Кәсіпорынның инвестициялық саясаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2012 в 19:07, курсовая работа

Описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Инвестиция саласындағы нарықтық өзгерістердің ұзақ мерзімге арналған бағыттарын белгілейтін инвестициялық стратегияның басты жолдары еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауларында көрсетіп берді. Сонымен қатар, қазіргі кезеңдегі инвестициялық саясаттың басымдық таңдаулары мен күрделі қаржыны пайдаланудың мәселелері, оның тиімділігі туралы мәселелер Қазақстандық ғалымдар еңбектерінде жан-жақты талданған.

Содержание

Кіріспе
І. ҚР-ның инвестициялық стратегиясы және оның теориялары
1.1. Инвестицияның мәні, мазмұны мен пішіндері
1.2. Инвестицияның көздері және оның нарықтық экономикада атқаратын рөлі
1.3. Инвестиция қолданып экономиканы көтерудегі дүниежүзілік тәжірибе
ІІ. ҚР-ның инвестициялық саясаты және оның нарықтық экономика шартындағы жүзеге асырылуы
2.1. «Қазақстан-2030» стратегиясындағы инвестиция мәселелері
2.2. ҚР-ның инвестицияны игерудің басталуы мен қалыптасу сатыларына талдау
2.3. ҚР-ның нарықтық экономика шартындағы инвестициялық құрылымын талдау және жүзеге асырылуы (ҚР-ның шетел инвестициялары)
ІІІ. ҚР-дағы корпорацияның инвестициялық саясаты
3.1. Қазақстандағы біріктірілген корпорациялық құрылымдардың инвестициялық саясаты
«Қазына», «Самрұқ»
3.2. Қазақстандағы біріктірілген корпорациялық құрылымдардың инвестициялық қорларды қалыптастыру және жетілдіру жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымша А

Работа состоит из  1 файл

кәсіпорынның инвестициялық саясаты.doc

— 193.50 Кб (Скачать документ)

    —   біріктірілген корпорациялық құрылымдар қатысушыларының бас компания қатысушыларынан қаржы тәуелділігінің деңгейі;

    — бас компания мен еншілес компания /осы немесе өзге өкілеттіктерді беру дәрежесі/ арасындағы шарттық қатынастарының мазмұны;

    — біріктірілген корпорациялық құрылымдардың инвестициялық қызметі қаржы институттарының нақгы операцияларын орындауга мамандандырылған технологиялық өзара байланысты дамыған желісі болған кезде ғана мүмкін болатын өндірістік жэне қаржы инвестицияларының кең спектрімен сипатталады;

    —  күрделі жүйе ретінде біріктірілген корпорациялық құрылымдардың инвестициялық саясаты олардың бюджет саясатымен тікелей байланысты. Бұл жерде ұзақ мерзімді инвестициялық саясат онын шеңберінде әрбір еншілес компания үшін инвестициялық қамтамасыз ету шегі белгіленетін бас компания бюджетімен сәйкес келуі тиіс екендігі ескеріліп отыр;

    — ұстаушысы бас комнания болып табылатын олардың капиталына бақылауды жоғалту мен акциялар пакетінің жұмысталуына жол бермеу мақсатында қарыз қаражатын /облигациялар шығарылымы, несиелерді алу/ тарту жөніндегі операциялар мен еншілес компаниялар акцияларының эмиссиясы бас компания арқылы бақылануға тиіс;

    -   біріктірілген корпорациялық құрылымдар шеңберінде жекелеген  кәсіпорындардың  инвестициялық қызметі өзара несиелендіруге құрылуы мүмкін. Қаржы - өнеркәсіп топтарының жекелеген қатысушьшары өз қызметі үдерісінде елеулі қаражатты шоғырландыруына және оларды сыртқы кредиторларға қарағанда біршама жеңілдік жағдайларда БКҚ кәсіпорындары қатысушыларының пайдалануына беруіне болады;

    -    біріктірілген корпорациялық қүрылымның каржы нарықтарында ақша каражатын орналастыру шығындарын үнемдеу есебінен біршама ұтымды қаржы және өңдірістік өзара іс-қимыл болуы мүмкін, өйткені ішкі құрылымдардың осы операцияларды жүргізуі делдалдар мен брокерлерге комиссиялық төлемдерге шығындарды жояды.

