Отбасымен әлеуметтік жұмыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2012 в 21:21, курсовая работа

Описание

Осы мақсатқа жету үшін мынандай міндеттерді шешу көзделіп отыр:
– отбасымен әлеуметтік-педагогикалық жұмысты жүзеге асырудың құқықтық табиғатын, мемлекеттің отбасымен жүргізілетін әлеуметтік үдерісінің бағыттарын қарастыру;
– отбасын негізгі әлеуметтік институт ретінде зерттеу;
– отбасымен жүргізілетін психологиялық кеңес беру үдерісінің қағидалары мен ерекшеліктерін көрсету;
– отбасымен әлеуметтік жұмыстың ұйымдастырушылық негіздерін атап көрсету;
– отбасыны әлеуметтік қамсыздандыруды, жұмыспен және мемлекеттік қорғауды қамтамасыз ететін мемлекеттік жүйе және отбасы мүшелерін мемлекеттің әлеуметтік қолдауын зерттеу.

Содержание

КІРІСПЕ......................................................................................................................3
І ОТБАСЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Отбасы әлеуметтік топ ..................................................................................6
1.2 Отбасының негізгі қызметтері..............………….............................................10
1.3 Отбасы – тұлғаның қалыптасу үдерісіндегі басты әлеуметтік институт...........................……………………………………………………...........16
ІІ ОТБАСЫМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ СПЕЦИФИКАСЫ
2.1 Отбасымен әлеуметтік-педагогикалық жұмысты ұйымдастыру негіздері......................................................................................................................23
2.2 Отбасылық кеңес берудің жалпы принциптері мен дамуы.............................27
2.3 Отбасымен әлеуметтік-педагогикалық жұмысты дамыту ерекшеліктері.............................................................................................................31
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................36
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................40

Работа состоит из  1 файл

Отбасымен СР+.doc

— 233.50 Кб (Скачать документ)

    Отбасымен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс

 

    

МАЗМҰНЫ 

КІРІСПЕ......................................................................................................................3

і отбасыН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Отбасы  әлеуметтік топ ..................................................................................6

1.2 Отбасының негізгі қызметтері..............………….............................................10

1.3 Отбасы – тұлғаның қалыптасу үдерісіндегі басты әлеуметтік институт...........................……………………………………………………...........16

ІІ ОТБАСЫМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ СПЕЦИФИКАСЫ

2.1 Отбасымен  әлеуметтік-педагогикалық жұмысты ұйымдастыру негіздері......................................................................................................................23

2.2 Отбасылық кеңес берудің жалпы принциптері мен дамуы.............................27

2.3 Отбасымен әлеуметтік-педагогикалық жұмысты дамыту ерекшеліктері.............................................................................................................31

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................36

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................40

 

     КІРІСПЕ

    Отбасы  адамзаттың бірегей әлеуметтік жаратылысы екені жалпыға белгілі. Шын мәнінде  отбасы адамдар арасындағы қарым-қатынастың бірінші түрі болып табылады. Сонымен  қатар отбасында әлеуметтік жүйе ретінде әлеуметтік институттың  да, шағын әлеуметтік топтың да белгілері де бар.

    Әлеуметтік  институт ретінде отбасының басты  ерекшеліктері: ерлі-зайыптылар арасындағы, ата-аналардың, балалардың және басқа  да туыстар арасындағы өзара қарым-қатынасты  реттейтін әлеуметтік нормалардан, санкциялардан және жүріс-тұрыс үлгілерінен тұрады. Шағын топ ретінде отбасы некеге немесе туыстыққа негізделген және отбасының барлық мүшелерінің тұрмыстық бірлігімен өзара моральдық жауакершілікпен өзара көмек арқылы сипатталады [1, 44б.].

    Болашақ әлеуметтік құрылым ретінде отбасының өмірлік іс-әрекетіндегі қоғамдық талаптарымен қатар отбасылық топ мүшелерінің ндивидуалды талаптарының бейнесі болып табылады. Белгілі әлеуметтік функциялары бар. А.Г.Харчевқа сәйкес отбасы функцияларының спецификалық және спецификалық емес түрлерін бөліп көрсетуге болады. Спецификалық функциялар отбасы мәнінен шығып, оның әлеуметтік құбылыс ретіндегі ерекшеліктерін бейнелейді, ал спецификалық емес функцияларға отбасының белгілі бір тарихи жағдайларда еріксіз орындаған және бейімделіп кеткен функцияларын жатқызады.

