Унитарлы басқару нысаны бар мемлекеттердегі мемлекеттік басқарудың ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Мая 2012 в 14:21, курсовая работа

Описание

Парламент – билік деген сөз. Парламенттің басты міндетіне біздің өмір сүру ережелерімізді жасау, қалыптастыру жатады. Міне, осы жағдайда парламент қабылдайтын заңдардың өмірге етене жақын, тиімді болуы үшін оларды жасауға қолынан іс келетін, білімді де білікті іскер адамдардың қатысқаны дұрыс.

Содержание

Кіріспе………………………………………………………..………………3





1 Унитарлы басқару жүйе ......………........…………………..…………......4



1.1. Унитарлы басқару нысаны туралы түсінік….......………………..........4

1.2. Партиялар туралы.....................................................................................6



2 Унитарлы мемлекеттердегі бақылау функциялары: шетел тәжірибесі және жаңа конституциялық аядағы қазақстандық ерекшелігі ............………...8



2.1. Унитарлы басқару нысаны бар елдердің конституциясы ...................8

2.2. Үкімет қызметін бақылау………………………………………..…….10

2.3. Бюджеттің орындалуын бақылау…........................…………….…….12

2.4. Батыс елдеріндегі унитарлы басқару ерекшеліктері ……....……….16

2.5 Унитарлы басқарудың қазақстандық ерекшелігі…………........……..22





Қорытынды………………………………………………………………...25



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……………………………………….26

Работа состоит из  1 файл

курсовая.doc

— 188.50 Кб (Скачать документ)


 

 

Мазмұны

 

 

Кіріспе………………………………………………………..………………3

 

 

1 Унитарлы басқару жүйе ......………........…………………..…………......4

 

1.1. Унитарлы басқару нысаны туралы түсінік….......………………..........4

1.2. Партиялар туралы.....................................................................................6

 

2 Унитарлы мемлекеттердегі бақылау функциялары: шетел тәжірибесі және жаңа конституциялық аядағы қазақстандық ерекшелігі ............………...8

 

2.1. Унитарлы басқару нысаны бар елдердің конституциясы ...................8

2.2. Үкімет қызметін бақылау………………………………………..…….10

2.3. Бюджеттің орындалуын бақылау…........................…………….…….12

2.4. Батыс елдеріндегі унитарлы басқару ерекшеліктері ……....……….16

2.5 Унитарлы басқарудың қазақстандық ерекшелігі…………........……..22

 

 

Қорытынды………………………………………………………………...25

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……………………………………….26

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Парламент – билік деген сөз. Парламенттің басты міндетіне біздің өмір сүру ережелерімізді жасау, қалыптастыру жатады. Міне, осы жағдайда парламент қабылдайтын заңдардың өмірге етене жақын, тиімді болуы үшін оларды жасауға қолынан іс келетін, білімді де білікті іскер адамдардың қатысқаны дұрыс. Бұлар ең алдымен заңгерлер, экономистер, соның ішінде міндетті түрде ғалымдар да болу керек. Ғалым басқарған ел жаман болмайтыны белгілі.

Курстық жұмыстың тақырыбы – Парламенттік басқару нысаны бар мемлекеттердегі мемлекеттік басқарудың ерекшеліктері

Курстық жұмыстың мақсаты – Парламенттік басқару нысаны бар мемлекеттердің басқару жүйесін талдау және ерекшеліктерін анықтау болып табылады.

Осы мақсатқа сәйкес мен алдыма келесідей міндеттер қойдым:

1.      Парламенттік басқару жүйесін қарастыру және оның ерекшеліктеріне анықату;

2.      Парламенттік басқару нысаны бар елдердің мемлекеттік басқару жүйесіне тоқталу;

3.      Шетелдердегі Парламент функциясын талдап, оның маңызын анықтау;

4.      Қазақстан Республикасының аралас басқару жүйесін қарастырып, демократия одан әрі тереңдеуі үшін президенттік-парламенттік басқару нысанының маңызы мен тиімділігін көрсету.

Парламенттік басқару нысанында билік парламенттің қолына жиналған. Кабинет пен премьер министрді парламенттің төменгі палатасы тағайындайды, тексереді және түсіреді. Өкімет парламенттің алдында жауапты. Парламенттік басқару нысаны жағдайында билік жүргізу функциясы мемлекет пен үкімет басшылары арасында бөлінген. Президент тек мемлекет басшысы. Үкімет атқарушы билікті жүзеге асырады, әрі парламенттегі партиялық көпшілік негізінде құрылады. Күшті үкімет - әлсіз президент.

Сонымен, өкіметте парламенттің сенімі болған кезде ол өзінің қызметін істей алады, ал болмаған жағдайда отставкаға шығады. Мұндай республикаларда президент мемлекеттің басшысы, оның биліктері өте аз.