    Сыртқы  инвесторды тартудың негізгі көзі ретінде шетелдік инвестициялары бар кәсіпорындарды карастыруға болады. Қаражатты тартудың осы нұсқасы біріктірілген корпорациялық құрылымдардың жаңартпалық бағдарламаларын іске асыруға біршама қолайлы болып табылады, ол кәсіпорындарға қажетті импорт жабдығын алуға және өндірістің жаңа технологияларын игеруге мүмкіндік береді.

    Инвестициялық ресурстарды шоғырландыру, осы қаражатты инвестициялау бағыты мен тетіктері сияқты БКҚ - ның инвестициялық саясатының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

    Біріктірілген корпорациялық құрылымдардың қызметі қалған атқарымдық стратегия және солармен өзара байланыстылар сияқты оның дамуының жалпы стратегиясы негізінде калыптастырылады. Инвестицияларды пайдаланудың негізгі бағыттары ретінде мыналарды карастыруға болады:

    - өндіріске инвестициялар /кәсіпорындарды техникалық қайта жарақтау, кайта қалпына келтіру, айналым қаражатын толықтыру/;

    - жаңа өндірістік кәсіпорындарды сатып алу арқылы біріктірілген корпорациялық құрылымдарды әртараптандыру;

    -    инвестициялық компаниялардың кор қоржынын қалыптастыруы;

    -    жылжымайтын мүлікке салым;

    -   депозит салымдарына қаражатты орналастыру;

    - біріктірілген корпорациялық құрылымдардың  қаржы - несие мекемелерінен сыртқы несиелерді беруі. 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Қорытынды 

    Қазақстан Республикасының біріктірілген корпорациялық құрылымдарының инвестициялық қоржынын мультипликатор әсеріне барынша жоғары пайдалану үшін қалыптастыру қажет. Бұл үшін барлық инвестициялық жобалар енгізу мерзіміне қарай үш топқа саралануы тиіс: қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді.

    Қор коржынын қалыптастыру негізіне кірістіліктен басқа да өлшемдері жатқызылуы мүмкін:

    а) біріктірілген корпорациялық құрылымдардың ықпал ету аясының кеңеюі. Осы мақсатга мыналардың акциялары сатып алынады:

    —      нарықта монополия жағдайына ие бірегей кәсіпорындардың;

    —     өнімдері  біріктірілген корпорациялық құрылымдарға кіретін сауда компаниялары үшін негізгі болып табылатын кәсіпорындардың;

    —     біріктірілген корпорациялық құрылымдардың  салалық құрылымын толықтырушы кәсіпорындардың;

    б) жеке байланыстардың болуы, біріктірілген корпорациялық құрылымдар басшыларының қаржы жағдайы қаржы тұрақтылығымен ерекшеленбейтін кәсіпорын акцияларын сатып алуға дайындығы;

    в)  кәсіпорындардың банкіге немесе бас компанияға мерзімі өткен ірі  берешегі.  Мұндай жағдайда біріктірілген корпорациялық құрылымдардың басшышлары кредитті берудің басқа тәсілін көрмейді, борышқорлардың кәсіпорыннын акцияларын сатып ала отырып, оларға тікелей бақылау орнатады.

    Инвестициялаудың жалпы стратегиясына және дәстүрлі бағыттарына сәйкес біріктірілген корпорациялық құрылымдардың негізгі бағыттарын қалыптастыра отырып, тиісті бағыттар бойынша инвестициялаудың объектілерін іздеуге көшуі қажет. Оларды қалыптастыру тәртібі мына түрінде көрінуі мүмкін:

    —   бас компания мен тәуелсіз консалтингтік фирмалардың көмегі арқылы біріктірілген корпорациялық қүрылымдардың кәсіпорындары мен ұйымдары сыртқы инвестициялық орта жағдайын бағалау бөлігінде маркетингтік зерттеулер жүргізеді. Осы сәтте біріктірілген корпорациялық құрылымдардың осы қатысушысының құзыреті саласында біршама өзара тиімді капитал салымы саласын іздеу ескеріліп отыр. Бұл ретте экономиканың осындай және өзге салаларының даму болашағы, әлеуетті тұтынушылардың мүмкіндіктері мен қажеттіліктері ескеріледі.

