ұсынысы өседі.) Салық-бюджет және ақша саясаттарын бір-біріне сәйкес келтіру белгілі қиындықтарды тудырады. Егер мемлекет экономиканы мемлекеттік шығындарды көбейту арқылы ынталандырса, онда мүндай іс-әрекеттердің нәтижесі ақша сая-сатымен байланысты болады.  

Қорытынды

   Қорыта айтқанда Экономиканы реформалау 1-2 жылдың ішінде мүмкін еместігін баршамыз түсінеміз, сондықтан салық жүйесі де біртіндеп қалыптасады, түзеледі, ары қарай дамиды. Қазақстан Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді концепциясын қабылдады. Салықтың ең басты түрі болып табысқа салынатын салық, яғни пайда емес табыстан салық алынатын болды.   Салық салудың негізгі принциптері сақталып, салық салуда қарапайымдылық әділеттілік, салыстыру принциптері біршама өз шеішмін тапқан. Мемлекеттің салықтық қызметі Қазакстан Республикасының салық жүйесі ауқымындағы салық салу процесін ұйымдастыруға және салық салуға байланысты барлык мәнжайларды (салықтар мен баска да міндетті төлемдердің шамасын және ставкаларын, салықтық төлем сомаларын есептеу және оларды бюджетке төлеу тәртібін, өздеріне қатысты заңи фактілер негізінде салықтық міндеттемелер жүктелген занды және жеке тұлғалардың шеңберін, салық жүйесінің барынша жұмыс істеу механизміндегі фискальдық және реттеуші функциялардың өзара іс-әрекетін, сондай-ақ олардың балансты болуын қамтамасыз етуге бағытталған, салықтық заң актілеріне негізделген, мемлекеттің объективті экономикалық кызметі болып табылады. Ақша-несие саясаты көлемді сыртқы кешеуілдеуге ие бола алады (шешім қабылданғаннан бастап, нәтижеге дейін), өйткені экономикадағы инвестициялық белсенділік өзгерісіне байланысты пайыз мөлшерлемесі тербелістері ЖҰӨ көлеміне әсер етеді, мұндай құбылыстар ұзаққа созылады. Ақша-несие саясатының қазіргі кезеңдегі тиімділігі Орталық банктің саясатына деген сенімділікпен тығыз байланысты. Қазіргі таңдағы ақша нарығында пайыз мөлшерлемесінің болымсыз өзгерісі немесе пайыз мөлшерлемесіне жиынтық сұраныс реакциясының болмауы, өнім көлемі мен ақша жиынының арасыңдағы байланысты үзеді. Мұндай қүбылыс нарықтық экономикаға көшіп жатқан мемлекет-терде байқалады. Ақша саясатын жүргізуде табыстау механизмінің сапалы жұмысынан басқа да қиындықтар кездеседі. Орталық банктің пайыз мөлшерлемесін өзгертуі экономикаға әр уақытта дүрыс әсер өте бермейді, сондықтан да Орталық банк пайыз мөлшерлемесін бір тұрақты деңгейде ұстап тұру арқылы инвестицияны тұрақтандырады, демек мультипликатор арқылы өнім көлеміне әсер етеді. Егер экономикада өрлеу болса жөне жалпы ұлттық өнім өссе, онда ақшаға трансакциялық сұраныс өседі. Орталық банк ақша ұсынысын өсіруі қажет. Мұндай жағдай ЖҰӨ өсуін қосымша ынталандырады жөне инфляцияның пайда болуына әкеледі.

   Экономикадағы құлдырау және ақшаға сұраныстың азаюы жағдайында Орталық банк пайыз мөлшерлемесінің төмендеуін болдырмау үшін, ақша үсынысын азайтуы қажет. Бірақ мұндай жағдай жиынтық сұранысты төмендетіп, экономикадағы құлдырауды шиеле-ністіре түседі. Ақша-несие саясатының жанама әсерлерін де ескерген жөн. Мысалы, егерде Орталық банк ақша ұсынысын өсіру қажет деп есептесе, онда ол құнды қағаздар нарығынан облигация сатып алу арқылы ақша базасын кеңейте алады. Бірақ ақша ұсынысының өсуімен қатар пайыз мөлшерлемесі төмендей бастайды. Мұндай шаралардан кейін ақша мультипликаторы төмендейді, бұл жағдай ақша жиынын кеңейту тенденциясының төмендеуіне әсер етеді. 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.Артыкова Б., Назыкеева Б. «Саяси экономия» жоғарғы оқу орындарына

  арналған оқулық.    Алматы, 1990 жыл.

2. Әубәкіров,  Я.Ә.,  Абдуллаев  А.А. «Саяси экономия» Алматы  1991  ж.

3.Әубәкіров   «Экономика теория негіздері»  Алматы, 1999жыл.

4.Әубәкіров  Я.Ә., Байжұмаев Б.б.,  Жақыпова  Ф.Н., Т.П. Табаев «Экономикалық  теория»  Алматы, 1999жыл.

5.Дүйсенбаев  К. Ш., Э.Т. Төлегенов., Ж.Г. Жұмағалиева 

   «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау»  Алматы, 2001ж.

6. «Заң»   Республикалық құқықтық, ғылыми  практикалық 

    журнал  Астана 2000ж №9

7. Мельников  В.Д., Ілиясов К. «Қаржы» Алматы, 1994ж.

8. Мейірбеков  А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә.  Кәсіпорын  экономикасы. А, 2003ж.

9. Назарбаев  Н.Ә. Қазақстанның егеменді мемлекет  ретінде қалыптасуы 

    мен дамуының стратегиясы. Алматы, 1992ж.

10. Қазақстан  Республиксының еңбек туралы  заңы. Алматы 2000ж.

11.Үмбеталиев  А., Ғ. Керімбек  «Кәсіпорын экономикасы 

    және кәсіпкерлік»  Алматы, 2002ж.

12. Ілиясов  Қ.Қ., Құлпабаева С. Қаржы. Алматы, Алматы 2003ж.

13. Сейітқасымов Ғ.С. «Ақша, несие, банктер»  Алматы, 2001ж.

14. Сәбден  О., Тоқсанова А. Шағын кәсіпкерлікті басқару.А,2002ж. 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                            

АННОТАЦИЯ 

       Курстық жұмыста мемлекеттік  бюджет түсінігі, мәні мен құрылымы, бюджет тапшылығы мен артықшылығы  және Қазақстан Республикасындағы  мемлекеттік бюджет тапшылығының инфляциялық және инфляциялық емес қаржыландыру тәсілдері  қарастырылған.

        Курстық жұмыс 36 бет компьютерлік текстте берілген. Курстық жұмыстың негізгі 2-кестеден, 2-сызбадан және 14- қолданылған әдебиеттер ақпаратына негізделіп жазылған.  

Информация о работе Бюджет, салық және ақша несие саясатын үйлестіру механизмі