Нарықтық экономикадағы қаржылық жоспарлаудың

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 17:15, курсовая работа

Описание

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей бағалы қағаздар нарығы экономиканың дамуына үлкен әсер етеді. Бағалы қағаздар нарығы – қазіргі нарық экономикасының басты бір бөлігі болып табылады. Өйткені кәсіпорында, инвестицияларды, сауда айналымын ұйымдастыру және мемлекеттік шығындарды қаржыландыру бағалы қағаздар нарығынсыз мүмкін емес.
Көптеген дамыған елдерде бағалы қағазадар нарығы экономикада ерекше орын алады. Сондықтан да бағалы қағаздар нарығының даму мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................3-4
Ι. Бағалы қағаздардың жалпы сипаттамасы
1.1.Бағалы қағаздардың маңызы........................................................................5-6
1.2.Бағалы қағаздардың негізгі және туынды түрлері...................................7-11
1.3.Бағалы қағаздардың басқа түрлері...........................................................12-15
ΙΙ.Бағалы қағаздар нарығындағы – мемлекеттің қызметі
2.1.Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығындағы –
мемлекеттің қызметі........................................................................................16-19
2.2.Қазіргі кезендегі бағалы қағаздар нарығындағы мемлекеттің
міндеттері мен мақсаттары..............................................................................20-21
ΙΙΙ.Қазақстан Республикасындағы қор нарығы: проблемалары мен даму перспективалары
3.1.Қор нарығының халықаралық тәжірибесі...............................................22-26
3.2.Бағалы қағаздар нарығының проблемаларын шешу мәселелері..........27-28
Қорытынды...........................................................................................................29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................

Работа состоит из  1 файл

Бағалы қағаздардың жалпы сипаттамасы+++.doc

— 162.00 Кб (Скачать документ)

Қазақстандық  эмитенттердің акцияларына төлем  қабілетті сұранысты қамтамасыз ету жөніндегі негізгі бағыттар мыналар болуы керек:

а) институттық  инвесторлар топтарын ең бірінші  кезекте - өзара қорлар қалыптастыру үшін жағдайлар жасау;

ә) Қазақстан  нарығына шетелдік портфелді инвесторлар  тарту;

б) қор нарығына жеке инвесторлардың қаржысын тарту;

Әлемдік практикада акционерлік коғамдар – экономиканың неғұрлым дамыған, ашық және болашағы бар шаруашылық жүргізуші субъектілері. Олардың қызметі елдің экономикасын дамытуға бағытталған. Осы процеске ұжымдық және сол сияқты жеке инвесторлардың қаржылық ресурстарын тарту, оларды жұмыс істеп тұрған өндірісті (қызмет көрсету саласын) кеңейту және жетілдіру үшін тиімді пайдалану, тартылған капиталды салынған қаражаттан түпкілікті пайда алу мақсатында неғұрлым аз шығындармен пайдалануға мүмкіндік жасайды.

    Жасалған жағдайларды пайдалана отырып қазақстандық акционерлік қоғамдардың да бизнесті табысты жүргізудің және біздің жас әрі болашағы зор мемлекеттіміздің ұлттық экономикасын дамытудың үлгілері болатынына сенеміз.

 

 

Қорытынды

 

      Әлемде не көп – ел көп. Қазақстан – соның бірі. Бірі болғанда да тәуелсіз даму жолына түскеніне тарихи тұрғыдан қарағанда аз ғана уақыт өткен ел. Сол ел таяудағы 10 жылдың ішінде дүние дидарындағы ең озық дамыған 50 елдің қатарына кірмек. Бұл міндеттің қандайлық ауқымды, қандайлық күрделі, қандайлық қиын міндет екендігін халыққа түсіндіру, ұғындыру, сол биікке ұмтылдыру айырықша жауапты іс. Сонымен бірге әр қазақстандықтың ұлттың ұлы идеясын жүзеге асыру жұмысында өз орнын табуға тырысуы, «Осы іске мен қандай үлес қоса алар едім?» деген тұрғыда толғануының қажетігі де алдағы жұмыстың алтын арқауына айналуы тиіс.

     Нарықтық  сипаттағы қазіргі заманғы экономиканың  толыққанды қызмет етуі дамыған  бағалы қағаздар нарығынсыз (оның  барлық компенттерін –борыштық  құралдар нарғын, мемлекеттік те, корпоративтік те акциялар нарығы мен туынды бағалы қағаздар рыногын қамтитын) мүмкін емес.

     Қазақстанның  бағалы қағаздар нарығының ағымдағы  жағдайын экономиканың өтпелі  кезеніңдегі жалпы жағдайымен  байланысты дағдарысты деп сипаттауға  болады. Бағалы қағаздар нарығы-бұл жалпы нарықтар сияқты экономиканың жан-жақты дамуынсыз толыққанды түрде қызмет ете алмайтын нарықтың бір сегменті.

     Менің  ойымша, Қазақстанның бағалы қағаздар  нарығының даму болашағы үщін  ресурстарды (материалдық база, адамдарды оқыту, заңдарды шығару, технология және ақпараттық база және т.б.) сұрақтарын қамтып қана қоймай, сондай-ақ нарыққа өту барысында туындаған макроэкономикалық мәселелердің стратегиялық шешімін және талдауды қамтитын бағалы қағаздар нарығын дамытудың ұзақ мерзімді саясаты болуы  және Жолдауда көрсетілген мәселелерді орындауға бар күш-жігерімізді жұмсау керек.

       Осы айтылған жағдайларды пайдалана отырып қазақстандық бағалы қағаздар нарығының дамуына, біздің жас әрі болашағы зор мемлекеттіміздің ұлттық экономикасын дамытудың үлгілері болатынына сенеміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

  1. Б.А.Көшенова: Бағалы қағаздар нарығы-Алматы, «Экономика»-1999ж.
  2. Б.А.Көшенова: Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары-Алматы, «Экономика»-2000ж.
  3. Қ.Қ.Ілиясов, С.Құлпыбаев: Қаржы – Алматы, 2003 ж.
  4. Ғ.С. Сейтқасымов: Ақша, несие, банктер – Алматы, «Экономика»2005ж.
  5. Егемен Қазақстан: наурыз – мамыр 2006ж.
  6. Геннадий Косолапов: Рынок ценных бумаг Казахстана: Интеграционные процессы в корпоративном секторе и фондовый рынок - 2005 г № 13.
  7. Ю.Якупбаева: Рынок ценных бумаг: Фондовый рынок Казахстана: проблемы и перспективы развития- 2005г. № 17
  8. Рынок ценных бумаг: Мировой опыт надзора и регулирование фон.рынков – 2005 г. № 12
  9. Е.Никифорова:Рынок ценных бумаг – 2005 г.№ 13
  10. Русско-казахский толковый экономический словарь предпринимателя.-Алматы, 1993ж.
  11. Карагусова Г. Что нужно знать о ценных бумагах-Алматы:Қаржы-қаражат,1996ж.
  12. Карагусов Ф.Ценные бумаги и регулирование их обращения в РК.-Алматы:Қаржы-қаражат, 2004ж.

 

 

    

 

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    


Информация о работе Нарықтық экономикадағы қаржылық жоспарлаудың