Бюджетті қаржыландыру және шығыстар есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2012 в 22:07, курсовая работа

Описание

Мен, өз курстық жұмысымда мемлекеттік шығыстардың экономикалық мәнін ашып қарастырдым. Яғни, шығыстардың қандай салаларға, не мақсатпен жұмсалатынын көрсеттім. Курстық жұмысымның негізгі бөлімі төрт тақырыптан тұрады.
Мемлекет шығыстары – бұл мемлекеттің жұмыс істеуімен байланысты ақша шығындары. Экономикалық категория ретінде олар қоғамдық өндірісті дамытып, жетілдіру, қоғамның сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жалпы ішкі өнімнің бір бөлігін бөлумен және тұтынумен байланысты экономикалық қатынастарды білдіреді.

Работа состоит из  1 файл

Бюджетті қаржыландыру және шығыстар есебі.doc

— 350.00 Кб (Скачать документ)


Кіріспе

 

Мен, өз курстық жұмысымда мемлекеттік шығыстардың экономикалық мәнін ашып қарастырдым. Яғни, шығыстардың қандай салаларға, не мақсатпен жұмсалатынын көрсеттім. Курстық жұмысымның негізгі бөлімі төрт тақырыптан тұрады. 

Мемлекет шығыстары – бұл мемлекеттің жұмыс істеуімен байланысты ақша шығындары. Экономикалық категория ретінде олар қоғамдық өндірісті дамытып, жетілдіру, қоғамның сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жалпы ішкі өнімнің бір бөлігін бөлумен және тұтынумен байланысты экономикалық қатынастарды білдіреді.

Мемлекеттің шығыстары – мемлекеттің қаржы саясатының маңызды құралы, оның орталықтандырылған және орталықтандырылмаған кірістерін пайдалануға байланысты болатын қаржы қатынастарының бір бөлігі. Мемлекет шығыстарының өзгешелігі сол, ол қызметтің тек мемлекеттік сферасының қажеттіліктерін қаматамасыз етеді. Сондықтан мемлекет шығыстарының мазмұны мен сипаты мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, басқару, қорғаныс және т.б. функцияларымен тікелей байланысты.

              Шаруашылық жүргізудің әр түрлі жүйесінде (нарықтық және әкімшіл-әміршіл) және тіпті экономика дамуының түрлі кезеңдерінде мемлекеттің рөлі, оның функциялары мен қызмет саласы өзгеріп отыратындықтан, бұған сәйкес мемлекеттің жасайтын шығыстарының құрамы мен көлемі тиісінше өзгеріп отырады.

              Мемлекеттік шығыстарының құрамына мемлекеттік бюджеттің, мемлекеттік бюджеттен тыс қорлардың, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың, өндірістік және өндірістік емес сфералар мекемелерінің шығыстары кіреді.

              Мемлекеттік сектордың кәсіпорындары шығыстарының құрамына мыналар кіреді:

1.      өндірістік, шаруашылық – пайдалану қызметімен байланысты шығындар;

2.      ұлғаймалы ұдайы өндіріске (негізгі құрал-жабдықтарға және айналым капиталдарына) жұмсалатын шығындар;

3.      бюджетке және бюджеттен тыс қорларға төленетін төлемдер;

4.      көтермелеу және ынталандыру қорларына аударылатын аударымдар.

Шығындардың бірінші тобы қорлардың (капиталдардың) толық айналымымен байланысты және өндіріс шығындарының орнын толтыру (өтеу) болып табылады және шартты түрде шығыстарға жатады. Сондықтан кәсіпорындар бойынша мемлекеттің шығыстары шығыстардың екінші және үшінші топтарын қамтиды.

