Бюджетті қаржыландыру және шығыстар есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2012 в 22:07, курсовая работа

Описание

Мен, өз курстық жұмысымда мемлекеттік шығыстардың экономикалық мәнін ашып қарастырдым. Яғни, шығыстардың қандай салаларға, не мақсатпен жұмсалатынын көрсеттім. Курстық жұмысымның негізгі бөлімі төрт тақырыптан тұрады.
Мемлекет шығыстары – бұл мемлекеттің жұмыс істеуімен байланысты ақша шығындары. Экономикалық категория ретінде олар қоғамдық өндірісті дамытып, жетілдіру, қоғамның сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жалпы ішкі өнімнің бір бөлігін бөлумен және тұтынумен байланысты экономикалық қатынастарды білдіреді.

Работа состоит из  1 файл

Бюджетті қаржыландыру және шығыстар есебі.doc

— 350.00 Кб (Скачать документ)

              Бұрынғы кезеңмен салыстырғанда шығыстардың құрылымында бюджеттік ресірстардың әлеуметтік бағыттылығы арта түсуде. Республикалық деңгейдегі білім беруді, денсеулық сақтауды, әлеуметтік сақтандыру мен қамсыздандыру  және басқа бағдарламаларды қамтитын әлеуметтік – мәдени шараларға жұмсалатын  тікелей шығындар барлық шығыстардың 60% асып отыр.

Осыған сәйкес, бірақ тиісті әкімшілік аумақтарға арналған шығыстар бағыттары төмен тұрған бюджеттер деңгейлері бойынша да қалыптасады. Жергілікті бюджеттер шығыстарының қалыптастыру бюджет колексімен, нормативті – құқықтық актілермен және тиісті мәслихаттар шешімдерімен реттеледі. Биліктің жергілікті органдарының аумақтардың экономикалық және қаржылық базаларын пайдалану жөнінде өкілеттік берілген. Әрбір бөлек әкімшілік – аумақтардың экономикалық базасы ретінде жергілікті тұрғындардың әлеуметті – экономикалық мұқтаждықтарын қамтамасыз ету үшін қажетті  кірістер көздері болатын меншікті мүлік пен оларға берілген объектілер саналады. Қаржылық база болып, меншікті бюджеттік құралдар мен жоғары тұрған бюджеттерден берілетін реси трансферттерден қалыптасатын қаржылық ресурстар табылады. 

Бюджеттің шығындары – қайтарылмайтын негізде бөлінетін бюджет қаражаттары. Шығындардың қатаң мақсатты арналымы болады.

Бюджет шығындары мынадай түрлерге бөлінеді:

1.      мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз ететін шығындар;

2.      тұрақты сипаты жоқ іс – шараларды ұйымдастыру мен өткізуге байланысты шығындар;

3.      мемлекеттік тапсырысқа арналған шығындар –мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында өндірілетін тауарларға  мемлекеттік органдардың ақы төлеуі;

4.      жеке тұлғаларға ақшалай төлемдер – қызметкерлерге еңбегі үшін ақшалай төлемдерден басқа, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жеке тұлғаларға ақша нысанындағы  төлемдермен байланысты шығындар;

5.      заңи тұлғаларға субсидиялар – мемлекеттік мекемелер және қоғамдық бірлестіктер болып табылмайтын  заңи тұлғаларды өтеусіз және қайтарусыз негізде қаржыландыру;

6.      ресми трансферттер – бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне, сондай – ақ Ұлттық қорға трансферттер төлеу және мемлекеттік міндеттемелерді  орындауға арналған шығындардың өзге де түрлері.

 

ІІ. Шығыстардың функционалдық сыныптамасы

Мемлекет функцияларының орындалуын, республиканың стратегиялық, орта мерзімді бағдарламалары мен даму жоспарларын iске асыруды бейнелейтiн функционалдық және ведомстволық белгiлер бойынша бюджет қаражатының жұмсалу бағыттарын айқындайтын барлық деңгейлердегi бюджеттер шығыстарының топтамасы бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы болып табылады.

Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасының топтамасы мынадай деңгейлерден тұрады: функционалдық топтар; функционалдық iшкi топтар; бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi; бюджеттік бағдарламалар және кiшi бағдарламалар.

Функционалдық топ елдің стратегиялық даму басымдықтарына сай келетін және олардың әрқайсысының айқын мақсатын көрсететін елдің негізгі даму бағыттарын көрсетеді. Сыныптамалық коды 2 белгіден тұрады.

