Қазақстандағы ұлт аралық қатынастар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2011 в 21:06, реферат

Описание

Ежелгi қазақ жерiнде халықтардың, өркениеттердiң, мәдениеттер мен алуан дiни сенiмдердiң бiр мемлекетте бейбiт қатар өмiр сүруiнiң бай да бiрегей тәжiрибесi жинақталған. Бұл тәжiрибе бiздiң бiрлiгiмiздiң түп-тамырын айқындайды және болашағымызды айқынырақ көруге жәрдемдеседi.
Қазақстандағы iшкi саяси жағдай бүгiнгi таңда тұтас алғанда тұрлаулылығымен сипатталады. Түрлi этникалық топтар өздерi тұратын аймақтардағы ұлтаралық қатынастарды қанағаттанарлық әрi жарасымды деп бағалайды.

Работа состоит из  1 файл

. Қазақстандағы ұлтаралық қатынастардың бүгiнгi таңдағы жай-күйiн талдау.docx

— 33.08 Кб (Скачать документ)

      өзiнiң  лауазымы бойынша Ассамблеяның  құрамына енген Ассамблея мүшесi - мемлекеттiк қызметшiнiң жұмыс орны өзгерген;

      өзiнiң лауазымы бойынша Ассамблеяның құрамына енген адам сайланбалы лауазымнан босатылған жағдайда;

      өзге  де негiздер бойынша Ассамблеяның құрамынан оның кез келген мүшесiн шығара алады.

      16. Кiшi ассамблеялар Астана, Алматы  қалаларының және облыстардың  әкiмдерi жанындағы заңды тұлға құрмайтын мекеме және Ассамблеяның өңiрлердегi өкiлдiктерi болып табылады.

      Кiшi  ассамблеялар өз қызметiнде Қазақстан  Республикасының Конституциясын, заңдары  мен Қазақстан Республикасының  басқа да нормативтiк құқықтық  актiлерiн, осы Ереженi басшылыққа  алады және кiшi ассамблеялардың  төрағалары бекiткен ережелер  негiзiнде iс-қимыл жасайды.

      Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 2007 жылғы 26 шiлдедегi N 370 Жарлығымен.

      17. Облыстардың, Астана және Алматы  қалаларының әкiмдерi лауазымдары бойынша кiшi ассамблеялардың төрағалары болып табылады.

      18. Кiшi ассамблеяның құрамы жергiлiктi атқарушы және өкiлдi органдардың,  ұлттық-мәдени және басқа да қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерi қатарынан түзiледi.

      19. Кiшi ассамблеялардың жұмыс органдары облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi аппараттарының құрамына құрылымдық бөлiмшелер ретiнде кiретiн олардың хатшылықтары болып табылады.

      Кiшi ассамблея хатшылығының меңгерушiсiн кiшi ассамблеяның төрағасы Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмыс органымен келiсiм бойынша тағайындайды. Кiшi ассамблея хатшылығының меңгерушiсi өзiнiң мәртебесi бойынша кiшi ассамблея төрағасының орынбасары болып табылады.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005.04.23 N 1581, өзгерту енгiзiлдi - 2008.04.24 N 576 Жарлықтарымен. 

5. Ассамблея және  кiшi ассамблеялар мүшелерiнiң

      құқықтары  мен мiндеттерi 

      Ескерту. 5-тараудың атауы жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005.04.23. N 1581 жарлығымен. 

      20. Ассамблея және кiшi ассамблеялар мүшелерiнiң:

      Ассамблеяның  және кiшi ассамблеялардың қарауына  шығарылған мәселелердi талқылауға қатысуға;

      көзқарастар  мен ұстанымдар еркiндiгiне, Ассамблея және кiшi ассамблеялар шешiмдер қабылдағаннан кейiн де өз пiкiрiн бiлдiруге;

      Ассамблея  және кiшi ассамблеялар құрамынан өз еркiмен шығуға құқығы бар.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005.04.23. N 1581 жарлығымен.

      21. Ассамблея және кiшi ассамблеялар мүшелерi:

      елдегi  ұлтаралық келiсiм мен iшкi саяси  тұрақтылықты нығайтуға;

      өздерiнiң  қызметiн Қазақстан Республикасының  Конституциясы мен заңдарына,  Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiне және осы Ережеге сәйкес жүзеге асыруға;

      Ассамблеяның  негiзгi мақсаты мен мiндеттерiн өмiрге енгiзуге белсене қатысуға, оның идеялары мен қызметiн насихаттауға;

      Ассамблея  және кiшi ассамблеялардың беделi  үшiн қам жеуге, Қазақстан Республикасының,  Ассамблеяның және кiшi ассамблеялардың  беделiне нұқсан келтiруi ықтимал  iс-әрекеттердiң алдын алуға және болдырмауға;

      Ассамблея  және кiшi ассамблеялардың тапсырмаларын адал орындауға мiндеттi.

      Ескерту.  21-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005.04.23. N 1581 жарлығымен. 

6. Басқару құрылымы  мен қаржыландыру 

      22. Ассамблеяның жұмысына жалпы  басшылықты Ассамблея Төрағасы жүзеге асырады.

      23. Ассамблея Төрағасының орынбасарлары оның сессияларының аралығында Ассамблея Кеңесiн басқарады, Ассамблея аппаратының жұмысына басшылық жасайды, өкiлдiк функцияларын жүзеге асырады және Ассамблея Төрағасының жекелеген тапсырмаларын орындайды.

      24. Ассамблея қызметiн қаржыландыру мемлекеттiк бюджет қаражаты, ерiктi қайырмалдықтар мен Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн өзге де қаржы көздерi есебiнен жүзеге асырылады.  

Информация о работе Қазақстандағы ұлт аралық қатынастар