Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2012 в 19:07, курсовая работа
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Инвестиция саласындағы нарықтық өзгерістердің ұзақ мерзімге арналған бағыттарын белгілейтін инвестициялық стратегияның басты жолдары еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауларында көрсетіп берді. Сонымен қатар, қазіргі кезеңдегі инвестициялық саясаттың басымдық таңдаулары мен күрделі қаржыны пайдаланудың мәселелері, оның тиімділігі туралы мәселелер Қазақстандық ғалымдар еңбектерінде жан-жақты талданған.
Кіріспе
І. ҚР-ның инвестициялық стратегиясы және оның теориялары
1.1. Инвестицияның мәні, мазмұны мен пішіндері
1.2. Инвестицияның көздері және оның нарықтық экономикада атқаратын рөлі
1.3. Инвестиция қолданып экономиканы көтерудегі дүниежүзілік тәжірибе
ІІ. ҚР-ның инвестициялық саясаты және оның нарықтық экономика шартындағы жүзеге асырылуы
2.1. «Қазақстан-2030» стратегиясындағы инвестиция мәселелері
2.2. ҚР-ның инвестицияны игерудің басталуы мен қалыптасу сатыларына талдау
2.3. ҚР-ның нарықтық экономика шартындағы инвестициялық құрылымын талдау және жүзеге асырылуы (ҚР-ның шетел инвестициялары)
ІІІ. ҚР-дағы корпорацияның инвестициялық саясаты
3.1. Қазақстандағы біріктірілген корпорациялық құрылымдардың инвестициялық саясаты
«Қазына», «Самрұқ»
3.2. Қазақстандағы біріктірілген корпорациялық құрылымдардың инвестициялық қорларды қалыптастыру және жетілдіру жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымша А
Қазақстан
экономикасына келген инвестициялық
салым, мұнай-газ саласын қоса есептегенде,
2005 жылдың қаңтар — қыркүйегінде
729,6 млрд теңгені құрады, ал бұл, 2004 жылдың
сондай айдағы көрсеткішімен
салыстырғанда 10,8 %-ке артық ( 1 – Кестеде
көрсетілген).
Кесте 1
Қазақстан экономикасына 2005—2006 ж.ж. қаңтар—қыркүйек айларында түскен инвестиция ағымы
қаңтар-қыркүйек 2005 ж | 344,0 |
қаңтар-қыркүйек 2006 ж | 512,0 |
қаңтар-қыркүйек 2005 ж | 671,0 |
қаңтар-қыркүйек 2006 ж | 729,6 |
Қ.Р. Статистикалық. агенттік мәліметі
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бюджетіне түскен кіріс көлемі, еліміздің қаржы министрлігінің мәліметі бойынша 2006 - жылдың соңына дейін 838,7 млрд тенгені құрады, бұл 2005 - жылдың аталмыш кезеңімен салыстырғанда 26,2 % - ға артық, ал шығындар мен несиелеу — 859,7 млрд теңгені құрады /35,1% артық /. Бюджет дефициті 21 млрд теңгені құрады.
Ел экономикасының приоритетті салалары мұнай мен табиғи газ өндіру (негізгі капиталдағы инвестицияның жалпы көлемінің 44%), көлік және байланыс (19%), козғалмайтын мүлікпен операция (9%), өндеу өнеркәсібі (8%) болып табылады .
Екінші
деңгейдегі банктердің экономика саласына
салған кредиттік инвестицияны, ұлттық
банктің мәліметі бойынша 2003 жылы 924,3 млрд.
теңгені құрады, және олардың тұрақты
өсуі байқалуда. Кредиттік салымдардың жалпы көлемінде
ұзақ мерзімді кредиттік салымдардың
үлесі 62,2%, шетел валютасы салымындағы
үлес 54,9% құрады. Банк жүйесіндегі депозиттер
көлемі 759,2 млрд. теңгені құрады, бұл 2002
- жылмен салыстырғанда 36,4%-ке артық, оның ішінде
түрғындардың депозиттік салымы 319,8 млрд.
