Нарықтық экономикадағы қаржылық жоспарлаудың

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 17:15, курсовая работа

Описание

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей бағалы қағаздар нарығы экономиканың дамуына үлкен әсер етеді. Бағалы қағаздар нарығы – қазіргі нарық экономикасының басты бір бөлігі болып табылады. Өйткені кәсіпорында, инвестицияларды, сауда айналымын ұйымдастыру және мемлекеттік шығындарды қаржыландыру бағалы қағаздар нарығынсыз мүмкін емес.
Көптеген дамыған елдерде бағалы қағазадар нарығы экономикада ерекше орын алады. Сондықтан да бағалы қағаздар нарығының даму мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................3-4
Ι. Бағалы қағаздардың жалпы сипаттамасы
1.1.Бағалы қағаздардың маңызы........................................................................5-6
1.2.Бағалы қағаздардың негізгі және туынды түрлері...................................7-11
1.3.Бағалы қағаздардың басқа түрлері...........................................................12-15
ΙΙ.Бағалы қағаздар нарығындағы – мемлекеттің қызметі
2.1.Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығындағы –
мемлекеттің қызметі........................................................................................16-19
2.2.Қазіргі кезендегі бағалы қағаздар нарығындағы мемлекеттің
міндеттері мен мақсаттары..............................................................................20-21
ΙΙΙ.Қазақстан Республикасындағы қор нарығы: проблемалары мен даму перспективалары
3.1.Қор нарығының халықаралық тәжірибесі...............................................22-26
3.2.Бағалы қағаздар нарығының проблемаларын шешу мәселелері..........27-28
Қорытынды...........................................................................................................29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................

Работа состоит из  1 файл

Бағалы қағаздардың жалпы сипаттамасы+++.doc

— 162.00 Кб (Скачать документ)


Мазмұны

 

Кіріспе..................................................................................................................3-4

Ι.   Бағалы қағаздардың  жалпы сипаттамасы

1.1.Бағалы қағаздардың  маңызы........................................................................5-6

1.2.Бағалы қағаздардың  негізгі және туынды түрлері...................................7-11

1.3.Бағалы қағаздардың  басқа түрлері...........................................................12-15

ΙΙ.Бағалы қағаздар нарығындағы  – мемлекеттің қызметі

2.1.Қазақстан Республикасындағы  бағалы қағаздар нарығындағы  – 

мемлекеттің қызметі........................................................................................16-19

2.2.Қазіргі кезендегі бағалы  қағаздар нарығындағы мемлекеттің 

міндеттері мен мақсаттары..............................................................................20-21

ΙΙΙ.Қазақстан Республикасындағы  қор нарығы: проблемалары мен даму перспективалары

3.1.Қор нарығының  халықаралық тәжірибесі...............................................22-26

3.2.Бағалы қағаздар нарығының  проблемаларын шешу мәселелері..........27-28

Қорытынды...........................................................................................................29

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі......................................................................30

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

   

    Әлемдік тәжірибе көрсеткендей бағалы қағаздар нарығы экономиканың дамуына үлкен әсер етеді. Бағалы қағаздар нарығы – қазіргі нарық экономикасының басты бір бөлігі болып табылады. Өйткені кәсіпорында, инвестицияларды, сауда айналымын ұйымдастыру және мемлекеттік шығындарды қаржыландыру бағалы қағаздар нарығынсыз мүмкін емес.

    Көптеген  дамыған елдерде бағалы қағазадар  нарығы экономикада ерекше орын  алады. Сондықтан да бағалы қағаздар нарығының даму мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді.

    Бағалы қағаз нарығы  субьектілерінің қатынастары экономикалық-құқықтық  механизмге негізделеді. Бұл бағалы  бағаздардың материалдық түрі  ретінде оның маңызын дәлелдейді.Бағалы  қағаздар кез-келген мемлекеттің төлем айналымында маңызды орын алады, себебі олар арқылы мемлекеттің инвестициялық қызметі жүзеге асырылады.

     Қазақстан  Республикасының мемлекеті бағалы  қағаздар нарығын құру және  оны одан әрі өрістету мақсатында  қажетті шараларды жасауда.Қазақстандағы меншікті мемлекет иелігінен алу және жекеменшіктендірудің Ұлттық бағдарламасы бағалы қағаздар нарығының негізігі элементтерін құру процесін жеделдетті. Мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлік қоғамдар түрінде қайта құру олардың инвестиция тартудың ең бір тиімді механиздерінің  бірі-акция шығаруды пайдалану мүмкіндігін ашты.

