Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2012 в 19:07, курсовая работа
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Инвестиция саласындағы нарықтық өзгерістердің ұзақ мерзімге арналған бағыттарын белгілейтін инвестициялық стратегияның басты жолдары еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауларында көрсетіп берді. Сонымен қатар, қазіргі кезеңдегі инвестициялық саясаттың басымдық таңдаулары мен күрделі қаржыны пайдаланудың мәселелері, оның тиімділігі туралы мәселелер Қазақстандық ғалымдар еңбектерінде жан-жақты талданған.
Кіріспе
І. ҚР-ның инвестициялық стратегиясы және оның теориялары
1.1. Инвестицияның мәні, мазмұны мен пішіндері
1.2. Инвестицияның көздері және оның нарықтық экономикада атқаратын рөлі
1.3. Инвестиция қолданып экономиканы көтерудегі дүниежүзілік тәжірибе
ІІ. ҚР-ның инвестициялық саясаты және оның нарықтық экономика шартындағы жүзеге асырылуы
2.1. «Қазақстан-2030» стратегиясындағы инвестиция мәселелері
2.2. ҚР-ның инвестицияны игерудің басталуы мен қалыптасу сатыларына талдау
2.3. ҚР-ның нарықтық экономика шартындағы инвестициялық құрылымын талдау және жүзеге асырылуы (ҚР-ның шетел инвестициялары)
ІІІ. ҚР-дағы корпорацияның инвестициялық саясаты
3.1. Қазақстандағы біріктірілген корпорациялық құрылымдардың инвестициялық саясаты
«Қазына», «Самрұқ»
3.2. Қазақстандағы біріктірілген корпорациялық құрылымдардың инвестициялық қорларды қалыптастыру және жетілдіру жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымша А
Нақтылық инвестиция дегеніміз – шаруашылық субъектісіндегі белгілі бір материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активтердің өсуіне, дамуына жұмсалу үшін салынатын салымдар болып табылады.
Қаржылық инвестиция дегеніміз – акционерлік қоғамдар немесе мемлекет шығарған акцияларға, облигацияларға және басқадай құнды қағаздарға банктердің депозиттеріне салынған салымдар болып табылады.
Қандай да бір кәсіпкер құрылысты салу үшін қаржы керек етеді. Мұндай жағдайда құрылыс нақты инвестицияның объектісі болып табылады. Кәсіпкер бұл құрылысты қаржыландыру үшін өзінің акцияларын шығарып, басқа біреулерге сатуы мүмкін. Сөйтіп бұл мысалда кәсіпкердің құрылысқа салған салымы нақты инвестиция, ал қатысушының акцияны сатып алуға жұмсаған шығыны қаржылық инвестиция болып саналады.
Жоғарыда аталған
Қаржылық инвестициялар иелену мерзіміне қарай мынадай категорияларға жіктеледі:
а) қысқа мерзімдік – иелену мерзімі 1 жылға дейін;
ә) ұзақ мерзімдік – иелену мерзімі 1 жылдан артық.
Жылжымайтын мүліктерге
1.3. Инвестиция қолданып экономиканы көтерудегі дүниежүзілік тәжірибе
Еліміздің нарықтық экономикалық жолымен дамуы барысында қаржылық салымдардың маңызы зор. Ал біздің еліміздің экономикасын көтеру үшін қаржылық инвестицияны тарту бүгінгі күні аса қажетті болып отыр. Қазақстан Республикасының қаржы нарығы әлемдік деңгейде жаңадан бой көтеріп келе жатқан қаржы нарықтарының қатарына жатады, ал қаржы нарығы келесі нарықтардан пайда болады:
Қаржы нарығының айрықша
Іс жүзінде акция, облигация және басқа да бағалы қағаздарын шығару арқылы капиталды тартуды көздейтін заңды тұлғалар эмитент – деп аталады және сонымен қатар олар бағалы қағаздарды иемденушілердің алдында белгілі бір жағдайда борышты болып табылады.
Эмитент ретінде кім болғанына байланысты бағалы қағаздар мемлекеттік, муниципалдық және кооперативтік болып үш түрге бөлінеді.
