Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2012 в 15:18, реферат
Инженер еңбегі ең әуелі материалдық өндірісте пайда болды, өнеркәсіпте, транспорт пен байланыс, құрылыс саласында қолданыс тауып, қанат жайды. Бүгінгі заманда, ғылым мен техниканың шарықтап дамуы барысында инженерлік — еңбек экономиканың барлық саласынан бастап, ақпараттық әлем, білім, мәдениет, өнер, тұрмыс, т.б. қысқасы, өмірдің бүкіл өңірін тұтас қамтыды деуге болады. Яғни, бүгінгі қоғамды инженерлік еңбектен тысқары қарастыру мүмкін емес. Инженер еңбегі дүниедегі барлық елді, ұлттар мен ұлыстарды қамтып, өмірдің барлық саласына етене қабысып, араласып кеткен бүкіл әлемдік, бұқаралық, әмбебап құбылысқа айналды.
Мүвдай басқарушы, қол астындағылардың пікірлері мен сындарын тыңдауға дайын, бірақ олардың кеңестерін тәжірибеде жүзеге асыруға қабілеті жоқ. Ол үшін ең бастысы- атақ-даңқын жоғалтпау, қол астындағыларға өте мейірімді қарау. Мұндай стильде көрінетін енжарлық — ұжым жұмысының тиімділігіне кері әсерін тигізеді.
Әрине, басқарудың ең дұрысы — демократиялык, стиль. Онда қабылданатын
мәселелерге үжым белсенді түрде қатысады.
Басқарудың авторитарлық стилі мұндай
жағдайларды жоққа шығарады. Авторитарлық
типтің баскарушылары ақыр аяғында ұжымды
жарға тіреп, өзі басшылықтан кетуге мәжбүр
болады. Алайда басқарушылар көбінесе
бұл стильді тосын жағдайларда, әскери
кезенде, т.б. қолданады.
Әлеуметтік зерттеулер
көрсеткендей, авторитарлық стильге
қарағанда, либералдық стиль — ұжымға
бостандық, қалыпты моральды-
Әрине, бұл басқарудың стильдері "таза" күйінде кездеспейді, кез келген басқарушының қызметівде әртүрлі стильдің элементтері араласып кетеді.
Стильді таңдау — көптеген объективті жене субъективті факторлармен анықталып, белгілі-бір деңгейде жоспарсыз, интуитивті түрде жасалады. Бірақ біріншіден, әрқашан еңбек ұжымының ерекшеліктері мен дәстүрлеріне мән беріледі. Екіншіден, басқарушының бұрын ерте жинақталған практикалық тәжірибесіндегі өзінің мүмкіндіктері мен қабілеттерше объективті өзіндік баға беру ескеріледі.
Басқару стильдерін айтқаңда, біз әрбіреуіне тән негізгі ерекшеліктерге зейін аудардық. Бұл ерекшеліктер— линиялық немесе функционалдық басқарушылардың есінде болуы керек. Алайда, бұл стильдер — жоғарғы звено-кәсіпорын директорлары мен олардың орынбасарларының, бас инженерлер мен бас мамандардың басқару қызметінен толығымен көрінеді. Кеңес дәуірінде 92% кәсіпорын директорлары, техникалық білімі бар мамандар болды. Олар инженерлік біліммен қатар, басқару өнерін игеріп, өндірістік ұжымдарды басқара біліп, осы өнерді практикада қолдану керек болды. Өйткені мұны жоғары оқу орнында үйреткен жоқ (әрине басқарушылардың біліктілігін көтеру курстары, жоғары оқу орындары бөлімшелері болды) қазіргі жағдайда жоғары техникалық оқу орындарында болашақ инженерлер "инженерлік еңбектің педагогикасы мен психологиясы", "инженерлік еңбектің социологиясы", "Инженерлік этика", "құқық негіздері", "Өндірісті басқарудың теориясы мен практикасы", "Маркетинг негіздері" сияқты арнаулы курстарды оқиды.
Өндіріс орындарындағы басқарудың бір ерекшелігі — басқарушының қайшылықты жағдайы: ол "екі мырзаның қызметшісіне ұқсас". Біріншіден, ол жоғары тұрған әкімшілік-шаруашылық мекекесі талаптарының орындалуын қамтамасыз етуі керек; екіншіден, ол ұжымға тәуелді, оның мүшелерінің ездерінің заңды еңбектік қүқығы мен міндеттерін табысты жүзеге асыруын қамтамасыз етуі тиіс. Әлеуметтік зерттеулер көрсеткендей, жоғары тұрған әкімшілік органдары мен ұжымның мүдделері сай келе бермейді. Соның нәтижесінде басқарушы, өзіндік ішкі келісімге келмеу жағдайында болады. Екі жақты да қанағаттандыру үшін, ол парасат жолын іздеуі керек. Сөйтіп, басқарушыға, әсіресе жоғарғы звено басшысы үшін, дипломатиялық қабілет артық болмайды.
