Қазақстандағы ұлт аралық қатынастар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2011 в 21:06, реферат

Описание

Ежелгi қазақ жерiнде халықтардың, өркениеттердiң, мәдениеттер мен алуан дiни сенiмдердiң бiр мемлекетте бейбiт қатар өмiр сүруiнiң бай да бiрегей тәжiрибесi жинақталған. Бұл тәжiрибе бiздiң бiрлiгiмiздiң түп-тамырын айқындайды және болашағымызды айқынырақ көруге жәрдемдеседi.
Қазақстандағы iшкi саяси жағдай бүгiнгi таңда тұтас алғанда тұрлаулылығымен сипатталады. Түрлi этникалық топтар өздерi тұратын аймақтардағы ұлтаралық қатынастарды қанағаттанарлық әрi жарасымды деп бағалайды.

Работа состоит из  1 файл

. Қазақстандағы ұлтаралық қатынастардың бүгiнгi таңдағы жай-күйiн талдау.docx

— 33.08 Кб (Скачать документ)

Қазақстан халқы  Ассамблеясы туралы

ЕРЕЖЕ 

1. Жалпы ережелер 

      1. Қазақстан  халқы Ассамблеясы (бұдан әрi - Ассамблея) Қазақстан Республикасы  Президентiнiң жанындағы заңды тұлға құрмайтын мекеме болып табылады.

      Ассамблея  өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 2007 жылғы 26 шiлдедегi N 370 Жарлығымен.

      2. Ассамблея  өз қызметiн мынадай принциптерге негiздейдi:

      халық  пен мемлекет мүдделерiнiң басымдығы;

      жариялылық  пен демократия, өз мүшелерiнiң тең құқылығы мен құрамындағы қызметi үшiн дербес жауапкершiлiгi;

      заңдардың  үстемдiгi, адам мен азаматтың  нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге қатысына, қандай әлеуметтiк топқа жататынына қарамастан құқықтары мен бостандықтарының теңдiгi;

      Қазақстан  халықтарының ұлттық мәдениеттерiн,  тiлдерiн және салт-дәстүрлерiн жан-жақты дамыту;

      халықаралық  ұйымдармен, Қазақстанның және шет  елдердiң азаматтық қоғам институттарымен интеграциялық байланыстарды кеңейту.

      3. Ассамблея  шешiмдерi Қазақстан Республикасы Конституциясына және "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегi Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжiлiсiнiң депутаттарын сайлау шешiмдерiнен басқа ұсынымдық сипатта болады.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 2007 жылғы 26 шiлдедегi N 370 Жарлығымен.

       

2. Қызметiнiң мақсаттары, мiндеттерi мен

негiзгi бағыттары 

      4. Ассамблеяның  мақсаттары:

      ұлттық  мәселенi әдiлеттi шешудiң негiзi  ретiнде қоғамдық тұрлаулылықты нығайту;

      мемлекеттiк  тiл мен қазақ халқы мәдениетiнiң  өзектi топтастырушы рөлiн арқау ете отырып, Қазақстан этностарын қазақстандық патриотизм, азаматтық және рухани-мәдени тұтастық негiзiнде шоғырландыру жолымен қазақстандық сәйкестiктi қалыптастыру;

      азаматтардың  өркениеттi әрi демократиялық нормаларға сүйенетiн саяси мәдениетiн қалыптастыру;

      Қазақстан  Республикасының беделiн түсiруi ықтимал iс-әрекеттердiң, сөз сөйлеу мен пiкiр айтудың алдын алу және болдырмау;

      этносаралық  қатынастарды үйлестiрудi қамтамасыз  ету, түрлi этностар өкiлдерi арасындағы  қарым-қатынастарда төзушiлiк пен сенiмдi нығайту болып табылады.

      Ескерту.  4-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005.04.23. N 1581 жарлығымен. 

      5. Ассамблея  қызметi мынадай мiндеттердi шешуге бағытталған:

      рухани  бiрлiк идеясын қалыптастыру және тарату, халықтар достығы мен ұлтаралық келiсiмдi нығайту және сақтау;

      Ассамблеяның  мемлекеттiк органдармен және  қоғамдық бiрлестiктермен өзара  iс-қимылының бiрыңғай жүйесiн жасау арқылы ұлтаралық қатынастар саласындағы келеңсiз үрдiстердiң алдын алу;

      ұлтаралық  қатынастар саласындағы ахуалға мониторинг жүргiзу және талдау жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру, олардың негiзiнде қоғамды топтастыруды қамтамасыз ететiн практикалық ұсынымдарды тұжырымдау;

      мемлекет  жүргiзiп отырған ұлт саясатында  әр алуан ұлттық мүдделердiң ескерiлуiн қамтамасыз етуге жәрдемдесу.

      Ассамблея  мақсаттары мен мiндеттерiне қол  жеткiзу үшiн ұлттық-мәдени бiрлестiктердiң күш-жiгерiн бiрiктiру.

      Ескерту.  5-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005.04.23. N 1581 жарлығымен.