Мемлекеттiк басқару органдары орындайтын функцияларға байланысты бюджет шығыстары мынадай функционалдық топтар бойынша сыныпталады:

01- Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

02- Қорғаныс

03- Қоғамдық тәртiп, қауiпсiздiк, құқық, сот, қылмыстық-атқару қызметi

04- Бiлiм беру

05- Денсаулық сақтау

06- Әлеуметтік көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру

07- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

08- Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiк

09- Отын-энергетикалық кешен және жер қойнауын пайдалану

10- Ауыл, cу, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары

11- Өнеркәсiп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi

12- Көлiк және коммуникациялар

13- Өзгелерi

14- Борышқа қызмет көрсету

15- Трансферттер

16- Қарыздарды өтеу

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ. Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы

Бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру үшін мемлекеттік мекемелер жүзеге асыратын операцияларды бейнелейтін экономикалық сипаттамалар бойынша бюджет шығыстарын топтастыру бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы болып табылады.

Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасын топтастыру мыналардан тұрады:

-         шығыстарды экономикалық белгілерi бойынша топтастыратын санаттар. Сыныптамалық коды 1 белгіден тұрады;

-         шығыстарды мемлекеттік мекемелер жүргiзетiн операциялардың негізгі түрлері бойынша топтастыратын сыныптар. Сыныптамалық коды 1 белгiден тұрады;

-         шығыстарды мемлекеттік мекемелер жүргiзетiн операциялардың негiзгi түрлері бойынша неғұрлым егжей-тегжейлi топтастыратын iшкi сыныптар. Сыныптамалық коды 3 белгiден тұрады;

-         бюджеттiк бағдарламаны iске асыру үшін мемлекеттік мекеме жүргізетін операцияның түрін айқындайтын ерекшеліктер. Сыныптамалық коды 3 белгіден тұрады.

Ерекшеліктердiң сыныптамалық кодтары шығыстардың экономикалық сыныптамасының жоғары тұрған деңгейлерiнiң сыныптамалық кодтарынан бөлек қолданыла алады және әртүрлі санаттарда, сыныптарда, iшкі сыныптарда қайталанбауға тиіс.

Экономикалық сыныптама мынадай санаттардан тұрады:

ағымдағы шығындар - мемлекеттік мекемелердің өз функцияларын жүзеге асыруға байланысты шығындары;

күрделi шығындар - негiзгi капиталды құруға, қалпына келтіруге немесе сатып алуға байланысты шығындар;

бюджеттік кредиттер - қайтарымды, мерзімді және ақылы негізде бюджеттен бөлiнетiн ақша;

қаржы активтерiн сатып алу - мемлекеттiк меншiкке заңды тұлғалардың, соның ішінде халықаралық ұйымдардың қатысу үлестерiн, бағалы қағаздарын сатып алу жөнiндегi операциялармен байланысты шығыстар;

қарыздарды өтеу - қарыздар бойынша негізгi борышты өтеуге жұмсалатын шығыстар.

Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының негізiнде бюджеттiк жоспарлау жөнiндегі орталық уәкiлеттi орган осы Ережеге сәйкес ерекшелiктердiң анықтамасы мен ерекшелiктер бойынша шығындардың тiзбесi көрсетiлетiн бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінiң құрылымын жасайды және бекiтедi.

Мемлекеттік мекеме ақша алушының біреуімен шығыстардың экономикалық сыныптамасының бірнеше ерекшеліктері бойынша шарт жасасқан жағдайда шартта жалпы соманы шығыстардың бюджеттік сыныптамасының әрбір коды бойынша бөле отырып көрсетеді.

Шығыстардың бюджеттік сыныптамасының әрбір коды бойынша шығыстардың экономикалық сыныптамасының мыналар:

131 "Тамақ өнімдерін сатып алу",

132 "Дәрі-дәрмектер және өзге де медициналық мақсаттағы құралдар сатып алу",

134 "Зат түріндегі мүліктік заттарды және басқа нысандық және арнайы киім-кешектерді сатып алу, тігу және жөндеу",

135 "Ерекше жабдықтар мен материалдар сатып алу",

139 "Өзге де тауарлар сатып алу",

411 "Негізгі құралдарға жататын тауарлар сатып алу",

412 "Үй-жайлар, ғимараттар мен құрылыстар сатып алу" ерекшеліктері үшін ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасының 50 пайызынан аспайтын мөлшерде аванстық (алдын ала) төлем жасауға жол беріледі.

Осы Ережеде көрсетілген шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері бойынша ерекшеліктер мен шығыстар түрлерін қоспағанда, осы тармақта көрсетілген тізбеге енбейтін шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері бойынша аванстық (алдын ала) төлемге ағымдағы қаржы жылына жасалған шарт сомасының 30 пайызынан аспайтын мөлшерде рұқсат етіледі.