Параменттік жүйенің отаны Ұлыбритания болып табылады. Онда парламенттік жүйе XVII–XVIII ғасырлардың шегінде қалыптасады. Одан кейін оның отарлары Канадаға, Австралияға,  Жаңа Зеландияға, Ирландияға, Ямайкаға және Кариб бассейіндегі едердің көпшілігіне енгізіледі. Парламенттік жүйе еуропаның мемлекеттерінде де өте кеңінен тарады. Мәселен, бұл жүйені қабылдаған елдер қатарында Швеция, Норвегия, Дания, ГФР, Австия, Швейцария, Италия, Испания, Португалия, Бельгия, Венгрия бар. Ал Азияда, Жапонияда, Израильде, Сингапурда өкімет бірлігі парламенттік жүйенің принциптерінде қалыптасқан. Парламенттік монархиялар да бар.

 

1. Унитарлы басқару жүйесі

1.1. Унитарлы басқару нысаны туралы түсінік

Мемлекеттің түрі деп оның ішкі құрылысын, ұйымдастырылуын және мемлекеттік биліктің жүзеге асырылу тәсілін айтады. Мемлекеттің үш жағы
бар:

Басқару түрі.

Саяси тәртібі.

Мемлекеттік құрылысы.

Басқару түрі жоғарғы өкімет билігі кімнің қолында екендігін көрсетеді.

Дүние жүзінде басқарудың екі нысаны бар. Олар монархия және республика.

Монархия — елді мемлекеттік заңды басқаруды тек бір адамның жүзеге асыратынын, оның мемлекеттік жоғары лауазымды тек мүрагерлік төртіппен иеленгендігін білдіреді.

Монархия абсолютті және конституциялық болып екіге бөлінеді. Конституциялық монархия екі түрге бөлінеді: дуалистік және парламенттік.
Парламентгік монархияда монарх билігі заң шығарушылық процесінде болсын, мемлекет басқару ісін жүзеге асыруда болсын шектеулі болады. Өйткені, үкімет парламенттік жолмен құрылады әрі өзінің қызметі жөнінде тек парламент алдында жауап береді. Ал, парламент үкіметке сенімсіздік көрсеткенде үкімет отставкаға кетеді не болмаса парламент таратылады. Мұндай жағдайда үкімет кезектен тыс парламентгік сайлау өткізуді белгілейді. Парламентгік монархияның дуалистік монархиямен салыстырғанда басқа да өзіндік ерекшеліктері бар. Олар жайында біздің ойымызша, белгілі бір елдің мемлекеттік тәжірибесін оқып-зерттеу барысында ғана нақты пікірлер айтуға болады. Қазіргі кезде осындай басқару түрі дүние жүзі елдері ішінде, мысалы, Англияда (Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Біріккен корольдігі, мұндағы ресми мемлекет басшысы—королева), Бельгияда (Бельгия корольдігі, мемлекет басшысы — король), Данияда (Дания корольдігі, мемлекет басшысы — монарх. 1972 жылы қаңтарда ғана Маргрега II мемлекет басшысы болып сайланды), Испанияда (бұл елде парламенттік мұралық монархия, мемлекет басшысы — король), Норвегияда (Норвегия корольдігі, мемлекет басшысы — король), Канадада (мемлекет басшысы Ұлыбритания королевасы деп нақты қөрсетілген, ол генерал губернаторды өзі тағайындайды), Жапонияда (мемлекет пен халық бірлігі ныша-ны — император), Люксембургте (Люксембург ұлы Герцоттығы, мемлекет басшысы — ұлы герцог) орныққан.

Республика деп – мемлекеттік биліктің барлық жоғары органдары белгілі бір уақытқа сайланатын немесе өкілдік мекемелер арқылы қалыптасатын мемлекеттік басқарудың түрін айтады.

Республика президенттік және парламенттік болып бөлінеді.
Парламенттік тәртіпте елдің жоғарғы басшысы парламентке бағынады. Мұнда заң шығарушы билік те, атқарушы билік те парламентке тәуелді. Ол салықты белгілейді, бюджетті бекітеді, соттарды құрады, соғыс аша алады, әскерді қамтамасыз етеді, т.с.с.

Парламент екі палатадан тұрады. Жоғарғы палата сенат арқылы, ал төменгі палата жалпыға бірдей тікелей сайлау арқылы қалыптасады. Парламент бірпартиялық және екіпартиялық болуы мүмкін.
Бірпартиялық парламент кішкентай елдерде кездеседі. Мысалы: Финляндияда бірпартиялық парламент қызмет етеді. Дамыған елдерде екіпартиялық парламент жүйесі қалыптасқан. Мысалы: АҚШ-та республикалық және демократиялық партиялардан тұрады.
Әр елде парламентті әр түрлі атайды:

АҚШ, Филиппинде – конгресс;

Польша, Финляндияда – Сейлі;

Иран, Түркияда – Мәжіліс;

Израильде – Кнессет;

Швейцарияда – Ригстаг;

Францияда – Ұлттық жиналыс дейді [2].

