Жылжымайтын мүліктің сандаық және сапалық сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 13:00, реферат

Описание

Банкроттық-кәсіпорынның ұдайы өндіріс капиталының шаруашылық механизмінің балансының бұзылуынан, яғни оның қаржылық және инвестициялық саясатының тиімсіз болуынан туындайды. Сондықтан шаруашылық қызметтің негізгі көрсеткіштерінің өсу денгейінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін және қаржылық банкроттықы жағдайынан шығу үшін кәсіпорынның жағдайын жақсартуға бағыттылған бағдарлама жасау керек.

Содержание

КІРІСПЕ
Ι-ТАРАУ. КӘСІПОРЫННЫҢ БАНКРОТТЫҒЫ МЕН
ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТСІЗДІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Кәсіпорын банкроттығының экономикалық табиғаты мен мәні
1.2 Кәсіпорын банкроттығы мен төлем қабілетсіздігінің пайда болу себептері
ΙΙ-ТАРАУ. «АЛТЫН ЖІП» АҚ-НЫҢ ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗЫМЕТІ МЕН БАНКРОТТЫҚ МҮМКІНДІГІНЕ АНАЛИЗ
2.1 Касіпорынның технико-экономикалық мінездемесі
2.2 «Алтын жіп» АҚ –ның банкроттыққа ұшырау қаупі және қаржылық жағдайына талдау жасау
ΙΙΙ-ТАРАУ.КӘСІПОРЫНДЫ ҚАРЖЫЛАЙ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САУЫҚТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
3.1. Банкроттыққа қарсы стратегиялық жоспарлау

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа состоит из  1 файл

Дип. «Алтын жіп» АҚ –ның банкроттыққа ұшырау қаупі және қаржылық жағдайына талдау жасау.doc

— 334.00 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ΙΙΙ-ТАРАУ.КӘСІПОРЫНДЫ  ҚАРЖЫЛАЙ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САУЫҚТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

    1. Банкроттыққа қарсы стратегиялық жоспарлау

 

Банкроттыққа  қарсы кәсіпорындарды басқаруда  маңызды шаралардың бірі жаңа жоспарлау, стратегиямен байланысты жоспарларды  жүзеге асыру қажеттілігі болып  табылады.  

Сондықтан «стратегиялық  жоспарлауң ұғымы жаңа қоғамдық мәнге  ие болуы деуге болады: нарықтық экономикада тек банкроттыққа қарсы жоспарлау бар, бірақ стратегияны жүзеге асыру, отандық кәсіпорындардың бәсеке қабілеттілігін және тиімділігін көтеру эконмикадағы мемлекеттің ролі мен қызметінің кеңеюімен байланысты.

Дамыған елдерде  мемлекетпен анықталатын стратегиялар экономиканың жақын онжылдығының дамуын анықтаған. Мемлекеттің нарықтық процестерде белсенді қатысудағы бағыттарының бірі банкроттық процесін басқарудағы оның ролінің өсуін атауға болады. Стратегиялық жоспарлау негізінен көптеген факторларға байланысты:-таңдаған даму стратегиясы;-қаржылай жағдайы;-қосымша несие алу мүмкіндіктері;-кәсіпорынның материалдық кепілдіктері;-салаладағы және нарықтағы бәсеке;-халықаралық орта;-экономикалық, саяси, әлеуметтік факторлар;-персонал сапасы мен жетілуі;-басшылық деңгейі мен кәсіпорындағы ұйымдастырылған мәдениет. Банкроттыққа қарсы басқаруды жүйелік тәсілдеме арқылы, яғни банкроттықтың алдын ала диагностикасын, оны жою әдістеріне дейінгі шаралар жиынтығын қарастыру. Бұл тұрғыда, тек кәсіпорынның банкроттықтық жағдайдан шығуын ғана емес, сонымен бірге банкроттықты болжау, оның себептерін талдау, теріс салдарын азайту шараларын жүзеге асыру мен оның факторларын келешектегі дамуына қолдануға бағытталады.

