Оралмандармен әлеуметтік жұмыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 09:32, реферат

Описание

Егеменді Қазақстан өзінің тәуелсіздігін нығайта түсуімен қатар алыс және жақын елдердегі қазақ диаспорасын ерекше көңіл бөлінуде. Кезінде әр түрле себептермен көшіп кеткен қандастарымыз тәуелсіз мемлекетімізге орала бастады. Сондықтан оларға «оралман» атауда берілді. Басқаша айтқанда, халықаралық деңгейде «репатриат» деп аталатын бұл құбылыс өзінің өзектілігімен күннен күнге маңыздылығын арттыра түсуде. Өйткені қазақ халқының 30-35 пайызы өзінің тарихи Отанының сыртындағы елдерде өмір сүруде. Қазіргі таңда әлемдегі қазақтардың 7-8 пайызы тарихи Отанына оралды. Яғни оралмандар еліміздегі үлкен әлеуметтік топты құрады. Сонымен қатар ұлттық негіздегі демографиясының дамуына, демографиялық қауіптен шығудың амалы тек оралмандар арқылы шешіліп жатыр.ліктерін анықтау;

Работа состоит из  1 файл

Оралмандар.doc

— 270.00 Кб (Скачать документ)

Оқулық демекші, соңғы жылдары посткеңестік елдерде  өздерінің мемлекеттік оқу бағдарламалар жасап оқу процесіне енгізуі және латын әріпін қолдануына (Өзбекстан, Түркіменстан) байланысты, ол елдердегі қазақ жастары да кириллица жазуын білмейтін болады. Сондықтан оралман студенттерді оқытудағы бірінші мәселе-жазу болмақ. Сонымен әр елдің оқыту бағдарламамы, әдісі әр түрлі болған соң, ғылымдағы терминдер де өз тілдерінде жасалған. Бұлда өзіндік түсінбейшіліктер туғызады.

Сондықтан оралман  студенттерді оқытуда және оларды әлеуметтік ортаға бейімдеуде Қытайдан келген жастардың іс жүзінде жағдайын назарда ұстаған жөн. Өйткені олардың өскен ортасы да, білім алған тіл-жазуы да басқалардан өзгеше.

Тарихи отанымызға этникалық қазақ қандастарымыздың оралу процесіне құқықтық қызмет көрсету; азаматтық алу; тұрғын үй беру; қызметке орналастыру. Елімізге оралған білімді оралмандар қоғамға әлеулі үлестері бар. Мәселен, жақын шет елдерден 13 ғылым докторы, 67 ғылым кандидаты, жоғарғы білімді 12182, аяқталмаған жоғары білімді - 1472, орта білімді - 16196 қазақтар көшіп келді. Шығармашылық саладағы қызметкерлер - 631, білім саласының қызметкерлері - 5917, медицина саласының қызметкерлері - 2492, мемлекет қызметкерлері - 651, кәсіпкерлер -2576 адам болып табылса , ал 2005 жылғы мәлімет бойынша, оралмандар арасынан 45 ғылым докторы, ғылым кандидаты - 242, жоғарғы білімді - 24847 адам, шығармашылық саладағы қызметкер - 1530, білім саласының қызметкерлері - 11753, медицина саласының қызметкерлер саны - 6058, мемлекет қызметкерлері - 773-ке жетті.

Бұл репатрианттардың бейім процесін объективті көрсеткіш  сияқты субъективті қабылдауын білдіреді. Бұл жағдайдың мәселелері келесідей бөлімдерден тұрады:

Объективті  факторлар:

  • тілдік, мәдени интеграциялық проблема;
  • тұрғылықты үй табу, әлеуметтік бөтенсу сезімі;
  • азаматтықты алғанға дейін қызмет табу, азаматтық алу мәселесі 
    (аралас некелер, босқындар және т.б.)
  • материалдық жағдайдың төмендеуі, көп балалы отбасы, білім алу 
    мәселесі, жоғары білім.
  • тұрақты ақпарат базасының болмауы. 
    Субъективті фактор:
  • өмір сүруші ортаның құндылықтары мен нормаларын қабылдау;

   -қоғаммен  байланысы және ымырашылдығы  болып жатқан өзгерістерді 
         қабылдау;

    -тіл  біліктілігі (қарым-қатынасқа түсуде  қазақ тілі мен орыс тіл  білімінің      болуы);

-мамандық алу мүмкіншілігі мен талабына сай орта білімі мен біліктілігінің қалыптасуы.