  Курстық  жұмыстың мақсаты бағалы қағадардың  маңыздылығы мен оның казіргі  таңда қандай жағдайда екендігін  зерттеу, Президентіміздің Қазақстан  халқына Жолдауында қандай мәселелер қарастырылды, әлемдік тәжірибемен салыстырып біздің бағалы қағаздар нарығына қандай елеулі жағдайлар енгізу керектігі.

   Бірінші  бөлімде бағалы қағаздардың жалпы  сипаттамасы, яғни бағалы қағаздардың  маңызы, бағалы қағаздардың негізгі  және туынды түрлері, бағалы қағаздардың басқа түрлері қарастырылған. Екінші бөлімді бағалы қағаздар нарығындағы мемлекеттің қызметі. Соның ішінде Қазақстан Рспубликасындағы бағалы қағаздар нарығындағы –мемлкеттің қызметі және қазіргі кезеңдегі бағалы қағаздар нарығындағы мемлекеттің міндеттері мен мақсатттары қарастырылды. Үшінші бөлімде, Қазақстанның қор нарығы, оның проблемалары мен даму перспективалары, яғни қор нарығының халықаралық тәжірибесі және бағалы қағаздар нарығының проблемаларын шешу мәселелері баяндалған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I.Бағалы  қағаздардың жалпы сипаттамасы.

1.1.Бағалы  қағаздардың маңызы

    Бағалы қағаздар деген  екінші нарықта белсенді түрде  айналысқа түсетін қарыз міндеттемесі. Қарыз міндеттемелерінің бағалы  қағаздар сияқты арнаулы формасы нысаны болмайды. Олардың көбісі келісім құжатында 1-2 бап ретінде көрсетіледі. Бағалы қағаздардың көбі арнаулы тіркеуден өтеді. Тіркеу инвесторларға бағалы қағаздар туралы дәл және маңызды мағлұмат алуға көмектеседі. Сол арқылы инвестор салым иесі өз инвестициясының сапасын дәл анықтауына мүмкіндік алады.

     Бағалы  қағаздар бірнеше түрлі болып  жіктеледі: біріншіден, түсіретін  кірісіне; екіншіден, эмитенттің  сипатына; үшіншіден,  айналым мезгілі  мен айналым жеріне байланысты.

  1. Кіріс төлеу жөнінен және үлесті бағалы қағаз болып екіге бөлінеді. Қарызды бағалы қағаздар бойынша нақты пайызбен төленіп, ал қарыздың күрделі негізгі бөлігін келешекте белгіленген уақытта өтеу көзделеді. Үлесті бағалы қағаздар немесе оны акция деп атайды. Акция оны иемденушінің корпорацияның мүлігіндегі үлесін көрсетеді және иемденушіге шектеусіз уақыт бойы дивиденд түрінде кіріс түсіреді. Ал бағалы қағаздардың басқа түрлері осы қарызды және үлесті түрлерінен туындайды.
  2. Бағалы қағаздар шығарушысы эмитенті жөнінен де жіктеледі. Олардың эмитенттері мемлекет, жергілікті әкімшлік, корпорациялар, қаржы институттары және тағы басқа заңды тұлғалар болуы мүмкін. Эмитенттеріне байланысты үлесті және қарызды бағалы қағаздар төмендегідей түрге бөлінеді:

  - Қазыналық  немесе үкімет атынан Қаржы  министрлігі шығарған бағалы қағаздар. Бұл қағаздар ең бір сенімді қағаздардың бірі. Себебі оның төлемін өтелуін мемлекеттік бюджеттің қаржысы қамтамасыз етеді. Бұл бағалы қағаздардың көп тараған түрлері – қазыналық вексельдер мен қазыналық облигациялар. Мемлекеттік меншіктегі кәсіпорындар көбіне облигация түріндегі бағалы қағаздарды шығарады.

   -Жергілікті  әкімшіліктер мен олардың меншігіндегі  кәсіпорындардың бағалы қағаздары.  Олардың төлемін қамтамасыз ететін  жергілікті салықтар мен істің  нақты жобасына үкіметтің берген дотациясы.

  - Қаржы институттары  мен корпорациялардың, яғни ашық  түрдегі акционерлік қоғамдардың  акция және облигация түріндегі  бағалы қағаздары. Оларды өндіріс,  құрылыс, сауда, жол қатынасы  кәсіпорындармен қатар коммерциялық  банктер, сақтандыру және инвестициялық компаниялары, зейнетақы қорлары шығарады.