       Сонымен, инвестиция – экономикалық дамудың жоғары және тұрақты қарқынын қалыптастыруды, ғылыми – техникалық прогресс жетістіктерін енгізуді, инфрақұрылымды дамытуды көздейді.            Табысқа: проценттер, роялти, дивидендтер, қысқа және ұзақ мерзімді инвестициялар бойынша жылдық төлемдер; қысқа мерзімді қаржылық инвестициялардың шығуының қаржылық нәтижелерін; ағымдағы құнмен есептелген, қысқа мерзімді инвестициялар бойынша жүзеге асырылмаған табыстар мен зияндар; қысқа мерзімді қаржылық инвестицияларды сатып алу және ағымдағы құнының ең төменгі бағасы бойынша көрсету қажеттілігін жүзеге асыратын ағымдағы құнға дейін төмендеуі және құнының керісінше өзгеруі; мерзімді қаржылық инвестициялар құнының төмендеуі; ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар құнының сөзсіз төмендеуінен түсетін табыстар түріндегі инвестициялардан түсетін түсімдер кіреді. 

           Инвестицияны дамытуда ерекше рольді кәсіпорындарды қаржыландыруға және ұзақ мерзімге несие беруге мамандырылған салымдық банктер мен акционерлік қоғамдарды құру барысында шығарылған акциялардың мемлекеттік пакеттерімен айналысатын, кәсіпорындар акцияларын ауыстыру және оны сатумен айналысатын инвестициялық қорлар атқарады. Сонымен қатар салым экономикалық өсудің негізгі бола отырып, елдің әлеуметтік дамуына жағдай жасайды. Осы айтылғандармен қатар инвестиция экономикалық дамудың жоғарғы тұрақты қарқынын қалыптастырудың, ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін өсірудің, инфрақұрылымдың дамытудың маңызды факторы болып саналады.

    Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев            «Қазақстан - 2030» стратегиясында дамуымыздың сыртқы сипаттағы бірқатар мүмкіндіктеріне назар аударды. Біздің сыртқы мүмкіндіктеріміз ең алдымен еліміздің георафиялық, геосаяси және геоэкономикалық жағдайымен айқындалады ,– деді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Қолданылған әдебиеттер 

  1. Н. Ә. Назарбаев. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» жолдауы, Егемен     

         Қазақстан – 2007 ж, 28 ақпан

  1. К. Б. Бердалиев «Қазақстан экономикасын басқару негіздері», 

         Алматы – 2001 ж.

  1. М. Бейсенова, А. Садықбекова «Кәсіпорын экономикасы»,     Алматы – 2002 ж.
  2. Банки Казахстана 2003 г. № 12, 26-30 бет.
  3. Е. Б. Жатқанбаев «Аралас экономика негіздері»,                               

            Алматы – 2000 ж.

  1. Е. Ф. Жуков «Деньги, кредит, банки», Москва – 1999 г.
  2. Ж. О. Ихданов, Ә. О. Орманбеков «Экономиканы мемлекеттік  

            реттеудің өзекті мәселелері»,   Алматы – 2002 ж.

  1. Қазақстан Республикасының Статистика  жөніндегі агенттігі.

          «Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық дамуы»

          1/2003 және 1/2004

  1. Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан – 2030». Барлық қазақстандықтардың   

           өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы. Ел  

            Президентінің Қазақстан халқына жолдауы.

            Алматы - Білім, 1998 ж - 94 б.

  1. «Қоғам және дәуір», ғылыми – сараптама, Алматы -2004 ж, № 1.
  2. А. Қ. Мейірбеков,  Қ. Ә. Әлімбетов «Кәсіпорын экономикасы»,

          Алматы -   2003 ж.

  1. Н. Ә. Назарбаев  «Қазақстан – 2030 стратегиялық бағдарламасы»,     

              А-1997

  1. О. А. Яновская «Корпорациялық басқару» // Алматы – 2006 ж.

Информация о работе Кәсіпорынның инвестициялық саясаты