Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2012 в 15:18, реферат
Инженер еңбегі ең әуелі материалдық өндірісте пайда болды, өнеркәсіпте, транспорт пен байланыс, құрылыс саласында қолданыс тауып, қанат жайды. Бүгінгі заманда, ғылым мен техниканың шарықтап дамуы барысында инженерлік — еңбек экономиканың барлық саласынан бастап, ақпараттық әлем, білім, мәдениет, өнер, тұрмыс, т.б. қысқасы, өмірдің бүкіл өңірін тұтас қамтыды деуге болады. Яғни, бүгінгі қоғамды инженерлік еңбектен тысқары қарастыру мүмкін емес. Инженер еңбегі дүниедегі барлық елді, ұлттар мен ұлыстарды қамтып, өмірдің барлық саласына етене қабысып, араласып кеткен бүкіл әлемдік, бұқаралық, әмбебап құбылысқа айналды.
Инженерлік-техникалық қызметтің
құрылымында басқару
Кибернетика көрсеткендей, басқару мәселесі - жан-жақты құбылыс. Кез келген басқаруға — жоғары ұйымдасқан техникалық, биологиялық, әлеуметтік жүйелер тән. Бұл мағынадағы басқару, ерекше күрделі жүйе. Ол реттеу, сақтау мен үйымдастыруды жөне тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған. Қоғамда басқаруды — жоспарланған әлеуметтік нәтижеге аз энергия, аз уақыт, аз жұмыс күшімен жетуді қамтамасыз ететін мақсатқа бағытталған, нысаналы, үйлестірілген шаралар жүйесі ретінде қарастыруға болады. Басқарудың әлеуметтік феномен ретіндегі жалпылығы, оның әрекеті кез келген қоғамның — экономикалық, әлеуметтік, рухани, саяси, техникалық сфераларының тұрақтылығы мен дамуында керінеді. Басқару теориясының маңызды категориялары: баскарылушылық қабылдау және басқарушылық ұғымдары болып саналады. Олар басқару процесінің накты субъективті және объективті жақтарын бейнелейді. ҒTP жағдайындағы қоғамдық дамудың жалпы тенденциясы әлеуметтік организмнің өзара байланыс пен өзара әрекеттесу элементтерінің, олардың саны мен динамикасының өсіп келе жатқан күрделілігі болып табылады. Осыған байланысты оңтайлы басқарушылық шешімдер қабылдау — қиындық туғызады. Сондықтан, сындарлы жүйелілік тұрғысынан келіп, әдістерді жақсартып, басқару мәселесінің техникасы мен принциптерін жетілдіре түсу қажет болады.
Басқару қажеттілігі және оның рөлі мен мәні туралы К.Маркс былай деп жазды: "Үлкен көлемде жүзеге асырылатын қоғамның тікелей немесе бірлескен еңбек, аз немесе көп деңгейдегі басқаруға мұқтаж болады. Ол жеке-дара жұмыстар арасында үйлесімділік қалыптастырады және өндірістік ағзаның бүкіл қозғалыстарынан туындайтын, жалпы функцияларды орындайды. Жеке скрипкашы өзін-өзі басқарады, ал оркестр дирижерге мұқтаж".
Кең мағынада алынған басқару ұғымы тек тікелей ендірісті басқару аймағымен шектелмейді. Оған ондірісті дайындау, кәсіпорынның шаруашылық қызметін талқылау және жоспарлау кіреді. Кәсіпорындағы басқару процесі өзінің бастауын жобалау-конструкторлық бюрода, технологиялық бөлімдерден алады. Олардың өнімдері цехтарға барады. Бұл көзқарас бойынша өндірушілердің тікелей қызметтерін ұйымдастыруға, құрал ретінде, сызба немесе технологиялық карта көмектеседі. Егер басқару процесін кешенді қарастырсақ, онда оның екі жағын көрсетуге болады: I) өндірістік процестерді басқару; 2) оған қатысушы адамдарды басқару.
Бірінші жағдайда инженерлер, басқа мамандар өзінің техника-технологиялық қызметін жүзеге асырса, ал екіншілері — әкімшілік ұйымдастыру кызметін орындайды. ИТҚ орындайтьш осы және басқа қызметтер арасыңда қатаң айырмашылық жоқ, алайда әрбір маман категорияларының міндеттері айқыңдалған. Жалпы мағынада өндірісті баскару - "басқарылушы жүйені тиімді реттеуді қамтамасыз етуге бағытталған мақсатты әрекеттердің кешені, кандай да бір өнімді шығаруға арналған өзара байланысқан өндірістік бөлімшелердің жиынтығы".
