Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 09:32, реферат
Егеменді Қазақстан өзінің тәуелсіздігін нығайта түсуімен қатар алыс және жақын елдердегі қазақ диаспорасын ерекше көңіл бөлінуде. Кезінде әр түрле себептермен көшіп кеткен қандастарымыз тәуелсіз мемлекетімізге орала бастады. Сондықтан оларға «оралман» атауда берілді. Басқаша айтқанда, халықаралық деңгейде «репатриат» деп аталатын бұл құбылыс өзінің өзектілігімен күннен күнге маңыздылығын арттыра түсуде. Өйткені қазақ халқының 30-35 пайызы өзінің тарихи Отанының сыртындағы елдерде өмір сүруде. Қазіргі таңда әлемдегі қазақтардың 7-8 пайызы тарихи Отанына оралды. Яғни оралмандар еліміздегі үлкен әлеуметтік топты құрады. Сонымен қатар ұлттық негіздегі демографиясының дамуына, демографиялық қауіптен шығудың амалы тек оралмандар арқылы шешіліп жатыр.ліктерін анықтау;
оралмандардың өз бастарының мәселесі болып шығады. Мысалы
сұралғандардың ең аз бөлігі (5.7%) олар, Қазақстанда үміттері ақталмаған адамдар десе, 4.8% олар, экономикалық, әлеуметтік-мәдени тұрғыда бейімделе алмаған адамдар деген позицияны ұстанған. Оралмандарға жанаршылықпен қараған екі аймақты атауға болады: олар Оңтүстік және Батыс аймақтар, аталған аймақта тиісінше сұрауға
қатысқандардың 10.4% және 6.5% олар, тек мемлекетке ғана сенетін жатып ішерлер деп жауап берген.
Оралмандардың проблемалары: Этникалық қазақтардың тарихи отанына қайтару бағдарламасын жария ете отырып мемлекет бірқатар міндеттерді өз мойнына алды. Ол міндеттер оралмандарға тиісті құқықтық-азаматтық, экономикалық және әлеуметтік-мәдени жағдайларды жасауды білдіреді.
Мемлекеттің көші-қон саясатында айтылған механизмдер мен
құралдарды репатрианттарға қатысты тиімді пайдаланғанда, оралмандардың қазіргі уақытта кезіккен экономикалық және әлеуметтік-мәдени тұрғыда бейімделуі пролемалары мұндай масштабқа ие болмас па еді. Зерттеу нәтижесінде анықталғандай оралмандар Қазақстанға келгеннен кейін жиі кездесетін қоғамдық психология және шеттетушілікке тап болып жатыды. Осы оралмандардың проблемаларын төменгі кестеден көруге болады.
Қиыншылықтар |
% |
Нормативті-құқықтық
базаның жетілмегіндігі |
14, |
Тұрғын жерді өз бетінше таңдай алмау (квота бойынша орналастырған) |
18 |
Тұрғын үйге қол жеткізудің қиыншылығы |
31,1 |
Квота бойынша келгендерге бір мезеттік және транспорттық жәрдемақыладың төленбеуі |
7,8 |
Қазақстан азаматтығын алудағы қиыншылық |
18 |
Жұмыс табу |
45,3 |
Еңбек нарығына сай мамандарды даярлау мен қайта даярлау |
6,5 |
Жеке өндірісті жасау кезінде, кәсіпкерлікпен айналысуда микрокредиттер беру |
5,7 |
Жер тілімдеріне және малға ие болу |
9,9 |
Білім алуда жеңілдіктер жасау |
6,2 |
Жергілікті халық көзқарастарының әрқилы болуы |
13 |
Әлеуметтік жағына тез бейімделуі |
14,3 |
Экономикалық
жағына көмектесу |
13,6 |
Әрбір аймақтың тұрғындарыныц ұлттық құрамына, тілдік, діни, мәдени орталарының ерекшеліктеріне қарай әлеуметтік бейнесі қалыптасады, тиісінше оралмандарға әрқилы көзқарастардың орын алуы аталған ерекшеліктерге байланысты келетінін байқауға болады. Жеке аймақтар бойынша жіктеу, қазіргі кезде республикамыздың әр түрлі аймақтарында оралмандарды толғандыратын негізгі проблемалық зоналарды анықтауға мемлекет тарапынан оралмандардың проблемаларын шешуге қажетті бірінші кезектегі міндеттерді айқындауға мүмкіндік береді.