Басқа категориялардың арасында мемлекет шығыстарының жайы мемлекеттік меншіктің маңызымен және мемлекеттің қазіргі жағдайындағы рөлімен анықталады. Мемлекет өндіріс құралдарының иесі болып табылады, өндірістік процестердің ұйымдастырушысы болып, жалпы қоғамдық өнімді жасауға және бөлуге қатысады және өзінің функциялары мен міндеттеріне сәйкес мемлекет шығыстарының жүйесі арқылы қоғамдық қажеттіліктердің едәуір бөлігін қанағаттандырады. Реформалау кезеңінде республика экономикасында мемлекеттік сектордың үлесі шұғыл төмендегенмен, бірақ тіпті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру бағдарламасының орындалып отырғанымен, бұл үлес 30-40% шегіде қалады, мұның өзі дамыған нарықтық қатынастарға сай келеді. Сондықтан «Мемлекеттің шығыстары» категориясы тұрақты экономикалық қатынастарды қамтып көрсетеді және келешекте өзінің маңызын сақтайды.

Мемлекет шығыстарының басым бөлігі қоғамдық тауарларды, игіліктерді және қызметтер көрсетуді өндіруге немесе олармен халықты қамтамасыз етуге бағытталады, бұл мемлекет шығыстарының рөлін айқындайды. әлеуметтік-мәдени мақсаттарға, қорғанысқа, құқық тәртібін қорғауға, басқаруға, мемлекеттің инфрақұрылымдық кәсіпорындары мен ұйымдарының өнімі мен қызмет көрсетулеріне жұмсалатын шығыстар мемлекет, сонымен бірге экономиканың нарықтық секторы тарапынан рыноктық тауарлармен және қызметтер көрсетумен қамтамасыз етуге қосымша ретінде халықтың  жалпы қажеттіліктерін қанағаттандыруы тиіс.

Бағыттары мен мақсатты арналымы бойынша шығыстардың барлық түрлерінің жиынтығы мемлекет шығыстарының жүйесін құрайды. Мемлекет шығыстарының басым бөлігі мемлекеттің бюджетке орталықтандырылған немесе мемлекеттік кәсіпорындардың қарамағында болатын қоғамның таза табысы есебінен жүргізіледі. Олар сондай-ақ өнімнің өзіндік құнына кіріктілетін амортизация сомасымен өтелуі мүмкін, бұл сома мемлекеттік шаруашылықтың өндірістік капиталдарын көбейту үшін қарастырылған күрделі жұмсалымдарға бағытталады. Мемлекет шығыстарының бір бөлігі салық төлемдері, қарыздардан түсетін түсімдер түріндегі халықтың қаражаттары есебінен жабылады. Мемлекет шығыстарын қаржыландыру үшін негізгі өндірістік капиталдарды көбейту және жетілдіру мақсатында және кейін кәсіпорындардың табыстарынан өтелетін банктердің ұзақ мерземді кредиттері тартылады.

 

 

 

 

 

 

 

             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі бөлім

 

І. Мелекеттің шығыстарының мәні мен құрамы

 

Мемлекеттің шығыстары – бұл мемлекеттің жұмыс істеуімен байланысты ақша шығындары. Экономикалық категория ретінде олар қоғамдық өндірісті дамытып, жетілдіру, қоғамның сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жалпы ішкі өнімнің бір бөлігін бөлумен және тұтынумен байланысты экономикалық қатынастарды білдіреді.

Мемлекеттің шығыстары – мемлекеттің қаржы саясатының маңызды құралы, оның орталықтандырылған және орталықтандырылмаған кірістерін пайдалануға байланыты болатын қаржы қатынастарының бір бөлігі. Мемлекет шығыстарының өзгешелігі сол, ол  қызметтің тек мемлекеттік сферасының қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Мемлекет шығыстарының мазмұны мен сипаты мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, басқару, қорғаныс және т.б функцияларымен тікелей байланысты.

«Шығыстар» ұғымының қос мағынасы бар: 

1.      ақша қаражаттарын олардың мақсатты арналымы бойынша пайдалану, яғни ақша қаражаттарын айырбас процесінде тікелей рәсуалау. Бұл жағдайда шығыстардың құрамына түпкілікті табыстардың есебінен жүзеге асырылатын өндірістік және өнідірістік емес сфера кәсіпорындары мен ұйымдарының халықтың шығыстары кіреді. Жалпы қоғамдық өнім үшін  қорға: орын толтыру қорына, қорлану қорына, тұтыну қорына ыдырайды.

