Қазақстандағы ұлт аралық қатынастар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2011 в 21:06, реферат

Описание

Ежелгi қазақ жерiнде халықтардың, өркениеттердiң, мәдениеттер мен алуан дiни сенiмдердiң бiр мемлекетте бейбiт қатар өмiр сүруiнiң бай да бiрегей тәжiрибесi жинақталған. Бұл тәжiрибе бiздiң бiрлiгiмiздiң түп-тамырын айқындайды және болашағымызды айқынырақ көруге жәрдемдеседi.
Қазақстандағы iшкi саяси жағдай бүгiнгi таңда тұтас алғанда тұрлаулылығымен сипатталады. Түрлi этникалық топтар өздерi тұратын аймақтардағы ұлтаралық қатынастарды қанағаттанарлық әрi жарасымды деп бағалайды.

Работа состоит из  1 файл

. Қазақстандағы ұлтаралық қатынастардың бүгiнгi таңдағы жай-күйiн талдау.docx

— 33.08 Кб (Скачать документ)

      Ассамблея  жанынан ұлтаралық қатынастарды  жүйелi әрi мақсатты зерттеу жөнiндегi талдау орталығын құру;

      тиiстi ақпараттық-идеологиялық жұмыс жүргiзу;

      Ассамблеяның  ұлтаралық қатынастар саласындағы  келеңсiз үрдiстердiң алдын алу  жөнiндегi жұмыста мемлекеттiк органдармен  және қоғамдық бiрлестiктермен  өзара iс-қимылының бiрыңғай ұйымдық құрылымын түзу (мемлекеттiк органдардың және қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерi кеңiнен қатысатын Ассамблея Кеңесi үлгiсiнде).  

4.2. Қоғамды одан  әрi демократияландыруға

жәрдемдесу саласында 

      Ұлтаралық  қатынастар саласын реттейтiн  нормативтiк-құқықтық базаны дамытуға Ассамблеяның қатысуын:

      ұлтаралық  қатынастар саласын реттейтiн қоғамдық мәнi бар нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларына сараптама жасау үшiн Ассамблея мүшелерiн тарту;

      ұлтаралық  қатынастарға қатысты заң жобаларын, қолданыстағы заңдарға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жөнiндегi ұсыныстарға Үкiмет арқылы бастамашылық ету тетiктерiн пайдалану арқылы кеңейту.

      Қоғамдық  бiрлестiктердi (ұлттық-мәдени бiрлестiктердi, бейүкiметтiк ұйымдарды және басқаларды) мемлекеттiк ұлттық саясаттың жекелеген бағыттарын iске асыруға ерiктi негiзде тарту практикасын жалғастыру. Бұл үшiн Ассамблея мынадай шараларды iске асыруға ниеттi:

      мемлекеттiк  билiк органдары мен қоғамдық  бiрлестiктер арасында сындарлы  диалогты жолға қоюға ықпал ету;

      қоғамдық  бiрлестiктермен бiрлесiп мемлекеттiк  ұлттық саясаттың басымдықтарын  ескере отырып, ұлтаралық ынтымақтастықты кеңейтуге және ұлттық мәдениеттердi дамытуға бағытталған әлеуметтiк-экономикалық даму бағдарламаларын әзiрлеу және жүзеге асыру;

      қоғамдық  бiрлестiктермен бiрлесiп ұлттық  саясаттың негiзгi бағыттарының iске  асырылуын ақпараттық қамтамасыз етудi жүзеге асыру, Қазақстанды мекендейтiн халықтардың тарихы мен мәдениетi туралы бiлiм-бiлiктi таратуға жәрдемдесу;

      этникалық  негiздегi жанжалдардың алдын алу мен шешiмiн табу бағдарламаларын әзiрлеу кезiнде отандық және шетелдiк тәжiрибенi ескеру.

