Жылжымайтын мүліктің сандаық және сапалық сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 13:00, реферат

Описание

Банкроттық-кәсіпорынның ұдайы өндіріс капиталының шаруашылық механизмінің балансының бұзылуынан, яғни оның қаржылық және инвестициялық саясатының тиімсіз болуынан туындайды. Сондықтан шаруашылық қызметтің негізгі көрсеткіштерінің өсу денгейінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін және қаржылық банкроттықы жағдайынан шығу үшін кәсіпорынның жағдайын жақсартуға бағыттылған бағдарлама жасау керек.

Содержание

КІРІСПЕ
Ι-ТАРАУ. КӘСІПОРЫННЫҢ БАНКРОТТЫҒЫ МЕН
ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТСІЗДІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Кәсіпорын банкроттығының экономикалық табиғаты мен мәні
1.2 Кәсіпорын банкроттығы мен төлем қабілетсіздігінің пайда болу себептері
ΙΙ-ТАРАУ. «АЛТЫН ЖІП» АҚ-НЫҢ ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗЫМЕТІ МЕН БАНКРОТТЫҚ МҮМКІНДІГІНЕ АНАЛИЗ
2.1 Касіпорынның технико-экономикалық мінездемесі
2.2 «Алтын жіп» АҚ –ның банкроттыққа ұшырау қаупі және қаржылық жағдайына талдау жасау
ΙΙΙ-ТАРАУ.КӘСІПОРЫНДЫ ҚАРЖЫЛАЙ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САУЫҚТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
3.1. Банкроттыққа қарсы стратегиялық жоспарлау

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа состоит из  1 файл

Дип. «Алтын жіп» АҚ –ның банкроттыққа ұшырау қаупі және қаржылық жағдайына талдау жасау.doc

— 334.00 Кб (Скачать документ)

       -қаржы есебінің нашарлығы және  шығындарды қадағалау қабілетсіздігі;

      -өнеркәсіптің құлдырауы;

      -компания басшылығының тәжірибемсіздігі;

      -ұзартылған  міндеттемелерді өтей алмауы;

      -кәсіпорынды  қосымша қаржыландыруға қабілетсіздігі;

      -коммерциялық  тәукелдің жоғары деңгейі;

      -нарықтық  өзгерістерге жылдам бейімделуге  қабілетсіздігі;

      -коммерциялық  тәуекелдің жоғары деңгейі;

      -нарықтық  өзгерістерге жылдам бейімделуге қабілетсіздігі;

      -жеткіліксіз  сападағы бухгалтерлік және қаржы  есебі жүйесі;

       -тұтынушылардың  талап-тілектерінің өзгеруіне сәйкес  өндірісті бейімдеуге қабілетсіздігі;

Кәсіпорынның  банкроттық ықтималдығын болжау үшін нарықтық экономикасы дамыған шет елдерде жай және айрықша акциялардың нарықтық құны, қаржылық шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есеп және кәсіпорын балансының негізінде есептелетін Э. Альтманның көп факторлы моделі кеңінен қолданылады.

Бұл модель 1968 жылы болжаудың бас факторлы моделі ретінде пайда болған. Осы модельді жасау барысында Э. Альтман 66 өнеркәсіп орындарын зерттеген, оның жартысы банкроттыққа ұшырап, жартысы табысты болған. Ол мүмкін болатын банкроттықты болжау үшін ұжымды болып келетін 22 талдау коэффициентін зерттеген.