 

 

   Келесі суретте банкроттыққа қарсы басқаруда стратегиялық жоспарлаудың негізгі бағыттары көрсетілген:

 

                                          

- географиялық жағдайы

Нарықтық талдау   - бәсеке-кәсіпорындар


мен оны бағалау   - потенциалды тұтынушылар


- тауар типі

 

Кәсіпорын дамуының   - стратегия

мақсаты жүзеге асыру  - еңбек ресурстары саласындағы стратегия


- өткізуді ынталандыру

- пайдалану стратегиясы

Кәсіпорынның 

мүмкіндіктерін анықтау


 


Басқару    Өндірістік    Экономикалық

потенциалы    потенциал   потенциал

 



 

Ақпараттық  Қаржы  Еңбек   Интелектуалды

потенциал  ресурстары ресурстары потенциал

 

Сызба 2- Кәсіпорындағы стратегиялық жоспарлаудың негізгі    бағыттары

 

Жоғардағы сурет  бойынша тек отандық нарықтың жағдайын ғана емес, сонымен бірге  кәсіпорынның мүмкіндіктеріне, яғни өндірістік қуат, экономикалық және қарды ресурстары, коммерциялық қызмет мүмкіндіктері, т.б. банкроттықтық жағдайдан шығу бойынша мақсаттарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қартар кәсіпорындағы банкроттық процестеріне сапалық және сандық факторлар әсер етеді /31/.

 

 

Кесте 9-Банкроттықты басқарудың сандық және сапалық факторлары

 

Сандық факторлар

Сапалық факторлар

1. Акция қаражаттырының  қозғалысының жалпы міндеттемелерге  қатынасын көрсететін көрсеткіштің  айтарлықтай шамасы;

2. Төмен рентабельдік

3. Тұрақсыз  табыс

4. Акционерлік  қоғамдық акциясының бағасы бірден  төмендеуі;

5. Дивиденд  төлемдерінің азаюы;

6. Тұрақты  шығындардың жалпы шығындарға  қатынасының жоғарғы көрсеткіші;

7. Акцияның  нарықтық құны мен оның баланстық  құны арасындағы айырмшылықтың орны алуы;

8. Айналымнан  тыс активтердің қажетті деңгейін  қолдауда қабілетсіздік таныту 

9. Қарыз міндеттемелерінің жоғарғы мөлшері;

1. Қаржы есебі  жүйесінің нашарлығы және шығындарды  бақылауға қабілетсіздігі;

2. Басшылық  тәжірибесіздігі 

3. Міндеттемелерін  уақытылы өтей алмау;

4. Заңсыз іс-әрекеттердің  орын алуы;

5. Кәсіпорынды  басқаруда бөліксіздік таныту;

6. Қосымша  қаржылану көздерін алуға кәсіпорынның  қабілетсіздігі;

7. Басшылықтың  сыртқы ортадағы өзгерістерге  тез бейімделе алмауы;

8. Бухгалтерлік және қаржы есебінің жеткіліксіз сапалы жүйесі;

9. Қарыз келісім-шарттарын  жиі қарау;

10. Жалға беру  мен жалға алу келісім-шарттарын  жиі құрастыру;


 

Банкроттықты  болжау оның пайда болуына дейін 1,5-2 жыл бұрын белгілерін тануды білдіреді.

Сонымен бірге банкроттық жағдайында оған қарсы іс-шаралар шеңбері кеңейе түседі, яғни банкроттыққа қарсы стартегияларды басқару мәселесі қарастырылады /25/.

                 

                  Банкроттыққа қарсы стратегиялық  жоспарлау

 

1 кезең                                 ішкі және сыртқы факторларды


                                            бағалау

2 кезең                                 мақсаттар жүйесін түзету


3 кезең                                банкроттыққа қарсы стратегияны 


                                            таңдау

 

                Тактикалық банкроттыққа қарсы  басқару

4 кезең                                банкроттыққа қарсы стратегияны 


                                           жургізу

5 кезең                                банкроттыққа қарсы стратегияның


                                           нәтежиесі

Сызба 3- Кәсіпорындағы  банкроттыққа қарсы басқарудың стратегиясы  мен тактикасының өзара байланысының моделі.