      6. Ассамблея  қызметiнiң негiзгi бағыттары:

      ұлтаралық  қатынастар мәселелерi бойынша  мемлекеттiк органдармен және  азаматтық қоғам институттарымен  өзара iс-қимыл жасау;

      қоғамның  рухани, мәдени және әлеуметтiк-экономикалық  даму тұжырымдамалары мен бағдарламаларының  жобаларын әзiрлеуге қатысу, оларды  мемлекеттiк органдарда және жұртшылық арасында талқылауды ұйымдастыру, оларды жүзеге асыруға жәрдемдесу;

      ұлт  саясаты мәселелерi бойынша заң  жобаларына қоғамдық-саяси сараптама жасауға қатысу;

      ұлтаралық  қатынастар саласындағы келiспеушiлiктер мен дауларды реттеу, жанжалды ахуалдарды шешу жөнiнде ұсынымдар тұжырымдау және практикалық шараларды iске асыруға қатысу;

      халықаралық  ұйымдармен және шет елдердiң азаматтық қоғам институттарымен белсендi интеграциялық саясат жүргiзу;

      ұлттық-мәдени бiрлестiктермен өзара iс-қимыл жасау;

      ұлтаралық  қатынастар, Қазақстан халықтарының  мәдениетi мен тiлдерiн дамыту және қолдау мәселелерi бойынша конференциялар мен семинарлар өткiзу;

      Қазақстан  Республикасында ұлтаралық қатынастардың  жай-күйiне мониторинг жасау;

      ұлтаралық  келiсiм идеяларын, қағидаттарын және нормаларын насихаттау болып табылады.

      Ескерту.  6-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005.04.23. N 1581 жарлығымен. 

3. Жұмысын ұйымдастыру және оның тәртiбi 

      7. Қазақстан  Республикасының тұңғыш Президентi  Ассамблеяның ғұмырлық Төрағасы болып табылады. Ассамблея Төрағасы Ассамблея қызметiнiң негiзгi бағыттарын айқындайды әрi бекiтедi. Ассамблея Төрағасының екi орынбасары болады.

      Ассамблея Төрағасының орынбасарлары Ассамблея Кеңесiнiң ұсынымы негiзiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiмен тағайындалады.

      8. Ассамблея  сессияларын Ассамблеяның Төрағасы шақырады. Ассамблея сессиясының өтетiн күнi, орны және болжалды күн тәртiбi оның жұмысы басталуынан бiр ай бұрын жарияланады. Сессия жылына кемiнде бiр рет шақырылады.

      Ассамблеяның  кезектен тыс сессиясын Ассамблея Төрағасы өз бастамашылығы бойынша немесе Ассамблея мүшелерi жалпы санының кемiнде үштен бiрiнiң өтiнiшi бойынша шақырады және шешiм қабылданған күннен бастап бiр ай мерзiмде өткiзiледi.

      Ассамблея  сессиясы, егер оның жұмысына  Ассамблея мүшелерiнiң жалпы санынан  кемiнде үштен екiсi қатысса,  заңды болып саналады. Сессия шешiмi, егер ол үшiн Ассамблеяның қатысып отырған мүшелерiнiң жартысынан астамы жақтап дауыс берсе, қабылданған болып саналады. Шешiм қабылдау кезiнде дауыс беру тәсiлiн Ассамблея сессиясы айқындайды.

      Ассамблея  сессиясы:

      Қазақстан  Республикасы Конституциясына және "Қазақстан Республикасындағы  сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегi Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес Парламент Мәжiлiсiнiң депутаттарын сайлауға;

      Ассамблеяның  тұжырымдамалары мен бағдарламалық  құжаттарын талқылауға және оларды Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзуге;

      Ассамблея  мүшелерiнiң есептерiн тыңдауға;

      Қазақстан  Республикасының Президентiне осы Ережеге өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы ұсыныстар жасауға;

      Ассамблеяның  құзыретiне жатқызылған өзге де  мәселелердi қарап, шешуге хақылы.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 2007 жылғы 26 шiлдедегi N 370 Жарлығымен.

      9. Ассамблея  сессияларының аралығында жұмыс  жүргiзу үшiн Ассамблея Төрағасының  шешiмiмен Ассамблеяның құрамына  кiретiн мемлекеттiк органдар, ұлттық-мәдени және басқа да қоғамдық бiрлестiктер өкiлдерiнiң қатарынан, кiшi ассамблеялар жетекшiлерiнен Ассамблея Кеңесi құрылады. Ассамблея Төрағасының шешiмiмен Ассамблея Кеңесiнiң құрамына Ассамблеяның басқа да мүшелерi кiре алады.

      Ассамблея Кеңесi Ассамблеяның мақсаттарына қол жеткiзу мен мiндеттерiн шешуге бағытталған неғұрлым маңызды мәселелердi қарайды, соның iшiнде Қазақстан Республикасы Конституциясына және»"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегi Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес Парламент Мәжiлiсiнiң депутаттығына кандидаттар ұсынады. Ассамблея Кеңесiнiң шешiмi, егер ол Ассамблея Кеңесi мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екiсi қабылдағанда, заңды болып табылады.