Мемлекеттік құнды қағаздар - бағалы қағаздардың бұл түрі Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес мемлекеттің сыртқы және ішкі қарыздарына байланысты шығарылады. Сонымен қатар бағалы қағаздың бұл түрі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мекемесімен эмитенттелінетін бағалы қағаз болып табылады. Үкімет өз атынан бағалы қағаздардың бұл түрін шығара отырып, Республикалық бюджеттің тапшылығын қысқартуға, инфляцияны болдырмауға тырысады. Осыған сәйкес Ұлттық Банк мекемесі айналымдағы ақша қаражаттарының қозғалысын реттеуді көздейді. Мемлекеттік бағалы қағаздардың мынадай түрлері бар:
Муниципалды құнды қағаздар - бағалы қағаздардың мұндай түрі жергілікті бюджетпен эмиссияланатын жергілікті атқарушы органдар шешімімен шығарылады. Бағалы қағаздардың бұл түрін шығарудағы басты мақсат – құрылыс, яғни ауруханалар салу үшін, бала - бақшалар мен мектептер, тұрғын үйлер, жолдардың жағдайларын жақсарту, аймақтың әлеуметтік мәселелерін шешу және тағы басқалар болып табылады.
Кооперативтік құнды қағаздар – шаруашылық субъектілерінің заң күшіне сүйене отырып, жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін шығаратын бағалы қағаздарын кооперативтік бағалы қағаздар деп атайды. Бағалы қағаздардың бұл түрін көп жағдайларда акционерлік қоғамдар шығарып және олар эмитент ретінде тіркеледі.
Бағалы қағаздарды жалпы мына төменде аталғандай екі топқа бөлуге болады:
а) ақшалай;
б) капиталды.
ІІ. Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаты және оның нарықтық экономика шартындағы жүзеге асырылуы
2.1.
«Қазақстан 2030 - Стратегиясындағы»
инвестиция мәселелері
Аса маңызды әлемдік проблемаларға соғыс және бейбітшілік, экономиканы халық тұтынатын азаматтық өнімдерді өндіруге көшу проблемалары жатады.
Адамзаттың
әлемдік проблемаларын шешу үшін,
әлемдік деңгейдегі барлық күш –
жігерді біріктіру қажет. Әлемдік
экономикада аса ірі
Қазақстан Республикасының
Қалың бұқараға «географиялық» деген термин түсінікті, ал «геосаяси» туралы да әдебиеттерде көп айтылып, жазылып жүрсе «геоэкономика» деген ұғым құлаққа да, көңілге де әлі етене таныс емес. Шынында, бұл мүмкіндік әлемдік қоғамдастықты, соған жетудің, сондай кеңістікке өмір сүрудің 2030 - жылдардағы мұраты. Ол мүмкіндік біздің Еуразия аймағындағы жолдардың түйіскен торабында орналасқан географиялық жағдайымыздан туындайды. Әлемдік экономикалық және саяси процестердің ауқымдану процесі осы факторды түйінділерінің қатарына қосады. Біздің балаларымыз түркі халықтарының біртұтас отбасы құрамында осы маңызды стратегиялық факторды өздері үшін тиімді пайдалана білді: атақты Жібек жолы бойымен Еуропа және Азия елдері арасында кең ауқымды сауда арнасы ұйымдастырылған болатын. Сөз жоқ келешекте Еуропа мен Азия арасында сауда, қаржы ағысы жүйесі мен адамдардың көші – қоны ұлғая түседі», - делінген «Қазақстан - 2030» стратегиясында].
Геоэкономикалық процестің
2.2.
Қазақстан Республикасының
инвестицияларды игерудің
басталуы мен қалыптасу
сатыларына талдау
Қазақстан Республикасына шетел инвестициясын тарту 1992 жылдан басталды. Алғашқы экспорттық несиені Австрия мен Германия үкіметтері берді. 1993 - 1995 жылдары республика экономикасын жүйелі қайта құруды жүргізу (STF) және макроэкономикалық тұрақтылық пен реформаны қамтамасыз ету (Stand by) бағдарламалары бойынша халықаралық валюта қорымен келісім жасалды.
1992-1995 жылдары Қазақстан шетелдерден техникалық көмек түрінде 270 млн. доллар алды. Мұның ішінде МБРР (ХДККБ) – 6 млн. доллар, БҰҰ бөлімшелерінен – 4 млн., ЕС (ЕО) – 80 млн., ЕБРР (ЕДККБ) – 3 млн., USAID жобасы (Арал, Қызылорда) – 4 млн. доллар бөлді. Қазақстанда шағын бизнесті дамыту үшін Еуропа банкісі 77,5 млн. доллар беруге әзір. Жалпы республика экономикасындағы құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыруға 9 млрд. АҚШ доллары қажет.
