Оралмандармен әлеуметтік жұмыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 09:32, реферат

Описание

Егеменді Қазақстан өзінің тәуелсіздігін нығайта түсуімен қатар алыс және жақын елдердегі қазақ диаспорасын ерекше көңіл бөлінуде. Кезінде әр түрле себептермен көшіп кеткен қандастарымыз тәуелсіз мемлекетімізге орала бастады. Сондықтан оларға «оралман» атауда берілді. Басқаша айтқанда, халықаралық деңгейде «репатриат» деп аталатын бұл құбылыс өзінің өзектілігімен күннен күнге маңыздылығын арттыра түсуде. Өйткені қазақ халқының 30-35 пайызы өзінің тарихи Отанының сыртындағы елдерде өмір сүруде. Қазіргі таңда әлемдегі қазақтардың 7-8 пайызы тарихи Отанына оралды. Яғни оралмандар еліміздегі үлкен әлеуметтік топты құрады. Сонымен қатар ұлттық негіздегі демографиясының дамуына, демографиялық қауіптен шығудың амалы тек оралмандар арқылы шешіліп жатыр.ліктерін анықтау;

Работа состоит из  1 файл

Оралмандар.doc

— 270.00 Кб (Скачать документ)

КІРІСПЕ

 

           1. Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті.

Курстық жұмысының мақсаты:

    • Қазақ диасорасының әлеуметтік ортасын зерттеу;
    • Еліміздегі жүргізіліп жатқан репатиациялау үрдісін зерделеп, зерттеу;
    • Оралмандар елімізге келгенде тап болатын әлеуметтік мәселелері анықтау және әлеуметтанушылық шешу методикасын көрсету;
    • Көші-қон саясатын талдау жасап, оны жетілдіру жолдарын ұсыну;
    • Оралмандардың қоғамдағы әлеуметтік рөлі мен әлеуметтік топ екенін анықтау;
    • Көші-қон саласындағы корропцияға жол бермеу және жою.

Курстық жұмысының міндеттері:

    • Оралмандар туралы толық ақпараттар жинау, оның ішінде БАҚ-нан, ҚР заңдары мен заңдық актілерін, оралмандар мәселесімен айналысып жүрген ғалымдардың еңбектерін қарау;
    • Көші-қон саясатының бағытын қарастыру;
    • Жиналған мәліметтер нәтижесінде оралмандардың қазіргі жағдайына баға беру, проблемаларын ашып көрсету;
    • Оралмандарды әлеуметтанушы ретінде сараптау;
    • Мемлекеттің оралмандарға арналған әлеуметтік саясатына, істелген жұмыстарын сараптау, кемшіліктерін анықтау;
    • Қазақстандағы репатриация үрдісінің болашағына бағдар беру.

          Егеменді Қазақстан өзінің тәуелсіздігін нығайта түсуімен қатар алыс және жақын елдердегі қазақ диаспорасын ерекше көңіл бөлінуде. Кезінде әр түрле себептермен көшіп кеткен қандастарымыз тәуелсіз мемлекетімізге орала бастады. Сондықтан оларға «оралман» атауда берілді. Басқаша айтқанда, халықаралық деңгейде «репатриат» деп аталатын бұл құбылыс өзінің өзектілігімен күннен күнге маңыздылығын арттыра түсуде. Өйткені қазақ халқының 30-35 пайызы  өзінің тарихи Отанының сыртындағы елдерде өмір сүруде.  Қазіргі таңда әлемдегі  қазақтардың 7-8 пайызы  тарихи Отанына оралды. Яғни оралмандар еліміздегі үлкен әлеуметтік топты құрады. Сонымен қатар ұлттық негіздегі демографиясының дамуына, демографиялық қауіптен шығудың амалы тек  оралмандар арқылы шешіліп жатыр.

       2. Курстық жұмыстың өзекті мәселесі.  Қазақстан Республикасының Президенті 2006 жылғы халыққа жолдауында – « Біз оралмандарды арнаулы орталықтарда алдын ала дайындау, қоғамызға бейімдеу мен кіріктіру үшін жағдай туғызуға  көбірек зер салуымыз керек. Басқа елдер сияқты кәсіпке баулап, тіл үйретсек, олар жаңа жағдайға тезірек бейімделетін болады» халыққа нұсқау беруі оралмандардың мәселесін түбегейлі шешуге бет бұратын уақыттың келгенін және бұл мәселенің өзекті болып отырғанын білдірсе керек.

Оралмандарды елге көшірудің  ең басты мақсаты халқымыздың  демографиялық жағдайын жақсарту және депопулизациядан құтылу болып отыр. Алайда елге оралған қазақтарды әлеуметтік жағдайының, күнделікті тұрмыс-тіршілігінің  көңілі толмайтыны белгілі, олардың күнкөрістері және баспана, жер, азаматтық алу, оқу, жерсініп кетуі т.б. проблемаларын жетерлік.