      Әр түрлi халықаралық ұйымдармен, басқа елдердiң мемлекеттiк және беймемлекеттiк құрылымдарымен ынтымақтастықты:

      мемлекет  пен этникалық топтардың мәдени  дамудағы мүдделерiн теңдестiру  үшiн мемлекет пен елдiң азаматтық  институттарының шет мемлекеттермен, халықаралық институттармен ұлтаралық  қатынастар саласындағы өзара  iс-қимыл тетiктерiн жетiлдiру мен нығайту;

      азаматтық  қоғам мен халықаралық ұйымдардың  билiкке деген сенiмiн нығайтуға және арттыруға бағытталған шаралар кешенiн жүзеге асыру;

      елдегi  қоғамдық прогресс пен азаматтық  татулыққа ықпал ететiн ғылыми-практикалық конференцияларды, семинарлар мен басқа да бiлiм беру мен мәдени iс-шараларды, акцияларды халықаралық ұйымдармен, мемлекеттiк органдармен және шетелдердiң ұқсас құрылымдарымен бiрлесiп өткiзу практикасын;

      халықаралық  ұйымдардың және шет елдердiң беймемлекеттiк құрылымдарының мүмкiндiктерiн ұлтаралық, көшi-қон процестерiн реттеу мәселелерiндегi жекелеген келеңсiз үрдiстердiң саясаттануын төмендету және жою үшiн пайдалану арқылы тереңдету.  

4.3. Ассамблеяны ұлтаралық  қатынастар саласындағы

мемлекеттiк саясат институты ретiнде жетiлдiру саласында 

      Мемлекеттiк ұлттық саясатты iске асырудың маңызды органы ретiнде Ассамблеяның қызметiн:

      мемлекеттiк  органдардың өзара iс-қимыл жүйесiн қалыптастыру және олардың ұлтаралық қатынастар мәселелерi жөнiндегi қызметiн Ассамблеяның жұмыс органының үйлестiруi;

      Ассамблеяның  жұмыс органының Ассамблея сессияларында  алға қойылған мiндеттердi iске асыру жөнiндегi мемлекеттiк органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiн бақылауды қамтамасыз етуi;

      ұлтаралық  қатынастар саласын қозғайтын заң жобаларына қоғамдық-саяси сараптама жүргiзуге Ассамблеяның қатысу тетiгiн талдап жасау арқылы жетiлдiру.

      Мыналарды: 

      ұлтаралық  қатынастар саласындағы мемлекеттiк  саясат тәжiрибесiн ғылыми жинақтап-қорытуды жүргiзу мен мемлекеттiк органдарға ұлтаралық қатынастарды одан әрi үйлестiру жөнiндегi практикалық ұсынымдарды тұжырымдау;

      ұлтаралық  қатынастар саласындағы келеңсiз  үрдiстердiң алдын алу және  күнiлгерi ауыздықтау, қатерлер мен  арандатушы идеологиялық ықпалдарға  ақпараттық-идеологиялық қарсы iс-қимыл тетiктерiн қалыптастыру;

      тәуелсiз  сарапшылар мен азаматтық қоғам  институттарын тарту арқылы ұлтаралық  қатынастарға мониторинг ұйымдастыру;

      елдiң  бейүкiметтiк ұйымдарын елдегi  ұлтаралық қатынастардың жай-күйiне  тәуелсiз сараптама жасауға және  этностар теңдiгiн қамтамасыз  ету және адам мен азаматтың  құқықтары мен бостандықтарын  сақтау мәселелерi жөнiнде халықаралық  ұйымдар үшiн ұлттық есептердi дайындауға тарту үшiн Ассамблея  қызметiн сарапшылық-талдау тұрғысынан сүйемелдеудi және Ассамблеяның талдау орталығын құру арқылы ұлтаралық қатынастарды дамытуды қамтамасыз ету.

      Ассамблеяның  қызметiн ақпараттық және идеологиялық сүйемелдеудi:

      ұлтаралық  қатынастар мәселелерi жөнiндегi материалдарды, Ассамблеяның және этномәдени бiрлестiктердiң қызметi туралы ақпаратты, талдау және басқа да материалдарды жариялап отыратын Ассамблеяның мерзiмдi басылымын тұрақты негiзде шығаруды ұйымдастыру;

      қазiргi заманғы РR-технологияларды пайдаланудың көмегiмен жұртшылық, азаматтық қоғам институттары арасында Ассамблеяның танымалдығы мен беделiнiң артуына қол жеткiзу;

      Бүкiл әлемдiк Интернет ақпараттық желiсiнде Ассамблеяның wеb-сайтын жетiлдiру, кiшi ассамблеялардың wеb-сайттарын жасау;

      республикалық  және жергiлiктi бюджеттердiң қаражатын мемлекеттiк ақпараттық саясатты жүргiзуге бағытталған қызметтi орындау шеңберiнде пайдалану жолымен қамтамасыз ету.