Басқарушының қайшылықты жағдайының "ішкі" астары да бар. Оны неміс әлеуметтанушысы Р.Штольберг: "Егер бастық, қол астындағыларының жағдайын сұрап-білмесе, оны "тәкәппар" дейді. Егер ол керісінше, олардан жұбайлары мен балаларының ахуалын сұраса, оны "тіміскі" дейді. Ал ол жаңалық енгізсе, оны "қызмет сұрап тұр", егер ендірмесе, ол -"консерватор", қалжыңдаса "атаққұмар", қалжыңдамаса, әрине ол - "мизантроп" және ол "түнерген тиран" — деген.
Басқарушы болып көрген кез келген қызметкер осы бір қалжыңның өзегінде .— ащы шындықтың жатқанын мойындайды. FTP жағдайында басталған басқару рөлінің өсуі, инженер мен басқа мамандардың басқару еңбегінде жаңа бағыттарды тудырды. Өткен ғасырдың 40-50-ші жылдарында Батыста америкалық экономист, әрі әлеуметтанушы Джеймс Бэрнхем жариялаған менеджериалдық (басқарушылық) деп аталатын революция басталды. Бэрнхемнің пікірі бойынша, бұл революция шағын менеджер-мамандар тобының күшімен жүзеге асады, олардың функцияларына фирмада (кәсіпорында) бақылауды жүзеге асыру және жоспарлау, басқару, ұйымдастыру кіреді.
Менеджердің қызметінде өндірістің барлық қызметкерлерінің — жұмысшылардың, инженер-техникалық құрамының, ғалымдардың жұмыстары тоғысып жатады. Осы еңбеккерлердің жұмысын ұйымдастыру, қисындастыру, келісімдеу — менеджердің міндеті. Бэрнхэм сонымен қатар, менеджменттің үлкен америкалық теоретиктері П.Друкер, экономист Дж.Гэлбрейт, нақты мысалдарда кәсіпорыңдар мен фирмаларды басқарушылардың алдыңғы ролін көрсетеді. Мысалы, Бэрнхэм былай деп жазады: "Ең білікті жұмысшылар, инженерлер, ғалымдар, менеджерлердің ұйымдастырушылық және үйлестірушілік қызметтерінсіз автомобильді де өндіре алмайды".
Менеджерлердің көпшілігі жоғары элиталық инженерлер қабатынан шыққан. Олар американың жоғары оқу орындарында білім алған және басқару қызметінде небір қиындықтарды шешуге қабілеттері жетеді. Алайда, менеджмент теоретиктері басқару қызметтерінің инженерлік еңбекпен араласып кетуіне қарсы. Басқару қызметін олар — кәсіби қызметтің жеке аймағы деп қарастырады. Осында оның инженерлік-техникалық қызметтегі айырмашылығы көрсетіледі. Ол осы өндірістің спецификасымен тығыз байланысты, ал басқару қызметінің принциптері — өндіріс спецификасынан тәуелсіз, яғни оларды әртүрлі ұйымдарда қолдануға болады.
Осыған орай, менеджерлерді дайындау — инженерлік пәндерді оқытуға емес, басқарудың әдістерін игеруге негізделген. Америка университеттерінде мынадай тақырыптарды оқытады: саясат бизнесі және оның мақсаты, шешімдерді қабылдау процесі, басқарудың адами аспектілері, басқару техникасының аспектілері, ақпарат технологиясы, т.б. Өнеркәсіптік фирмалардың басқарушылары — негізінен заңгерлер, экономистер, менеджерлер немесе бизнесмендер. Соңғы кезде өнеркөсібі дамыған елдерде дәстүрлі менеджермен қатар, "инновациялық менеджер" атағын алған ерекше басқару бағытындағы қызметкерлерге қажеттілік туып отыр. Өзінің аты айтып тұрғандай, оның мақсаты жаңалықтарды енгізуге серпін беру. Мұндай менеджер ұжым алдыңда жаңа мақсаттарды қойып, осыны жүзеге асыратын шығармашылық қызметкерлерді іздейді.
