Қазақстандағы ұлт аралық қатынастар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2011 в 21:06, реферат

Описание

Ежелгi қазақ жерiнде халықтардың, өркениеттердiң, мәдениеттер мен алуан дiни сенiмдердiң бiр мемлекетте бейбiт қатар өмiр сүруiнiң бай да бiрегей тәжiрибесi жинақталған. Бұл тәжiрибе бiздiң бiрлiгiмiздiң түп-тамырын айқындайды және болашағымызды айқынырақ көруге жәрдемдеседi.
Қазақстандағы iшкi саяси жағдай бүгiнгi таңда тұтас алғанда тұрлаулылығымен сипатталады. Түрлi этникалық топтар өздерi тұратын аймақтардағы ұлтаралық қатынастарды қанағаттанарлық әрi жарасымды деп бағалайды.

Работа состоит из  1 файл

. Қазақстандағы ұлтаралық қатынастардың бүгiнгi таңдағы жай-күйiн талдау.docx

— 33.08 Кб (Скачать документ)
 

2. Қазақстандағы  ұлтаралық қатынастардың бүгiнгi таңдағы жай-күйiн талдау және ұлттық саясат саласында мемлекет назарын талап ететiн негiзгi проблемалар 

      Ежелгi қазақ жерiнде халықтардың, өркениеттердiң, мәдениеттер мен алуан дiни сенiмдердiң бiр мемлекетте бейбiт қатар өмiр сүруiнiң бай да бiрегей тәжiрибесi жинақталған. Бұл тәжiрибе бiздiң бiрлiгiмiздiң түп-тамырын айқындайды және болашағымызды айқынырақ көруге жәрдемдеседi.

      Қазақстандағы  iшкi саяси жағдай бүгiнгi таңда  тұтас алғанда тұрлаулылығымен сипатталады. Түрлi этникалық топтар өздерi тұратын аймақтардағы ұлтаралық қатынастарды қанағаттанарлық әрi жарасымды деп бағалайды.

      Қазақстан  қоғамының өзi тәрiздi елдегi ұлтаралық қатынастар да соңғы жылдары айтарлықтай өзгерiстерге ұшырады. Экономикалық және саяси реформаларды жүргiзу барысында жаңа әлеуметтiк топтар түзiлдi, қоғамда ой еркiндiгi мен төзiмдiлiк орнығу үстiнде. Қоғамды демократияландыру Қазақстан халықтарының мәдениетi мен тiлдерiнiң қайта түлеуi және дамуы үшiн жағдайды қамтамасыз еттi. Бұл даму күллi Қазақстан этностарының азаматтық бiртұтастығы негiзiнде жүрiп жатыр, мұның өзi ұлтаралық қатынастардың үйлесiмдiлiгiне ықпал етедi.

      Сонымен  қатар ұлтаралық қатынастардың  жай-күйiне керi әсер ететiн:  өмiр сүру деңгейiнiң төмендегi, жұмыссыздық пен қылмыстың орын алуы, құқықтық мәдениеттiң жеткiлiксiздiгi, этникалық оқшаулану үрдiстерiнiң көрiнiстерi сияқты бiрқатар объективтi факторлар бар.

      Бүгiнгi әлемде халықтардың өзара қарым-қатынасының қайшылықты процесi жүрiп жатыр, олардың арасындағы байланыстар кеңеюде. Сонымен бiрге әлемнiң жекелеген аймақтарында өзге мәдениет және өркениет өлшемдерiн қабылдамау орын алып отыр. Жасампаз ниеттi әрi әдiлдiкке ұмтылатын бiрде бiр жан бұл жағдайды қанағат тұта алмайды.

      Соңғы  кезде ұлтаралық қатынастардың  жай-күйiне әсер ететiн мынадай  да жаңа сыртқы факторлар пайда болды, бұлар:

      этноконфессиялық  белгi бойынша геосаяси жiкке бөлiну ықтималдығы, сондай-ақ бұқаралық сана төзiмдiлiгiнiң төмендеуi;

      аймақта  әскери-саяси тұрлаусыздық қатерiнiң  туындауы, гуманитарлық апаттардың  мүмкiндiгi және босқындардың бақылаусыз ағынының пайда болуы;

      дiни идеяларды жамылған экстремистiк, террорлық және радикалдық топтардың құқыққа қайшы әрекетi;

      шетелдiк  бұқаралық ақпарат құралдары,  елдiң заңдарын сақтамайтын дiни  бiрлестiктер арқылы тобырлық  мәдениет пен қазақстандық дiлге  жат мiнез-құлықтардың таралуы;

      трансұлттық  қылмыстардың өсуi;

      конфессиялар  мен этнобағдарлы ұйымдардың  саясаттануы. 