Қайырып айтар болсақ, "Әлеуметтік технологиялары орталығы" атты зерттеу ұйымы жүргізген зерттеуінің нәтижесі халықтың басым бөлігі тарихи отанына оралған қандастарымызға оң қабақ танытатына көз жеткізуге боладьі. Сонымен қатар халықтың белгілі бір бөлігінің қоғамдық санасында оралмандарға деген жағымсыз ойлар басым болған. Мұндай ойлардың пайда болуы, көбінесе әлеуметтік-экономикалық саладағы мүдделердің соқтығысуынан орын алған деп айтсақ қателеспеген болар едік. Алынған нәтижелер көрсеткендей тұрғындар оралмандарға байланысты болған біршама мазасыздық таныта бастаған, оның себебі еңбек және тұрғын үй нарығындағы бәсекелестіктің көшеюіне.
Қазіргі кезде оралмандарды жергілікті жағдайға бейімдеу тұрғысындағы жұмыстар қажетті деңгейде атқарылмай отыр деп айтуға болады, оны сұралғандар да атап өткен, және сұралушылар бұл саладағы үкіметтік іс-шаралар нормативті сипатқа ие, ал міндеттерді орындау формалды түрде жүргізіледі деген пікір білдірген.
Оралман жастарға білім беру және ортаға бейімдеу мәселесі
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алысымен Қазақ елінің әлеуметтік-саяси өмірінде «оралмандар» деген атау пайда болды. Бұл әрине, кездейсоқ құбылыс емес, ол еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіздіктің алғашқы жылынан бастан жүргізген диаспора саясатының нәтижесі деп атап айта аламыз.
Шелелдегі қандастарының жоғын жоқтап, жыртысын жырту - тек қана тәуелсіз мемлекеттің қолынан келетін күрделі іс.
1992 жылы 23 қыркүйекте
Министрлер кабинеті «
Қазақ диаспора саясатын қолдау мақсатында шетелде тұратын қазақ жастарды елге шақырту саясаты болды. 1994 жылы Қытайдан 30 оқушы шақыртып, Қаратау қаласындағы Қазақ Ұлттық Техникалық универ-ситетінің филиалында дайындық курсын оқытты. Дайындық курсын бітіргеннен кейін оқуға түсуіне жәрдемдесті. Сөйтіп шетелдегі қазақ жастарды тарихи отанға шақырту үшін оқу мәселесін алға тарта отырып көш саясатын жүргізуді мақсат етті. Бұл үрдіс содан кейін жалғасын тауып келеді. Шетелдегі қазақ жастарын оқыту үрдісін қозғаушы дүниежүзілік қазақтар қауымдастығы екенін айта кеткен жөн. 1995 жылы Қауымдастық пен Білім және ғылым министрлігі бірлесе отырып, Қытайдан, Монғолиядан, Қарақалпақстанан жүзге жуық оқушы дайындық курсына түсіп, қалаған мамандықтарына түсіп кетті. 1996-1997 жылы екі жүз оқушы қабылданып оларда қалаған кәсіптің иесі болып кетті.
Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығымен 1996 жылы қабылдаған «Шетелдегі ағайындарға қолдау көрсету туралы» мемлекеттік бағдарламасы аясында жасалып жатыр.
Оралман жастардың Қазақстанда оқуы мен елге көшіп келген қазақтардың балалары мектепте оқитындары мен жоғары оқу орындарында білім алуға ынта білдіргендері қабылданып отырды. Тіпті, аспирант, докторанттық оқимын дегендерді де жеңілдіктер жасалды. Оларға шәкіртақы беріп, тегін жеке жатақханамен қамтамасыз етті. Өйткені олардың көбі отбасымен келген жастар еді. Ол кезде талапкерлер мен ізденушілер бірден жергілікті студенттер мен аспиранттарға қосылып оқитын. Соған байланысты олардың көп бөлігі отандық оқу орындары мен ғылыми ортаға айтарлықтай үйлесіп кетті.
Қазақстан қоғамы кеңестік социалистік саяси-экономикалық жүйеден түбегейлі өзгеру кезеңін бастан кешіріп жатқандықтан, оларға әлеуметтік және экономикалық ауыртпалық ауыр тиді. Сонымен жоғары оқу орындары мен ғылыми зерттеу институттарына түскен оралман ізденушілердің көбі тіршілік қамымен базар жағалап кеткені де болды. Елден кеткен жоқ. Олар отанында отау тігіп, Қазақстан азаматтығын алып, шағын кәсіпкерлікпен шұғылданып, ел экономикасына өз үлестерін қосып жатқан жайы бар. Демек, олар да еліміздің оралман саясатының арқасында өз мақсаттарына жетті дейміз. Өйткені қандастарымыздың тарихи отаны - Қазақстанға оралудағы түп мақсаты - Қазақстан азаматтығын алып, қазақтық болмыста өмір сүру және өз елі үшін еңбек ету. Елімізде қолданып отырған қазақ диаспорасы саясатының мақсаты да осы болып табылады.
