Кәсіпорынның инвестициялық саясаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2012 в 19:07, курсовая работа

Описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Инвестиция саласындағы нарықтық өзгерістердің ұзақ мерзімге арналған бағыттарын белгілейтін инвестициялық стратегияның басты жолдары еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауларында көрсетіп берді. Сонымен қатар, қазіргі кезеңдегі инвестициялық саясаттың басымдық таңдаулары мен күрделі қаржыны пайдаланудың мәселелері, оның тиімділігі туралы мәселелер Қазақстандық ғалымдар еңбектерінде жан-жақты талданған.

Содержание

Кіріспе
І. ҚР-ның инвестициялық стратегиясы және оның теориялары
1.1. Инвестицияның мәні, мазмұны мен пішіндері
1.2. Инвестицияның көздері және оның нарықтық экономикада атқаратын рөлі
1.3. Инвестиция қолданып экономиканы көтерудегі дүниежүзілік тәжірибе
ІІ. ҚР-ның инвестициялық саясаты және оның нарықтық экономика шартындағы жүзеге асырылуы
2.1. «Қазақстан-2030» стратегиясындағы инвестиция мәселелері
2.2. ҚР-ның инвестицияны игерудің басталуы мен қалыптасу сатыларына талдау
2.3. ҚР-ның нарықтық экономика шартындағы инвестициялық құрылымын талдау және жүзеге асырылуы (ҚР-ның шетел инвестициялары)
ІІІ. ҚР-дағы корпорацияның инвестициялық саясаты
3.1. Қазақстандағы біріктірілген корпорациялық құрылымдардың инвестициялық саясаты
«Қазына», «Самрұқ»
3.2. Қазақстандағы біріктірілген корпорациялық құрылымдардың инвестициялық қорларды қалыптастыру және жетілдіру жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымша А

Работа состоит из  1 файл

кәсіпорынның инвестициялық саясаты.doc

— 193.50 Кб (Скачать документ)

    4) келісімшарт кепілдігі - тұтас алғанда біріктірілген корпорациялық құрылымдардың экспорттық бағыты.

      Біріктірілген корпорациялық құрылымдардың негізгі артықшылығы - олардың шеңберінде оның бірі қатысушылар бақылайтын қаржы және материалдық ресурстардың шоғырлануы болып табылатын мәнді кепілдіктерге ірі инвестициялық жобалар сенімділігінің артуына негізделген. Жекелеген кәсіпорындармен салыстырғанда БКҚ - ның біршама жоғары қаржы, технологиялық, ұйымдық тұрақтылығы инвестициялар тәуекелдігін азайтады. Сондықтан, Қазақстан Республикасында біріктірілген кор-порациялық құрылымдар құрылымдық саясат басымдықтарын іске асырудың, болашақ салалар мен өндірістерді, әсіресе, экспорттық бағытты дамытудың, ғылыми-техникалық ілгерілеушілік жетістіктерін іске асырудың ұтымды құралы болуы мүмкін. Олар тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті өнімді әзірлеу мен шығаруға, мемлекет қажеттіліктері үшін жеткізуді қамтамасыз ету бойынша маңызды инвестициялық жобаларды жү-зеге асыруға мүмкіндік береді.

    Сөз бір бағдарлама шеңберінде - сатылас  бойынша, сондай-ақ бірнеше бағдарламаны іске асыруға біруақытта қатысу —  деңгейлес бойынша ұйымдық-технологиялық кооперация жөнінде болып отыр. Біріктірілген корпорациялық құрылымдарда мынадай бағдарламалық-мақсатты кешендерді бөліп көрсетуге болады:

    -   тұтыну тауарларының өндірісі;

    -    ғылыми-енгізушілік;

    -     сауда;

    -     қаржы

    Олардың әрқайсысы капитал сыйымдылығы мен капитал қайтарымының меншікті сипатына ие. Біріктірілген корпорациялық құрылымдардың көп салалы сипаты капиталдың пайдасыз салалардан жоғары кіріске қайта түсу үдерісін ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Осы құрылымдар құрамының ерекшелігі өткізу нарығының кеңеюіне қарай барынша мол әлеуметтік әсері бар ғылымды және капиталды қажетсінетін жобаларға инвестициялық тетік ауыртпалығы орталығын көшірудің капиталды сыйымды емес бағдарламалары есебінен кезең - кезеңімен инвестициялық ресурстарды өсіру үшін мүмкіндіктер ашады.