Білім алуды  жеңілдету факторын ұстау, оралмандардың  интеграциялануы мен бейімделу процесі ресурстардың біріне жатады.

Қазақстан Республикасы алдында оның бір азаматындай сезініп осы елге қарыз сезінсе, екінші жағынан елі мен мәдениетінің терең байланысын сезінеді. Бірақ, репатрианттардың бір бөлігі елінің алдында парыз сезімінен айырылған фактіні байқамауға болмайды. Бұл отанына қайта оралуға айтарлықтай құлқы жоқ жастар. Олар Қазақстан өмірінің болашағына енжар көңіл аударады.

Қазақстанның  аймақтарында жүргізілген фокус  топтық пікір-талас нәтижелерінің барысында келесі ұсыныстар ұсынылды:

Қазақстан Республикасында  жетіліп, білім алған балалар репатрианттар отбасынан шыққан немесе репатрианттар ретінд қарастырылмайды;

  • ҚР азаматтығын алғаннан кейін балалардың білім алуына кедергі 
    келтірмеу және ҚР заңды базасын ұстанып, сапалы білім алуына 
    мүмкіншілік туғызу, жан-жақты қолдау көрсету;
  • білім алуды жеңілдету принципін жүзеге асыруды мақсат ретінде 
    қарап, оралман отбасы азаматтарына келесі пәндерден тұратын 
    қосымша сабақ жүргізілуі тиіс (жергілікті немесе мемлекеттік 
    бюджеттен төленілетін): «қазақ тілі», «орыс тілі», «қазақстан тарихы»;
  • оралмандар мен тұрғылықты халықтың арасындағы қарама-қайшы 
    көзқарастарды жою үшін оралман отбасылар мен кедей және көп 
    балалы тұрғылықты отбасыларына бірдей әлеуметтік бағдарламалар 
    мен жеңілдіктер жүргізілуі тиіс;

ЖОО-на түсу кезінде  квотаны көбейту, әлемде 35 пайыз  қазақ тұрса, шетелдегі қазақ  диаспорасына мемлекеттің 2 пайыз гранты азшылық етеді. ЖОО бітіру кезінде мамандық бойынша жұмыс жасауы үшін олармен келісімшартқа отыру. Менің ұсынысым:

1. Оралман жастарды  ең бірінші Қазақстан тарихын  жақсы тәсілдермен оқыту маңызды.  Себебі халықаралық талаптар  бойынша әр мемлекет өзінің отандық тарихын оқытады. Келген жастар қазақ тарихына жақсы білмей келеді. Біз оларға қазақ тарихтын оқыта отырып , отандық сезімді бойына сіңдіреміз.

          2.Оралман студенттерге арналған  орыс тілін тез үйрететін оқулықтар  мен оқу әдістемелік құралдарды дайындау керек. Және дайындық курста негізгі сабақ  орыс  тілі   болу   керек.   Ал  дайындық   курстан   кейінгі   төрт жылда университет   бойынша   оралман   студенттерге   орыс   тілін   жалғасты   түрде тереңдетіп  оқытатын   орталық  немесе   клуб   ашу  қажет.   Өйткені   оралман студенттер   өзінің   атамекені  -  Қазақстанға   келгеннен   кейін   ең   алдымен қиналатыны орыс тілі. Олар егер орыс тілін меңгерсе оқулық мәселесі де, әлеуметтік ортаға бейімделуі де өздігінен шешімін табады. Келген жастарды орыстық санада емес, орыс тілін үйреткеніміз абзал.

