Инженерлік еңбектің әлеуметтік мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2012 в 15:18, реферат

Описание

Инженер еңбегі ең әуелі материалдық өндірісте пайда болды, өнеркәсіпте, транспорт пен байланыс, құрылыс саласында қолданыс тауып, қанат жайды. Бүгінгі заманда, ғылым мен техниканың шарықтап дамуы барысында инженерлік — еңбек экономиканың барлық саласынан бастап, ақпараттық әлем, білім, мәдениет, өнер, тұрмыс, т.б. қысқасы, өмірдің бүкіл өңірін тұтас қамтыды деуге болады. Яғни, бүгінгі қоғамды инженерлік еңбектен тысқары қарастыру мүмкін емес. Инженер еңбегі дүниедегі барлық елді, ұлттар мен ұлыстарды қамтып, өмірдің барлық саласына етене қабысып, араласып кеткен бүкіл әлемдік, бұқаралық, әмбебап құбылысқа айналды.

Работа состоит из  1 файл

социология 3.11 РГР.doc

— 183.50 Кб (Скачать документ)

Конструктор — біздің техникалық ғасырымыздың шешуші тұлғасы жөне осы заманғы техникалық прогресті анықтайтын машиналардың жаңа түрлерін жасау да соның қолында.

Конструкторлық дайындық — бұл техникалық құралдар мен машиналар ендірісін техникалық дайындаудың бірінші кезеңі. Оның алдында жобалау істері аткарылады. Бұл жұмысты конструкторлық немесе жобалаушы — конструкторлық ұйымдарда істейтін инженер-жобалаушылар жүргізеді. Әдетте, олардың қызметі жүйелік сипатта болады. Ол алдын ала ізденістер жүргізуді жобалауға тапсырма беріп, жобалаушы-сметалық құжаттар жасап жұмыс чертеждерін дайындайды. Жобалаушылардың міндеті тек жаңа объект жасау ғана емес, сонымен бірге оларға жаңа сапа беріп, қоғам тарапынан (немесе нақты тапсырыс беруші) қойылған әртүрлі әлеуметтік және техникалық талаптарды қанағаттандыру. Сондықган бұл кәсіп мамандары техникалық және жаратылыстану ғылымымен қатар, социология, психология, эргономика, т.б. білім салаларын да игерулері қажет.

ҒТП нәтижесінде техникалық объектілерді жобалаудың күрделілігі арта түсті. Сондықтан инженерлі-техникалық жұмысты дайындаудың үлес салмағы оны өндіруге қарағанда, біршама өсіп отыр. Бұған мына мәліметтер куә. Қара металлургияда прокатты станды жобалауға оны өндіруге қарағанда 2-5,5 есе көп уақыт кетеді; қуатты турбина жасауда жобалаушы конструкторлық жұмыс 60% уақытты алады; машина жасауда ғылыми-техникалық зерттеу мен автоматты линияларды жобалау үшін бұл линияларды дайындауға қарағанда 5-10 есе көп мамандар қажет екен. Жыл сайын өндірістің 8-10%-ға ұлғаюы, конструкторлық жұмыстың көлемінің 30-40 % өсіретіндігі белгілі болып отыр. Жобалаушы — конструкторлық еңбектің тиімділігін арттыру үшін, оны қамтамасыз ететін құралдар индустриясын жан-жақты дамытудың қажет екені осыдан туындайды.      

Соңғы он жылдықта жобалаушы-конструкторлық еңбекті компьютерлендіру, жобалауды автоматтандыру бағытында маңызды жұмыстар жасалды. Ғалымдар мен инженерлер жасаған жобалаудың автоматтандырылған жүйесі жаңа математикалық әдістерді кең қолдануға негізделген. Ол ақпаратты дайындау мен өңдеу сияқгы техникалық объектілердің сандық сипатының рационалды вариантын тандау мен құжаттарды өңдеу, т.б. процестерді белгілі бір дәрежеде автоматтандыруға мүмкіндік туғызады. Мұның барлығы жобалау мерзімін 2-3 есеге қысқартуға мүмкіндік береді. Бұл жағдай — инженерлерді шығармашылық операциялармен молырақ айналысуға жағдай туғызады.

Инженер-технолог — өнеркәсіптік өнімдерді өндіруді ұйымдастырып, басшылық жасап, тікелей іске асырады. Ол техникалық құжаттарды дайындайды, чертеждерді мұқият зерттеп, техникалық есептер жасап, технологиялық карталарды тексеріп, түзетулер енгізеді және техникалық-ұйымдастырушылық мәселелермен шұғылданады.