      Ассамблея  Кеңесiнiң шешiмi Ассамблеяның жұмыс органы жүргiзетiн сауалнама жолымен де қабылдануы мүмкiн. Ассамблея Кеңесiнiң отырысын қажеттiлiкке қарай Ассамблея Төрағасының келiсiмiмен Ассамблея Төрағасының орынбасарлары бiрлесiп шақырады.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 2007 жылғы 26 шiлдедегi N 370 Жарлығымен.

      10. Ассамблея Төрағасы, Қазақстан Республикасының  Президентi бекiткен Ассамблеяның  стратегиялық мақсаттары мен  мiндеттерiн iске асыру барысында  Ассамблеяның мемлекеттiк органдармен  өзара iс-қимылын қамтамасыз ету  үшiн Ассамблеяның Үйлестiру кеңесi  құрылады, оның функциялары мен  өкiлеттiгiн Ассамблея Төрағасы айқындайды.

      Ассамблеяның  Үйлестiру кеңесiнiң құрамына Ассамблея Төрағасының орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң басшылары мен өзге де мүшелерi, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Сенаты мен Мәжiлiсiнiң төрағалары немесе олардың орынбасарлары енгiзiлуi мүмкiн.

      11. Ассамблеяның алдына қойылған  мақсаттар мен мiндеттерге қол  жеткiзу үшiн Ассамблея Төрағасы өз шешiмiмен Ассамблея жанынан басқа да кеңесшi органдар мен құрылымдар құра алады.

      12. Ассамблеяның жұмыс органы Қазақстан  Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Iшкi саясат бөлiмi болып табылады.

      Ассамблея  жұмыс органының негiзгi функциялары:

      Ассамблеяның  қызметiн қамтамасыз ету, Ассамблея шешiмдерiнiң орындалуын ұйымдастыру және бақылау;

      ұлтаралық  қатынастарды, қоғамдағы келiсiм мен тұрақтылықты дамыту және нығайту жөнiндегi бiрлескен ведомствоаралық және аймақаралық жұмыс жоспарлары шеңберiнде мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiру;

      мемлекеттiк  ұлт саясатының тұжырымдамалық  негiздерiн, Ассамблеяның тұжырымдамалары  мен бағдарламалық құжаттарын  әзiрлеуге және Қазақстан халқының  тiлдерiн, мәдениетiн, тарихи салт-дәстүрлерi мен әдет-ғұрыптарын қайта түлету және сақтау бағдарламаларын iске асыруға қатысу;

      Ассамблея  қызметiне қатысты мәселелер бойынша  талдау, ақпараттық және әдiстемелiк  материалдар дайындау, халықаралық,  республикалық ғылыми-практикалық  конференциялар, семинарлар, елдегi  қоғамдық прогресс пен азаматтық  татулыққа ықпал ететiн басқа да iс-шаралар мен акциялар өткiзу;

      мемлекеттiк  органдармен және ТМД елдерi  мен алыс шетелдiң ұқсас құрылымдарымен, сондай-ақ қоғамдық және ұлттық-мәдени бiрлестiктермен, халықаралық және бейүкiметтiк ұйымдармен Қазақстанның тұрлаулы дамуын қамтамасыз етуге және Ассамблеяға жүктелген мiндеттердi iске асыруға бағытталған өзара iс-қимылдар жасау;

      Ассамблея  жанынан құрылған кеңесшi органдар мен құрылымдар қызметiн ұйымдастыру болып табылады.

      Ескерту.  12-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005.04.23 N 1581, 2008.04.24 N 576 Жарлықтарымен. 

4. Ассамблея құрамына  қабылдау және құрамынан шығару,

кiшi ассамблеялар 

      13. Ассамблеяның құрамын Ассамблея  Төрағасы мемлекеттiк органдар, ұлттық-мәдени және басқа да қоғамдық бiрлестiктер өкiлдерi, сондай-ақ қоғамдағы беделiн, қоғамдық-саяси белсендiлiгiн ескере отырып, өзге де адамдар қатарынан жасақтайды.

      14. Ассамблея мүшелiгiне кандидаттар  ұлттық-мәдени бiрлестiктердiң ұсыныстары бойынша кiшi ассамблеялардың шешiмдерiмен ұсынылады, аймақтық және республикалық қоғамдық бiрлестiктерден олардың жоғары органдарының шешiмдерiмен ұсыным жасалады.

      Ассамблея  мүшелiгiне барлық кандидатуралар  Ассамблея Кеңесiнiң отырысында  қаралып, оларды Ассамблея Төрағасының орынбасарлары Ассамблея Төрағасының бекiтуiне ұсынады. Ассамблея Төрағасы ұсынылған кандидатураларды қабылдамай тастауға және Ассамблеяның құрамына өз қарауынша басқа адамдарды енгiзуге хақылы.

      15. Ассамблея Төрағасы Ассамблея Төрағасы орынбасарларының немесе кiшi ассамблеялар төрағаларының ұсыныстарымен:

Информация о работе Қазақстандағы ұлт аралық қатынастар