Әлемде 13 млн-дай қазақ  болса, соның 8млн жарымы Қазақстанда  тұрады. Сонда әрбір үшінші қазақ  өз елінен тыс жерде өмір сүруде. Ирреденттер (қазақтар) бірқатары өзінің ата-бабасының тарихи жерінде отыр, бірақ шекара сызығын бөліскен кезде басқа мемлекеттің азаматы болып шыға келді. Кейбірі қазақ тарихиндағы қасірітінің қиыншылығынан, саяси қудалаудан еріксіз отандарын тастап кетуге мәжбүр болғандар. Осындай күрделі қиын заманда басынан өтікізген босқындардың ұрпақтары елдің тәуелсіздігінің сыйы ретінде ұрпақтары отанға оралуда.

Қазақтар дүниежүзінің 40-тан астам елінде, басым көпшілігі  Қазақстанмен шекаралас мемлекеттерде  тұрады. 2005 жылы 25 қыркүйекте Астанада болған дүниежүзілік қазақтардың құрылтайында  шет елдегі қазақтардың саны туралы деректер келтірді: «Өзбекстанда 967200, Қытайда 1258500, Ресейде 687800, Түркіменстанда 87000, Монғолияда 83000, Қырғызстанда 42000, Түркия 20000, Ауғанстанда 28000, Украина 10500, Тәжікстанда 10000, Әжірбайжанда 4000, Иранда 3450, Грузияда 3000, Латвияда 1000, Литва 800, Германия 700, Эстония 700, Жапонияда 40, Бельгияда 28, Францияда 172 отбасы, АҚШ 23 отбасы,» 

Осы ұлттық көші-қон мәселесі күні бүгінге дейін еліміздің өзекті проблемасының бірі болып келеді. 90 жылдары ұлттық саяси демографиясы оралмандармен шешеміздеп мемлекетіміз әлеуметтік мәселеге тап болды.

Он алты  жыл уақыттың өзі көші-қон барысындағы жетістіктерімен, бастан кешірген қиындықтарға және жіберген олқылықтарға толы кезең болып отыр. Көші-қон саясаты мен көші-қон тәжірибесі елімізде жинақталмағандығы көші-қон мәселесін күрделендіріп жатыр. Қазіргі таңда  әлемде тұратын қазақтардың 7-8%-ы ғана көшіп келді. Онда бұл көштің басы болса, ендігі көш бағыт қалай жүретінгігін анықтау мәселесі күн тәртібінде тұр.

         3. Методалогиялық негіздері. Мемлекеттік көші-қон саясатын немқұрайлы жүргізілген салдарынан бүгінгі күні үлкен мәселеге айналып отыр. Қайталанған көші-қон үрдісі (немесе басқа облысқа, ауданға көшу) оралмандар арасында жиі кездесетін жағдай. Зерттеулерге сүйенсек, оралмандардың 24%-і тұрған жерлерін ең азы 3 рет көбі 10 рет өзгерткен. Қайталанған көші-қон үрдісі әсіресе ауылдық жерде қоныстанған оралмандар арасында жиі кездеді. Оралмандарды нақты бір жерге қоныстандыру қоныстарын қайта – қайта өзгертуге жол бермеу.

Сонымен қатар ескі жүйенің  сан жылдар қалыптасқан бұғауынан  шығу, экономикадағы өтпелі кезеңнің құлдырау мен дағдарыстан шығып, келесі бір даму сатыға көтерілуде. Шеттегі қазақ диаспораларының мәдени және әлеуметтік даму деңгейі біршама басқашалау. Қоныстандырудың мәдени-әлеуметтік тәсілін еске ала отырып, мемлекеттік стратегиялық жоспарды мақсат етіп еліміздегі маңызды елді-мекендерге қоныстандыруды қазіргі күні талап етіп отырған мәселенің бірі. Осы проблеманы шешу жолы тек мемлекеттің қатысуымен ғана шешімін таппақ.

«Халықтық көші-қон туралы»  Заңын , ұлттық көші-қон саласына негіздеп саяси әлеуметтік көші-қон бағыттарынының функиясын нақтылап жетілдіруді мәселесі сұранысқа ие болып тұр.

       Миргациялық процестерді тиімді түрде реттеуді, ел ішінде басқаруды, дұрыс қоныстандыруды талап етеді. Онсыз Қазақстанның толық дәрежедегі мемлекет болып қалыптасуына кесерін тигізері анық. Сондықтан да бұл бағытта бізге тек миграциялық заңмен реттеу функциясын жасау маңызды.