Парламенттік республикада заң шығарушы органның құзіреті кең болады. Мысалы, Италия, Түркия, Германия, Грекия, Голландия, Бельгия, Ұлыбритания, Израиль т.б. мемлекеттерде осы басқару түрі енгізілген. Бұл елдерде атқарушы билік – үкімет президенттің емес, парламенттің алдында ғана есеп береді. Парламент кез келген сәтте президентке импичмент жариялап, үкіметті таратуға құқылы. Және елдің жоғарғы лауазымды тұлғасы президент емес, премьер-министр болады. Сайлау пропорционалдық жүйемен өткізіледі. Ал президенттік республикаларда елдің сыртқы және ішкі саясатын президент айқындап, үкіметтің есебін тыңдайды. Яғни атқарушы биліктің барлығы мемлекет басшысының құзіретіне беріледі. Латын Америкасы елдері мен посткеңестік мемлекеттердің дені осы басқару түрін таңдаған. Еуропада Франция – президенттік республика. Сонымен қатар осы екі басқару түрінен басқа аралас республикалар да бар. Басқарудың мұндай нысанында парламенттік те және президенттік республиканың да белгілері болады. Осындай басқару нысанына ие Франция Республикасы. Бұл елдің Конституциясына сәйкес елдің жоғары лауазымды басшысы Президент. Францияда 1962 жылы Президентке тікелей сайлау енгізілген. Мемлекет басшысы тарапынан үкімет құрылады әрі ел тек президент алдында ғана жауап береді. Президент өкіметті басқаруды жүзеге асырады; Премьер-министр тек министрлер кеңесі қарайтын құжаттарды даярлауды қамтамасыз етеді. Парламент пен президент билікті бөліскенмен, кей жағдайда мемлекет басшысы заң шығарушы органды таратып, кезектен тыс сайлауды белгілей алады. Мұндай елдерге Португалия, Армения, Литва, Украина, Словакияны жатқызуға болады. Кейбір сарапшылар Ресейдегі билікті де «аралас басқару» деп атайды. Ал 2007 жылғы мамыр айында Конституциямызға енгізілген өзгерістерге сәйкес, Қазақстан да осы басқару түрін таңдады [10].

 

 

 

 

1.2. Партиялар туралы

Саяси партиялар өздерінің саяси бағдары бойынша солшыл, оңшыл және центристер, іс-қимылының сипатына қарай радикалды және экстремистік, жұмысты ұйымдастыру мен әдіс – айлалары бойынша – демократиялық, авторитарлық, тоталитарлық және фашистік болып бөлінеді деп жоғарыда жіктеп өттік.

Американың белгілі тарихшысы, әрі саясатшысы, Пристон университетінің профессоры Стивен Коэн партиялардың мынадай тұрпатта да болатындығын көрсетеді: саяси авангардтық рөл атқаратын партия, парламенттік партия. Парламенттік партия мынандай екі түрлі қызмет атқарады: біріншіден – сайлауға дайындық, екіншіден – парламент жұмысына бақылау жасау. Әрине, мұндай классификацияны шартты түрде қабылдауымыз керек.

Біздің тарихи тәжірибемізде бұрын-соңды парламенттік партия болып көрген емес. Алайда қоғамымыздың саяси жүйесінің демократиялануы, құқықтық мемлекеттің құрылуы, халықтың саяси санасының оянып, белсенділігінің артуы саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардың бұрын болмаған жаңа толқындарын туғызды. Соның ішінде «Қазақстан халық бірлігі» партиясы, «Азат» республикалық партиясы, Қазақстан халықтық Конгресс партиясы, Қазақстан социалистік партиясының саяси бағдарламаларында республика азаматтарын ерікті түрде біріктіретін парламенттік үлгідегі партия болады делінген.

Партиялық күрес – саяси билік үшін күрес. Алайда, Қазақстан Республикасының саяси партияларының саяси мақсаттарға қол жеткізу үшін зорлық – зомбылықтың кез-келген нысанасын теріске шығарып, оппозициялық, парламенттік күрес жолын қалайтындығы ашық айтылған. Өркениетті елдердің барлығына да парламенттік партиялар мол тарихи тәжірибе жинақтады және бұл жолдың дұрыстығына көз жеткізді [15].