      Қазақстан  халқы Ассамблеясының кiшi ассамблеялармен,  орталық және жергiлiктi атқарушы  билiк органдарымен жоспарлы және  дәйектi жұмысын қамтамасыз ету,  бұл үшiн:

      Ассамблеяның, оның жұмыс органының қоғамды  демократияландыру, тiл саясаты,  этномәдени бiлiм берудi дамыту, рухани-мәдени даму және т.б. салалардағы мемлекеттiк бағдарламаларды әзiрлеу мен iске асыруға қатысуы жөнiнде ұсыныстар енгiзу;

      Мемлекет  басшысын хабардар ету үшiн  ұлтаралық қатынастар саласындағы  мемлекеттiк органдардың қызметiне  Ассамблеяның жұмыс органының  мониторинг жүргiзуiн қамтамасыз ету;

      Ассамблея  (Ассамблеяның Кеңесi, жұмыс органы  және басқа) органдарының орталық  атқарушы органдармен ұлтаралық  қатынастар саласындағы мемлекеттiк  саясат мәселелерi жөнiндегi iс-шараларды  iске асыру саласындағы өзара  iс-қимылының келiсiлген жоспарларын әзiрлеу (кiшi ассамблеялардың жергiлiктi атқарушы органдармен өзара ұқсас iс-қимылы сәйкес жоспарларын әзiрлеу);

      бiрлескен ведомствоаралық және аймақаралық жұмыс жоспарлары аясында ұлтаралық қатынастардың өзектi мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдардың жұмысын Ассамблеяның жұмыс органы арқылы үйлестiру;

      Ассамблея  мен кiшi ассамблеялардың, олардың жұмыс органдарының жұмысының тиiмдiлiгiн арттыруға бағытталған шаралар кешенiн iске асыру.

      Ассамблеяның  ұлтаралық өзара iс-қимылды нығайтуға бағытталған iскерлiк белсендiлiгiн күшейту әрi осы мақсатта:

      ұлтаралық  қатынастар саласындағы маман-ғалымдарды, iс-тәжiрибесi бар қызметкерлердi, РR-қызметi мамандарын және т.б. жұмысқа тарту есебiнен Ассамблея мен кiшi ассамблеялардың жұмыс органдарының кадр құрамын нығайту;

      Ассамблеяның  мониторинг саласындағы жекелеген  ұзақ мерзiмдi жобаларын, тiл саясатына байланысты бағдарламаларын және қоғамдық маңызы бар басқа да iс-шараларын республикалық бюджет қаражаты есебiнен (мемлекеттiк тапсырысты орындау шеңберiнде) iске асыру тетiктерiн әзiрлеу;

      ұлттық-мәдени бiрлестiктердiң бiлiм беру, мәдени және қайырымдылық жобаларын iске асыру үшiн материалдық және қаржылық негiз жасауға бағытталған iскерлiк белсендiлiгiн қолдау.  

5. Стратегияны iске асыру тетiгi және ресурстық

қамтамасыз ету 

      Стратегияны  оның қағидалары негiзiнде iске  асыру мақсатында Ассамблеяның  жыл сайынғы iс-қимыл жоспарлары әзiрленiп, iске асырылатын болады.

      Стратегияны  iске асыру жөнiндегi нақты iс-шаралар  Ассамблеяның жұмыс органы әзiрлеп, Ассамблеяның Төрағасы бекiтетiн  жыл сайынғы iс-қимыл жоспарларында айқындалады. Тиiстi iс-шаралар жоспарлары кiшi ассамблеялар деңгейiнде әзiрленiп, оларды сол ассамблеялардың төрағалары бекiтедi.

      Осы  стратегияны iске асыру республиканың,  облыстардың, Астана мен Алматы  қалаларының бюджет қаражаттары,  ұлттық-мәдени бiрлестiктердiң қаражаттары, халықаралық ұйымдардың қаржы ресурстары, гранттар мен Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да қаржы көздерi есебiнен көзделген.

      Сонымен  қатар осы стратегияны iске  асыру аясында Ассамблеяның жекелеген  жобаларын қаржыландыруға қатысатын қор құру мүмкiндiгiн қарау орынды болмақ.  