   -Банктердің  бағалы қағаздары – олар депозиттік  сертификаттар (салым құжаты), чектер  және бұлардан да басқа банктің  өзінің қарыз міндеттемелері.

  -Кәсіпкерлердің  бағалы қағаздары – олар коммерциялық вексельдер, фьючерстық шарттар және басқа коммерциялық қағаздар.

  3. Бағалы  қағаздар қай жерде сатылады  деген сұраққа жауап бойынша  да жіктеледі. Сатылу жеріне  байланысты ақша нарығындағы  және капитал нарығындағы бағалы  қағаздар болып екіге бөлінеді.

   Ал ақша  нарығы қаржы нарығының бір  бөлігі, онда қысқа мерзімді бағалы  қағаздар сатылып және сатып  алынады. Оның айналу мерзімі  бір күннен бір жыл аралығында  созылады. Бұл нарыққа қазыналық  вексельдер, депозиттік сертификаттар  және басқа коммерциялық қағаздар сатылуға түседі. Оларды шығарушылар әр түрлі жіктелу топтарына жатса да, олардың бәрі қарызды бағалы қағаздарға жатады.

  Капитал  нарығына 1 жылдан астам уақытқа  шығарылған бағалы қағаздар түседі. Олар үлесті де, қарызды да  бағалы қағаздар болуы мүмкін. Олардың эмитенттері де әр түрлі: мемлекет, жергілікті әкімшілік, корпорациялар, қаржы институттары және тағы басқалар.

 

 

 

1.2. Бағалы  қағаздардың негізгі және туынды  түрлері

 

     Акция  – акционердің қоғамдағы үлесін  немесе меншігін куәландыратын бағалы қағаз. Ол иемденушісіне компанияның капиталының, мүлкінің, кірісінің бір бөлігіне заң жүзінде меншік құқын береді. Компания қанша уақыт ішінде акцияның иесі сан рет өзгеруі мүмкін. Акционер оны екінші нарықта сатуына болады.

 Акцияны  шығару мына жағдайларға байланысты жүргізіледі:

  • Жаңадан акционерлік қоғам құрып, оның жарғылық капиталын қалыптастырғанда;
  • Меншікті акцияландырылғанда, яғни жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды акционерлік қоғам ретінде қайта құрғанда;
  • Қоғамның жарғылық капиталын қосымша молайтқанда;

 Сөйтіп, шығарылған  акциялардың бастапқы жиынтық  құны қоғамның жарғылық капиталын  құрайды. Ол, өз кезегінде, айналымдағы  капитал (жай және артықшылықты  акциялар) және компанияның портфелінде  қалған бағалы қағаздар болып  екіге бөлінеді. Оларды компания кез келген уақытта өз ойынша пайдалана алады.

   Акция  белгілі бір жағдайда акционерлік  қоғамның өз капиталын ұлғайтуға  және оны инфляциядан қорғау  үшін жұмсауға болатын бағалы  қағаздардың бірден бір түрі. Акция – компанияның акционерлер  алдындағы қарыз міндеттемесі. Компанияның өз акциясын қайта сатып алатын құқы бар. Бірақ бірсыпыра елдердің заныңда, егер корпорацияның төлем қабілеті жоқ болса, онда ол акциясын қайта сатып алатын құқықтан айырылады деген де ереже бар. Дәл осы жағдай, егер қайта сатып алу корпорацияның төлем қабілетін нашарлататын болса да қаралған. Заң жүзінде акцияны бөлуге де болады.

   Акция  бірнеше түрге жіктеледі (1-кесте). Бір жағынан, бір акционерден  басқа біреуге беру тәсілі  бойынша: атаулы және иесі ұсынушы  болып екіге бөлінсе, екінші жағынан, корпорацияны басқаруға қатынасу құқығы бойынша

  • жай және артықшылықты акция деп те – екіге бөлінеді. Корпорация тек өзінің жарғысында бекітілген акцияларды ғана шығара алады.

 

Акциялардың жіктелуі

Акция



А) Атаулы акция  – иесі міндетті түрде корпорацияның  реестірінде тіркелуі тиіс акция. Акционерлер  кітабында қанша және қай уақытқа  алғандығы туралы жазылған акция  иесі ғана - акционер деп есептеледі.

ә) Ұсынушыға  арналған акция – иесінің аты  – жөні корпорация кітабында тіркелмеген акция. Кітапта ұсынушыға арнап шығарылған акцияның жалпы саны ғана көрсетіледі.