Кеңес дәуіріндегі өнеркәсіптік практикада инженерлер-өндіріс командирі ретінде қаралып, адамдарды басқару-инженерлік қызметтің негізгі функциясы болып есептелді. Бұл, инженердің кәсіптік статусының төмендеуіне әкелді. Техникалық жоғары оқу орнында инженерлік және басқарушы жұмысының тепе-теңдік идеясының өріс алуы — инженерлердің өндірісте тағы да оқуын жалғастыруына алып келеді. Сөйтіп, инженерлерді өндіріс командирлері ретіндегі трактовканың өмірге енуі - инженерлік жұмыстың жаппай бюрократиялануын туындатты.
Әлеуметтік және басқа зерттеулер көрсеткендей, өндірістік ұжымды басқарушы инженер жұмыс уақытының көбінде, адамдық факторды "реттеумен" айналысады. Бұған линиялық басқарушылардың жұмыс уақытының екіден үші кетеді. Осыған сай, олар "адамтану" ғылымы білімдерімен — экономика, социология, психология, педагогика, т.б., сондай-ақ, маркетинг пен финанс ілімдерін білуі керек.
Өндірістік процеске қатысушы адамдарды басқару үшін ең әуелі әрине, инженерлік білім қажет. Бірақ, аддыңғы қатарға — әлеуметтік-экономикалық, гуманитарлық білімдер қойылады. Техникалық жоғары оку орындарын бітірушілердің тәжірибелі менеджер болуы ұшін, оқудың белгілі бағдарламаларын жасайтын немесе оқу бағдарламасы мен жоспарларға өзгеріс енгізетін арнайы бөлімдер (факультеттер) ашылуы керек. Мысалы, ҚазҰТУ-дың құрамындағы инженерлік-экономикалық институт, экономика мен менеджмент, экономикалық кибернетика, кәсіпорындағы экономика және менеджмент, т.б. салалар бойынша мамандар дайындайды. Осы мәселелермен сондай-ақ, ҚазҰТУ-дағы біліктілікті көтеру және инженер кадрлары мен техникалық пәндер оқытушыларын қайта дайындайтын Республикалық Орталық шұғылданады.
Басқару ғылымын игеру — басқа да инженерлік профильдердегі жоғары оқу орындарында бірінші жоспарға қойылған. Бұл ретте 1992 жылы негізі қаланған Қазақстанның Менеджмент, экономика және болжам жасау институты (КИМЭП) туралы айтуға болады. Өткен жылдарда ол Қазақстан мен Орта Азиядағы беделді оқу орнына айналды. Онда іскерлік әкімшілік, экономика мен мемлекеттік басқару мамандықтары бойынша магистрлер дайындайды, жоғарғы оқу орнының оқытушылары мен компания менеджерлерінің біліктілігін көтереді. Мұнда кәсіпорын басшыларының біліктілігін көтеру мәселесі де кең өріс алып отыр.
Қандай менеджер болмасын — инженерлік, экономикалық, заңдық немесе "таза" менеджериалды болсын, олардың міндеті - тек қана кәсіпорындағы, фирмадағы табысты жұмысты қамтамасыз ету емес, сонымен бірге ұжым ішіндегі қатынастардың үйлесімділігін қамтамасыз ететін әлеуметтік үлкен мәні бар қыруар істі жүзеге асыру.
Инженерлік еңбек - үлкен қоғамдық құндылық. Ол қазіргі қоғамның қозғаушы, дамытушы күші - ҒTP-мен тығыз байланысты. Инженер еңбегін ұқыпты қолдану – маңызды әлеуметтік мәселе. Сондыктан ол ылғи да, социологтардың зерттеу объектісіне айналып отырады. Айтылған зерттеулер, инженерлік еңбекті қолдануда біршама жетіспеушіліктердің бар екенін аша отырып, оның әлеуметтік-экономикалық тиімділігін жоғарылатуға бағытталған ұсыныстар жасайды.
1. Қай кәсіби категориадағы инженер болмасын, оның қызметі еңбегін тиянақты ұйымдастырған жағдайда ғана табысты болмақ. Мұндай еңбекті ұйымдастыру - өндірістік-кәеіби, сонымен қатар, психологиялық сипаттағы көптеген компоненттерден құралады. Олардың арасында бірінші кезекке ерекше дараланатындары: шығармашылық бастамаға жол ашу, дербестік, қабылданған инженерлік шешімге "жоғарының" бюрократиялық араласуына тыйым салу, инженердің біліктілігі мен лауазымдық өсуіне жағдай туғызу. Осы және басқа инженер еңбегін үйымдастыруға қажетті сыннан өткен принциптерді елемеу, инженерді "алып кел, беріп кел" сияқты "қолбалалық" шаруаға пайдалану -инженерлік еңбектің қадір-қасиетін кетіреді. Батыс социологтары мұндай жағдайдан шығу үшін менеджерлерге мынандай кеңес береді: "Компаниялар жұмыс ұйымдастыру ісіне орынсыз араласып, мағынасыз тапсырма бермеуі керек. Өйткені мұндай тапсырмалар көптеген еңбеккерлердің қабілеттерін шектейді. Осындай жағдайда инженер алып машинаның тек бұрандасы екенін білгенде, ішімдікке бой ұрады".