6. Стратегияны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер 

      Ассамблея  қызметiнiң аталған негiзгi бағыттарын iске асырудың нәтижелерi мыналар  болуға тиiс:

      азаматтық  татулық пен келiсiмдi, iшкi саяси тұрлаулылықты қамтамасыз ету саласында:

      ұлтаралық  қатынастарды үйлестiру негiзiнде қазақстандық сәйкестiктi қалыптастыру, қазақстандық патриотизмдi, қазақстандықтардың рухани-мәдени тұтастығын нығайту, жастардың кейiнгi әрбiр буынының бойында қазақстандық патриотизмдi тәрбиелеу жүйесiн құру;

      ұлтаралық  қатынастар саласындағы мемлекеттiң саясатын iске асыруда мемлекеттiк органдардың келiсiлген жұмысын жүргiзу;

      Ассамблеяның  ұлтаралық қатынастар саласындағы  мемлекеттiк мүдделердi iске асыру жөнiндегi жұмысының тиiмдiлiгiн арттыру;

      этномониторинг  жүргiзу және Ассамблеяның талдау  құрылымдары қызметiнiң негiзiнде  келеңсiз үрдiстер мен қатерлерден  сақтандыру мен алдын ала анықтау жүйесiн құру;

      ұлтаралық  қатынастар мәселелерi, экстремизм, төзбеушiлiк пен радикализм идеяларының  ықпалына қарсы пәрмендi iс-қимыл мәселелерi жөнiндегi ақпараттық-идеологиялық жұмыстың сапасы мен тиiмдiлiгiн арттыру;

      ұлтаралық  қатынастар саласында: 

      ұлтаралық  қатынастарды үйлестiру, Қазақстандағы  этностар арасындағы қарым-қатынастарда төзiмдiлiк пен сенiмдi нығайту;

      Қазақстан  этностарын мемлекеттiк тiл мен қазақ халқының мәдениетi айналасында топтастыратын олардың мәдениеттерi мен тiлдерiн одан әрi дамыту, қазақстандықтардың рухани-мәдени тұтастығын қалыптастыратын жағдайларды қамтамасыз ету;

      мемлекеттiк тiлдi әрбiр қазақстандық этнос өкiлiнiң iшкi мәдениетiнiң ажырамас тiнiне айналдыру;

      мемлекеттiк  тiл мен ресми тiлдi ұлтаралық  қатынас құралы ретiнде одан  әрi дамытатындай нақты перспективаларына ие болатын көптiлдiлiктi қалыптастыру;

      қоғамдық-саяси жүйенi демократияландыру және азаматтық қоғамды қалыптастыру саласында:

      Қазақстан  халқы Ассамблеясын қоғамды одан  әрi демократияландырудың тиiмдi құралына  айналдыру Ассамблеяның азаматтық  қоғам институттарындағы беделi  мен ықпалын өсiру, оның ұлттық-мәдени бiрлестiктермен өзара iс-қимылын нығайту;

      азаматтық  қоғам институттарын ұлтаралық  қатынастар саласындағы маңызды  әлеуметтiк жобаларды шешуге тарту, азаматтық қоғам институттарын ұлтаралық қатынастар саласында дамыту;

      ұлтаралық  қатынастар проблемаларына қатысты  келiсiлген саясат жүргiзу және дүниежүзiлiк қоғамдастықта Қазақстанның беделiн көтеру мақсатында халықаралық ұйымдармен, мемлекеттiк органдармен, шет мемлекеттердiң ұлтаралық қатынастар мәселелерi жөнiндегi институттарымен ынтымақтастықты дамыту.

      Осы  стратегияны iске асырудың түпкi нәтижесi қоғамды демократияландыру,  оны топтастыру, азаматтық татулық  пен ұлтаралық келiсiмдi, iшкi саяси  тұрлаулылықты қамтамасыз ету,  сондай-ақ "Қазақстан-2030" Стратегиясында  алға қойылған мiндеттердi орындау негiзiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгi мен егемендiгiн нығайту болуға тиiс.  

Қазақстан Республикасы     

Президентiнiң       

2002 жылғы 26 сәуiрдегi    

N 856 Жарлығымен      

БЕКIТIЛГЕН           

Информация о работе Қазақстандағы ұлт аралық қатынастар