Шығыстардың экономикалық сыныптамасының 149 "Өзге де қызметтер мен жұмыстар" ерекшелігі бойынша аванстық (алдын ала) төлемге ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасы мыналар:

-         ауруларды шетелде емдеуді көздейтін шығыстарды төлеу үшін 70 пайыздан;

-         алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдардың ауылда қызмет көрсетуін көздейтін шығыстарды төлеу үшін 50 пайыздан;

-         осы тармақта көзделген шығыстардың тізбесіне енбейтін шығыстарды төлеу үшін 30 пайыздан аспайтын мөлшерде рұқсат етіледі.

Шығыстардың экономикалық сыныптамасының 145 "Жылытқаны үшін ақы төлеу" ерекшелігі бойынша аванстық (алдын ала) төлемге ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасының 30 пайызынан аспайтын мөлшерде тек отын сатып алуға ғана рұқсат етіледі.

Шығыстардың экономикалық сыныптамасының 148 "Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберіндегі қызметтерді төлеу" ерекшелігі бойынша төлемге үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындаған кезде оларға ғана ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасының 50 пайызынан аспайтын мөлшерде рұқсат етіледі.

     Шығыстардың экономикалық сыныптамасының 141 "Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу", 144 "Электр энергиясына ақы төлеу" ерекшеліктері бойынша аванстық (алдын ала) төлемге рұқсат етілмейді.

 

 

 

IV. Шығыстарды бюджеттер деңгейлері арасында бөлу

Республикалық бюджеттiң шығыстары мына бағыттар бойынша қаржыландырылады:

 

1. Республикалық бюджеттiң шығыстары мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

2004.20.12 N 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 165-III (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 1) тармақша өзгертілді

1) жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызмет көрсетулер:

Қазақстан Республикасының Президентiн және оның отбасын қамтамасыз ету, оларға қызмет көрсету және күзету;

Қазақстан Республикасы Парламентiнiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң жұмыс iстеуi;

сайлаулар мен референдумдар өткiзу;

Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуын стратегиялық және орта мерзiмдi жоспарлау;

мемлекеттiк бюджеттi болжау және республикалық бюджеттi жоспарлау;

салық қызметi органдарының қызметi;

республикалық бюджеттiң атқарылуын және жергiлiктi бюджеттердiң есеп-кассалық қызмет көрсетуiн ұйымдастыру;

республикалық меншiктi басқару;

банкроттық рәсiмдерiн, оңалту рәсiмiн және таратудың соттан тыс рәсiмiн жүргізуді ұйымдастыру;

мемлекеттiк сатып алудың бiрыңғай жүйесiн ұйымдастыру;

мемлекеттiк қаржы бақылауы;

кеден қызметi;

мемлекеттiң сыртқы саяси қызметi;

iргелi ғылыми зерттеулер жүргiзу;

мемлекеттiк статистикалық есеп;

мемлекеттiк қызметтiң бiрыңғай жүйесiн ұйымдастыру;

ғылыми кадрларды мемлекеттiк аттестаттау;

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қызметтiң әртүрлi салалары мен аяларында мемлекеттiк сыйлықтар беру және мемлекеттiк наградалармен марапаттау;

Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу;

2004.20.12 N 13-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

2) қорғаныс, қоғамдық тәртiп, қауiпсiздiк:

мемлекеттiң қорғанысын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

орталық атқарушы органдар өткiзетiн жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру;

мемлекеттiк материалдық резервтердi қалыптастыру және сақтау;

ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;

терроризмге және экстремизм мен сепаратизм көрiнiстерiне қарсы күрес;

мемлекеттiк құпиялардың қорғалуын қамтамасыз ету;

облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана және аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнен қаржыландырылатын iс-шараларды қоспағанда, жалпыға бiрдей әскери мiндеттi орындауға байланысты iс-шараларды ұйымдастыру;

облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетiнен қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында қоғамдық тәртiптi қорғау және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;

табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы қызметтi ұйымдастыру;

жаhандық немесе аймақаралық ауқымдағы төтенше жағдайлардың алдын-алу және оларды жою;

кәсiби авариялық-құтқару қызметтерiнiң iс-әрекетiн ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

мемлекеттiк өртке қарсы күрес қызметiнiң жұмысын қамтамасыз ету;

азаматтық қорғаныс жүйесiн ұйымдастыру;

азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарына мемлекеттiк кадастр жүргiзу;

экономикалық және қаржы салаларындағы құқық қорғау қызметi;

 

3) құқық, сот, қылмыстық-атқару қызметi:

әдiлет саласындағы қызмет;

азаматтар мен мемлекеттiң мүдделерiн құқықтық қорғау;

заңдылықты және құқық тәртiбiн қамтамасыз ету;

мемлекеттiк құқықтық статистика және арнайы есепке алу;

сот сараптамасы қызметi;

Информация о работе Бюджетті қаржыландыру және шығыстар есебі