Қазақстанның әлемдік, экономикалық рынокқа шығуының айқын көрінісі ірі тарнсұлттық корпорациялардың, біріккен кәсіпорындардың қанат жаюы. Айталық САМСУНГ корпорациясы біздің экономикаға 1 млрд. доллар инвестиция жұмсады. «Теңіз - Шевройл» жөнінде әрбір республика тұрғыны хабардар. Әлемнің назары – Каспий теңізі мұнайын, Батыс Қазақстандағы Қарашығанақ газын игеру. Қытай халық республикасы мұнай құбырын 60 айда бітіруге, оны салуға 3,5 млрд. доллар жұмсауға әзір. Ал АҚШ-тың қызығушылығын туғызған мәселе – Қарашығанақты игеру. Мұндағы акционерлік қоғам бақылау пакетіндегі Ресей Лукойл компаниясының үлесі – 15%, «Аджип Бритиш газ» - әрқайсысы 32,5, Техас үлесі – 20%.
Сөйтіп, Қазақстан халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіне шыңдап ене бастады. 2030 - жылдарға дейінгі стратегиялық дамуы барысында біздің республика өзінің сыртқы экономикалық қатынастарын Ресеймен, Қытаймен және Ислам, Орта Азия мемлекеттері, Таяу және Орта Шығыс елдерімен де тереңдетеді. «2030 - жылы біздің ұрпақтарымыз бұдан былай әлемдік оқиғалардың қалтарысында қалып қоймайтын елде өмір сүретін болады. Олардың Қазақстанда Еуразия орталығы бола отырып, жедел өркендеп келе жатқан үш аймақтың – Қытайдың, Ресей және Мұсылман әлемінің арасындағы экономика мен мәдениетті байланыстырушы буын рөлін атқаратын болады.»
Сондықтан да стратегиядағы жеті ұзақ мерзімді басымдықтардың алғашқысы – ұлттық қауіпсіздікке қол жеткізудің басты факторы – «көршілерімізбен берік және достық қарым-қатынаста болуға тиіспіз». Ал ұзақ мерзімді жеті басымдықтың үшіншісі – «Шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу». Халықаралық экономикалық қатынастардың қанат жаюы – объективті процесс. Мұның басты негіздері – қоғамдағы еңбек бөлінісінің тереңдеуі, тауарлардың көп өндірілуі және қажеттіктердің ұлғаюында жатыр. Әсіресе тауар өндірісі мен әлемдік рыноктың мүмкіндігі, экономикалық кеңістік пен инфрақұрылымдардың өркендеуі халықаралық байланысытрға кең жол ашады. Адамзат қоғамының дамуы барысында біздің республиканың да сыртқы қатынастары өрістеп келеді, оларға өндіргіш күштердің өсуі, меншіктің көп түрлілігі оңды ықпал жасауда. Көшпелі халықтар үшін ақша - тауар қатынастары өте ыңғайлы, сондықтан Қазақстан әр кезде сыртқы саудаға мән берген. Ұлы жібек жолының бойында орналасқан Қазақстан республикасы шетелдермен қарым-қатынасқа, дамыған мемлекеттердің инвестициясын пайдалануға ерекше назар аударуда.
Мемлекет қазіргі таңда шетелдік капиталды кең көлемде тарта түсуге, осы үшін кешенді қолайлы факторларды орнатуға бағыт ұстап отыр. Қазақстандағы салымның іс-әрекет қаржыландырудың ішкі және сыртқы көздерінің арқасында өндіру процесін жандандыруға бағытталған.
Әлемдік банктің Қазақстанда салым үшін ең қолайлы әлемнің 20 елінің санатына ендіруі ел экономикасының дамуына берілген жақсы баға деуге болады. Осы орайда атап өтер болсак, тәуелсіздігімізді жариялағалы бергі жылдар аралығында ел экономикасына АҚШ-тың 21 млрд. долларынан астам қаржы тартылды.
Қазақстанның
бүгінгі күнде әлемдік