      Аталған  факторлар ұлтаралық қатынастардың  жай-күйiне тұрлаусыздандырушы ықпал етуi мүмкiн. Сондықтан мемлекеттiк органдар, Қазақстан халқы Ассамблеясының мынадай проблемаларды шешуде мақсат көздейтiн әрi алдын алу жұмысын жүргiзуi қажет:

      азаматтық  бiртұтастық, қазақстандық патриотизм, рухани-мәдени өзара iс-қимыл мен ұлтаралық қатынастардың үйлесiмдiлiгi негiзiнде қазақстандық сәйкестiктi қалыптастыру және нығайту;

      азаматтық  қоғамды кезең-кезеңiмен әрi дәйектiлiкпен демократияландыру, қалыптастыру және дамыту процесiне қоғамның қалың жiгiн тарту және жандандыру;

      Қазақстандағы  ұлтаралық қатынастардың жай-күйiне сыртқы қатерлер мен әсерлер ықпалын жою.

      Қазақстан  халқының Ассамблеясы құрылған  кезеңде оның алдына қойылған  мiндеттер бүгiнгi таңда тұтастай алғанда орындалды. Елде күллi этностардың теңдiгi; олардың тiлдерi мен мәдениетiн қайта түлету мен дамыту қамтамасыз етiлдi. Экономикалық саладағы нарықтық реформалар негiзiнен аяқталды, саяси жүйенi демократияландыру жүргiзiлдi.

      Қазiргi уақытта Қазақстан халқы Ассамблеясының  қоғам мен мемлекеттегi орны  мен рөлiне, бiздiң iшкi дамуымыздың, сол сияқты сыртқы факторлар әсерiнiң де нәтижесi болып табылатын мiндеттердi шешуге жаңа көзқарас қажет.

      Мемлекеттiк ауқымды әрi маңызды кез келген мәселенi шешу геосаяси даму перспективаларын алдын ала болжауды, мемлекеттiң тәуелсiз даму жолының мүддесiнде тарихи маңыздылық пен ғылыми негiздiлiктi ескере отырып, айрықша қажырлылық пен табандылықты талап етедi.

      Басым  бағыттарын айқындай келе, Қазақстан  халқының Ассамблеясы өзiнiң алдына  мынандай жауапты мақсаттар мен  мiндеттер қояды: қайта түлеген  мемлекеттiлiктi нығайту, адам құқықтары  мен бостандықтарын, халық пен  мемлекет мүдделерiн қорғау, өркениеттi  әлемдiк қоғамдастықтың талаптарына  жауап беретiн дамудың сапалық  жаңа деңгейiне өту. Осы мәселелердi шешу жүйелi және алдын ала сипатты болуға тиiс.

      Жоғарыда  аталған факторларды және қоғамдағы  өз рөлiнiң маңыздылығын ескере отырып Ассамблея мемлекеттiк ұлттық саясатты iске асыруға белсене қатысуға тиiс. Бұл ретте Ассамблеяның жаңа мақсаттары мен мiндеттерi мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясат саласындағы стратегиялық басымдықтарына сәйкес айқындалады және Ассамблеяның әрбiр мүшесiне зор жауапкершiлiк жүктейдi.

      Бұл  қағидат мемлекеттiң азаматтық  қоғамды жан-жақты нығайту және оның мүшелерiн мемлекеттiк саясат процесiне бiрте-бiрте тарту жөнiндегi жалпы стратегиясының арнасында өрбидi.  

3. Стратегияның мақсаттары  мен мiндеттерi 

      Қазақстан  халқы Ассамблеясының осы стратегиясы  оның ұлтаралық қатынастар саласында  таяу перспективаға арналған қызметiнiң базалық және басшы бағдарларының жүйеленген жиынтығы болып табылады және мынадай принциптерде түзiлген:

      халық  пен мемлекет мүдделерiнiң басымдығы;

      заңның  үстемдiгi және нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге қатысына, қандай әлеуметтiк топқа жататынына қарамастан, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының теңдiгi;

