Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2012 в 15:18, реферат
Инженер еңбегі ең әуелі материалдық өндірісте пайда болды, өнеркәсіпте, транспорт пен байланыс, құрылыс саласында қолданыс тауып, қанат жайды. Бүгінгі заманда, ғылым мен техниканың шарықтап дамуы барысында инженерлік — еңбек экономиканың барлық саласынан бастап, ақпараттық әлем, білім, мәдениет, өнер, тұрмыс, т.б. қысқасы, өмірдің бүкіл өңірін тұтас қамтыды деуге болады. Яғни, бүгінгі қоғамды инженерлік еңбектен тысқары қарастыру мүмкін емес. Инженер еңбегі дүниедегі барлық елді, ұлттар мен ұлыстарды қамтып, өмірдің барлық саласына етене қабысып, араласып кеткен бүкіл әлемдік, бұқаралық, әмбебап құбылысқа айналды.
Инженерлік еңбекті тиімді пайдаланудың тағы бір резеві — кәсіпорындағы инженерлік лауазымның ғылыми негізделген номенклатурасын жасау. Инженерлік еңбекте нақты қандай өндірістік қызметтер талап етеді? Мұны анықтау үшін кәсіпорындағы барлық технологиялық процесті терең, әрі жан-жақты зерттеу — еңбеккерлердің өндіріс процесіндегі өзара байланысын саралау, механизациялау мен автоматизациялаудың деңгейін бағалау қажет. Сонымен бірге жалпы техникалық-экономикалық және әлеуметтік факторларды талдай отырып, оларды да ескеріп есепке алу керек. Сондықтан кәсіпорынның лауазымдық құрылымын мезгіл-мезгіл қайта қарап, қадағалауды қажет етеді. Жоспарлы шаруашылықта бұл қиын тапсырма еді. Өйткені, лауазымдық құрылымды көбінесе жоғарыдан жіберілген штаттық кесте анықтайтын. Алайда, белгілі бір санды, мысалы инженерелік лауазымды, кәсіпорын әкімшілігі де реттей алады. Ол ереже бойынша оны бір бағытта істейді - санын қолмен өсіреді. Өйткені тәжірбиенің, яғни техниктердің, сонымен қатар ол арнайы білімі жоқ қызметкерлердің жалақысын жоғарылатудың ең қарапайым жолы болатын. Бұл — мемлекет қаржысын берекесіз пайдаланудың, орынсыз шашудың бір көрінісі еді. Қазіргі жеке кәсіпорындарда кәсіпкерлер өзінің қалтасынан жұмысшыларға ақша төлейді, сондықган олар мұндай жолды қаламайды.
Инженерлік еңбектің
мәселелері, сонымен қатар оларды тиімді
пайдалану, негізінен бұрынғы КСРО мен
Қазақстандағы кәсіпорын тәжірибелерінен
алынды.
Қазіргі нарық жолына батыл қадам жасаған республикамызда, сондай-ақ ТМД мемлекеттерінде де жаңа тұрпаттағы инженерлік проблемалар пайда болды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында кәсіпорындардың жаппай жұмысын тоқтатқаны белгілі. Одақ бардағы байланыстар үзілді, күш-қуат жетпей жатты. Соған орай инженер-техник қызметкерлер мен жұмысшылар ортасында кең ауқымдық жұмыссыздық белең алды. Мәселен, Қазақстан бойынша 1997 жылы 588 кәсіпорын тоқтап тұрды, бұрын онда 58 мың адам еңбек еткен еді. 230 мыңнан астам жұмысшы бар 1064 кәсіпорын қысқартылған режимде істеп, инженерлерді жұмысқа орналастыру мәселесі өте терең сипатты мәселеге айналды. Өзінің мамандығынан белек бизнес сферасына, негізінен сауда-саттық немесе басқа сфераларға ауысып, мәселенің бір бөлігін шешкендей болғанмен, мамандардың көбі жұмыссыз қалды.