          3.Оралман студенттерді әлеуметтік-көпшілік шараларға көбірек тарту керек. Ол үшін оралман студенттер жергілікті  студенттермен араластырып жатақханаға   орналастыру  қажет.   Олар   бір   жатақханада   тұрса   оралман студенттердің тіл үйренуіне, әлеуметтік өзара қатыныстарға бірге қатысуға қолайлы болар еді. Сондай-ақ олар өзара араласу барысында бір-бірінің жақсы мәдени әдетін қабылдап, кемелдене түсер еді деп ойлаймын.

  1. Оралман  студенттерге Қазақстанның  әлеуметтік жағдайынан және құқықтық жүйесінен негізгі білімдік лекциялар керек. Мысалы, олардың жеке бастық құжаттарды дайындау және жұмыс істеу немесе шағын кәсіпорындар ашу үшін қандай құжаттар дайындау керек екендігін түсіндіру керек. Өйткені дайындық   курстағылардың   барлығы   жоғары   оқу   орындарына   қабылдана бермейді, қабылданса да бәрібір олар болашақта Қазақстанда өмір сүруі керек. Сондықтан   оларға   әлеуметтік   ортаға   бейімделудің   тетіктерін   үйретудің артықтығы жоқ. Сонымен қатар, оралман студенттерге патриоттық тәрбие беру, 
    олардың жүрегіне қазақстанық мақтаныш сезімін ұялатумен қатар, олардың өз отаны - Қазақстанға үлес қосуға борышты екендігін терең сезіндіру керек.

  5. Оралман студентер оқуын тәмандаған соң, мамандығы бойынша жұмысқа орналастыру тетіктерін қарастыру керек.

  Мемлекеттік тілді жақсы білітін мамандарды пайдалануда оралман жастарда ескерусіз қалдырмау дұрыс. Олар оқып бітірген кезде жұмыс орындарына орналасу қиыншылықтары бар.

Қазақстан Республикасынан  ілім алып осы елге қызмет жасап  жатқан бірқатар шығармашылық саласындағы  индивиттерді айта кетсе, Монғолиядан; «Жас Қазақ» газетінің журналисі  Еренғайып Қуатайұлы, «Хабар» агентігінің  журналистері  Нұрлан Окаұлы, Ардабек  Солдатбайұлы, Айдос Жұқанұлы, «Қазақстан» арнасында Айбек Қобдабайұлы, «Астана» арнасында Ержан Әшейханұлы, «Түркістан» газетінде Есенгүл Кәпқызы, «Қазақ» родиосында Болатбек Баянханұлы, Қабдай Нұрлан, Ақсұңқар Ақынбабақызы, «Әдебиет айдыны» газетінде Әбдімәлі Өміржан, айтыскер ақын Дәулеткерей Кәпұлы т.б. мемлекеттік қызметтер атқарып жатыр. Тәуелсіздік алған соң елімізге шетелде тұратын қазақ ғалымдар да көшіп келді. Зардыхан Қинаятұлы МХР-ң премьер-министрінің орынбасары болған, Түріколог,ғалым Қаржаубай Сартқожаұлы әлемде орхан-енесей жазуын оқитын 8 ғалымның бірі. Және Қарағанды Мемлекеттік университетінде 15-тей әр түрлі дәрежедегі оқытушылар қызмет жасауда. Ал, Қытайдан келген ғалымдар, Нәбижан Мұхаммед, Жақсылық Сәбитұлы, Дүкен Мәсімхан, Тұрыспен Зәкенұлы, Жәкен Шәди т.б. ғалымдар да баршылық. Биші Шұғыла Сапарғалиқызы, «тарлан» сыйлығының иегері Майра Мұхаммедқызы, Қазір Парижы қаласының орталық опера театрында өнер көрсетіп жүр. Түркиядан келген ғалым, дінтанушы, исламтанушы, дипломат Мұртаза Бұлұтай, ең алғаш қазақ тілінде Құран кәрімді тәжімалаған қазақ халқының бір туар ұлы Халифа Алтай, Шаки Морис, Бруслендермен бірге оқығын, шығыс жекпе-жегінің шебері Мұстафа Өзтүрік т.б. Қазақ мемлекетінің дамуына өз үлестерін қосуда. Елбасының «мәдени мұра» бағдарламасына шетелден келген қазақ ғалымдары да атсалысып жатыр.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қазақстан әлемде жер  көлімінен 9-шы орында болса, ал халқы  саны бойынша 79 орында тұр. Халықтың демографиялық  санының аздығы мемлекет алдында  тұрған өткір мәселенің біріне айналды. 1997 жылы мемлекеттік бағдарлама «Қазақстан 2030» атты стратегиялық даму бағдарламасы жасалып, 2015 жылы халық саны 20 миллионға 2030 жылы 25 миллионға жеткізуге мемлекет мақсат қойды. бағдарламаның негізі ұлттық миграция саясаты арқылы жүзеге асыру көзделген. Яғни шетелде тұратын қазақ диаспорасын тарихи отанға көшіріп әкелу ретінде бағдарлама нақты іске қосылмақ. Мәселенің басы отанымыз екі ұлы державаның геосаяси территорияға орналасуы немесе державаның демографиялық артықшылығы мемлекеттік саясатқа әсер етпей қоймайды. Сондықтан да еліміздің демографиялық мәселесін жылдам шешу маңызды.