      ұлттық  мәселенi әдiл шешудiң негiзi  ретiндегi қоғамдық тұрлаулылық,  Қазақстан Республикасының беделiн  түсiруге бейiл, сондай-ақ Қазақстан  халқы Ассамблеясының қалыпты  жұмыс iстеуiне кедергi келтiретiн  iс-әрекеттердiң, сөз айту мен пiкiрлердiң алдын алу және болдырмау;

      Қазақстан  халқының ұлттық мәдениеттерiн,  тiлдерi мен салт-дәстүрлерiн жан-жақты дамыту;

      мемлекеттiң  ұлттық қауiпсiздiгiне нұқсан келтiруге, әлеуметтiк, ұлттық, рулық және  дiни алауыздықты тұтандыруға,  өшпендiлiк пен араздыққа бағытталған  iс-әрекеттiң алдын алу;

      шет  елдерде тұратын отандастарды  ана тiлiн, мәдениетi мен ұлттық  салт-дәстүрлерiн сақтау мен дамыту, олардың тарихи Отанымен байланысын нығайту мәселелерiнде қолдау, Қазақстан азаматтарының құқықтары мен мүдделерiн одан тыс жерлерде қорғауға жәрдемдесу;

      халықаралық  ұйымдармен және шет елдердiң азаматтық қоғам институттарымен интеграциялық қатынастарды кеңейту.

      Осы  стратегияның мақсаты Қазақстан  халқы Ассамблеясының "Қазақстан-2030" Стратегиясының мiндеттерiн iске  асырудағы, қоғамдағы тұрлаулылық  пен келiсiмдi нығайтудағы және  Қазақстан халқын, оның қуатты  мемлекеттiлiгiн, ашық азаматтық  қоғам қалыптастыру процесiндегi рөлiн күшейту болып табылады.

      Стратегияның  мiндеттерi:

      мемлекеттiк  тiл мен қазақ халқының мәдениетiнiң  өзектi рөлiн арқау ете отырып, азаматтық және рухани-мәдени бiртұтастық негiзiнде Қазақстан этностарын топтастыру жолымен қазақстандық сәйкестiктi қалыптастыру;

      ұлтаралық  қатынастар саласында мемлекеттiк  органдармен және азаматтық қоғам  институттарымен өзара тиiмдi iс-қимылды қамтамасыз ету;

      Қазақстанда  үйлесiмдi ұлтаралық қатынастарды қамтамасыз етуде этномәдени бiрлестiктердiң күш-жiгерiн бiрiктiру;

      ұлтаралық  қатынастар саласындағы келеңсiз үрдiстердiң алдын алу және ықтимал қатерлердi жою жөнiндегi сақтандыру тетiктерiнiң жүйесiн қалыптастыру, этникалық факторды саясаттандыруға жол бермеу;

      ұлтаралық  қатынастар саласындағы мемлекеттiк  саясатты iске асыру жөнiндегi Қазақстан  халқы Ассамблеясының қызметiн  жетiлдiру және саяси жүйенi  демократияландыру, қоғамдық дамудың  өзектi мәселелерiн шешуде оның  рөлiн арттыру болып табылады.

      Аталған  мiндеттердi шешудi Қазақстан халқы  Ассамблеясы қызметiнiң негiзгi бағыттарына  қоғам мен мемлекеттiң дамудың  жаңа кезеңiндегi қажеттiлiктерiне сәйкес түзетулер енгiзу жолымен iске асыру қажет. Бұл ретте ұлтаралық қатынастар саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру мақсатында қоғам мен мемлекеттiң ұйымдық, санаткерлiк және өзге де ресурстарын бiрiктiру қажет.

      Осыған  орай, негiзгi күш-жiгер Қазақстан  халқы Ассамблеясының қазiргi құрылымдарының  жұмысын түбегейлi жақсартуға және жаңа құрылымдарын түзуге бағытталатын болады.  

4. Мемлекеттiк ұлттық саясатты қалыптастыру мен iске асыру жөнiндегi Ассамблея қызметiнiң негiзгi бағыттары 

      Мемлекеттiк ұлттық саясатты қалыптастыру мен iске асыру жөнiндегi Ассамблея қызметiнiң басым бағыттары мыналар болып айқындалды:  

4.1. Қазақстандық  сәйкестiктi қалыптастыру саласында 

      Қазақстандық  патриотизмдi қалыптастыру мен  жалпықазақстандық мәдениеттi одан  әрi дамытуға мынадай мiндеттердi шешу арқылы жәрдемдесу:

      рухани  бiрлiк, халықтар достығы, ұлтаралық келiсiм идеяларын қалыптастыру мен тарату, қазақстандық патриотизм сезiмiн уағыздау;