Корпорацияларға басқару жағынан қолында атаулы акциясы бар акционерлер қолайлы. Себебі, ол акционерлік капиталдың және бағалы қағазадардың қозғалысын, сонымен қатар бағалы қағаздардың кейбір акционерлердің қолында шоғырлануын, олардың бұл мемлекеттен кеткенін реттеп және бақылап отыруға мүмкіндік береді. Акционерлердің көзқарасы тұрғысынан қарағанда, әсіресе, қысқа мерзімді мүддені көздеген акционерлер ұсынушыға арналған акцияны қолдайды. Себебі, еш жерде тіркелмеген бұндай акцияларды екінші нарықта еркін сатуға болады. Ал атаулы акцияны еркін қолма-қол ақшаға айырбастауға болмайды, сондықтан олардың өтімділігі акционерге кейбір жағдайда қолбайлау туғызады. Акцияның осы екі түрін жүзеге асыру жолдары да әр түрлі:

   Біріншіден, сату механизмі бойынша. Атаулы  акцияның иесі оларды компаниядан  сатып алғанын куәландыратын  барлық акция санына толтырылған  бір сертификат алады. Бұл акцияларды  сатқанда сертификаттың сырт жағында екі жақтың қолы қойылған  «индоссамент» деген белгі қойылады. Содан соң акционерлердің тізіміне өзгеріс енгізу үшін сертификат корпорацияға жіберіледі. Содан кейін ғана акциялардың жаңа иесі акцияларға жаңа сертификат алады.

   Ұсынушыға  арналған акцияны сатқанда оларды бір иемденуші тікелей, яғни қолма-қол сатып алушыға береді.

   Екіншіден,  акцияның осы екі түрінің жаңа  данасын (тиражын) иемденушілер  құқын белгілеу тәртібі де  әр түрлі. Бұл туралы акция  иесі корпорациядан хабарландыру  хат алса, ал ұсынушы акциясына бұндай механизм жүруі мүмкін емес. Ұсынушы акциясында қиып алатын купоны (талоны) болады. Соны толтырғаннан кейін корпорацияға жіберіп, өзінің меншік құқын іске асырады.

   Үшіншіден,  ұсынушы акциясының номиналы  өте жоғары болмайды, бірақ ол көп тиражбен шығарылады, ал атаулы акцияның номиналы әр түрлі мөлшерде бола береді.

    Корпорацияны  басқаруға қатынасу құқығы бойынша  акциялар жай және артықшылықты  болып бөлінеді. Жай акцияларды  иеленушілердің корпорацияның тапқан  пайдасының мөлшеріне байланысты дивиденттер алу құқы, жиналыстарда дауыс беру арқылы корпорацияны басқаруға қатысу құқы және корпорация жабылып қалған жағдайда несие берушілермен есеп айырысқаннан кейін мүліктің бір бөлігін алу құқы бар. Құқықтар акция мөлшеріне сәйкес көлемде жүзеге асырылады.

   Әрбір  жай акция өз иесіне бір  дауыс үлесін береді. Әйтседе  жай акция дивиденд алуға кепілдік  бермейді. Себебі дивиденд корпорацияның  шаруашылық нәтижесіне байланысты  беріледі. Дивиденд корпорацияның  таза  пайдасының бір бөлігі, басқаша айтқанда, дивиденд төлеу пайданың салық төлегеннен қалған қалдығын бөлуге негізделген. Дивидендтің мөлшеріне күшті өзгерістердің әсер етуі кездейсоқ жәйт емес.

    Көптеген  корпорациялар жай акция бойынша  номинал құқын бекітеді. Ол акцияның  титулында көрсетіліп, хабарлама сипатында болады. Ол бір акцияға шаққандағы жарғылық капиталдың мөлшерін көрсетеді. Номинал құны акцияның нарықтық бағасының одан әрі қозғалысына ешқандай әсер етпейді. Ол акцияны тек алғашқы орналастырғанда ғана маңызды роль атқарады. Номинал құны-акцияның эмиссиялық бағасы.

    Егер  акция көпшілікке сатылып кетсе,  онда оның бағамын (курсын) сатуға қатысқан барлық инвесторлар қалыптастырады. Акцияның нарықтық бағасын, сатушының төмендеткен төмен бағасымен және сатып алушының төлейтін жоғары бағасы анықтайды. Акцияның нарықтық бағасын ия корпорация, ия басқа біреу белгілейді.

Информация о работе Нарықтық экономикадағы қаржылық жоспарлаудың