Бюджетті қаржыландыру және шығыстар есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2012 в 22:07, курсовая работа

Описание

Мен, өз курстық жұмысымда мемлекеттік шығыстардың экономикалық мәнін ашып қарастырдым. Яғни, шығыстардың қандай салаларға, не мақсатпен жұмсалатынын көрсеттім. Курстық жұмысымның негізгі бөлімі төрт тақырыптан тұрады.
Мемлекет шығыстары – бұл мемлекеттің жұмыс істеуімен байланысты ақша шығындары. Экономикалық категория ретінде олар қоғамдық өндірісті дамытып, жетілдіру, қоғамның сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жалпы ішкі өнімнің бір бөлігін бөлумен және тұтынумен байланысты экономикалық қатынастарды білдіреді.

Работа состоит из  1 файл

Бюджетті қаржыландыру және шығыстар есебі.doc

— 350.00 Кб (Скачать документ)

              Мемлекеттік шығыстар мақсатты белгілеулер бойынша қатаң іске асыруға тиіс, яғни бюджетте қарастырылған бағыттар бойынша іске асырылады. Бюджет кодексінде бюджет жүйесінің барлық деңгейлері бойынша әрекеті бар бюджет шығыстарының жіктеуі тағайындалған. Мемлекеттің барлық шығыстары негізінде мемлекеттік бюджетте шоғырланған құралдар арқылы қаржыландырылады. Бюджетті қаржыландыру бюджет кодексімен, нормативті-құқықтық актілермен және тиісті маслихаттар шешімдерімен реттеледі.

Қорыта айтқанда, мемлекеттің шығыстарын қаржыландырудың мақсатты сипаты мемлекеттің қаражаттарын қатаң белгілі бір шараларға пайдалануды талап етеді. Мұның негізінде ұлттық шаруашылықтың және аймақтың жекелеген салаларын дамытуда үйлесімділіктерге жету, қаржылардың ең алдымен ғылыми-техникалық процесті айқындайтын неғұрлым перспективті және прогрессивті салаларға бөлу және аса маңызды әлеуметтік проблемаларды шешу қамтамасыз етіледі.

Шығыстар бойынша бюджетті атқару маңында бюджеттік құралдар арқылы қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламаларды орындауға бағытталған шараларды іске асыру түсініледі.

Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері бойынша бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарлар бюджетті атқару жөніндегі негізгі құжаттар болады, себебі бұл құжаттарда паспорттармен қарастырылған шараларды іске асыру үшін мемлекеттік мекемелердің міндеттемелерді қабылдауға құқы бар бюджеттік құралдар көлемінің шекті мөлшері анықталады.

Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар  - бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып отырады. Олар құндық бөліністің жеке көздерін білдіреді. Категориялардың екеуі де бюджеттің өзі сияқты  объективті және олардың өзгеше қоғамдық арналымы болады: кірістер мемлекетті қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз етеді, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпы мемлекетік қажеттіліктерге  сәйкес бөледі.   Бюджеттің түсімдері кірістер, бюджеттік кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер, сондай – ақ мемлекеттік қарыздар, ал оның шығыстары, шығындар, бюджеттік кредиттер, қаржы активтерін сатып алу, қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу болып табылады.

Кірістер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы нақты әлеуметтік – экономикалық және тарихи жағдайларда жүзеге асырылатын мемлекеттік бюджет және салық саясатын  жүргізудің бағыттарына  байланысты болады. Бұл кезде мемлекет белгілі бір жағдайларда  кірістерді қалыптастырудың және шығыстарды  жұмсаудың қолайлы нысандары мен әдістерін пайдаланады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

1.                       Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі

2004 ж. 24 сәуірдегі № 548-II

 

2.                       «Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерге арналған бухгалтерлік құжат нысандарының альбомын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық департаментінің             1998 жылғы 1 желтоқсандағы № 548 бұйрығы

 

3.                       Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы                      20 наурыздағы № 225 Қаулысы

 

 

4.                       (2007.20.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулық бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі қазынашылық департаментінің 1998 ж. 27 қаңтардағы № 30 бұйрығы

 

5.                       «2007 жылға арналған республикалық бюджеттің облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне денсаулық сақтауға бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерін пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы                   26 қаңтардағы № 59 Қаулысы

 

6.                       Б.С.Өтебаев, Мемлекеттік бюджет, Алматы экономика 2006ж

 

7.                       С.Құлпыбаев, Қаржы, Алматы 2009ж

3

 



Информация о работе Бюджетті қаржыландыру және шығыстар есебі