      Қазақстан  халқының тарихы мен мәдениетi туралы бiлiмдi тарату, тарихи мұраны  сақтау және этникалық топтардың  ұлттық ерекшелiгi мен өзара  iс-қимыл дәстүрлерiн одан әрi дамыту;

      халықтың  денсаулығын жақсартудың мемлекеттiк  бағдарламаларын iске асыруға  қатысу, дәстүрлi отбасылық құндылықтарды насихаттау және отбасы институтын жан-жақты нығайту, бала туу деңгейiн көтеруге жағдай жасауға жәрдемдесу;

      мемлекеттiк  қызмет пен қоғамдық-саяси қызметтiң неғұрлым маңызды салаларында жұмыс iстеуге қабiлеттi, жалпықазақстандық мемлекеттiк сана-сезiмi мен дiлi қалыптасқан ұлттық кадрлар даярлау жүйесiн әзiрлеуге қатысу;

      ұлттық  саясат саласында маманданатын  мемлекеттiк қызметшiлердiң бiлiктiлiгiн  арттыруға жәрдемдесу;

      мемлекеттiк қызметке аз ұлттар өкiлдерiн тарту.

      Негiзгi мақсаттары:

      мемлекеттiк тiлдiң әлеуметтiк-коммуникативтiк функцияларын одан әрi кеңейту мен нығайту негiзiнде қолайлы әлеуметтiк-лингвистикалық орта құру;

      орыс  тiлiнiң ресми және жалпымәдени функцияларын сақтау және этникалық топтардың тiлдерiн дамыту;

      мемлекеттiк  тапсырыс тетiгiн пайдалану арқылы  мемлекеттiк тiлдiк бағдарламаларды  iске асыруға республикалық және  аймақтық ұлттық-мәдени бiрлестiктердi тарту болып табылатын бiрыңғай мемлекеттiк тiл саясатын iске асыруға жәрдемдесу.

      Этномәдени  бiлiм беру жүйесiн түзудi мынадай жолдармен қамтамасыз ету:

      орта  және жоғары бiлiм жүйесi шеңберiнде этномәдени бiлiм беру бағдарламасын әзiрлеуге қатысу және оны әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар енгiзу;

      басқа халықтардың мәдениетiне, тарихына, тiлiне, әлемдiк мәдениет құндылықтарына деген құрмет сезiмiн тәрбиелеумен қатар әрбiр этникалық топтың мәдениетi мен тiлiн сақтау және дамыту құралы ретiнде жексенбiлiк мектептер мен ұлттық қайта түлеу мектептерiнiң ұйымдық нысандарын жетiлдiру;

      этникалық  азшылықтардың жинақы тұратын  жерлерiнде ана тiлiнде бiлiм  беру мекемелерiн құруға жәрдемдесу, олардың тiлдерiндегi оқу-әдiстемелiк материалдарды алуға, мерзiмдi баспасөз бен баспа өнiмдерiн таратуға, теле- және радио хабарларын жеткiзуге көмек беру.

      Ұлтаралық  өзара iс-қимыл саласында этнодiни факторларды пайдалануға жол бермеудi; этностардың конфессиялық белгi бойынша төзбеушiлiгi мен жiкке бөлiнуiн болдырмауды:

      ұлттық  салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың рухани және эстетикалық маңызға ие дiни құндылықтармен өзара байланысын есепке алу, дiни бiрлестiктердiң Қазақстандағы қоғамдық тұрлаулылықты нығайтудағы күш-жiгерiн қолдау;

      халықтың, әсiресе жас ұрпақтың арасында  экстремистiк дiни ағымдардың  таралуына қарсы iс-қимыл жөнiнде жүйелендiрiлген ағартушылық жұмыс жүргiзу;

      дiннiң бiрiктiрушi бастауларын - Қазақстанды мекендейтiн халықтардың имандылық ұмтылыстарының, рухани iзденiстерiнiң, эстетикалық нормаларының ортақтығын пайдалану және насихаттау арқылы қамтамасыз ету.

      Ұлттық  сәйкестiкке және қоғамның тұрлаулылығына  қатер төндiретiн келеңсiз үрдiстердiң  алдын алу және қарсы iс-қимыл жүйесiн қалыптастыруға ықпал ету. Осыған байланысты мынадай шараларды қолға алу:

Информация о работе Қазақстандағы ұлт аралық қатынастар