          4. Зерттеу заты: Тарихи отанына оралған қазақтардың бүгінгі және ертеңгі жағдайлары қандай болу керек. Оларды ортаға қалай сіңдіру мәселесіде ойландырмай қоймайды. «Оралман» деген атауды ұрпақтан ұрпаққа жалғастырмау. Қоғамдық психологияны дұрыс бағытқа бұру.

Қазақтың жерінде қазақтың демографиялық үлесінің азшылығы, осы  мәселені оралмандармен толтыру. Және бүгінгі, ертеңгі қазақтың мәселесін  шешу  жолдарын талдау.

  1. Зерттеу нысаны: Оралмандардың әлеуметтік мәселесі болып табылады.

          Тақырыптың зерттелу деңгейі: Қазіргі кезде оралмандар мәселесін нақты баға беріп, және репатриация процесінің жүруін зерттеу әлі тиісті деңгейде қолға алынбай отыр, дегенмен аталған тақырыпта бірқатар ғалымдардың зерттеулері мен жұмыстары бар. Мәселен, ғалым Мақаш Тәтімовтың  «Дербестігіміз демография» атты еңбегі оралмандар туралы жақсы тәппіштеп жазған. Философия және саясаттану институтының ғалымдары ұсынған «Қазақ диаспорасы: бүгіні мен ертеңі» атты шығармада өте керемет зерделеп, шетелдегі қазақтардың болағашы және оларды қалай сақтау туралы концепциялар қадап айтылған. Мейіржанов С.Т. «Қазақстан Республикасындағы миграциялық процестер және саясат» деген туындысында, еліміздегі көші-қон процестеріне көп тоқталған.  Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығы ұсынған «Әлемдегі қазақтар Астанада бас қосты» бұл кітапта екі жақты қарастырылған. Шетелдегі қазақтар мен оралмандардың әлеуметтік мәселесін шешу жолдарын министрліктермен бірге талдайды. Зардыхан Қинаятұлының «Оралмандар олардың азаматтық құқығын қамтамасыз етудің бүгінгі жай-күйі» туралы мақаласына шолу жасалды. Сонымен қатар еліміздегі барлық аймақтарда тұратын оралмандар арасына жүргізілген әлеуметтік зерттеулерде ескерілді. Мәселен «Оралмандар: қазіргі жағдайы, проблемалар және перспекивалары», атты зерттеу жасаған Әлеуметтік зеттеу орталықының да жұмыстары қаралды. Сонымен қоса еліміздегі мерзімді басылымдардағы көші-қон және оралмандар мәселесі туралы мақаларға шолу жасалды. ҚР-ң заңдары, Президент Жарлықтары, Үкімет Қауылдары, «Халықтық көші-қон туралы» Заң пайдаланды. Және оралмандарға қатысты нормативтік-құқықтарға да шолу жасалды.

          Курстық жұмысынан күтілетін нәтиже:

  1. Оралмандардың нақты мәселелерін анықтау;
  2. Зерттеу әдістерін көрсету;
  3. Мемлекеттің көші-қон саласындағы кемшіліктерді анықтау;
  4. Болашақ көші-қон мәселесін зерделеп, шешу жолдарына бағыт беру;
  5. Отанға келген қазақтарға моральды жағынан көмек беру;
  6. Құқықтық, психологиялық қолдау жасау және ҚР-ң толыққанды азаматы ретінде қалыптастыру.

 Осы мәселелерге байланысты оралмандарға мемлекет тарапынан жасап  жатқан әлеуметтік көмектер бар. Бірақ та сол көмектері күрделі процестерге толы және  кемшіліктер жетерлік. Осы кемшіліктерге жол бермеу және оны жою мақсатында пайдаланғанымыз дұрыс деп санаймын.

    • Шетел қазақтарын сыртқы саяси мақсатқа қолдану;
    • Азаматтық алудағы көп  құжаттардың санын азайту;
    • Тұрақты тіркеуді талап етпеу;
    • Баспанамен қамтамас ету;
    • Үй салуға жер тілімдерін беру;
    • Шағын кәсіпкерлікті қолдау;
    • Несие беру;
    • Оралмандарға бөлінген 2 пайыз грантты  10 пайызға көтеру ;
    • Бейімдеу орталықтарында ағарту саласында ілім беру;
    • Осы сияқты т.б проблемаларды жоспарлы түрде шешуді қажет етеді.

             Курстық жұмысының жаңалығы: Қазақстандағы  қазақ көші-қон саяси процесін ғылыми деңгейде тәппіштеп, репатриаттарды әлеуметтанушы тұрғысынан  анықталды. Оралып келген қазақтарға әлеуметтік-мәдени баға беріп, оның шешу жолдары көрсетілді.