Инженер-технолог өндіріс  процесі барысында техника мен  адамдардың өзара өрекетін дүрыс ұйымдастыруды, техниканы пайдалану тиімділігінің өсуін қамтамасыз етеді. Сондықтан да көбінесе кәсіпорындардың экономикалық көрсеткіштері — олардың іс-әрекетіне байланысты. Сонымен қатар, ол өндірістің қалыптылығы мен шығарылған өнім сапасына, технологиялық тәртіптің қатаң сақталуына, ҒТП нәтижесінде шығатын технологиялық процестердің өзгеруіне мүмкіндік туғызуына және жұмысшының ұтымды ұсыныстарын өндіріске енгізуге жауап береді. Технологиялық тәртіпті тек технологтар ғана емес, сонымен бірге инженерлердің барлығы да сақтауы тиіс.

Инженер-технолог қызметінің келесі бір ерекшелігі-жобалаушылармен-конструкторлар еңбегін өндіріс процесіне тікелей  қатысушылармен, бірінші кезекте жұмысшылар еңбегімен, тікелей байланыстырушы екендігіне. Ол қызмет операцияларын жұмысшылар қандай әдіспен, қандай түрде, қалай жүзеге асыратынын алдын ала ескеріп отыруға тиіс. Бұдан, оның технологиялық процестерде қолданылатын кәсіби қасиеттері мен берілген жұмысты орындау үшін, адамдарды дайындау деңгейінің сәйкестігін қамтамасыз ету міндеті туындайды.

Технолог еңбегі жүйелі сипатта болып келеді, ол аумағы жағынан өте кең, осы мамаңдыкты иеленген инженер — білім мен  дағдының әp саласын терең білуі қажет. Ол жобалуашы, өндірісші, технолог және пайдаланушы инженер қызметтерінен хабардар бола отырып, байланыстырушылық міндетті де атқарады. Технолог сондай-ақ, шығармашылық еңбекпен де шұғылданады.

Технолог пен конструкторға  қойылатын талаптардың алғашқысы  — экономикалық талдаудың практикасы мен әдісін білу және технологиялық процестер машина мен приборларды тиімді құрастыруды техникалық-экономикалық негіздеу болып табылады.

Инженер-пайдаланушы (эксплуатационщик) міндетіне техникалық объектілерді — машина, агрегат, құралдар, т.б. жөндеуі мен қызмет етуін қадағалау, қамтамасыз ету жатады. Ол, техниканы дүрыс пайдалануды бақылайды, ұйымдастырады. Әрі техниканы терең меңгерген болуы тиіс. Сондай-ақ, жұмысшыларды техниканың мінсіз қызмет атқаруын қамтамасыз етуге жұмылдыра алуы қажет. Бұл қызмет бір жағынан шебер қызметіне (цех бастығына), ал екінші жағынан — технологқа жақын. Сондықтан ол техникалық білім мен практикалық тәжірибемен қатар, әлеуметтік-экономикалық білімді де игеруі керек.

Инженер-экономистің  негізі қызметі — ондірістік-шаруашылық іс-әрекетті талдау, нормативті нұсқауларды жасау, экономикалық есеп жүргізу. Инженер-экономистердің жұмыс кезеңінің маңызды болігі — ұйымдастыру мәселелерін шешуге, өндірісшімен кеңесуге, жоспарлауға, техникалық құжаттарды жөндеуге  арналады. Шын мәнінде инженер-экономист инженерлік мәселелерді шешпейді, бірақ ол өзінің жұмысының орындалуы ұшін, техникалық мөселелер мен ҒТП нәтижелерін білуі керек. Бұл мамандық мәні бойынша, техникалық және гуманитарлық мамандық арасындағы "қосылыс" болып табылады. Нарыққа өту кезінде инженер-экономистерге сұраныс арта түседі, баска салалардағы экономистер сиякты оларға да сүраныс көп.

Кейбір авторлар инженер  қызметкерлер қатарына жоспарлаушы-экономистерді, еңбек және еңбекақы бойынша экономистерді  жатқызады, ал біздің көзқарасымыз бойынша, бұл инженер атағының дәлелсіз таралуы. Өндірістік кәсіпорындарда қызмет ететін экономистер — "Еңбеккерлер жиынтығының" белгілі бір бөлігі болып табылатындықтан, олар техникалық маман бола алмайды.

Зерттеуші-инженер —  шығармашылық еңбекпен шұғылданады, ғылым  мен өндіріс арасында делдал ретінде көрінеді. Олар жасайтыя ғылыми-зерттеулер кәсіпорындағы накты мәселелерді шешуге арналған өндірістегі техника мен технологияның жаңаруына, еңбек өнімділігін жоғарылату мен еңбек санасын арттыруға бағытталған. Инженерлік-зерттеулер — мамандар ұсынатын перспективалы техникалық идеялар негізін , құрайды. Инженер-зерттеушідер кәсіпорынның инновациялық іс-әрекетіне белсеңді қатысып, үздік технологияны, еңбекті ұйымдастырудың жаңа формаларын енгізеді.