Басқару аппаратындағы инженерлер мен басқа мамандар еңбегіне бірнеше негізгі талаптар қойылады: 1) инженерлік басқару жұмысында еңбектің жоғары өнімділігіне жеткізетін-үнемшілдік; 2) жеделдік-өндірістік процестерді жүзеге асыруға байланысты жылдам шешім қабылдау; 3) ақпарат алудағы қателіктерді толығымен жоятын-сенімділік; 4) оңтайлық (оптимальность) - өндірістік мөселелерді шешуде ең ұтымды экономикалық техникалық және ұйымдастырушьшық шешім қабылдап іске асыру; 5) қабылданған шешімдердің әлеуметтік салдарларын есепке алу.
Осы талаптарды жүзеге асыруда
инженерлік-басқару еңбегінде
Басқару кезінде, яғни шешімдерді қабылдау мен жүзеге асыру барысында орындалатын қызметтерге байланысты басқарушьшар, мамандар және көмекші құрам топтарына бөлінеді. Біріншілері, басқарудың маңызды мәселелері бойынша шешім қабылдайды; екіншілері — шешімдерді тиянақтап дайындауды жүзеге асырады; үшіншілері — басқару аппаратын ақпаратпен қамтамасыз етеді - ақпарат алу, өңдеу, сақтау және беру ісімен шұғылданады.
Еңбек ұжымының құрамына қарай басшыларды сызықтық (линиялық) жөне функционалдық деп бөледі. Алғашқыға - өндірістің бөлімше ұжымының басшылары жатса, функционалдыға — қызмет басшылары (бөлімшелер, бюро, лаборатория, т.б) мен орынбасарлары кіреді.
Әдетте, ИТҚ құрамындағы басқарушылардың саны 35-50% арасында ауытқиды.
Шеберлердің арасында ауысымдық шеберлер (смена - (ауысым) 25-30 жұмысшыдан құралады) және аға шеберлер (олар өндірістік участке бастықтары, 50-ден 100-ге дейін жұмысшы бар). Үлкен шебердің қол астында 2-4 сменаның (ауысымдық) шеберлер болады, олар тікелей жұмысшылар еңбегін ұйымдастырады. Кәсіби деңгейде олар өздерінің учаскесіндегі өндірістің техникасы мен технологиясын, өнім шығарудың техникалық қажеттіліктерін, жұмыс нормалары мен бағалауын білетін, экономикалық білімі бар, басқару психологиясынан хабары болуы тиіс. Ұйымдастыру жоспарында шебер өрбір жұмысшының жеке қабілетіне қарап тапсырма береді, олардың жүзеге асуын бақылайды, өзінің еңбегін дұрыс жоспарлай отырып, жұмыс күшін шектеуді білуі керек. Шебер лауазымында (аға шебер) орта арнаулы техникалық білімі бар тәжірибелі қызметкер еңбек етеді. Сонымен қатар, бұл лауазымды ұйымдастыру жұмыстарына қабілеті бар және төменгі сатыдан қызмет жолын бастағысы келетін дипломы бар инженерге береді. Бұдан басқа өнеркәсіптің кейбір салаларында, мысалы құрал жасау, радиоэлектронды өнеркәсіп, химиялық өнеркәсіптер, т.б. жоғары деңгейдегі техникалық қаныққандықпен ерекшеленетін салалар шебер лауазымы мен аға шеберлерден инженерлік білімді талап етеді. Кез келген жағдайда өндіруші-инженер шебердің еңбек қызметін, оның құқығы мен міндетін толық білуі керек,
Өндірістегі орта звеноның линиялық басқарушылары жетекші лауазым иелері — цех бастықтары мен олардың орынбасарлары.
Осы заманғы кәсіпорынның
ірі цехтары — күрделі
Цех бастығы бүкіл кәсіпорындағы өндірістің технологиялық процесі мен техникасын жақсы білуі қажет. Оның құзырында өндірісті тез жоспарлау мөселелері, техника құралдарын толық пайдалану, жаңа техниканы игеру, технологиялық тәртіпті, қауіпсіздік техникасын бақылап, учаскелерді (бригадаларды) керекті материалдармен, т.б. қамтамасыз етеді.