Банкрот болған америка  фирмаларының қаржылық жағдайын, гүлденіп оөсіп келе жатқан кәсіпорындар көрсеткіштерімен салыстыра отырып, олардың банкроттық ықтималыдығына байланысты дәрежесін  және салмақтық коэффициентісін  анықтап, бас негізгі көрсеткішті шығарған. Э. Альтманның жалпы түрдегі моделі (несие қабілеттілік индексі) мынадай:

Z = 1,2 + К1 + 1,4К2 + 3,3К3 + 0,6К4 + 1,0К5    (2)

Мұндағы; К1 = меншікті айналым қаражаттар/активтер;

К2 = бөлінбеген табыс/активтер;

К3 = пайыз бен салық төлуге дейінгі табыс/активтер;

К4 = акцияның нарықтық құны/активтер;

К5 = өткізуден түскен табыс/активтер;

 

Z индексінің  шекті мәні статистикалық сұрыптау  мәліметтері бойынша Э. Альтманның  есептеуінше 2,675 болды. Осы өлшеммен  нақты кәсіподақ үшін есептелген несие қабілеттілік индексінің мәні салыстырылады.

Бұл кәсіпорындар арасында шек коюға және болашақта (2-3 жыл) біреулерінің банкроттыққа ұшырап (z < 2,675 болғанда) және (z>2,675 болғанда) басқалардың  қаржылық жағдайы тұрақтануы жөнінде пікір айтуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар 1977 жылы Э. Альтман 7 факторлы моделін ұсынды, ол модельдің  дәлдігі 70% дейін болды және банкроттықты бос жылға жоспарлауға мүмкіндік  береді. Бұл жеті факторлы модель келесі көрсеткіштерді қамтиды.

      -активтердің рентабельбілігі;

      -пайданың динамикасы;

      -несие бойынша пайызды өтеу  коэффициенті;

      -ағымдағы өтімділік коэффициенті;

      -автономия коэффициенті;

      -жиынтық активтер;

Бұл модельдің  құндылығы өте дәлдігінде, бірақ  қолданылуына ақпараттық жетіспеушілігі қиындық туғызады (талдау есебінің мәліметтері қажет, ал ол сыртқы пайдаланушыларда жоқ).

Сонымен бірге  банкроттыққа сыртқы және ішкі факторлар  әсер етеді. Сыртқы факторларға халықаралық, ұлттық, рыногтық, ал ішкі факторларға фирманың бәсекелестік ортасы, қызмет принципі, ресурстар мен оларды пайдалану, маркетингтік стратегиялар мен саясаты және қаржы менеджменті жатады. Сыртқы факторлар:

1.Халықаралық  факторлар.

1.1.Жалпыэкономикалық: -экономикалық даму циклдылығы;

  -дүниежүзілік қаржы жүйесінің жағдайы;-транұлттық банктердің қаржы саясаты;

1.2.Халықаралық  саясаттың тұрақтылығы:-халықаралық  келісім-шарт жасасу; -еркін экономикалық  аймақтар құру;-тарифтік келісімдер;

-халықаралық  маркетингі.

1.3.Халықаралық  бәсеке:-бірлескен кәсіпорындар құру;-лицензиялық сауда;-фирмлық бәсекенің нарықтығы үлесін арттыру;

      2.Ұлттық факторлар.

2.1.Саяси:-қаржы  жүйесінің жағдайы;-меншікке деген  қатынас;-мемлекеттік жер саясатының  принциптері;-мемлекеттің кәсіпкерлікке  қарым-қатынасы;-салық саясаты;-монополизмді шектеу;-бәсекені қолдау;-тұтынушылар мен кәсіпкерлерді құқын қорғау шаралары;

2.2.Экономико-демографиялық  факторлар:-халықтың табысының деңгейі;-сатып  алушылардың қабілеттілік денгейі;-несие  алу мүмкіндігі;-кәсіпкерлік белсенділігі;

      3.Рыногтық факторлар.

3.1.Психологиялық:-тұтынушылардың  таңдауы, талғамы, әдеттері мен  дәстүрлері, тұтынушы нормасы;

3.2.Ғылыми-технологиялық:-технологиялық  жаңалықтар;-өнімнің бәсекелік қабілеттілігі; (денгенмен банкроттықтың ең күшті  сыртқы факторы технологиялық өзгерулер-ірі ғылыми-технологиялық қозғалыстар болып саналады). Ішкі факторлар:

     1.Фирманың бәсекелік ортасы:-саланың  қызметінің мақсаты;-дәстүрлер, репутация  және имидж;-персоналдың біліктілік  құрамы;-нарықтағы үлесі және  циклдық кезеңдері.