теңге болды, бұл 2002 жылмен салыстырғанда
36,7%-ке көп .
2.3.
Қазақстан Республикасының
нарықтық экономика
шартындағы инвестициялар
құрылымын талдау және
жүзеге асырылуы
Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында өтпелі кезеңнің қиындығы және XXI ғасырдағы республиканың бет бейнесі айқын көрсетілді. Болашақта Орталық Азиядағы Барыс болу үшін, халықтың әл-ауқатын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін экономикалық күш-қуатты арттыру керек. Осы мақсатқа байланысты жеті стратегиялық басым бағыттарды жүзеге асырудың бір көзі – шетел инвестициясын пайдалану. Әрине қазақстанның халықаралық байланыстары осы кезеңде де алдымен жақын көршілеріміз – Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей және басқа да ТМД елдерін қамтиды. Бірақ ірі трансұлттық капиталды, ҚХР, Батыс және Шығыс елдері, Мұсылман әлемімен де экономикалық қатынастар ұлғаяды. Мұны біздің республиканың геосаяси, геоэкономикалық, географиялық жағдайлары талап етеді. Ашық экономика мен еркін саудаға көшкен Қазақстан ірі халықаралық рыноктардың басты буынына айналады. Сөйтіп, Қазақстан Еуразиялық ел ретінде түрлі өркениеттің жетістіктерін өз бойына жинайды. Рынок қатынастарын дамыту бағытында республиканың шетелдермен байланыстрын нығайту үшін халықаралық маркетингті енгізу тиімді. Бірінші Азия Барысы болу үшін Қазақстанға макроэкономикалық қатынастар шеңберінде халықаралық көрсеткіштерді менеджмент пен маркетингтік зерттеулерді пайдалану артық емес.
«Қазақстан
– 2030» стратегиясында Н. Ә. Назарбаев
халықаралық қатынастардың
-
шетел инвестициялары мен ішкі
жинақталымдардың деңгейі
Шетел инвестициялары өз нәтижелерін көрсете бастады. Алдымен республикадағы тоқтап қалған ірі өнеркәсіп орындары жанданып, жұмысшыларға жалақы төлеп, мемлекетке салық және т. б. берешектерінен арыла бастады. Оның айқын мысалы «Испат - Кармет» өмірімен көруге болады. Тек оны комбинатта емес жалпы республика экономикасы 1997 жылы макроэкономикалық көрсеткіштерді жақсартты: инфляция 17,5 проценттің орнына 12 процентке төмендеді, сыртқы тауар айналымы 13,6 млрд. долларға өсті, теңгенің долларға бағамы 90 теңгенің орнына 76,77 деңгейінде тұрақталды. Ал республиканың жиынтық ұлттық өнімі жан басына шаққанда 1,2 мың долларға жетті, жалақы өндіріс саласында 12 мың теңгені құрады. Рыноктық экономикаға көшіп жатқан Қазақстанның жоғарыдағы көрсеткіштері одан да жақсы болар ма еді, егер әлемдік қауымдастықтан және қаржы институттарынан алған көмектерді тиімді пайдалана білсек. Алғашқы жылдарда шетелдерден алынған несие - қаржылар коммерциялық құрылымдардың қалтасында кетіп, құмға сіңген судай болды. Төлем мерзімі жеткен несиенің процентің қайтару халықтың мойнына түсіп, онсыз да тапшы мемлекеттік бюджет есебінен шетелдерден алған қарызды қайтару керек болды. Экономикалық әдебиеттерде көрсетілгендей, бір елдің екінші елге берешек - қарызы болуы халықаралық экономикалық қатынастарда кездесе беретін құбылыс, оған үйренуге, төзуге болады. Мысалы, Венгрияның сыртқы қарызы 24,8 млрд. доллар, жан басына шаққанда 2,5 мың доллар; Мексика – 153,5 млрд. әр адамға – 1,7 мың доллардан; Индонезия – 956,6 млрд. доллар, жан басына – 491 доллардан; қазақстанның шетелге берешегі 1994 жылы 2,5 млрд. долларды құрады. Сөйтіп, әрқайсымыз шетелдерге 145 доллардан қарыздар болдық . Шетелдерден алынған несие қаржының, инвестицияның республика аймақтары мен экономика салалары бойынша тиімді болу проблемасы назардан түспеуі қажет. Айталық, 1997 жылы инвестицияның салалық құрылымы төмендегідей болды: 40% инвестиция – түсті металлургияға, 37% мұнай - газ секторына, 7% байланысқа және 5% энергетика саласына жұмсалды. Сөйтіп, жалпы инвестицияның 89% өндіріс саласына бағытталды. Бұл маркстік-лениндік теорияға, яғни әуелі материалдық өндірісті дамыту, содан кейін «қалдық саясатымен» әлеуметтік саланы өркендету жоспарына сай. Әрине, біз өндірісті жандандыруға тіпті де қарсы емеспіз.