          Мемлекеттік холдингтердің қызметін шоғырландыру және олардың жұмысын халықаралық стандарттарға сәйкес ұйымдастыру.

      Біздің мемхолдингтердің, көп жағдайларда, халықаралық рынокта бәсекеге қабілетсіз, бағынбайтын көп бейінді конгломераттарға айналып кетуіне жол бермеу керек. Соңдай-ақ, олардың белгілі бір жеңілдіктер жүйесі бар таптаурыш қаржылық "астауға" айналып кетуінен де сақтана, бұған қоса мемхолдингтер өз кұрамына кіретін ұлттық компаниялар мен ұйымдардың қызметін қайталамай, керісінше, осынау экономикалық қызметті жаңа деңгейде топтастырып, міндеттер қосарластығынан, бәсекелестік пен томаға-тұйықгықтан арылуға, олардың тиімділігі мен ашықгын қамтамасыз етуге тиіс екенін ескеру керек.

       Бірінші кезекте мемхолдинттер, Қазақстанның әлемдік экономикаға ойдағыдай бағытталған ұлттық стратегияньң бәсекеге қабілеттілігі мен іске асырылуын қамтамасыз етуде өздерінің жетекші орындарын сайлап алуға тиіс.

    Біріншіден, мемхолдингтерге және тиісті мемлекеттік органдарға бүгінге дейін жинақгалған талдау, маркетинг және технологиялық тәжірибені сыни тұрғыда саралап, түпкі нәтижелері мен қол жеткізу мерзімдерін көрсете отырып, дәйекті іс-қимылды айқьндауды тапсырамын. Біздің экспорттаушы-ларымызға арналған "тауашалар" қалыптастыру және толымды халықаралық ықпалдастыққа кірігу нақты серпінді жобаларды іске асырудың осы заманғы айқын міндеттері мен жоспарының болуын қажет етеді.

    Екіншіден, мемхолдингтер халықаралық компаниялармен бірлескен жобалар жасау, сондай-ақ олардың Қазақстанға келуіне жердемдесу жөнінде белсенді жұмыс жүргізуге тиіс. Біз үшін, әсіресе, шикізаттық емес секторлардағы бірлескен жұмыс ерекше маңызды.

    Үшіншіден, мемхолдингтер экономиканы әртараптаңдыруда өзіндік рөл атқаруға, осы үдеріске қазақстандық шағын және орта бизнесті тартып, оларды ынталандырып, қолдап отыруға тиіс.

    Төртіншіден, мұндай міндеттерді шешу үшін мемхолдингтерді біртұтас организм ретінде жоспарын әзірлеу, сондай-ақ тиісті нысаналы, толыққанды жұмыс істейтін, тиімді, икемді, әрі ашық ішкі құралдар жасақтау қажет. Осыған байланысты әрбір мемхолдингті құрайтын құрылымдарға, олардың тиімділігі мен бейінділігіне тиісінше талдау жүргізу, содан кейін әрбір мемхолдингтің басқаруында қандай активтердің қалатынын, олардың қалай дамитынын, қайсысын бәсекелестік ортаға енгізу керекгііін анықгау қажет. "Самрұқ"

    Біріншіден, "Самрұқгың" негізгі міндеті — экономиканың мемлекеттік секторындағы көсіпорындарды басқара отырып, олардың құнының арттырылуын қамтамасыз ету.

    Екіншіден, "Самрұқгың" басшылығына оның құрамына кіретін мемкомпаниялардың қызметтерін айқындайтын, өз дамуыньң біртұтас стратегиясын жедел қарқынмен әзірлеуді тапсырамын.

    Үшіншіден, "Самрұқ" барлық отандық инфрақұрылымдық қызметті тұтынушыларға, сыртқы рыноктарда экономиканың тиісті секторларына бәсекелестік артықшылықгар беруге тиіс міндеттер мен жобаларды орындау үшін өзінің мүмкіндіктері мен ресурстарын пайдалануға тиіс. Яғни, кәсіпорындарымыз бен халқымыз, сөзсіз, неғұрлым сапалы, әрі мұмкіндігінше арзан энергетикалық, темір жол, телекоммуникациялық және тұрмыстық қызметтермен қамтылуы тиіс.

    Төртіншіден, "Самрұқ" өзінің стратегиясын қамтамасыз ету үшін жинақтаушы зейнетақы қорларының, даму институттарының және қазақстаңдық, сондай-ақ шетеддік жеке инвесторлардың қаражатын тартудьщ айқын схемасын өзірлеуге тиіс.