Сондай-ақ, ол еңбекке қолайлы жағдай жасау, ұжымның тұрақтылығын көтеру, әлеуметтік жоспарлауды ұйымдастыру, инженер-техника қызметкерлерді іріктеу, қызметке ұсыну және тәрбиелеу, ұжымда қолайлы психологиялық климат жасау сияқты мәселелермен шұғылданады. Цех бастығы әлеуметтік қызметтерді жүзеге асыруға ерекше мән береді. Өйткені, оның қол астында үлкен өндірістік ұжым бар, екіншіден, басқару аппараты өзінің әлеуметтік реттеулер жүргізу үшін өзіндік өдіс-амалдарды пайдалануды қажет етеді.
Цех бастығының статусы мен оның қызметіне қойылатын негізгі талаптар: бұл қызметті жоғары-техникалық немесе инженерлік-экономикалық білімі бар қызметкер атқару керек екендігін айқындайды.
Цех бастығының аталған қызметтерін жүзеге асыру әдіетерімен қатар, жоғары саяси мәдениет, биік парасат иесін, қабілетті ұйымдастырушы болуы да аса маңызды. Нарық жағдайында оның құқық негіздерін, менеджмент пен маркетинга жақсы меңгеруі тиіс.
Енді енеркәсіптік өндірістің функционалдық бөлімшелерін басқарушылардың еңбектеріндегі ерекшеліктерді қарастырайық. Олардың линиялық басқарушылар еңбегінен айырмашылығы мынадан көрінеді: егер соңғылар жұмысшылар ұжымын басқарса, функционалдық бөлімдер басшылары қызметкерлер мен завод бөлімшелеріндегі қызметшілерді басқарады. Мұнда линиялық басқару жағдайында басымдық көрсететін әкімшілік-басқару әдістері кейінге шегінеді де, білім беделіне, басқарушының кәсіби жауапкершілігі мен эрудициясына сүйенетін басқару тәсілдері алдыға шығады. Ой еңбегімен айналысатын кызметкерлер үшін бұл қолайлы басқару әдісі болып табылады. Себебі, мүнда қызметкерлердің өзін-өзі бақылауы, шығармашылық бастамасы ерекше рөл атқарады. Сондай-ақ, басқару бар жерде тәрбие ісі, жоғарыда айтылғандай, қатар жүріп отырады. Өндірісті басқару — педагогикалық талаптар есебінен құрылған ақпараттық процесс, еңбекшілерді тәрбиелеу құралы болып табылады.
Өндірістік бөлімшені
басқару сеніп тапсырылған
Басқару стилінің бір-бірімен байланысты объективті және субъективті жақтары бар. Біріншісі — басқарушы қызмет атқарып отырған әлеуметтік-экономикалық жағдайлардан туындайтын талаптардың жиынтығы. Екіншісі — басқарушыға тән жүре пайда болған, жеке қасиеттер жиынтығы, яғни кәсіби, интеллектуалдық психологиялық, өнегелілік, т.б. сапалар. Басқарушының жұртпен араласу қабілетіне де көп мән береді, өйткені оның қол астындағылардың өтініштеріне зейін қоя білуі маңызды.
Басқарушы қызметінің аталған екі жағы бір-бірімен тығыз байланысты. Және оның дара, өзіне тән стилін құрайды. Басқарушы — өндірістік ұжым тәжірибесіңде қалыптасқан басқару тәсілі мен басқару әдістерін қолдана отырып, оларды өз ой-өрісі, сезімі, дүниетанымы арқылы сүзгіден өткізеді. Сөйтіп барып, өзіне тән басқару стилін қалыптастырады. Алайда стильдің субъективті - кісілік жағы объективті өлеуметтік мәнге ие болады, себебі ол басқарылушы, еңбек ұжымының әлеуметтік-психологиялық климатына және қызметтің нәтижесіне айтарлықтай әсер етеді (осы климат оның өрекегін-80%-ға дейін тәуелді деп есептеледі).