Сырттағы
қазақ диаспора жастарын оқытуға
қатысты мәселелер ҚР-ң
Жалпы республика бюджетіне ЖОО-ң дайындық бөлімдеріне жыл сайын 1400 орын бөлінеді. Осы орындарға шетелден келген жастар 2004-2005 оқу жылында жалпы саны 1642 өтініш білдірген. Осы өтініштің 1456-сы ғана қабылданған. ҚХР-нан 836,Өзбекстанан 151, Моғолиядан 201, Иранан 3, Швециядан 1, Қырғызстанан 4, Түркіменстанан 41, Ресейден 3 талапкер дайындық бөліміне оқуға түсті.
ҚР Үкіметінің 2000ж 11 қарашадағы қаулысына сәйкес, ҚР азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ баласына мемлекеттік гранттың 2 пайызы бөлінеді делінген. Шетелдегі диаспора өкілдері 2001-2002жылы 306 бала қабылданса, 2002-2003 жылы 680 , 2003-2004 жылы 775, 2004-2005 жылы 470 болса, 2005-2006 жылы 567 оралған жастар студент өмірді кешіп жатыр. Дайындық бөлімі еліміздің әр түрлі өңіріндегі 14 ЖОО-да бар. Иассауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде жыл сайын 300 қазақ диаспора өкілдері университеттің дайындық курсында дәріс алуда.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нде дайындық курсына биыл түскен оралман студенттер саны 150. Сонымен қатар еліміздегі ЖОО-да білім алуда. Елбасымыз да оралман студенттер мен тұрғылықты студенттерге әр түрлі жеңілдіктер жасап, қолдау көрсетуде. Осындай оралман студенттерге қолдау көрсетуші, бақылаушы объектілер: Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университеті, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ, Есенов атындағы АқтауМУ, Бөкетов атындағы ҚМУ, Әуезов атындағы ОҚМУ, Абай атындағы Алматы педагогикалық университеті, Л.Гумилев атындағы Евразия Ұлттық университеті, С.Сейфулин атындағы Қазақ Аграрлы университеті, О.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті, Қорқыт-Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеттері. Осындай ірі оқу орындарының қолдауымен біздің студенттерімізге мүмкіншіліктер жасалынып, жоғары білім алуда.
Отанына қайтып оралған оралман жастар «өз елім» деп аңсап келгенде, қайлай оларды өзектен кебеміз. Ең жылдам бейімделетін жастар болған соң олар жергілікте жастармен араласып, тіл табысып кетуде.
Облыстар бойынша оралмандардың ЖОО-да оқуы
2. сурет.
«Халықтың көші-қоны туралы» Заңының 29-2 бабына сәйкес, Білім және ғылым министрлігі оралмандарға орта кәсіптік және жоғары оқу орнына түсуге Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген көлемде квота бөлінуін қамтамасыз етеді. Министрліктің жергілікті департаменттері мектептерде және балабақшаларда оралмандарға орын бөлінуіне жауапты. Жалпы, министрліктің жергілікті және облыстық департаменті оралмандарға білім алуды ұйымда-стыруда шараларыды қолға алған. Көші-қон комитетінің мәліметтеріне сүйенсек, 2005 жылы оралмандадың мектеп жасындағы балаларының ішінде бастапқы білімді 95,3% алды.
«Білім-Орталық Азия» білім беру орталығының зерттеулеріне сүйенсек, мектеп бітіргендердің 46% университеттік білім алуға талпынады, 40% әлі шешім қабылдаған жоқ, ал 14% кәсіптік немесе техникалық колледждерде оқығысы келетіндігін айтты. Ата-аналардың ішінде 54% балаларының жоғары білім алғандығын қаламайтындығын, өйткені қаржы тапшылығы және балала-рының үйден кеткендігін дұрыс деп санамайды.
Айта кету қажет, Ғылым және білім министрлігі білімдерін жалғасты-ратын оралмандардың санын көбейтуде белгілі жұмыстар атқарып жатыр, мемлекеттік кредит пен грант алуда жеңілдіктер бар, атап айтқанда 2% оралмандарға арналған мемлекеттік кредит пен грант. 2003-2004 жылдары жалпы Қазақстанда 183 000 ЖОО - талапкерлер түсті. Сонымен, мемлекеттік көмек арқылы оқып жатқандар саны -26 000 адам, соның ішінде 520 – оралмандар.
Соңғы жылдары алыс жақын шетелдерде тұратын қазақ жастарынан орта мектеп бітірген соң Қазақстанға оқу іздеп келетіндердің қатары қауырт көбейді. Солардың арасынан сұрыптап оқуға қабылдау үшін және оларды қазақстандық әлеуметтік ортаға тезірек бейімдеу үшін бір жылдық дайындық курстан өткізу тәсілі қолданылып отыр. Осы жағдайға байланысты, қазір оралман студенттерді қалай оқыту және оларды әлеуметтік ортаға қалай тезірек бейімдеу керек деген мәселе көтеріліп отыр. Бұл заңды сұрақ әрі кешіктірмей шешуге тиісті мәселе. Бұл үшін біз алдымен оқыту нысанамыз болған оралман студенттердің нақтылы болмысын анықтап алуымыз керек деп ойлаймын.