"Ғылым мен инженер"  мәселесі арнайы зерттеуді талап  етеді, себебі FTP жағдайында ол үлкен мөнге ие болуда. Өндірістен кейінгі инженерлердің сан жағынан ең көп қызмет атқаратын еаласы да осы ғылыми ізденістер өлкесі болып отыр. ЮНЕСКО ұйымының сипаттауы бойынша инженер қызметінің мәні — ғылыми білімді творчестволық тұрғыдан пайдалану, өнеркәсіп кәсіпорындарын жобалау және тұрғызу болып табылады. О.Конт инженерлерді, өндіріске ғылымды таратушы деп қарастырған. Ол өзінің "Позитивті философия курсы" деген еңбегінде былай деп жазған болатын: "Таза ғылыммен шұғылданушылар мен өнеркәсіп орындары директорларының арасында біртіндеп жаңа инженерлер табы қалыптасып келеді. Олардың арнайы міндеті — теория мен практиканы үштастыру". О.Конттың пікірінше, инженердің іс-әрекеті — техникалық ғылым арнасы, жаратылыстану мен өндірістің еларасы.

Инженерлік еңбек пен  ғылымның қабысуы — ғылым мен  техниканың өзара байланысынан туындайтын мынадай ерекше белгілерден туындайды: 1) техникалық прогресс қарқыны мен техниканың даму жолындағы ғылымның жетекші рөлі. Бұл жағдайда, практиканың өз қажеттіліктерін көрсетеді. 2) қазіргі ғылым жетістіктері негізінде жаңа техникалық құрылымдардың пайда болуы (атомдық, космостық, есептеуіш және басқа техника). 3) ғылыми жаңалықтардың техникада қолданыс табуын жылдамдату.

Ғылымды тікелей өндіріс күшіне айналдыру — ғылымды заттық материалдау арқылы және ұйымдастыру мен өндірістің жеке элементтері арқылы жүзеге асырылады. Бұл ғылыми білімнің төмендегідей жүзеге асырылуын көрсетеді: а) еңбек құралдарында, заттарында, өнімдерінде, сондай-ақ технологиялық процестерде, энергетикалық, транспорттық, т.б. өндіріс бөлімдеріндегі еңбек өнімдері, заттары, құралдары; ә) ғылым өндірісті басқару мен еңбек ұйымдастыру жүйесінде жүзеге асырылады; б) өндірістегі материалдық игіліктерді — өндірушілер, еңбеккерлер арқьшы іске асады.

Ғылымды тікелей өндіріс  күшіне айналдыру — инженерлер мен  ғалымдар еңбегінің ынтымағы мен  олардың ҒТП қамтамасыз етуде  біріккен іс-әрекетін көрсетеді. Инженерлік еңбекке ғылыми элементтің енуі, әртүрлі жолдар арқылы өтеді: 1) осы еңбектің ғылымдануы. Инженерлік еңбектің ғылыми ізденіспен толығуы, осы еңбектің шығармашылық потенциясы мен инженердің білгірлік деңгейінің өсуі. 2) тікелей ғалымдармен немесе олардың басқаруы мен жұмыс істейтін инженерлер саны өседі. Кәсіпорындарда конструкторлық бюро мен техникалық бөлімдерде, завод лабораториялары тек қана сериялы өнімдерді шығаруды дайындаумен ғана емес, сонымен бірге ғылыми, тәжірбиелік конструкторлық істермен, жаңа өнімдерді жобалаумен шұғылданады. Инженерлер еңбегі, ғылыми қызметкерлер еңбегі секілді ұжымдық формада жүзеге асырылады.

Көрсетілген барлық құбылыстар, ғылымның техникаға өту жолын  сипаттайды. Техниканың "ғылымдануымен" қатар, ғылымның "техникалану" процесі  қатар жүріп жатады. Бұл тұрғыда зерттеу техникасының дамуын көрсетсек те жеткілікті. Оны төрт топқа бөлуге болады: эксперименттік құрал-жабдық, бақылау техникасы, зерттеу жөне аналитикалық техника, көмекші және жалпы пайдаланылатын жабдықтар. Олардың үнемі техникалық параметрлері артып, жетілдіріліп отырады. Ғалымдар мен инженерлер бірігіп зерттеу жүргізбесе, макро және микро дүниенің маңызды құпияларына ену, куатты әрі ғажап приборларсыз ғылымның аса ірі жетістіктері болмас еді. Өзінің күрделілігі жағынан бұл техника қазіргі индустрия жасай алатын кез келген техникалық құралдардан басым түседі. Әрине, ғылымды техникалау — зерттеуші техниканы ғана жетілдірумен шектелмейді. Техникалық прогресс ғылым дамуымен байланыса отырып, оны жаңа құралдармен қамтамасыз етіп қана қоймай, ең бастысы — ол ғылымның алдына жаңа міндеттер мен бағыттар ұсынады.