    2.Қызметтің  принциптері:-меншік формасы;-басқарудың  ұйымдастырушылық формасы;-инновациялық  қызмет;-өндірісті басқару жүйесін  ұйымдастыру;-өндірістің диверсификациясы.

    3.Ресурстар  мен оларды пайдалану:-өндірісітің  әдістері мен құрылымын жетілдіру;-өндірістік циклдың ұзақтылығы;-өндірістік қорладың денгейі;-қаражаттар айналымы.

    4.Маркетингтік  стратегиялар мен саясаты:-нарықты  сегменттеу;-тауар саясаты;-баға  саясаты;-өткізу, сату саясаты;-стратегиялық  мақсаттар мен сатуды болжау.

   5.Қаржы менеджменті:-баланстың құрылымы;-төлемқабілеттілік;-өтімділік;-капиталдың құны.

    Сонымен  қатар келесі сызбада ұйымдағы  банкроттықтың субьективті және  обьективті себептері көрсетілген.

 


 



 

 



 

 


 







 

 

 

 


 

 


 

Сызба-1 Ұйымдағы дағдарыстың субьективті және обьективті себептері.

Жалпы төлемқабілетсіздіктің  ерекше себептеріне 1-ден, нарық тапсырысынан артта қалушылық, яғни ұсынылатын ассортимент, сапа, баға, т.б. туралы айтуға болады; 2-ден, кәсіпорынның қанағаттанарлықсыз қаржылық басқарылуы, яғни оның міндеттемеге жүктелуі. Бұл жағдайда қаржылық басқару дертіне ұшырайды /5,9б/.

Кәсіпорынның  дәрменсіз, төлемқабілетсіз қызмет атқаруы келесі факторларға байланысты:

1. Акция қаражаттырының қозғалысының жалпы міндеттемелерге қатынасын көрсететін көрсеткіштің айтарлықтай шамасы;

2. Төмен рентабельдік

3. Тұрақсыз  табыс

4. Акционерлік  қоғамдық акциясының бағасы бірден  төмендеуі;

5. Дивиденд  төлемдерінің азаюы;

6. Тұрақты  шығындардың жалпы шығындарға қатынасының жоғарғы көрсеткіші;

7. Акцияның  нарықтық құны мен оның баланстық  құны арасындағы айырмшылықтың  орны алуы;

8. Айналымнан  тыс активтердің қажетті деңгейін  қолдауда қабілетсіздік таныту 

9. Қарыз міндеттемелерінің  жоғарғы мөлшері;

Ал сапалық  факторларына:

1.Қаржы есебі  жүйесінің нашарлығы және шығындарды  бақылауға қабілетсіздігі;

2. Басшылық  тәжірибесіздігі 

3. Міндеттемелерін  уақытылы өтей алмау;

4. Заңсыз іс-әрекеттердің  орын алуы;

5. Кәсіпорынды  басқаруда бөліксіздік таныту;

6. Қосымша  қаржылану көздерін алуға кәсіпорынның  қабілетсіздігі;

7. Басшылықтың  сыртқы ортадағы өзгерістерге  тез бейімделе алмауы;

8. Бухгалтерлік  және қаржы есебінің жеткіліксіз  сапалы жүйесі;

9. Қарыз келісім-шарттарын  жиі қарау;

10. Жалға беру  мен жалға алу келісім-шарттарын жиі құрастыру;

 

Америка Құрама Штатында кәсіпкерлікті тұрақты  түрде мемлекеттік қолдауға ие. Әр түрлі мемлекеттік реттеулер  мен қолдау шаралары құқықтық базаға негізделген. Солардың бірі “шағын бизнес туралы заң”. Америка Құрама Штатының  когрессінде шағын бизнес проблемаларымен екі комитет айналысады.