Алайда, Қазақстанның болашағына шын жанашыр бизнесмендер ел байлығын талан-таражға түсірмес еді. Әуелі өндірістегі негізгі қорларды жақсартуға, жаңа технологияны енгізуге, сапасы жоғары, сұранысы мол тауарларды шығаруға күш салуымыз керек. Осы бағытта өткен 1997 жылы оңды істер байқалды. Негізгі капиталдағы шетел салымының үлесі 1996 жылғы 13,5% - дан, 1997 жылы 25% - ға өсті. Жалпы шетел меншігіндегі және олардың қатысуымен жұмыс істейтін кәсіпорындардың үлесі 40% - дан артты, ал мемлекет меншігіндегі кәсіпорындардың үлесі 1995 жылғы 52,9% - дан 25% - ға азайды.
Қазақстанның
әлемдік рынокқа шығуы
Н. Ә. Назарбаев АҚШ-қа барған сапарында /1997 ж/ және ондағы өткен ғылыми-практикалық конференцияда американ кәсіпкерлеріне, мемлекет қайраткерлері мен инвесторларына нақты деректермен дәлелдеді. Мысалы, 2015 жылы Қазақстан мұнайдың қоры жөнінен дүние жүзінде Сауд Арабиясынан кейінгі екініші, ал газ жөнінен 5 – орынға шығады. Қазірдің өзінде Батыс Қазақстанда 200 млрд. тонна мұнай қоры жинақталған. Қарашығанақта американдықтардың деректері бойынша мұнайдың қоры 1,1 млрд. тонна, тіпті теңіздегіден де көп. Жоспарланған күрделі қаржы 10 млрд. доллар, күтілген түсім – 90 млрд. доллар, бөлінетін табыс – 62 млрд. доллар, мұның 80% - ы Қазақстанға тиесілі.
Әлемдік рынокқа шығудың Қазақстан үшін тағы бір жолы - ауыл шаруашылығы өнімін, соның ішінде астық, әсіресе бидайды көптеп сату. Астыққа деген шетелдердің сұранысы – Қытай 213 млн. тонна, Жапония – 26,7, Корея – 11,3, Египет – 8,5, Алжир – 5,6. Морокко – 3,9 млн. тонна болып отыр. Әлемдік деңгейде осыншама сұранысқа ие болып отырған астық өндіру соңғы жылдарда республика бойынша кеміп кетті, оның шығымдылығы да төмен. Әлемдік рынокта, өркениетті елдердің қоғамдастығында орын алып, қызмет істеу үшін экономикалық және құқықтық заңдарды терең оқып – білу керек. Әсіресе дүниежүзілік нарық пен сауда – саттық тәсілдерін және оның заңдарын жан – жақты біліп, меңгеру басты шарт.
ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КОРПОРАЦИЯНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫ
3.1
Қазақстандағы біріктірілген
корпорациялық құрылымдардың
инвестициялық саясаты
Қазақстан Республикасында әлеуметтік-экономикалық даму көбінесе инвестициялық саясатқа тәуелді. Оның тиімділігі қоғам ілгерішілдігін айқындайды. Инвестициялық қызмет табыстылығы баламаны таңдауға байланысты: не болмаса болашаққа әлеуметтік ғылыми-технологиялық сілкініске бағытталған, не болмаса елдің болашағы жоқ шикізат бағыты. Сілкініске инвестициялық үдерістер стратегиясы мен оларды іске асыру әдіс-темесін, тетіктері мен заңдық-құқықтық негізін, сондай-ақ ұйымдық құрылымын біріктіретін инвестициялық үдерістерді әдістемелік қамтамасыз етудің институционалдық жүйесін қалыптастыруға ықпал етеді.
