Оралмандармен әлеуметтік жұмыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 09:32, реферат

Описание

Егеменді Қазақстан өзінің тәуелсіздігін нығайта түсуімен қатар алыс және жақын елдердегі қазақ диаспорасын ерекше көңіл бөлінуде. Кезінде әр түрле себептермен көшіп кеткен қандастарымыз тәуелсіз мемлекетімізге орала бастады. Сондықтан оларға «оралман» атауда берілді. Басқаша айтқанда, халықаралық деңгейде «репатриат» деп аталатын бұл құбылыс өзінің өзектілігімен күннен күнге маңыздылығын арттыра түсуде. Өйткені қазақ халқының 30-35 пайызы өзінің тарихи Отанының сыртындағы елдерде өмір сүруде. Қазіргі таңда әлемдегі қазақтардың 7-8 пайызы тарихи Отанына оралды. Яғни оралмандар еліміздегі үлкен әлеуметтік топты құрады. Сонымен қатар ұлттық негіздегі демографиясының дамуына, демографиялық қауіптен шығудың амалы тек оралмандар арқылы шешіліп жатыр.ліктерін анықтау;

Работа состоит из  1 файл

Оралмандар.doc

— 270.00 Кб (Скачать документ)

Осылайша, социомәдени орта оралмандарды бейімдеудің обьектісінің негізі болып қызмет етеді. Сатаистикалық зерттеуге сүйенсек, классикалық варианттағы социомәдени орта қызметінің төрт саласы бойынша қалыптасады: өндірістік, өмір сүру әрекеті, қоғамдық нормалық, және танымдық. Бұл салалардың әрқайсысына бірқатар мағаналар, құндылықтар, нормалар мен қалыптастыру тәсіліне тән. Бірақ олардың барлығы, социомәдени қайталанбас специкациясын бейнелейтін ортақ негізге ие [14].

Көшіп келуші оралмандардың  белгілі бір деңгейде білім дәрежесі бар және еңбек істеуге қабылетті.

Екі түрлі ойдың болуы  тек мигранттардың орналасуының әр түрлі шарттарымен ғана емес, тек мәселелерін әр түрлі түсінуде ғана емес, сондай-ақ мигранттардың  бұл категориясының проблемаларын  шешуде әр түрлі стратегия таңдау мүмкіндігімен ерекшеленеді.

Мигранттар өздерінің  орналасу мәселесін шешуде белсенді позиция ұстау керек деген  ойдағылар бұны нарықтық қатынастардың  дамуымен түсіндіреді. Сонымен қоса, олар көшіп келушілерді кәсіпкерлер  және белсенді жұмысшылар деп қарастырады, өйткені өмірдің өзі олардың еңбек әрекетіне деген қажеттілікті тудырады.

Мемлекет тарапынан  оралмандар белгілі көмек алып тұрады. Бірақ бұл оралмандардың материалдық  қамсыздануы мәселесін толық  шеше алмайды. Ол үшін тек мемлекеттік  ұйым тарапынан ғана көмек керек емес , сондай-ақ еңбекке қабілетті оралмандардың кәсіби еңбекке бейімделуге мүмкіндік тудыру бұған оралмандарға тіркелуде, жұмысқа тұруда, аударылған жергілікті төлемақымен қатар жеңілдіктер жасау қажет.

Оралмандарды бейімдеу және орналастыру көбінесе тұрақты жұмыс табуға байланысты. Жаңа жерде оралмандардың мамандығы бойынша жұмыс істеу мүмкіндігі аз, сондықтан уақытша жұмыс және біліктілікті қажет етпейтін жұмыс істеуге мәжбүр.

Көшіп келушілердің көбісі тұрғылықты жерін, жұмыс орнын қаладан табуға қызығушылық танытады.

Халықаралық тәжірибе көрсеткендей оралмандардың интеграциясы мәселесін  шешудің тиімді түрі ол өз еркі бойынша  жиып орналастыруды ұйымдастыру. Барлық тек баспаналық шаруашылық мәселе ғана емес , сондай-ақ бейімделу процесі ешқандай дау-дамайсыз, әлеуметтік-психологиялық ауырт-палықсыз бірте-бірте өтеді. Оралмандардың жаңа жерге орналасуда жиі қиын-дықтарға кезігеді, басқа  қоғамда өмір сүру   мүмкіндігінше адам баласына біраз қиындықтардан болады.