     Федералдық деңгейде  шағын бизнес  әкімшілігі  қызмет атқарады. Әкімшіліктің  басты функциясы-шағын бизнесті  жан-жақты қолдау.Әрбір штатта  әкімшіліктің аймақтық бөлімдері  жұмыс істейді. Аймақтық бөлімшелер шағын бизнес субъектілеріне нарық туралы ақпарат береді, оның мәселелерін шешуге көмектеседі.

     Сонымен қатар, Америка Құрама  Штатының кәсіпкерлік саясатының  негізгі бағыттарының бірі-ол  қаржы түсімдерін реттеу болып  табылады. Ол екі бағытта жүзеге асырылады:

1)бюджеттен  мақсатты бағытталған субсидиялар;

2)қаржыландыру  үшін жеке капиталдарды тарту;

Бұл бағытты  іске асыруда АҚШ-та Шағын Бизнестің  Әкімшілігі құрылған және ол шағын  кәсіпкерлікке қаржылық,кеңестік,материалдық көмектеседі, кәсіпкерлерді оқыту мен дайындауды жүзеге асырады.Шағын Бизнес Әкімшілігі шеңберінде келесі бағдарламалар жүзеге асырылады:

1) халықаралық  саудада көмек;

2) ғылыми-техникалық  зерттеулер;

3) әйел-кәсіпкерлерге  көмектер;

4) ардагер-кәсіпкерлерге көмек көрсету  жұмыстары;

5) ұлттық  кәскерлікті дамыту және т.б.

 

 

ΙΙ-ТАРАУ. «Алтын жіп» АҚ-ның шаруашылық қызыметі мен       банкроттық мүмкіндігіне анализ

2.1 касіпорынның технико-экономикалық мінездемесі

 

 «Алтын жіп» АҚ трикатажды өндіріске орта нөмірлі мақта қағазды тоқыманы өндіретін маманданған кәсіпорын болып табылады.

         Кәсіпорын 1942 жылы Мәскеу аймағындағы  Реутовский және Краснополянский  тоқыма мақта фабрикаларының  құрал – жабдықтарының негізінде  құрылды. Алғашында кәсіпорын  шет елдік «Говард-Булло» мен «Платт» фирмалардың 1895-1905 жылдары шыққан, қуаттылығы 12 мың тоқыма құрайтын, тоқыманың шығарылымы 222 тоннадан аспайтын, құрал – жабдықтарымен жабдықталған еді.    

         «Алтын жіп» АҚ – дағы жұмыстар үнемі жаңа құрал – жабдықтардың, механизацияның және өнімнің автаматизациясы арқылы жүргізіледі.

 Технико-экономикалық  көрсеткіштердің динамикалық өзгерістері  1- кестеде көрсетілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1- кесте. «Алтын жіп»  АҚ 2004-2005 жылдарға арналған технико-экономикалық  көрсеткіштері

 

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2004 ж

2005 ж

Ауытқу

1

Өткізілген өнімнен  түсетін табыс

мың. тг

18022,6

25564,5

141,8

2

Өткізілген өнімнің  өзіндік құны

мың. тг

20685,5

23449,6

113,4

3

Жалпы табыс

мың. тг

(-2662,9)

2114,8

-

4

Кезең шығындары

мың. тг

12197,3

11368,9

111,5

5

Таза табыс

мың. тг

(-10036,2)

(-5687,0)

-

6

Негізгі құралдардың  орташа жылдық құны

мың. тг

50141,7

37045,4

73,9

7

Еңбек ақы қоры

мың. тг

61555,3

76090,3

123,6

8

Жұмысшылардың орташа саны

адам

353

321

90,9

9

Бір жұмысшының орташа айлық  еңбек ақысы

тг

14531

19753,4

125,7

10

Өткізілген өнімнің 1 тг шығыны

тг

1,14

0,92

80,0

11

Бір жұмысшының еңбек  өнімділігі

мың. тг

51,05

79,64

144,3

12

Жұмыскерлер саны

адам

60

59

1

Информация о работе Жылжымайтын мүліктің сандаық және сапалық сипаттамасы