    "Қазына"

    "Қазына" өзінің кұрамына кіретін барлық институттар мен ұйымдар кызметінің ортақ стратегиясын тұжырымдап, іске асыруы керек. Бәрінің мақсаты - бірыңғай болуға тиіс, ол — Қазақстанның шағын, орта және ірі бизнесінің бәсекеге қабілеттілігі мен экспорттық мүмкіңдіктерін арттыру үшін көмек көрсетілуі мен ынталандырылуы, халыкаралық жобаларды қамтамасыз ету және экспорттық "тауашаларды" қалылтастыру үшін қолайлы жағдай туғызу, инфракұрылымдарды дамыту.

    Біріншіден, "Қазына" қоры келешегі зор кәсіпкерлер мен өндірістердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен экспортына қолдау жасау үшін қолдаңбалы зерттеулерді қаржыландырудан бастап, қазақстаңдық тауарларды сыртқы және ішкі рыноктарға орнықгыруға дейінгі осы заманғы қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге тиіс. Қор экспортка сервистік қолдау көрсету жөніндегі мемлекеттің операторы болуы керек.

    Екіншіден, "Қазына" экономиканың басым секторлары мен тиісті компаниялардың бәсекеге қабілеттілігі мен экспорттық мүмкіндіктерін арттыру мақсатында жаңа технологиялардың енгізілуі мен қолданылуы ғылымның дамуын қалай ынталандыратынын айқындап алуы керек.

    Үшіншіден,   "Қазына"   қорының  өзіміздің  озық кәсіпорындарымызға, бастысы, өнім өндірмейтін өнеркәсіпке, оның ішінде қаржыландыруды кұрылымдау, экспорттық кредиттер, экспорттық сақтандыру және т.б. арқылы сыртқы сауда-саттық жасауына жағдай туғызуға және экспорттың қол жетуіне жәрдемдесуге кеңейткен жөн.

    Төртіншіден, халықаралық рынокта өз "тауашасың" тауып, ондағы берік түғырларын сақтай алатын жаңа өндірістерді конкурстық негізде венчурлік қаржыландыру үдерісін жан-жақты зерделеген жөн. Бүгінгі танда "Қазына" Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілетті жаңа өндірістері мен секторларын жасақтау үшін сан алуан қүралдарды иеленуі тиіс.

      Бесіншіден, Қор қызметінің маңызды бағыттарының бірі - тиісті халықаралық компанияларды экспорттық әлеуеті мол бірлескен өндірістерге тарту болуы керек.

    Алтыншыдан, Қор барынша экспорттық бағытта  құрылған арнайы экономикалык жөне индустриялық аймақтарға, технопарктерге, отандық және шетелдік бизнесті белсене тартуға тиіс.

    Жетіншіден, биылғы жылы Қорлар қорын, соның ішінде шетеддік каржы институттарының қатысуымен кұру қажет.

    "ҚазАгро"

    "ҚазАгро"  үлттық холдингі жұмысына да осы тәріздес қадамдар енгізілуі тиіс.

    Біріншіден, "ҚазАгроның" негізгі міндеті - ауыл шаруашылығының өнімділік деңгейін көтеру, еліміздің су және басқа табиғи ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру, сонымен қатар ескірген аграрлық технологиялардың қолданылуына, аграрлық ғылымның кенжелеп дамуына тосқауыл қою, сондай-ақ ұсақ шаруа қожалықтарының бытыраңқылығын ескеру мәселелерін жүйелі түрде шешу.

    Екіншіден, "ҚазАгро" алға қойылған міндеттердің ауқымында ауыл шаруашылығының барлық салаларына сапалы талдау жүргізіп, бірінші  кезекте өркендету қажет болатын  бағыттарды айқындауға міндетті. Мәселен,

бүкіл дүние жүзінде жедел дамытыла бастаған ауылшаруашылық өнімдерінің жаңа рыногы пайда бодды, бұлар — экологиялық таза өнімдер, жаңа өндірістер және баскалары.

    Үшіншіден, "ҚазАгро" таяу уақыттың ішінде экспорттық әлеуеті бар қолданыстағы және жаңа ауылшаруашылық өнім өвдірушілерін каржыландыру жүйесін әзірлеп, іске асыруға тиіс. Мұндай қаржыландыру нысаналы болуы тиіс, әрі ескірген агротехнологияларды алмастыруды және жоғары технологаялық агроөнеркөсіп құруды қарастыруы кажет. Мүмкін, бұл үдеріске операторлар ретінде екінші деңгейдегі банктерді тарту қажет.