2.      айырбас процесінде қаражаттарды нақтылы жұмсаудан бөлгіштік сипаттағы шығыстарды ажырата білген жөн, бұл шығыстар қаржы арқылы қалыптасады: жалпы мемлекеттік қорларды пайдаланған және кәсіпрындардың қорларын мақсатты арналым бойынша бөлген кезде; ақша шығыстары барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің түпкілікті табыстарын қалыптастыруының негізі болып табылады.

Бұл екі аспект «шығыстар» ұғымының оның «шығындар» ұғымына түрленген кездегі қарама –қайшылық пен күрделілікті қамтып көрсетеді: егер «шығыстар» түпкілікті рәсуаны, тұтынуды қажет ететін болса, «шығындар» есепке жатқызылатын алдымен келешектегі табысты немесе пайданы күтудегі шығындарды білдіреді.

Басқа категориялардың арасында мемлекет шығыстарының жайы мемлекеттік меншктің маңызымен және мемлекеттің қазіргі жағдайындағы рөлімен анықталады. Мемлекет өндіріс құралдарының иесі болып табылады. Өндірістік процестердің ұйымдастырушысы болады, жалпы қоғамдық өнімді жасауға және бөлуге қатысады және өзінің функциялары мен міндеттеріне сәйкес мемлекет шығыстарының жүйесі арқылы қоғамдық қажеттіліктердің едәуір бөлігін қанағаттандырады. Реформалау кезінде республика экономикасында мемлекеттік сектордың үлесі шұғыл төмендегенімен, бірақ тіпті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру бағдарламасының орындалып отырғанымен, бұл үлес 30-40 пайыз шегінде қалады, мұның өзі дамыған нарықтық қатынастарға сай келеді. «Мемлекеттің шығыстар» категориясы тұрақты  экономикалық қатынастарды қамтып көрсетеді және келешекте өзінің маңызын сақтайды.

Мемлекет шығыстарының басым бөлігі қоғамдық тауарларды, игіліктерді  және қызметтер көрсетуді өндіруге немесе олармен халықты қамтамасыз етуге бағытталады. 

Мемлекеттің функцияларын іске асыру мүмкін, егер де олар материалдық құралдармен қамтамасыз етілсе, себебі мемлекеттің іс - әрекеті мемлекеттік құралдардың тікелей шығыстарымен байланысты. Шығыстар нақты шығындардың көлемін көрсетеді. Бюджеттердің барлық деңгейлері бойынша мемлекеттік шығыстардың бір – бірімен өзара байланысты нақты түрлерінің  жиынтығы әрбір мемлекеттің бюджет шығыстар жүйесі болып табылады. Шығыстар жүйесін құру – құралдардың арнаулы бағыттау, үнемі режимі мен мемлекеттік құралдарды жұмсаудың қайтып оралмас принциптеріне негізделеді.

Мемлекеттік шығыстар мақсатты белгілеулер бойынша қатаң іске асыруға тіс, яғни бюджетте қарастырылған бағыттар бойынша. Құралдардың қайтып оралмас принципі негізінде әлеуметтік саланы қаржыландыруда пайдаланады. Экономиканың дамуын қаржыландыру да нәтижелік инвестиция орын алады. Үнем режимін сақтау принципі – ол  өз алды бюджет шығыстарын төмендетудің формалар мен әдістерінің жүйесі.  Бұл жүйе бюджет ресурстарын нәтижелі және тиімді пайдалануды іске асыруға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік бюджет шығыстары жүйесі бірнеше факторлармен шарттанады. Олардың ішінде  негізгі болып мемлекеттің табиғаты мен функциялары, елдің әлеуметтік – экономикалық даму деңгейі, мемлекеттің әкімшілік – аумақтық жайластырушылығы, бюджеттік құралдар беру формалары саналады. Мемлекеттік бюджет шығыстарының құрамы мен құырылым  олардың экономикалық мазмұны және жылпы ішкі өнімді бөлу жөніндегі мемлекет алдында тұрған мақсаттармен анықталады. Бюджет шығыстарының ел экономикасындағы  рөлі мен мәнін анықтау мақсатпен олар әр түрлі белгілер бойынша жіктеледі. Бюджет кодексінде бюджет жүйесінің барлық деңгейлері бойынша әрекеті бар бюджет шығыстарының жіктеуі тағайындалған.