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық әлеуметінің артуы өзге де салалармен қоса Қазақстан шекарасынан тыс  қалып қалған қазақтарды елімізге оралуымен байланыстырып отыр. Тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бастап-ақ Қазақстан өзге елдерде өмір сүріп жатқан этникалық қазақтарды елге қайтару саясатын ұстанды. Мұндай саясат экономикалық, саяси, әлеуметтік өзгерістер жағдайында қажетті жұмыс күштерін тарту тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар жалпы ұлттық моларь мен этиканы сақтау және тарихи әділеттілікті қайта орнату қажеттілігімен де маңызды болды. Қазақтардың тарихи отанына оралту қазақ мәдениетінің сақталуынада, қазақ тілінің екінші  демге ие болып, дами түсуінде көрінетін мемлекеттің ұлттық негіздерді сақтап қалуды көздейді.

Егемендіктің еркіндігі  әлемдегі әр қазақты отанға қайтуға  ерік берді. Тарихи отанға оралған қазақтар мәдени-әлеуметтік үзілген құндылықтарды  қайта жаңғыртып, еліміздегі қазақтардың демографиялық ұлттық болмысына үлестерін қосуда. Көштің басталуынан бастап бүгінгі күнге дейін тарихи отанына оралған оралмандардың жалпы саны 667 мыңды құрайды. Оралмандардың әлеуметтік жағдайы, күнкөрісі, өмір сүру деңгейі, жұмыссыздық, білім алу, баспана, азаматтық алу, т.б мәселелері сын көтермейді.

Мемлекет тарапынан  жасалатын әлеуметтік жеңілдіктердің механизмдері қарама-қайшылықтарға  толы.  Осындай әлеуметтік мәселелер  оралмандар үшін өзекті мәселеге айланып  тұр. Мәселен азаматтық алудағы  кедергі, тұрақты тіркеуді талап етуі. Жаңа келген оралманда қандай тұрақты тіркеу болуы мүмкін? Және де квота алу мәселесі де нақты жолдарға қойылмаған. Жалпы көші-қон саясатын мемлекет қайта қарап, көші-қон саласындағы осындай кемшіліктерді жойып, қайтадан жаңа бағыттар жасауы керек. Және де оперативті әрі тиімді оралмандарға қызмет көрсетсе мұндай өзекті мәселе болмас еді.

Сонымен қатар Көші-қон  комитетінінің статусын Көші-қон  министрлігі ретінде статусын көтеру керек. Егер министрлік болған жағдайда көптеген шешімі табылмаған мәселелер шешілер еді.