    Отбасы  мәселелері ғылыми әдебиеттерде отбасының  спецификасының функцияларына генеративтік (дені сау бала отбасында туылатындықтан, адамдар өндірісі), экзистенционалды (балалардың мазмұны) және әлеуметтену функциясы (балаларды тәрбиелеу). Бұл функциялар қоғамның барлық өзгерістерінде сақталады, алайда отбасы мен қоғам арасындағы байланыс сипаттамасы тарих барысында өзгеруі мүмкін. Адамзат қоғамы әрқашан халық өндірісін қажетсінетіндіктен, тууды ұйымдастырудың әлеуметтік және балаларды әлеуметтендірудің формасы ретінде әрқашан отбасыға әлеуметтік қажеттілік сақталады. Бұл әлеуметтік функцияларды жүзеге асыру еш сыртқы мәжбүрлеусіз және қысымсыз жеке индивидтің отбасылық өмір салтына мотивациялануы арқылы жүреді.

    Меншікті, статусты қалыптастыру мен мұраға қалдыру, үй шаруашылығын, демалысты және бос уақытты отбасы мүшелерінің әл-ауқаты мен денсаулығын қорғау мақсатында ұйымдастыру, қысымды түсіретін және «Мен» өзін-өзі сақтауына ықпал ететін микроклимат жасау сияқты отбасының спецификалық емес функциялары отбасы мен қоғам арасындағы тарихи сипаттаманы бейнелейді, баланың туылуы қалай жүзеге асатындығын, олардың отбасында тәрбиленуінің тарихи өтпелі картинасын ашады. Отбасылық өзгерістер көбіне әр түрлі тарихи кезеңдердегі спецификалық емес функцияларды салыстырғанда байқалады: жаңа жағдайларда олар модификацияланады, тарылады немесе кеңейеді, толық немесе бөліктерімен жүзеге асады, кейде тіпті мүлдем жойылып отырады. Сонда да отбасының басты функциясы баланы біріншілікті (немесе базалық) әлеуметтендіруі, оны қалыптастыруы болып табылады.

    Қазіргі кездегі отбасы маңызды өзгерістер басынан кешіруде. Жаңа қоғамдық-саяси қарым-қатынастар бекіп жатқан кезеңде қазіргі заманның отбасына әлеуметтік талдау жасайтын, отбасын нығайтудың және оның тұрақтылығын сақтаудың жолын белгілеген қазақстандық социологтардың зерттеулерін атап өту керек. Атап айтқанда Қ.Ғ.Ғабдуллина, Н.А.Аитов, У.Ауталипова, У.Бекжанов, З.Ж.Жаназарова және басқалары.

    Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Отбасы некеге қарағанда күрделірек қарым-қатынастар жүйесі, ол тек жұбайларды ғана емес, сонымен қатар балаларды, туыстарды, жұбайларға жақын адамдарды біріктіреді. Отбасы – бұл әлеуметтік институт пен шағын топ белгілері бар әлеуметтік жүйе. Отбасы әлеуметтік институт ретінде жұбайлардың, ата-аналардың, балалар мен басқа туыстардың өзара қарым-қатынастарын реттейтін әлеуметтік нормалардың, санкциялардың және мінез-құлық үлгілерінің жиынтығымен сипатталады. Отбасы әлеуметтік жұмыстың нысаны ретінде үнемі әлеуметтік жұмыс маманының назарында болғандықтан, отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстардың технологиялық үдерісін айқындау маңызды.

    Тақырыпты зерттеудің мақсаты. Қазақстан Республикасының әлеуметтік мемлекет құру жолындағы отбасының әлеуметтік қорғау жүйесінің ерекшелігін талдап, оның мәні мен мазмұнын ашып көрсету жұмыстың негізгі мақсаты болып табылады.

    Тақырыпты зерттеудің міндеттері. Осы мақсатқа жету үшін мынандай міндеттерді шешу көзделіп отыр:

    – отбасымен әлеуметтік-педагогикалық жұмысты жүзеге асырудың құқықтық табиғатын, мемлекеттің отбасымен жүргізілетін әлеуметтік үдерісінің бағыттарын қарастыру;

    – отбасын негізгі әлеуметтік институт ретінде зерттеу;

    – отбасымен жүргізілетін психологиялық кеңес беру үдерісінің қағидалары мен ерекшеліктерін көрсету;

    – отбасымен әлеуметтік жұмыстың ұйымдастырушылық негіздерін атап көрсету;

    – отбасыны әлеуметтік қамсыздандыруды, жұмыспен және мемлекеттік қорғауды қамтамасыз ететін мемлекеттік жүйе және отбасы мүшелерін мемлекеттің әлеуметтік қолдауын зерттеу.