Оралман студентер дегеніміз - алыс жақын шетелдерде өмір сүріп жатқан қандастарымыздың арасынан саналы түрде өзінің тарихи отаны - Қазақстанға келіп жоғары оқу орындарына түскен жастар. Олар әр түрлі елдерде туып өссе де, оларда жалпы қазаққа тән ұлттық сана-сезім мен ортақ құндылықтар және арман-тілектер бар. Сондай-ақ оларда этнопсихология да біршама жақсы сақталған. Олар шетелдерде, жат елдің билігінде өмір сүргендіктен олар ұлттық тәуелсіздіктің қадірін өте жақсы түсінеді. Олар Қазақстанның тәуелсіздігін, мемлекеттік территорияның тұтастығын, ұлттық тіл мен дінді ең жоғары құндылық деп санайды. Сондықтан олар өз елінде қазақы болмыста өмір сүруді және ұрпақтарының мәңгі бақи қазақ болып қалуын армандап келеді, сондай-ақ олар Атамекенін аңсап келеді. Сонымен олар отандық әлеуметтік ортаға үйлесе алмай бір мезгіл қиналады. Бұл түсінуғе болатын қалыпты психологиялық құбылыс. Өйткені қазақ оралман жастарының менталитеті олар өмір сүрген елдердің әлеуметтік саяси-экономикалық және мәдени ортасының ықпалында қалыптасқандықтан, олардың ойлау формасы мен бағамдау өлшемдерінде өзіндік айырмашылықтар сақталған. Егер оралман студенттердің сондай менталитеттік ерекшеліктері мен білім алған тіл жазуын ескере отырып оларды оқытатын болсақ және оларды отандық әлеуметтік ортаға бейімдейтін болсақ, онда біздің ісіміздің нәтижесі ана анағұрлым жақсы болар еді деп ойлаймын.
Қазіргі Қазақстанда оқып жатқан оралман студенттерді негізінен үш түрлі әлеуметтік ортадан келгендер деп санауға болады. 1-ші, бұрынғы Кеңес Одағы республикаларынан келгендер. Бұларға Моңғолиядан келгендерді қосуға болады. Бұлардың негізгі ерекшелігі-бұрынғы кеңестік саяси, экономикалық және мәдени ортада қалыптасқан отбасында туып-өскен, кириллицамен білім алып, орысша сауат ашуында. Сондықтан олар елге келген соң әлі де орыстық мәдениет салтанат құрьп тұрған Қазақстанның әлеуметтік ортасын олар жатырқамайды, тіл-жазуынан онша қиналмайды. Посткеңестік қоғамдарда болып жатқан әлеуметтік өзгерістерді қабылдап әдеттенген олар, Қазақстандағы әлеуметтік жағдайға, қоғамдық іс-қимылдарға тез бейімделіп кете барады; 2-ші, Түркия, Иран, Пәкістанан сияқты мемлекеттерден келгендер. Олар өздері тұрған елдерінде қолданылатын түркше, иранша немесе Батыс тілдерінде білім алады. Олар кириллицаны, орыс тілін мүлде білмейді. Тіпті, қазақ тарихы мен мәдениеті жөнінде де мардымды мағлұмат алуға мүмкіндігі болмайды. Өйткені ол елдерде қазақ тілінде білім беретін мектеп жоқ. Олар тек отбасында ғана ата-аналарынан қазақы ғұрып-әдетті, тұрмыстық жай сөздерді үйреніп, қазақтық сананы қалыптастырады және діни танымдарымен ерекшеленеді; 3-ші, Қытайдан келгендер. Олар сол елде төте жазумен қазақша, қытайша оқиды немесе қытай мектептерінде қытайша және ағылшынша оқып келеді. Қытайдағы қазақтарда ана тілінде білім берудің бастауыш мектептен жоғары оқу орына дейінгі жүйесі болғанымен, олардың оқулықтары Қытай мемлекеттік оқу бағдарламасы бойынша дайындалған қытайша оқулықтардан қазақша төте жазуға аударылған нұсқасы (қазақ тіл-эдебиеті оқулығынан басқасы). Сондықтан олар Қазақстанда қолданылатын кириллица жазуы мен орысшаны білмейді. Бірақ олар елге келген соң конкурсқа қатысу үшін кириллицаны өздігінен оқып үйреніп, сауат ашқан болады.