Басқару стильдерін топтаудың әртүрлі ыңғайлары бар. Бірақ әрбір стильдің "ядросы" - басқарушы мен қол астындағылар арасындағы қарым-қатынас. Осы қатынастар әртүрлі болады. Өндірістік кәсіпорындарда жүргізілген әлеуметтік зерттеулер бойынша "басқарушы-бағынушы" қатынастарына мынадай аспектілер кіреді: өкілеттілікті бөліс және жауапкершілікті жүктеу, ұжымды басқаруға қатысты шешімдерді дайындау, еңбек тәртібін сақтау тәсілдері, бағынушылардың қызметін бақылауды жүзеге асыру, бағынушыларға талап қойылу сипаты, олар тарапынан айтылған сын-ескертпелерді қабылдай білу, өз іс-әрекетін бағалау, басқарушы жоқ кезіндегі ұжым жұмысының өнімділігі, жаңалықтарды қабылдай білу, т.б.
Басқарушылар мен бағынушылар арасындағы қатынаста қолданылатын әдіс-амалдардың арасалмағына байланысты басқарудың үш түрлі стилі қалыптасқан: авторитарлық, демократиялық және либералдық-авторитарлық стиль (ол автократиялық, директивті деп те аталады) - басқарушының өзінің қол астындағыларды әкімшілік әдіс-амалдар арқылы қатаң, жалғыз басқаруға талпынуы. Басқарушы ресми бағдарларды ұстанып, формальды емес байланыстардан қашқақтайды. Ол билік пен жауапкершіліктің тұтастығын толық пайдаланып, өзі қабылдаған шешімдердің орындалуын өзі ғана бақылауға алады. Қол астындағылармен қатынасы бұйрық арқылы жүреді. Олардың ақыл-кеңесін есепке алмайды. Мұндай типтегі басқарушылар өздерінің мүмкіндігі мен қабілеттерін тым шектен асырып жібереді. Бұрынғы кездерде өнеркәсіпте мүндай басқарушылар көп болған. Өнеркәсіптік тапсырмаларды қайткен күнде де "жоспар орындау" формуласы арқылы диктаторлық ыңғаймен орындаған. Сондықтан болар, кеңес экономикасы - командалық-әкімшілік деп сипатталған болатын.
Демократиялық (алқалық) стиль — басқарудың қол астындағылардың кеңесін, шығармашылығы мен бастамасын кеңінен қолдай отырып, олардың әкімшілік әдістермен ұштасуы. Ол бағыныштығыларға — өндірістік тапсырмаларды дербес шешуге және орындауға мүмкіндік береді. Баскарушы қол астындағылардың әрбір қадамын бақыламай, әрбір іске араласпайды, олардың қызметінің жалпы бағыты мен нәтижелерін ғана қадағалап отырады. Авторитарлық типтегі баскарушыға қарағанда, демократ өзінің қол астындағылармен тек ресми ғана емес, сондай-ақ формальды емес қатынастарға да сүйенеді. Ал мәселені шешкенде, солардың ақыл-пікірімен санасады. Кәсіпорын алдында тұрған мөселелерді, жағдайды еңбеккерлердің біліп отырғанын қалайды. Өндіріске пайда келтіретін және топ мүдделеріне қызмет ететін сындарды қабылдап, ымыраға келуге дайын тұрады. Мұндай басқарушы — еңбеккерлерді марапаттаған не жазалағанда олардың көзін жеткізіп, сендіру әдісін пайдаланады. Тек реттеудің басқа да талпыныстары нәтижесіз болса ғана, санкция қолдануға жүгінеді. Сөйте тұра, демократия жеке басқару, жеке жауапкершілік принциптерінен айнымайды. Сендіру мен үйретуді қолданады. Қазіргі жағдайда, Қазақстан қоғамын реформалау барысында ірі демократиялық өзгерістер жүріп жатқанда, демократиялық басқару стилінің қалыптасуы — заман талабына айналып отыр.
Либералдық стиль (оны кейде енжарлық, бейжайлылық деп те атайды) басқарушы ұжым алдында тұрған мәселелерді жалпы түрде көрсетіп, өзінің өкілеттілігін қол астындағыларға сеніп тапсырады. Ол шешімдерді қабылдауда, өзінің қызметіне сенімсіз болғандықтан, жоғарыдан келетін нұсқаулар мен тапсырмаларды тосып, күту саясатын жүргізеді.
Информация о работе Инженерлік еңбектің әлеуметтік мәселелері