Осыған орай парламенттік жүйе туралы айту керек. Параменттік жүйенің отаны Ұлыбритания болып табылады. Онда парламенттік жүйе XVII–XVIII ғасырлардың шегінде қалыптасады. Одан кейін оның отарлары Канадаға, Австралияға,  Жаңа Зеландияға, Ирландияға, Ямайкаға және Кариб бассейіндегі едердің көпшілігіне енгізіледі. Парламенттік жүйе еуропаның мемлекеттерінде де өте кеңінен тарады. Мәселен, бұл жүйені қабылдаған елдер қатарында Швеция, Норвегия, Дания, ГФР, Австия, Швейцария, Италия, Испания, Португалия, Бельгия, Венгрия бар. Ал Азияда, Жапонияда, Израильде, Сингапурда өкімет бірлігі парламенттік жүйенің принциптерінде қалыптасқан. Парламенттік монархиялар да бар.

Парламент – билік деген сөз. Парламенттің басты міндетіне біздің өмір сүру ережелерімізді жасау, қалыптастыру жатады. Міне, осы жағдайда парламент қабылдайтын заңдардың өмірге етене жақын, тиімді болуы үшін оларды жасауға қолынан іс келетін, білімді де білікті іскер адамдардың қатысқаны дұрыс. Бұлар ең алдымен заңгерлер, экономистер, соның ішінде міндетті түрде ғалымдар да болу керек. Ғалым басқарған ел жаман болмайтыны белгілі. Ал, бізде, неге екені белгісіз, әлі күнге дейін «аспаз да ел басқарады», - деген қате ұғым қалыптасқан.

Оның қате екенін тарихтын өзі дәлелдеп берді. «Құл жиылып бас болмас, құм жиылып тас болмас» дейтін мақалдың негізінде осындай ащы шындықтың жатқандығын байқаймыз [12].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Унитарлы мемлекеттердегі бақылау функциялары: шетел тәжірибесі және жаңа конституциялық аядағы қазақстандық ерекшелігі

2.1. унитарлы басқару нысаны бар елдердің конституциясы

Израиль – парламенттік мемлекет. Мемлекет басшысы – президент. Үкімет – Кнесетке (Парламент) бағынышты. Пре­мьер-министр Кнесет мүшесі болып табылады.

Президент Кнесет мүшелері арасынан бес жылға екі мерзімге ғана сайлана алады. Мемлекет басшысы, Мемлекеттік бақылаушы, Судьялар, Бас штаб бастығы, жоғарғы шенді әскербасылар Кнесетке сайлана алмайды. Мемлекеттік бақылаушының мәртебесі Конституция бойынша ерекше айқындалған. Ол бюджет қаржысының қалай жұмсалуын бақылайды. Елдегі сайлау жүйесі мен Орталық сайлау комиссия­сына Жоғарғы соттың судьясы және Кнесет фрак­циасының барлық өкілдерінен құралған комиссия басшылық жасайды.

Кнесет – бір палаталы. Ол – 120 депутаттан тұрады. Парламенттің аты – «Кнесет ха-Гдола» – Ұлы жиналыс дегенді білдіреді. Алғашқы Кнесет біздің дәуірімізге дейін V ғасырда Иерусалимде құрылған. Кнесет оты­рысы иврит және араб тілдерінде жүр­гізіледі.

Юрисдикция (Әділет соты) неке және отбасы мәселелерімен айналысады. Олар үш­ке бөлінген, раввиндер соты – еврейлер, шариат соты – мұсылмандар мен друздар, шіркеулер соты – христиандар мәселелерін қарайды.

Конституцияда Израильдің тәуелсіздігі жөніндегі мәселе ерекше қойылған. Дек­ларацияда Израилге қайтып оралушы­лар­дың мәртебесі айрықша қорғалған. 1950 жылы қабылданған «Қайтып оралушылар» туралы заңда Израиль жеріне әлемнің кез келген аймағынан еврей ұлты өкілінің қай­тып оралуына ерік берілген. Қайтып ора­лушыға сол сәтте Израиль азаматтығы бе­ріледі. Негізгі заңда «Израиль мемлеке­ті туралы» (1976), «Иерусалим туралы» (1980) ерекше басымдықтармен ай­тыл­ған. Жергілікті атқару билігінің бар­лық іс-қимылы Ішкі істер министрлігі бақы­лауында.
Ұлыбритания – парламенттік монархия. Мемлекеттік тұтас конституциясы жоқ. Басқару жүйесі бірнеше ғасырлар бойы жүйеленген конституциялық актілерге не­гіз­делген. Оған парламент заңдары, сот прецеденті, келісімдер мен әдептік құқық­тық салалар жатады. Олардың ең негізгілері: Лордтар палатасының актісі, Халық өкілдігі туралы акт, Еркіндіктің ұлы хартия­сы болып саналады.

Информация о работе Унитарлы басқару нысаны бар мемлекеттердегі мемлекеттік басқарудың ерекшеліктері