         Назарға ұсынылып отырған Курстық жұмысы оралмандармен әлеуметтік зерттеу жүргізу жөнінде арналып жазылды. Жұмыс кіріспе, екі тараудан және қорытындыдан тұрады. Сілтеме мен пайдаланған әдебиеттер тізімі берілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оралмандарды  бейімдеу орталықтары мен ортаның  негізгі рөлдері

 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  айтқандай, «...қазақ үшін, бір елден бір елге көшу тұрмақ, бір ауылдан бір ауылға көшудің өзі қиын. Оның үстіне, шеттегі қазақтардың өскен ортасы, алған тәрбиесі мүлден өзгеше... ».    Неміс ғалымы Отто Бауэр өзінің «Ұлт мәселесі және социал-демократия» атты еңбегінде «Ұлт дегеніміз – ортақ тағдыр, генетикалық және мәдени мұра негізінде қалыптасқан мінездің ортақтығы», -дейді. Оның ойынша мәдениет пен өркениетдің дамуымен бірге ұлттық қасиеттер нығайып, ұлттық сана-сезім тереңдей түседі.

 Әлеуметтік бейімделу  қазақ диаспорасының бір бөлігі ретінде көптеген оралмандар қазақ мәдениетінің әр түрлі аспектілерін, әдет-ғұрпын сақтап қалған. Мұндай жағдай мәдени бейімделуге жақсы жақтарымен қатар, кедергі де болады. Осыған байланысты екі жағдайды байқауға болады: қай елден көшіп келді және қандай облысқа қоныстандырылды. Бұл жағдайды Оңтүстік Қазақстан облысы (Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау) бойынша байқауға болады, бұл облыстарда қазақ мәдениеті мен әдет-ғұрпы жақсы сақталған. Бұл облыстарда оралмандардың әлеуметтік-мәдени бейімделуі солтүстік пен орталық өңірлерге қарағанда жеңілдірек өтеді. Оралмандар солтүстік және орталық облыстарда интеграциялау барысында көптеген қиыншылықтармен кездеседі бері, кеңес одағы кезінде қазақ мәдениеті бұл облыстарда басқа мәдени және этникалық топтардың ықпалында қалды. Бұл өңірлерде орыс тілі, орыс мәдениеті басым болғандықтан, ол жерде тұратын оралмандардың жергілікті жағдайға бейімделуі қиындауы мүмкін.

Әлемдегі  қазақтардың  бір тарихи түбірі болса да, олардың  мәдениеті мен тұрмысында сәл өзгешіліктер бар. Мұның себебі, оралмандар қазақ мәдениетінің дәстүрлері мен өмір сүру қағидатын сақтап қалса, (Қытай) Қазақстандағы қазақтар кеңес кезеңіндегі әр түрлі өзгерістердің, тәуелсіздік алған кезден бастап  нарықтық экономикаға өту кезіндегі өзгерістердің ықпалына бейімделіп қалды. Иран, Ауғанстан, Түркия мемлекеттерінен көшіп келген қазақтар дінге өте жақын болады.

2007. 18 сәуірде  мәжіліс  депудаттары  «Халықтың көші-қоны туралы» заңына өзгертулер мен толықтырулар еңгізді. Осы өзгертулер мен толықтырулардың негізінде оралмандарды бейімдеу және интеграциялау орталықтарын құру бабан енгізді. Осы заң жобасы сенат депудаттарының қарауына ұсынылды. Бұл заң жобасында оралмандар мен үкімет арасында заңды құқықтарды анықтаған және 2007-2009 жылдарға арналған мемлекеттік бюджеттен оралмандарды бейімдеу орталықтарын құру үшін 633,1 млн. теңген бөлуді қарастырды.

Бейімдеу орталықтары  алғашқы қазақ көшінің басында  болған. Еліміздегі  экономикалық күйзеліс кезінде бұл орталықтар жойылып  кеттік. Бейімдеу орталықтары әлде кімдердің жекеменшігіне өтіп кеткен. Тек Павлодар қаласында сақталып қалды. Қазірде бұл орталық жұмысын жалғастыруда. Осы орталық талай оралмандарға баспана және әлеуметтік-ағарту мәселесіне көмектесті. Ал облыс орталығындағы бейімдеу орталықтарына төрт бөлмеле пәтерлер бөлінген. Егер халықаралық стандарттарға  сай «бейімдеу орталықтарын» салатын болсақ, оның сметалдық құны 200 миллион теңгеден асып кетеді. Қазір сол деңгейде әр облысқа орталық салуға ақша жоқ.

Бірақ бейімдеу орталығы тәжірибесі Ресейде болған. Бірақ ол да нақты үмітті ақтамады.

Информация о работе Оралмандармен әлеуметтік жұмыс