Нарықтық экономикаға ету жағдайында көптеген инженерлер мемлекеттік, сондай-ақ жекеменшік, акционерлік және кооперативті кәсіпорындарда жұмыс істеуде. Сонымен қатар, кейбір инженерлер шетел меншігіндегі немесе басқаруындағы үлкен кәсіпорындарда жұмыстарын жалғастыруда. Жасыратыны жоқ, шетелдік қожайындар мамандарды өз елдерінен әкелуге мүдделі, біздің инженерлерді өндірістен ығыстыру жағдайлары да жиі кездеседі. Дегенмен, соңғы екі-үш жылда ел экономикасы қайта көтеріліп, бұрын "үнсіз" қалған кәсіпорындар жандана бастады. Отандық кәсіпкерлеріміз де өнеркәсіпке мойын бұра бастады. Мәселен, Сарыарқа төсіндегі Степногорск қаласында Кеңестер Одағы тұсында алтын өндірілетін еді. Одақ ыдыраған соң ол кәсіпорын бірнеше шетелдік компаниялардың қолынан өтіп, ақыры қызметі тоқтап, құрал-жабдықтары ұстағанның қолында кетіп, әбден берекесіз күйге түскен еді. Осыдан үш жыл бұрын осы кәсіпорынды ҚазҰТУ-дың түлегі, университетте көп жыл ұстаздықпен шұғылданып, декан, проректор қызметін абройлы атқарған, соңғы уақытта кәсіпкерлікке бет бұрған техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан шығармашылық Академиясының президенті — Қанат Шайханұлы Асаубаев өз иелігіне алған еді. Бүгінде "Қазақалтын" корпорациясыңца 4000-нан астам жұмысшы, жүздеген инженер абыройлы қызмет атқарып, еліміздің экономикалық қуатын арттыруға қомақты үлес қосуда. Ең бастысы — ілгерілеу бар. 2002 жылдың алғашқы жартысындағы өнеркәсіп өнімінің өсуі 2001 жылмен салыстырғанда 8,7 %-дан асып түсті'.
Қысқасы, нарық Қазақстан инженерлік корпусының-кәсіби қажеттілік өлшемі мен әлеуметтік жауапкершіліктің қатал емтиханы болды. Бұл қиын емтиханды сәтті тапсыру — "Қазақстан-2030" стратегиясында қойылған экономикалық дағдарысты жою, республиканың индустриалдық потенциалын қалпына келтіру және дамыту сияқты міндеттерді көп жағдайда сәтті шешуге байланысты.
Инженер еңбегі қоғамның барлық саласын қамтитын еңбек болғандықтан 1 универсалды әмбебап еңбек. 2- шіден инженер еңбегі өнімді еңбек материалдық байлықтарды жасап 1- ші табиғатпен 2- ші табиғатпен байланысты еңбектің түрі 3- шіден инженер еңбегі творчествалдық еңбек болып табылады. Ол ізденісті, білімді, білгірлікті, тәжірибелі қабілеті қажет ететін еңбектің түрі. 4- ші өндірісті басқарудағы ролімен байланысты. Инженер еңбегі келесі элементтерден тұрады:
1 творчестволық ізденісті дәлелдеуді және шешім қабылдауды қажет ететін жұмыстар.
2 формальдық логикалық
элементтері бұрынғы
3. техникалық жұмыстар: көшірме іс- жүргізу мәліметтерді жинау, сақтау, өндеу жұмыстары элементтердің 1- ші тобы еңбек өнімділігін болашақта артуын қамтамасыз етеді. 2- ші тобы еңбек өнімінің күнделікті артуының қамтамасыз етеді. 3- ші тобы еңбек өнімділігі қазіргі кездегі деңгейін сақтауға бағытталған.
Инженер еңбегі мақсаты
техникалық прогресс және
1 Инженер конструктор - жаңа техникалармен конструкцияны жасаумен айналысады.
2 Сызықтық жетекшілер - әртүрлі дәрежедегі менеджерлер міндетті өндірістік процесті ұйымдастыру. Олар 1- шіден менеджментті өндірісті ұйымдастыруды еңбек социологиясын технологияларды меңгеру қажет. Содан кейін ғана техникалық білімді басқарушы білімді, іске асыру мүмкіншілігі туады.
3 Инженер технолог- өнімді шығару технологиясын жасайды.
4 Инженер зерттеушілер - ғылымды өндіріске енгізумен айналысады.
5 Инженер экспуататциончиктер-
олар өндірістегі техникаға
Талаптар:
1 Инженердің техникалық білімі
2 Технологиялық процестерді білуі қажет
3 Инженер категориясы - экономикалық ойлауы керек
4 Адамдардың еңбегін ұйымдастыра
5 Техникалық- ғылыми мәліметтерді пайдалана білу
6 Стандартқа сай емес техникалық- технологиялық шешімдер қабылдау қажет
7 Құжаттарды дайындау қажет
8 Ой- өрісі кең мәдени деңгейі жоғары және білімді болуы қажет
9 Алдын- ала болжай білу қажет
Инженерге тән қасиеттер:
1 Өз жұмысына творчестволық тұрғыдан қарау
2 Ынталылық, жеделдік яғни жылдам шешім қабылдай
3 Білімділік және тәжірибелік, төзімділік, үнемшілділік, ұқыптылық және тәртіптілік.
Инженерлік біліктілік- алынған
білімімен қызметіне қойылатын
талаптарға байланысты
1 Инженер-техникалық интеллигенция қызметі бойынша құрылымы кімдер басқаратының.
2 Кәсіпорындардың
басшылары, орынбасар, бас
3 Цех бөлімі, лабортория
бастықтары олардың орынбасарла
Басқару күрделі
жүйе кез келген әлеуметтік
биологиялық технологиялық
Информация о работе Инженерлік еңбектің әлеуметтік мәселелері