Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2012 в 21:21, курсовая работа
Осы мақсатқа жету үшін мынандай міндеттерді шешу көзделіп отыр:
– отбасымен әлеуметтік-педагогикалық жұмысты жүзеге асырудың құқықтық табиғатын, мемлекеттің отбасымен жүргізілетін әлеуметтік үдерісінің бағыттарын қарастыру;
– отбасын негізгі әлеуметтік институт ретінде зерттеу;
– отбасымен жүргізілетін психологиялық кеңес беру үдерісінің қағидалары мен ерекшеліктерін көрсету;
– отбасымен әлеуметтік жұмыстың ұйымдастырушылық негіздерін атап көрсету;
– отбасыны әлеуметтік қамсыздандыруды, жұмыспен және мемлекеттік қорғауды қамтамасыз ететін мемлекеттік жүйе және отбасы мүшелерін мемлекеттің әлеуметтік қолдауын зерттеу.
КІРІСПЕ......................................................................................................................3
І ОТБАСЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Отбасы әлеуметтік топ ..................................................................................6
1.2 Отбасының негізгі қызметтері..............………….............................................10
1.3 Отбасы – тұлғаның қалыптасу үдерісіндегі басты әлеуметтік институт...........................……………………………………………………...........16
ІІ ОТБАСЫМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ СПЕЦИФИКАСЫ
2.1 Отбасымен әлеуметтік-педагогикалық жұмысты ұйымдастыру негіздері......................................................................................................................23
2.2 Отбасылық кеңес берудің жалпы принциптері мен дамуы.............................27
2.3 Отбасымен әлеуметтік-педагогикалық жұмысты дамыту ерекшеліктері.............................................................................................................31
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................36
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................40
Әлеуметтік жұмыскердің міндеті – осындай отбасыларға көмек көрсету. Сонымен қатар әлеуметтік жұмыскерді отбасылардың әр түрлі типтерімен, әр түрлі этникалық және діни дәстүрлері бар мәдени ұқсас емес қабаттарымен, клиенттердің максималды шиеленіскен мәселелерімен, әлеуметтік қысым көрген, фрустрацияланған адамдармен жұмыс күтіп тұрғандығын ұмытпау керек.
Кез келген отбасымен, әсіресе эмоционалды климаты қанағаттандырарлық емес, конфликтті болса, әдетте, ерлі-зайыптылардың біреуінің арызы бойынша, кейде отбасылық қысымның кері психологиялық салдарының бала денсаулығына әсер етуін белгілейтін әлеуметтік педагог немесе балалар дәрігерінің ұсынысымен әлеуметтік жұмыс жүргізіледі.
Мұндай отбасылармен әлеуметтік жұмыс отбасылық мәселені мұқият зерттеуден, ерлі-зайыпты тұлғалармен және олардың отбасылық және некелік ұстанымдарымен жақынырақ танысудан басталады.
Истерия, психоастения сияқты тұлғаның негативті ерекшеліктері өзара қарым-қатынасты бұзуға себепші болуы мүмкін. Отбасы-некелік ұстанымдардағы маңызды айырмашылықтар ұзақ уақыт бойы білінбеуі мүмкін, алайда өзгеріс сәттерінде ерлі-зайыптылар отбасының әр түрлі модельдерін ұстанатындығы, бала тәрбиесінде эмоционалдық, тұрмыстық, қаржылық және т.б. өзара қарым-қатынастарда әр түрлі көзқараста екендігі белгілі болды. Сәйкесінше мұндай ситуацияларда отбасылық терапия мәдени-мағыналық сферада компромисс табуды, әлеуметтік-психологиялық стереотиптерді коррекциялауды, конфликтке жол бермейтін жүріс-тұрыс дағдыларын үйретуі тиіс.
Отбасындағы күш көрсету – ол жиілігі арта түсіп, қайталанып отыратын цикл. Оған бақылау мақсатындағы тәндік, ауызша, рухани және экономикалық жәбірлеулер, қорқыту, үрей сезімінің билеп алуы жатады. Мұнда біреудің өзге адамның жүріс-тұрысы мен сезімін бақылауы немесе бақылауға ұмтылуы деген сөз. Отбасы ішіндегі зорлық-зомбылық жәбірлеуші мен жәбір көруші арасындағы табиғи қарым-қатынасты анықтайтын арнаулы категориядан, сондай-ақ олардың өмір сүру жағдайларынан тұрады. Мысалы: балаларға қатал қарау, жұбайына немесе құрбысына қарсы бағытталған зорлық-зомбылық қарсы күш көрсету.
Үй-ішілік күш көрсету – бұл тәндік қатыгездік пен жыныстық зорлық-зомбылық, отбасы бюджетін бөлудегі әйел құқықтарының қысымшылыққа ұшырауы, репродуктивті құқықтарынан қысым көруі деген сөз. Үй ішіндегі зорлық-зомбылық жағдайлары жалпы үй шаруашылығын жүргізуші отбасылық ортада немесе адамдар арасындағы орын алады. Бір адам өзге біреулерді моральдық немесе тәндік мәжбүрлеу жолымен өзіне бағындырып алады.