    Барлық  мемхолдингтердің, оларға кіретін ұлттық компаниялар мен басқа ұйымдардың басты міндеті - корпоративтік басқарудың халықаралық іс-тәжірибесін, есептілік пен ашықтықты енгізу арқылы олардың қызметін ретке келтіру болып қала бермек.

    Олар  бүкіл Қазақстан бизнесі үшін корпоративтік басқарылымның үлгісіне айналуы тиіс.

    Біріншіден, мемхолдингтердің жұмысы Корпоративтік басқару кодексіне сәйкес қүрылуы қажет.

    Екіншіден, мемхолдингтер қызметінің ашықгығын арттыра берген жөн. Қоғам бүл компаниялардың стратегиясы, олардың меншіктік қүрылымы, қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері және тағы басқалары жөніндегі ақпарат анық болуы керек.

    Үшіншіден, мемхолдингтердің шаруашылық қызметі, жеке қүрамды іріктеуі және басқалары ашық конкурстық рәсімдер негізінде жүзеге асырылуға тиіс.

    Төртіншіден, стратегияны жүргізу үшін баскару, каржы мен қызмет нәтижелеріне тиімді бақылауды жүзеге асыру үшін Директорлар кеңесінің ұтымды жұмысын қамтамасыз еткен жөн.

    Бесіншіден, біздің ойымызша, мінсіз беделге ие тәуелсіз аудитордың тартылуы арқылы мемхолдингтер жұмысының қорытындылары бойынша жүргізілетін жыл сайын аудит аталған холдингтер қызметіне айқын, ашық жүйелілікті қамтамасыз етуге және осы жария түрде олардың қызметіне баға беруге жәрдемдесетін болады.

    Мүндай  кағидаттар барлық мемходдингтер жүмысын  айқындауға тиіс.

    Мемхолдингтер басшыларына 2007 жылғы тамыздан кешіктірмей, Президенттің бекітуі үшін өздерінің дамуы мен жаңа қүрылымының тұжырымдамасын үсынуды тапсырады. Стратегиялары мен құрылымдары бекітілгеннен кейін "Самрұқ", "Қазына", "ҚазАгро" алдарына қойған міндеттерді іске асыруға кірісулері керек, ал басшылары олардың жүмыс нәтижелері үшін дербес жауап береді. 

3.2 Қазақстандағы біріктірілген корпорациялық құрылымдардың инвестициялық қорларды қалыптастыфру және жетілдіру жолдары 

    Қазақстанда біріктірілген корпорациялық құрылымдарды құру мақсаты болып инвестициялық жобаларды бірлесіп іске асыру шеңберінде өнеркәсіптік кәсіпорындар мен қаржы ұйымдарының мүдделерін біріктіру болып табылады.

    Біріктірілген корпорациялық құрылымдардың қаржы блогының әлеуеті капиталдың біршама пайдалы салаларға түсуін, ресурстарды жұмылдыруды және оларды ұтымды бөлуді қамтамасыз ететін инфрақұрылымның тиімділігіне тәуелді.

    Біріктірілген корпорациялык құрылымдардың инвестициялық саясаты мынадай құрамдас бөліктерден қалыптасады:

    -   біріктірілген корпорациялық құрылымдардың өндірістік және қаржы қызметін қамтамасыз ету үшін инвестициялардың /ішкі және сыртқы/ көздерін анықтау;

    - біріктірілген корпорациялық құрылымдардың қаражатын инвестициялау мен біріктірілген корпорациялық құрылымдардың инвестициялық қоржынын қалыптастырудың негізгі бағыттарын анықтау.

    Жекелеген кәсіпорынның инвестициялық саясатына қарағанда біріктірілген корпорациялық құрылымдардың инвестициялық саясаты бірқатар ерекшеліктермен сипатталады. Бұл үдеріс қандай да бір жеке кәсіпорынның, оның ішінде бас компанияның айрыкша құзыреті болып табылмайды, онда заңды түрде дербес өндірістік, каржы және сатып алу, өткізу құрылымдарының көпшілік саны қатысады. Олардың инвестициялық саясатқа қатысу дэрежесі әртүрлі, ол мынадай жағдайлармен анықталады:

Информация о работе Кәсіпорынның инвестициялық саясаты