2. Инженердің жұмыс күнінің хронометражы көрсеткендей, ол өзінің жұмыс уақытында көбінде инженерлік емес сипаттағы жұмыстармен айналысады, яғни техниктер, сызушьшар, лаборанттар, кейде машинисткалар атқаратын жұмыстарды да орындайды. Бұл әртүрлі графикалық сызбалар, есеп операциялары, телефондық келісімдер, т.с.с. Барлық дипломы бар инженерлердің ішінде күрделі ой еңбегімен айналысатындар орта есеппен 30-35% ғана, ал таза шығармашылық еңбекпен шұғылданатындар әлдеқайда аз. Әртүрлі категориядағы инженерлердің жұмыс уақытын ұқыпсыз пайдалануға жетелейтін өзіндік "каналдары" бар. Мысалы, конструктор өз еңбегі барысында пәлен жердің келісімін алуға, түген жердің қолын қойдыруға жүгіріп жүргенде таза, шығармашылық еңбек қызметі 4-5 ретке азайып кетеді екен. ҚазҰТУ социологтары Қазақстанның фосфор өнеркәсібінде қызмет істейтін инженерлерге "Сіз біліктілігіңізге сай емес жұмыспен қанша уақытыңызды жұмсайсыз?" - деген сұрақ қойған болатын. Сонда жауап берген инженер-техникалық қызметкерлердің 30-35% уақытының 10% жұмсайтынын, 31-33%. Инженер 10-30 пайызға дейін, ал олардың 10%-ы 30-дан 50%-ға дейінгі уақытын өзіне тікелей қатыссыз істерге жоғалтқан болатын.
3. Инженерлік еңбекті
тиімді пайдаланудың маңызды
әлеуметтік резерві инженер
Кейбір кәсіпорындар техникалық жоғары оку орнын бітіріп келген жас мамандарға бірден жұмысшы болып орналасуды ұсынатын. Ал жас инженер станокта жұмыс істеуден қашпайтын, себебі бұл жұмыс шығармашылық ойды қажет етпейтін, жоғары жауапкершілігі аз және инженер жалақысынан жалақысы да едәуір жоғары еді.
Инженердерді жұмысшылар атқаратын еңбек орындарында пайдалану мәселесінің басқа аспектілері де бар: техникалық прогресс кезіндегі кейбір күрделі кәсіптер, жұмысшы орнында мамандардың арнайы орта немесе жоғары техникалық білімдерінің болуын талап етеді (мысалы, күрделі химиялық агрегаттар мен энергожүйелердің операторлары, аппаратшылар, әуе және теңіз кемелерін басқарушылар, автоматикалық құрылғыларды жөндеушілер, күшті экскаватор машинистері, т.б. Көптеген өнеркәсіп орындарындағы, статистикалық талдауларының қорытындысы бойынша, жұмысшы орнында істейтін инженерлердің 5%-ы олардың жұмысының мазмұны жоғары оқу орнының дайындығынан өткен инженер мамандардың біліктілігін талап ететінін көрсеткен.
Инженерлік біліктілікті қажет етпейтін жұмыста инженерлерді пайдалану, оларды жұмысшы орнына орналастыру, әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан айтарлықтай зиян шектіретіні өмірде әбден дәлелденген. Біріншіден, инженерлердің білім қабілеттері төмен. Өйткені ол инженерлік қызмет атқарған жоқ, алған білімі таяздап, білімін жаңартуға, ізденуге мүмкіндігі, жоқ. Екіншіден, инженерлік кәсіптің қоғамдық мәртебесі, беделі түсе бастады. Үшіншіден, қоғамның техникалық білім беруге жұмсаған шығынын өзін-өзі ақтамайтын жағдай қалыптасады. Қазір жоғары оку орындарында, көптеген студенттер инженер мамандығын алу үшін ақы төлейді. Инженерлік еңбекпен айналысуға құқық беретін жоғары техникалық білімнің капитал екені айқын. Сондықган, оны тиімді пайдалану мемлекет үшін де, жеке адамдар үшін де аса маңызды.
Информация о работе Инженерлік еңбектің әлеуметтік мәселелері