Сондықтан банкроттықтан  шығу шараларын екі тобын қарастыруға  болады /19/:

    1. Тактикалық шараларға, шығындардың көлемін азайту, бөлімшелердің жабылуы, персноналды қысқарту, өндіріс пен атуды азайту және белсенді маркетингтік зерттеулер, ішкі қорларды қолдану, басқаруды жетілдіру, өндірісті жаңғырту шаралары.
    2. Стратегиялық шараларға кәсіпорынның жағдайын талдау мен бағалау, кәсіпорынның өндірістік потенциалын зерттеу, өндірістік бағдарламаларды жүзеге асыру, инновациялық саясат, кәсіпорынның қаржылық жетілуінің жалпы концепциясын жасау.

Стратегиялық  және тактикалық жоспарлау өзарабайланысты және бөліп қарастыруға  болмайды.

Тактикалық  жоспарлау таңдалған стратегия  шеңберінде жүзеге асырылады.

Банкроттыққа  қарсы басқарудың стратегияларына:

-банкроттықтық  болжау, оның пайда болуына дайныдалу;

-банкроттықтың  алдын алуда табысты шешім қабылдау үшін банкроттықтың даму шегін (зрелость) күту;

-банкроттықтық  құбылыстарға қарсы әрекет ету,  оның процестерін қысқарту;

-қосымша ресурстар,  резервтерді (қорларды) пайдалану  арқылы жағдайды тұрақтандыру;

-тәуекелді  есепке алу;

-банкроттық  салдарын бастау және қалпына келтіру жағдайын құру;

Кәсіпорынның  банкроттықтан шығуының стратегиялық шараларына:

-кәсіпорынның  жағдайын талдау және бағалау;

-кәсіпорынның  өндірістік потенциалын зерттеу;

-өндірістік  бағдарламаларды жүзеге асыру;

-инновациялық саясат;

-кәсіпорынның  қаржылай сауықтырудың жалпы  концепциясын жасау.

Банкроттықтан шығу процесінде кәсіпорны өндірістің қайта құруына баруы мүмкін. Кәсіпорынның өндірістік қайта құруының бірнеше  ағыты бар.

Банкроттықтан шығу процесінде кәсіпорын келесі өндірісті өайта құру жобасын қолдануына болады:

-үзілісті -  біртіндеп;

-үзіліссіз-біртіндеп;

-параллельді;

-параллельді-кезеңді;

-параллельді-біртіндеп;

Жоғарыдағы  жобалап таңдау көптеген факторларға  байланысты:

-таңдаған  даму стратегиясы;

-қаржылай  жағдайы;

-қосымша несие  алу мүмкіндіктері;

-кәсіпорынның  материалдық кепілдіктері;

-салаладағы  және нарықтағы бәсеке;

-халықаралық  орта;

-экономикалық, саяси, әлеуметтік факторлар;

-персонал  сапасы мен жетілуі;

-басшылық  деңгейі мен кәсіпорындағы ұйымдастырылған мәдениет.

Кәсіпорынның  қайта құру жобаларын дұрыс және уақытылы қолдану банкроттықты қатар  нарықта бәсекеқабілетті болуына  әсер етеді.

Кәсіпорынның  қайта құру жобаларының кең тараған  түрлеріне келесі кестеде сипаттама  берілген.

Кесте 10-Кәсіпорынды  қайта құру жобаларының түрлері

 

Жобалар

Сипаттамасы

1. Үзіністі-біртінді

Құрылымды қайта  құру барысында бизнеске қосымша  қаражаттар салынады. Белгілі уақыттан кейін жүйелі параметрдің артуы  байқалады. Түскен қаражаттарды құрылымдық қайта құру шығындарын жабуға қажет.

2. Үзіліссіз-біртінді

Фирма дамуының теріс жақтарын алдын-ала болжау мүмкін болған жағдайда қолданылады  және жаңа бизнес немесе технологияға көшу шін қаражаттарды уақытылы бағыттау қажет.

3. Параллельді

Егер тауарды  жылдам модернизациялау қажет болған жағдайда қолданылады. Нәтижесінде – сату көлемі айтарлықтай азюға үлгірмейді, кәсіпорынға нарықта тұрақтылық пен бәсекеқабілеттілік кепілденеді.