    Зерттеудің  негізгі нысаны: негізгі әлеуметтік институт ретіндегі отбасы.

    Зерттеу жұмысының пәні: Қазақстан Республикасының отбасыны мемлекеттік әлеуметтік қорғау жүйесінің қалыптасу және жүзеге асырылу тетіктері.

 

і отбасыН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Отбасы әлеуметтік  топ ретінде

    Отбасы мен неке тарихы жөніндегі жұмыстардың пайда болғанына көп уақыт өткен жоқ. ХІХ ғасырдың ортасына дейін адамдардың санасында неке мен отбасына деген діни пікір басым болды. Отбасы небір өзгермейтін зат ретінде қарастырылды және бұл патриархалдық және буржуазиялық отбасының ұқсастығынан көрініс тапты.

    Отбасы  – әлеуметтік институттардың ішіндегі ең ежелгісі. Ол діннен, мемлекеттен, әскерден, білімнен, нарықтан әлдеқашан ертерек туындады. Отбасы табиғаты мен мәнін анықтауға ойшылдар түрлі тұрғыдан қарады. Отбасы мен неке қарым-қатынастарының сипатын анықтауға алғаш тырысқандардың бірі ежелгі грек философы Платон болатын.

    Неке  мен отбасына деген тарихи көзқарасты бекітудің басында «Ана құқығы»  еңбегінің авторы, швейцар ғалымы И.Бахофен тұр. Эволюциялық идеяларды негіздеу жолындағы зор құбылыс американ ғалымы Л.Морганның «Ежелгі қоғам» атты еңбегі болып табылады. Кейінірек отбасының тууы және дамуының негіздемесін К.Маркс пен Ф.Энгельс берді. Олардың пайымдауынша, қоғамдық-экономикалық формациялардың негізін құратын экономикалық қарым-қатынастар отбасының да негізі болып табылады.

    Бүкіл әлемде, әсіресе Англияда, шотланд  ғалымы Дж.Мак-Леннонның еңбектері  зор резонанс тудырды. Отбасы туралы жаңа ілімге сын айтқан ағылшын заңгері, психолог, тарихшы Г.Мэн қоғамның дамуында матриархаттың болғанын жоққа шығарады.

    Американдық зерттеуші, тарихшы, этнограф Л.Морган отбасының дамуына қатысты басқа  көзқарасты ұстанды. Ол 200-ден астам  қоғамдық топтың неке-отбасы қатынастарын зерттеді. Л.Морган адамзаттың даму тарихын 3 кезеңге бөлді: тағылық, варварлық, өркениет.

    Олардың әрқайсысы өзіндік қоғамдық институттары мен өнердің түрлерін жасады. Ч.Дарвин ілімінің тікелей әсерімен ол отбасының  даму теориясын сомдады.

    Әлеуметтанушылар  отбасын ерекше бір құбылыс, әлеуметтік жүйе ретінде қарайды да, оны әлеуметтік институт және кішігірім топ ретінде талдап, зерттейді. Зерттеуші отбасын әлеуметтік тұрғыдан зерттеу кезінде, ең алдымен, отбасындағы адамдардың тәртіп үлгілеріне, атқаратын қызметіне, рөліне баса назар аударады. Осыған сәйкес отбасының қалыптасуы процесі зерттеледі.

    Отбасын әлеуметтік институт ретінде зерттеуді  талдау оның қаңдай мәселелеріне көңіл  аударуды анықтап береді. Олардың  қатарына қоғамның некелік қатынастарға, тұрмыс-салтына қалай әсер ететінін, әр түрлі әлеуметтік, саяси, экономикалық жағдайларда отбасы ережелері мен бағалы құндылықтары қалай ерекшеленіп, отбасындағы тәртіптік қатынастар әлеуметтік тұрғыдан қалай реттеліп отыратынын, т.б. айтуға болады. Қоғамдық қажеттілік пен талап-тілекке отбасындағы тәртіп типтерінің (түрлері) қайсысы сәйкес, қайсысы сәйкес еместігі назарға алынады.

    Отбасын әлеуметтік институт ретінде зерттегенде  мынадай жалпы ұғымдар қолданылады:

    1) некелік қатынастардағы қоғамдық  қажеттілік, талап-тілектер, мұқтаждықтар;

    2) отбасының әлеуметтік қызметі;

    3) отбасы қатынастарындағы ережелер мен бағалық құндылықтар;

    4) әртүрлі типтегі (түрдегі) отбасындағы  тәртіп үлгілері, т.б.