Инвестициялық саясаттың маңызды бағыты - әлеуметтік-экономикалық тиімділіктің артуын беретін жоғары өнімді машиналар мен жабдықтарды, үдемелі технологияларды қолдану негізінде әлеуметтік және шаруашылық дамуды инвестициялау. Күрделі қаржы жұмсалымының нәтижелілігі экономикалық және заңды-құқықтық тетіктердің сенімділігімен, сондай-ақ басқару сапасының арттыруға шарттасқан.
Қазақстанның әлеуметтік-бағытталған инвестициялық саясатын іске асыру үшін қаржы және экономикалық тұрақтылықтың негізгі басымдықтары, 10-15 жыл шегінде көз жететін болжау шегінің негіздемесі мен жаңартпалық стратегия негізінде ұлттық экономика дамуының жетекші бағыттарын бөліп, көрсету тұр.
Экономика мақсаттары нарық қажеттіліктеріне мәжбүр болып отырған жағдайда капиталды біріктіру нысаны ерікті бола түседі. Бұл қаржы-өнеркәсіптік конгломераттар мен банкілік капитал, ғылым ресурстарын өнеркәсіптілік пен мемлекетті біріктірудің өзге де ұйымдық нысандарын құру мен қолдау көрсету арқылы біршама тиімді іске асырылады. Біріктірілген корпорациялық кұрылымдар, атап айтқанда, каржы-өнеркәсіптік топтар өздерін өнеркәсіп және қаржы капиталының біршама жетілген ұйымы ретінде көрсетті. Біріктірілген корпорациялық құрылымдардың негізгі мақсаты отандық және шетелдік бағалы қағаздар нарығында операцияларды инвестициялаудың тиімді тетіктерін қолдану арқылы инвестициялық қызмет үшін қолайлы жағдайларды қалыптастыру болып табылады.
Инвестициялық белсенділікті күшейту мәселесі қаржы ағындарын қалыптастыру және пайдалануды оңтайландырумен тығыз байланысты. Бұл міндеттің бірнеше ұйымдық шешімі бар. Олардың бірқатары Қазақстан экономикасының құрылымында өз орындарын енді тапты: бұл консорциумдар, корпорациялар, концерндер, инвестициялық - қаржы компаниялары мен қорлар, қаржы одақтары, сауда - өнеркәсіптік және банкілік бірлестіктер. Қазақстан үшін болашақты ұйымдық нысан қаржы-өнеркәсіптік топтарды құру болып табылады. Нақ осылар экономиканың құрылымдық қайта құрылуын жандандыру мен олардың тиімділігін арттырудың елеулі резервтеріне ие. Қазақстан экономикасы капиталдарды салудың тартымды объектісі болып табылады. Біріктірілген корпорациялық құүрылымдар капитал салу объектісін де, инвестицияларды жүзеге асырудың қаржы тетіктерін де және олар бойынша барлық есеп айырысуларды және ең бастысы - осы салымдардың сенімділігінің кепілдіктерін қамтамасыз ететін инфрақұрылымның маңызды элементін білдіреді. Бұл кепілдіктерді төрт топқа бөлуге болады:
1) мемлекет кепілдігі - тіркеудің ерекше тәртібі, ерекше мемлекеттік тізілім;
2) олардың аумағында біріктілген корпорациялық құрылымдарға кіретін кәсіпорындар мен ұйымдар, орналасқан билік органдары мен аймақтар басқармаларының кепілі біріктірілген корпорациялық құрылымдар, жер қатынастарын құруға ниет білдіру келісімі;
3) мүліктік құкықтардың кепілзат кепілдігі — салмақты көлем, жоғары таратушылық;