4. Параллельді-кезеңді

Бұл жобаны егер параллельді жоба мүмкін емес жағдайда және кәсіпорны уақытша өтпелі модельді қолдануға мәжбүр болған жағдайда пайдаланылады;

5. Параллельді-біртінді

Бәсекеқабілетті өнімді меңгеруге кәсіпорын қосымша  қуат алады және өндіріс көлемі пайда  мен табыстың өсуі жұмыстарын жалғастырады.


                                         

  Жалпы банкроттыққа қарсы басқарудың бағдарламасын жасауда негізгі мақсаттарын анықтау қажет:

  1. Төлемқабілетсіздікті жою: ішкі және сыртқы міндеттемелерді қысқарту есебінен және қаржы ресурстарының көлемін көбейту арқылы жүзеге асыру:-ұйымдық құрылымның оптимизациясы және тұрақты шығындарды азайту;-айналым шығындарын өндірістік процестің автоматизациялау есебінен және негізгі және қосымша бөлімшелердегі персоналды қысқарту арқылы азайту;
  2. Қаржылық тұрақтылықты қалпына келтіру: -тиімді баға саясаты жүзеге асыру арқылы жеңілдік жүйелерін қолдану арқылы және өнімді нарыққа шығару әдістерін ұйымдастыру негізінде таза табысты өсіру; -өндірістің дамуына бағытталған таза пайданы арттыру мақсатында дивиденттік саясатты жүзеге асыру;- тозған және пайдаланылмайтын құрал-жабдықтарды жүзеге асыру;
  3. Стратегиялық қаржы тұрақтылығы және нарық құнының өсуіне бағытталған экономикалық өсу. Экономикалық өсу моделі төрт факторға негізделген:-өткізу рентабельділігінің өсуі, баға саясатының тиімді жүзеге асырылуы арқылы жету мүмкін; -өндірістің дамуына әсер ететін таза пайда үлесінің өсуі;-активтер айналымының жеделдетілуі, яғни ол оның қажеттілігін азайтады. Ағымдық активтерді азайту үшін математикалық экономикалық модельдер-көліктік есептер, қорларды басқару тағы басқалар.-қаржы левериджун тиімді қолдану.

 

                                         

 

 

 

 

                                        

 

 

 

 

 

 

                                          

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Республикадағы  экономикалық жағдайдың даму денгейі  кәсіпорынға тікелей әсер етеді, оның қаржы-экономикалық жағдайы мен банкроттық процесіне ықпал етеді. Қазіргі жағдайда көптеген кәсіпорындар үшін кісіпорынның бәсекеқабілеттілігін аттыру мақсатында жүзеге асырылып жатқан шаралардың маңыздылығы банкроттыққа қарсы басқарудың ролін арттырады. Осыған сәйкес кәсіпорындар шығарған өнімдерінің бағасын төмендету, өткізу көлемін көбейту, әрі нарықты тауарлардан сапалық көрсеткіштер жағынан ерекшеленетін өнім түрлерін өндіру арқылы нарықтағы жағдайын нығайтуға ұмтылуда. Жоғары деңгейдегі бәсеке жағдайында әрбір кәсіпорын мақсаты төлемқабілетті және қаржылай тұрақты бөлу. Дегенмен, кейбір кәсіпорындар сот шешімі бойынша төлемқабілетсіз деп танылып, банкроттыққа ұшырайды.

Қазіргі уақытта  көптеген отандық кәсіпорындардың  қаржылық қиындықтары бар, ол сыртқы жалпымемлекеттік мәселелермен (заңшығарушылық базаның жетілмегендігі, саяси жағдайдың тұрақсыздығы, өндірістің құлдырауы) және ішкі мәселелермен (тиімсіз маркетинг, құралдарды тиімсіз пайдалану, тиімсіз өндірістік менеджмент, қаржы ағымдарының тепе-теңсіздігі) байланысты. Жоғарыдағы факторлар жиынтығы кәсіпорынның қаржы жағдайының  диагностикасын үнеім жүзеге асырылуын қажет етеді, ол кәсіпорынның банкроттыққа қарсы басқару механизмін жүзеге асыру мақсатында болады.

Информация о работе Жылжымайтын мүліктің сандаық және сапалық сипаттамасы