Оралмандарды  әлеуметтік қорғау шаралары ішінде еңбекке жарамды отбасы мүшелерін еңбекпен қамтамасыз ету, медициналық қызмет, балаларды оқыту мен тәрбиелеу жатады.

1991-1997ж. қабылданған  барлық отбасы өтемақымен қамтамасыз  етілген, көбісі жұмыспен қамтамасыз етілген, ауылдық жерде тұратындарға жеке шаруашылық үшін мал берілген.

Миграция жолында көп  қиыншылықтар кездесіп тұр. Ол қиындықтар жоғарыда айтылған баспана мен жұмыспен қамтамасыз ету. Бұл мәселеде жергілікті басшылардың бюрократтық танытып отырғаны.

Шағын несие  беру және бизнес инкубаторларға тарту мүмкіндігін пайдалана отырып оралмандардың өз бетінше кәсіп тауып алуын қамтамасыз ету жөнінде мақсатты жұмыс жүргізу жоспарланып отыр

Қорыта айтқанда миграция жолында істейтін істер  шешетін қиыншылықтар толып жатыр. Оның бастысы - баспана және жұмыспен қамтамасыз ету. Көші-қон жөніндегі агенттік жергілікті, аудандық үкімет орындарымен байланыса отырып, оралмандардың жайын, кәсіби жұмысын шеше алатындығына күмән жоқ. Оралмандарға жеңілдіктер беретін үкімет заңдары қағаз жүзінде қалып қоймау үшін аталмыш агенттіктің шенеуниктері оларға шынайы қызмет көрсетулері керек. Сондықтан Көші-қон агенттіктің штатын ұлғайтып, құқығын кеңейтіп, міндетіне сай күшейтуді казіргі жағдай талап етеді.

Мигранттар, әлеуметтік көңіл-күйі маргиналдық қалыпта түрған, ерекше категорияны құрайды. Осы категориядағы адамдармен жұмыста, тұлғаның жаңа әлеуметтік қарым-қатынас аясына біртіндеп енуін қамтамасыз ететін, әлеуметтік бейімдеу керек.

Оралмандардың қазіргі жағдайы, проблемалары социологиялық зертеудің нәтижесінің негізінде жасалып отыр. Әлеуметтік зерттеулердің жалпы оралмандардың әлеуметтік мәселелерін анықтады. Оралмандардың әлеуметтік мәселесі мемлекеттің шешіп жатқан және шешуін талап ететін проблемалар жөнінде талданды. Және Қазақстанда олар қалай тұрып жатыр сонымен қатар жергілікті халықтың пікірлері ескерілді. Отаным деп келгенде мемлекеттен бастап жергілікті халық болып оларды қалай ортаға сіңістіре аламыз. Әрине ортаға бейімдеу 3-5жыл аралығында жүрілетін процестер. Жас шамасына байланысты оралмандар ортаға жылдам және кеш бейімделеді. 1991-1997ж арасында  көшіп келген қазақтар елге сіңіп кетті. 10-30 жас арасындағы репатриаттарға әлеуметтік сауал қойғанда 95 пайызы жеке куәлік алған кезде туған жерін өзгерту туралы ұсыныс жасаған. Яғни құжатын Қазақстанда туылған деп жасатпақ ойда. Бұл идея өте орнықты себебі  ерте көшіп келген қазақтар бейімделу процесінен өтіп кеткен. Бірақ құжаттарында қайдан келгені туралы жазылған. Бұл халықаралық талап болса да қоғамдағы қиыншылықтарға байланысты өзгертулер жасағаны дұрыс болар еді. Мысалы жұмыс т.б орындарға барғанда олардың қайдан келгені туралы білсе, жұмыс бабына алмай қою фактілері бар. Сәби кезінде келгендер тіпті туған жерін сезіне  де алмайды. Олардың құжаттарын өзгерітсе көптеген мәселере шешімін табар еді. Жастар арасында стереотипті көзқарастар бар. Яғни кейбір жағдайда «оралман» деген  сөзден болып адамдар арасында келіспеушіліктер болып тұрады. Жастарды нақты ортаға бейімдеуді мемлекет мақсат қойса, олардың құжаттарын өзгерту туралы шешім қабылдау керек.