Тарихи отанына келген қазақтардың әлеуметтік-тұрмыстық, мәдени бейімделу, білім,  тіл және т.б. салаларда қиыншылықтары көптеп кездеседі және біртіндеп шешіліп  отырғанына қарамастан олардың өзекті мәселесі қоғамдағық проблемаларды күрделендіре түсуде.

Оралмандарды ортаға бейімдеу үрдісі әлі күнге дейін  мемлекет тарапынан нақты шаралар  жасалмай отыр. Келген оралмандардың 96 пайызы арнайы бейімдеу орталықтарысыз қоғамдық қатынастарға түсу арқылы бейімделуде. Оралмандарды бейімдеу және аймақтық қоныстандыру бағдарламасын жасау қажет етуде. Оралмандарды қоныстандыру жағдайы климаттық, тарихи шежіресіне байланысты орналастыру керек екендігі бүгінгі ахуал көрсетіп отыр.

Келген репатриаттарды жұмыспен қамтамас ету мен қатар білім беру мәселесі де шешімін таппай тұрған жағдай бар. Мәселен, әр түрлі альфабитті қолданған оралмандар еңбек нарығана қатыса алмай тыс қалуда. Қазақстан ішіндегі еңбек нарығында орыс тілінің басымдылығы да  оралмандар үшін өзекті проблема болып тұрғанын айта кеткен жөн. Сонымен қатар қоғамдағы психологиялық ахуалда әсері бар екені анық.

  Білім саласына  келсек оралған қазақтарға Білім   және  ғылым  министрлігі бөлетін  2 пайыз грант аздық етеді. Жалпы  қазақтардың 35 пайыз шетелде тұрады. Осы келіп жатқан оралмандардың дені жастар, яғни білім алу мақсатында келіп елімізге тұрақты тұруды мақсат етеді. Оларға отандық негізде білім беру және Қазақстан тарихын жақсылып оқыту маңызды. Осы үрдістерді шешу күн тәртібінде тұр.

Жалпы қорыта келгенде жоғарғыдағы  айтылған, оралмандардың қордаланған проблемасын рет ретімен шешуді қажет етеді. Сонымен қоса оралмандарды ғылыми тұрғыдан егжей-тегжей зерттеп, қоғам алдында нақты баға беруді керек етеді. Ойымды қорыта келе оралман жалпы қазақтың мәселесі сондықтан жүйелі түрде әлеуметтік саяси үрдістерін қадағалап, оны іске асыру тек қазақ мәселесі болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Назарбаев Н. Тарих толқынында.-Алматы. Атамұра, 1999ж.
  2. Зардыхан Қинаятұлы. Жылаған жылдар шежіресі.-Алматы. Мерей, 1995ж.
  3. Амангелді Айталы. Ұлттану. Алматы. Арыс, 2003ж.
  4. Жинақты құрастырушылары: Парламент депудартары. Кеш-керуен.- Алматы. Парламент Үйі, 1997ж
  5. Жинақты құрастырушылары: Қасымбеков М., Найманбаев Қ., Ел мен Елбасы. Алматы. Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығы, 2003ж.
  6. Жинақты құрастырушылары: Мамашев Т., Балғабаев С. Әлем қазақтары Астанада бас қосты. Алматы. Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығы,         2006 ж
  7. Мауқараұлы Абай. О қазақ пен бұ қазақ. Алматы. Алматы болашақ, 2002ж.
  8. «Қазақстандағы көші-қон үрдісі: кеше, бүгін, ертең» атты Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 10жылдығына және оралмандардың-репатриаттардың тарихи отандарына оралуына арналған ғылыми-теориялық конференцияның құжаттары. Павлодар.2001ж.
  9. Көшербаев Қ.Е., Құттыбаева Р.С. Қазақстандағы этносаралық қатынастар мәселелері. Алматы.Қазақстанның даму институты,1996ж.
  10. Социологиялық сөздік. Алматы. Қазақ университеті, 2003ж.

Информация о работе Оралмандармен әлеуметтік жұмыс