Мемлекеттің барлық шығыстары негізінде мемлекеттік бюджетте шоғырланған құралдар арқылы қаржыландырыланады. Бұл шығыстарды қоғамдық қайта өндірістегі рөліне байланысты келесі  екі  топқа бөлуге болады:

            өндірістік қорларды ұлғайту мен өндірістің үздіксіз процесін қамтамасыз ету үшін

            қоғам мүшелерінің әлеуметті – мәдениеттік  мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін.

Бірінші топқа – мемлекеттік бюджеттің экономиканы қаржыландыруға бағытталған шығыстары жатады. Екінші топқа - әлеуметтік – мәдениеттік шараларды, білім беруді, ғылым, қорғаныс пен мемлекет басқаруды қаржыландыру үшін арналған бюджет шығыстары жатады.

Осы екі топ арасындағы арақатынас бюджеттің тиімділігін анықтайды. Экономиканың бәсеке қабілеттілігі дамуға бағытталған шығындардың деңгейі қаншалықты жоғары және бюджеттің тұтынушылық шығындары соған сәйкес төмен болса, соғұрлым бюджет құралдарын пайдалану тиімділігі жоғары болады. Бюджет құралдарын пайдалану тиімділігі бұл арада  мемлекеттік бюджеттің шығыстарын қалыптастыру әдістеріне, мемлекеттің жүргізіп жатқан әлеуметтік саясатына және елдің бүгінгі күнгі әлеуметті – экономикалық ахуалына байланысты.

Бюджет түрлері бойынша шығыстарды қалыптастыру ерекшеліктері олардың арнаулары маңында жатыр. Бюджет түрлері бойынша шығыстарды қалыптастырғанда келесі  негізгі факторларды есептеу қажет:

      басқару орнадары арасындағы функцияларды шектеу;

      мекемелердің бағынушылығы;

      мекемелердің іс - әрекет шекарасы;

      шығыстарды тиісті бюджетке апару;

Республикалық бюджеттің шығыстары келесі бағыттар бойынша қаржыландыру үшін қалыптасады:

-         жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер;

-         қорғаныс, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік;

-         құқықтық, соттық, құқық қорғау қызметтері;

-         білім беру;

-         денсаулық сақтау,

-         әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету;

-         мәдениет, спорт, туризм және ақпарат кеңістігі;

-         тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы;

-         ауыл, орман, су, балық шаруашылықтары мен қоршаған ортаны қорғау және жер қатынастары;

-         өнеркәсіп, құрылыс және жер қойнауын пайдалану;

-         көлік және коммуникация;

-         басқа да бағыттар.

 

(1.1. кесте) Республикалық бюджет шығыстарының көлемі мен құрылымы (2008ж)

 

 

Млн теңге

%

 

ШЫҒЫСТАР

773893

100,0

 

ШЫҒЫНДАР

734809

94,9

1

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызмет көрсетулер

44066

5,7

2

Қорғаныс

40435

5,2

3

Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік

73822

9,6

4

Білім беру

23241

3,0

5

Денсаулық сақтау

19105

2,5

6

Әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік көмек

202043

26,1

7

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

10321

1,3

8

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңестік

12879

1,7

9

Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану

8486

1,1

10

Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау

43040

5,6

11

Өнеркәсіп және құрылыс

1395

0,2

12

Көлік және байланыс

59663

7,7

13

Басқалар

68345

8,8

14

Борышқа қызмет көрсету

34338

4,4

15

Ресми трансферттер

93630

12,1

 

КРЕДИТТЕР

39085

5,0

Информация о работе Бюджетті қаржыландыру және шығыстар есебі