Қазіргі таңда  оралмандар өздерінің тарихи отанына  оралғаннан кейін әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-мәдени әлеуметтену тұрғыдағы және азаматтық-құқықтық сипаттағы бір топ проблемалармен кезігіп отырғаны баршаға аян. Бұл проблемаларды шешу біріншеі кезекте мемлекеттің міндеті болып табылады. Оралмандардың кез келген салаларда әлеуметтену проблемалары қандайда бір формада болсын мүдделер соқтығысуын тудырып отырады, тиісінше оның нәтижесінде ашық немесе жасырын түрде жанжалдық орта қылаң береді.  Сондықтан аталған тенденциялар тұрғысынан келгенде қазақстандықтардың тарихи отандарына оралған этникалық қазақтарға, олардың жай-күйіне, тұрмыс-тіршілігіне қатысты көзқарастары үлкен мәнге ие.

Енді оралмандарға қатысты тікелей жүргізілген  социологиялық зерттеулердің нәтижелеріне тоқталып өтелік. "Әлеуметтік Технологиялар Орталығы" атты тәуелсіз сараптамалық ұйымның 2005 жылдың 5-12 қыркүйегі аралығында социологиялық сұрау жүргізген. Сұрауға жасы 18-ден асқан, республиканың алты аймағының ірі, орта қалаларында және ауылды жерлерінде тұратын ұлты қазақ, орыс және т.б. ұлт өкілдерінен тұратын 1800 респондент қатысқан.

1. кесте (жауап беруге қиналғандарды есепке алмағандағы сұралғандардың % алғанда)

Жақсы

34

Шыдамды

25

Немқұрайды

22.5

Нашар

10.1


 

Мысалы, Оралмандарға қатысты  көзқарасыңыз қандай? деген сұраққа респонденттердің көпшілігі жақсы ойда екенін білдірген (34%) және 25% шыдамды көзқараста екенін айтқан.Сұралғандардың айтарлықтай бөлігі (22.5%) оралмандардың тағдырына немқұрайдылық білдірген, тек респонденттердің оннан бір бөлігі ғана оларға жағымсыз көзқараста болған.

Халықтың  ұлттық белгілері бойынша оралмандарға қатысты көзқарастарының көрсеткіштерін талдау айтарлықтай алшақтығын байқатты. Оралмандарға қатысты оң пікірді көбіне қазақтар және шағын ұлттар өкілдері білдірген. Сонымен қатар халықтың бірқатар бөлігінде оралмандарға деген жағымсыз ойлардың айтарлықтай потенциялы сезіледі. Мысалы ұлты қазақ респонденттердің ішінен оралмандарға кері көзқарасын 7.5% білдірген. Қазақстандағы саны жағынан екінші тұрған орыс ұлтының көзқарастары біршама басқаша болған. Зерттеу нәтижесі бойынша анықталғандай орыстар арасында 15.9%-нің, яғни әрбір алтыншысында көңілі толмаушылық болған, тағы бір айтарлығы орыстар арасында өзге ұлт өкілдерімен салыстырғанда көңіл толмаушылық екі есе артық болып отыр.

Аталған зерттеу  орталығының жүргізген ендірілген бақылаудың қорытындысында байқалғандай, халықтың кейбір тобында оралмандарға деген кері көзқарас жақтырмаушылық пен қатар, оралмандардың келуімен жұмыс орындары үшін бәсекелес, тұрғын нарығындағы жағдайды одан да бетер күрделендіріп жібереді деген ойдан туындаған қорқынышпен де байланысты екен. Әлеуметтік-экономикалық саладағы мүдделер соқтығысуы проблемасын қазақстандықтардың әртүрлі жағдайдағы репартриантарға деген көзқа-растарының көрсеткіштерінен көруге болады.

Кестеде біз  тұрмысы жоғары және ортадан жоғары респонденттер оралмандарға айтарлықтай жылы қараса, табысы төмен респонденттер көбіне кері көзқараста болып отырғанын байқаймыз.