    Отбасын кіші топ ретінде зерттеу – өзінің құрылымы жағынан аз ғана адамдар тобының, оның мүшелерінің жалпы әлеуметтік іс-қызметінде бір-бірімен тікелей араласуынан, бірыңғай эмоциялық қарым-қатынастың, топтық ереже және топтық процестің қалай пайда болатынын анықтау. Мұндай зерттеу, ең алдымен, ерлі-зайыпты адамдардың арасындағы қатынастардың серпінін зерттеуден басталады. Бұл тәсіл олардың туыстар арасындағы қатынастарды, некенің бұзылуын және ерлі-зайыптылардың айырылысу себептерін анықтауға көмектеседі. Зерттеу барысында адамдар арасындағы қарым-қатынастардың қоғамдық ережелер мен тәртіп үлгісімен және құнды нәрселермен тығыз байланысты болатынын естен шығармау қажет. 

    Отбасын зерттеудегі бағыттардың әрбіреуінің  өзінше ерекшелігі бар. Мысалы, отбасын  әлеуметтік институт (ұйым) ретіңде қарағаңда негізінен отбасының сыртқы қарым-қатынастары әңгіме етілсе, ал, отбасының ішкі байланыс-қатынастарында оны кішігірім топ ретінде зерттеуге итермелейді. Бірінші бағыт, яғни отбасын әлеуметтік институт ретіңде қарау – бұл әлеуметтанудың мәселелеріне тығыз байланысты, ал, екінші бағытта, яғни отбасы кішігірім топ ретіңде қаралғанда, көбінесе оның әлеуметтік-психологиялық мәселелері сөз болады.

    Жоғарыда  көрсетілгеңдерді қорыта келе отбасына жалпы сипаттама беруге болады. Ерлі-зайыптылық екі негізгі қарым-қатынасқа негізделген:

    1) ерлі-зайыптылық;

    2) бала туу немесе бала асырап алу.

    Өмір  тәжірибесі көрсетіп отырғандай, көптеген отбасы толық бақытты бола бермейді. Отбасында ыдыс-аяқ сылдырамай тұрмайды, бірақ, ерлі-зайыптылардың арасындағы түсінбеушіліктер біржола жоғалып та кетпейді немесе бейбіт түрде толық шешіліп те қоймайды. Отбасы қатынастарындағы дау-жанжалдардың күшеюі, шиеленістің тұрақты арты отбасын ыдыратуға әкеп соғады.

    Отбасындағы шиеленіс асқынған жағдайда отбасының  дағдарысына ұласады. Бұл дағдарыстар  алуан түрлі болады. Бұлар, некедегі үшбұрыштылық (яғни, бір махаббатта 3 адамның кездесуі), мінез-құлықтардың сипаттамаларының әр түрлілігі, отбасы мүшелерінің талап-тілектерінің, сұраныстарының сәйкес келмеушілігі, жыныстық қатынастарға қанағаттанбауы, ерлі-зайыпты адамдардың біреуінің әлеуметтік азғындыққа (маскүнемдікке салыну, қылмыстық істерге ұрынуы, заңсыз, некесіз бала таптыру, т.б.) ұшырауы. Мұның бәрі отбасын бұзуға, берекесін кетіруге, кесел әкелуге себеп болады, бұл жағымсыз факторлардың ақыры ерлі-зайыптылардың өз балаларына деген ата-аналық борыш, міндеттерін орындамауға әкеледі.

    Көптеген  адамдар отбасын құрудың негізі махаббат деп есептейді. Дегенмен, ерлі-зайыптылар арасындағы қатынастарда жауапкершілікпен ceнімнің де атқаратын рөлі аз болмаса  керек.

    Жауапкершілік ата-аналар мен балалар арасындағы қатынастарды ретке келтіретін негізгі этикалық категория болып табылады. Отбасын құpған екі адам өздерінің балаларының қамын ойлауға міндетті. Олар үйлене салып, болашақта дүниеге келетін ұрпағының материалдық қамтамасыздығы, тәрбиесі, оқуы, мамандық алуы туралы ойлауы керек. Қазaқтар әдетте аяқтанып кеткен балаларын "eнді менде қарызың жоқ" дeгeнге келтіріп, итеріп тастамайды, оларға өмірінің ақырына дейін көмегін аямайды.

Информация о работе Отбасымен әлеуметтік жұмыс