"Инженерлік қызмет процесі ғылымның өндірістік күшке айналуын қажетті, мәнді әрі қайталанып отыратын байланыс ретінде қамтып отырады. Бұл — инженерлік іс-әрекеттің даму заңы болып табылады".

Бұрынғы Кеңес Одағында ғалымдар мен инженерлердің, ғылым мен өндірісгің шығармашылық тұрғыда өзара бірігіп қызмет атқаруы, әртүрлі формада жүзеге асқан болатын. Зауыттың ғылым секторының құрамында орталық лабораториялар, арнайы және тәжірибелі конструкторлық бюро, экспериментальды цехтар мен зауытты басқару бөлімдеріндегі жөне цехтардағы лабораториялар, конструкторлық бюро, өндірісті механикаландыру және автоматтандыру бөлімдері болатын. Өткен ғасырдың 80-ші жылдарының соңында өнеркәсіпте осындай ғылыми-техникалық ұйымдардың шамамен тоқсан мыңы қызмет еткен еді. Кейбір социологтардың пікірінше, қазіргі ірі зауыттардың қалыпты дамуы үшін, инженерлердің 5%-ының тікелей зерттеу жұмыспен айналысуы қажет.

Инженерлер - сондай-ақ, ғылыми-зерттеу, академиялық, салалық институттарда, техникалық жоғары оку орындарындағы  лабораторияларда, ғылыми-өндірістік бірлестіктерде ғалымдармен бірлікте зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

Ғылыми-зерттеу институттарында  немесе баска ғылыми мекемелерде  инженерлер негізінен ерекше екі  қызметті орындайды: 1) экспериментальды базаның жұмысын техникалық тұрғыдан қамтамасыз ету; 2) техника ғылымдары саласында өз беттерімен зерттеулер жүргізу. Ғалымдар мен инженерлердің ғылыми және инженерлік ойлаудың өзіндік бірігетін тағы бір жері — зерттеудің іс жүзіңде қолданылуы.

Ғылыми институттарда, конструкторлық бюроларда инженерлердің кейбір бөлігі техникалық құрылымдармен, машиналар жасауда, алдын ала берілген параметрлер бойынша приборлар дайындауда іргелі зерттеу нәтижелерін пайдалануы. Бірақ, мұнымен іс шектелмейді, инженерлік практиканың мәселелерін шешу барысыңда жаңа идеялар мен ғылыми жаңалықтар дүниеге келіп, тіпті ғылыми соны бағыттар қалыптасуы мүмкін. "Инженер жасау үшін — білу керек, ал ғалым білу үшін — жасау керек" деп саналады. Шын мәнінде бірінші танымдық мәселелерді, ал екінші — теориялық және практикалық мәселелерді шешу керек.

Ғалым мен инженердің тығыз байланысының тағы бір қырына тоқтала кеткен жөн. Әртүрлі машиналарды, (жаңа техниканы) құрастыру, жобалау барысында инженер ғылыми тұрғыдан бұл техниканы пайдаланудың әлеуметтік салдарларын алдын ала көре алады. 1985 жылы Томскіде болған "Дөңгелек столда" белгіленгендей, инженерлік іс-әрекет тек қана техниканың шегіне жетеді. Ол материалдық, қаржылық және адам ресурсын үнемдеу принципіне сүйенеді. Инженер тек қана заттық дүниелермен шектелмейді, ол ең әуелі адам қамын ойлайды.

Инженерлер мен ғылымдардың  ынтымақтаса жұмыс жүргізуінің тағы бір жолы — өндірістегі инженерлер мен жоғары техникалық оку орындарындағы ғалымдардың бірлесе ғылыми-техникалық зерттеулер жүргізуі. Оқу сапасы өндіріс пен ғылым ұштасқанда ғана жоғары болатыны белгілі. Техникалық оқу орындарының ғалымдары өндіріс тапсырысы бойынша зерттеулер жүргізеді. Оған өндірістегі инженерлерді, өздері оқытып жүрген студенттерді тартады. Қазақ ұлттық техникалық университетінің, басқа да техникалық оқу орындарының тәжірибесі мұндай бірлесудің өміршеңдігін әбден дәлелдеп отыр. Инженерлер мен ғалымдардың бірлесе отырып зерттеулер жүргізуі — ғылым мен техниканың басты көздерінің біріне айналуда.

Өнім өндіретін де, іргелі ұлттық ғылымның негізін қалайтындар да осы инженерлер. Жаңа техника мен технологиялар заманында елімізді өркениетті елдердің қатарына қосатын да солар. Сондықтан да жерінің асты мен үсті байлыққа толы Қазақстан сияқты алып елге, білімді инженерлердің керек екені даусыз.

Информация о работе Инженерлік еңбектің әлеуметтік мәселелері