Егер халықтың жалпы  құрамында материалдық жағдайы жоғары адамдар аз бөлігін, ал тұрмыс жағдайы орта және ортадан төмен тұрғындар басым бөлігін құрайтынын еске алар болсақ, оралмандар мен жергілікті халық арасындағы өзара қарым-қатынастың шиеленісу ықтималдылығы айтарлықтай екенін айтуға болады.

Тұрғылықты  жеріне қарай алатын болсақ. Оралмандарға ауыл және кіші қалалар тұрғындары оң көзбен қараса, облыс орталықтары мен Алматы қаласының тұрғындары біршама сын пікір білдірген. Мұндай жағдайдың себебі оралмандардың көпшілігі ауылды жерлерден көшіп келгендіктен ауыл адамдарымен тіл табысуы жылдамырақ, ал облыс орталықтары мен көрсеткіштері.

2.кесте

Оралмандарға материалдық жағдайына қатысты білдірілген көзқарастар.

 

Әл-ахуалдың

деңгейі

Жақсы

Шыдамды

Немқұрайлы

Нашар

Жоғары

44.4

27.8

11.1

16.7

Жоғарыдан төмен

50

19

19

9

Ортадан жоғары

37.7

26.3

21.9

6.5

Ортадан төмен

32.2

25.7

23.3

11.5

Төменнен жоғары

27.9

24.9

23.9

11.7

Төмен

18.8

23.4

25

25

Жалпы Республикалық

34

25

22.5

10.1




 

Алматы қаласы тұрғындарының ішінен жақтырмаушылық ойлар көбірек болуының себебі ретінде жұмыс орындары мен тұрғын үй нарығындағы бәсекелестер деп қараудан келіп шығатынын айту керек. Сонымен бірге халықтың белгілі бір бөлігінің көшіп келуші қандастарымызға көзқарастары өзгеше болуының факторы ретінде орыс тілді халықтар өкілдері мен оралмандардың менталитетіндегі айырмашылықтың үлкен болуын айта кету керек. Бұл тұста туындайтын басты қиыншылық ол тілдік кедергі. Оның үстіне оралмандар Қазақстандағы өзге ұлт өкілдерін айпағанның өзінде жергілікті қазақтардың өзімен тілдесуде қиыншылықтарға тап болып отырады. Оралмандарды жергілікті қазақтардың діннен алшақтығы, ұлттық салт-дәстүрлерді сақтай бермеуі және ана тілге құрметтің төмендігі ашындырады.

 

3.кесте.

  Жергілікті  халық оралмандарға көбіне қандай мінездеме береді?

(пайызбен берілді)

Мінездемелер

%

Олар, өз отандарының  нағыз патриоттары

11.8

Олар, қазақ  мәдениеті мен дәстүрін тасушылар

13.7

Олар, өз жағдайын жақсартқысы келгендер

25

Олар, еліміздің  толық азаматтары болған адамдар

8.3

Олар, тек  мемлекетке ғана сенетін жатып ішерлер

14.8

Олар, Қазақстанда  үміттері ақталмаған адамдар

5.7

Олар,      экономикалық,      әлеуметтік-мәдени      тұрғыда бейімделе алмаған адамдар

4.8


Сұралғандардың  айтарлықтай бөлігі (14.8%) оралмандарды мемлекетке ғана арқа сүйеп отыратындар деп санайды. Шамасы, бұлай пікір білдірудің тамыры өздерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайының төмен болып отырғандығына, тиісінше мемлекет алдымен өз азаматтарының жағдайын көтеріп алуы тиіс деген ойда жатқан   секілді.  Жалпы алғанда оралмандарға берген пікірлердің жағымсыздары жағымды мінездемелерден 16% асып отыр.

Бұл жерде бір байқалғаны қазақстандыктардың басым бөлігінің  қоғамдық санасында қандастарымыздың әлеуметтік-мәдени және экономикалық тұрғыда бейімделулері тиісті түрде назарға алынбай тыс қалып отыр. Ал аталған сипаттағы қиыншылықтар оралмандарды Қазақстан жағдайына әлеумет-тенуінің басты проблемалық аймағына жатады. Бұл проблемалар қарапайым тұрғындардың ойынша

Информация о работе Оралмандармен әлеуметтік жұмыс