Отбасылық зорлық-зомбылықтың шегі болмайды. Ондай жағдайлар ері мен әйелі арасында, бұрынғы ерлі-зайыптылар арасында, отбасының ересек мүшелері мен балалар арасында, балалар мен олардың биологиялық ата-аналарының бірінің жаңа жұбайлар арасында, ата-аналар мен асырап алған балалар арасында, бір ауыз сөзбен айтқанда кез келген отбасылық ортада бола береді. Алайда, әйел құқықтары саласында халықаралық құқықтардың ажырамас бір бөлігі болып саналады. Әйелдерге қатысты күш көрсету адам құқықтарының бұзылуы деген сөз, сондықтан да зорлық-зомбылыққа қарсы күресу үшін, тіпті отбасылық ортада болса да үкімет пен мемлекеттік органдар тиісті шаралар қабылдауы қажет.
Мұндай жұмыс индивидуалды әңгіме немесе интервью жолымен, топтық психотерапия немесе ойын терапиясы арқылы жүргізіледі. Белсенді қолданатын әдістемелер қатарына «иә терапиясы» деп аталатын – аутодиагностикалық және психокоррекциялық әдістеме жатады. Оның көмегімен конфликттегі ерлі-зайыптылар бір-біріне деген эмоционалды-психикалық негативті қарым-қатынасын рационализациялайды. Оны жүзеге асыру барысында ерлі-зайыптылардың бір-бірімен қарым-қатынасының әр түрлі жақтарына қатысты нақты қалыптастырылған сұрақтарға «ия» немесе «жоқ», деп жауап беру ұсынылады. Оңды немесе кері жауаптарды баланстау нәтижесінде жауап беруші ерлі-зайыптылардың біреуі екіншісін кінәлаудан бас тартуымен қатар, оған қатысты шынымен қатынасын жақсартқысы келеді ме, әлде ситуация ажырасуға, қарым-қатынастың үзілуіне алып келе жатыр ма деген сауалдарға өзінің шынайы жауабын, тілегін анықтайды.
Диагностикалық әдістемелердің біреуіне батыста кеңінен қолданатын әдіс болып табылатын «мүсіндік топ» әдісі жатады. Мұнда отбасы мүшелері композиция жасау кезінде өздерінің отбасылық қарым-қатынас туралы елестетулерін көрсетеді. Және де осы мүсіндік топтағы отбасы мүшелерінің орнын талқылағанда әр отбасы мүшесіне өзінің позициясына және олардың сәйкес келмеуіне шынайы баға береді.
Отбасылық мәселені сезінудің диагностикалық қана емес, терапиялық та маңызы бар. Сондай көп жақты әдістемелердің бірі отбасының генограммасын құру болып табылады. Генограмма – бұл отбасы тарихының схемасы, ол белгілі бір тәртіппен құрылады және ата-бабалардан зерттелуші отбасыға дейін келе жатқан отбасылық өзара қарым-қатынасты зерттейді.
Бұл
процесс жеткілікті деңгейде еліктіреді
– өзінің туысқандық ағашын бейнелеу
адамның тереңдегі
Диагностикалық іс-әрекет клиенттердің отбасылық өзара қарым-қатынастарын өзгерту, өз-өзін өзгертуге, өзінің нашар стереотиптерін жеңуге бағытталған ұзақ, шыдамды және күрделі жұмыс үшін мотивацияны нығайту қажеттілігін түсінуі мен мойындатуына алып келуі тиіс.
«Отбасылық келісім» әдістемесі барынша тең құқықты қарым-қатынасты қарастырады. Оны жүзеге асыру ерлі-зайыптылардың бір-біріне деген субьективті шағымдарын шығару мен эмоционалды қалыпты түсіруден басталады.
Қорытынды
келісім-шарт дайындау процесінде мазмұнсыз
кінәулаулар нақты дұрыс емес
іс-әрекеттер қатарымен
Келісімді орындаудың орташа уақыты біткенде ерлі-зайыптылар әлеуметтік терапевтпен бірге келісімді орындаудың шарттарын, жалпы орындалуын талдайды, қажет болған жағдайда, мүмкін жаңа, алдыңғыдан көп талаптармен келесі кезеңге келісім жасайды. Уақыт өте келе ерлі-зайыптылар өздері осы әдісті өткізу дағдыларын үйренеді де әлеуметтік жұмыскердің қатысу керек болмай қалады.
Отбасылық қарым-қатынасты коррекциялау технологиялары көп. Олардың көбі психологиялық немесе педагогикалық ғылымдарға кіреді. Оларды таңдау нақты әлеуметтік ситуациялармен жағдайларымен анықталады, оған клиенттің мінез ерекшеліктері, отбасылық терапия бойынша маманның тұлғалық сапалары, талғамы және ұстанымдары да әсер етеді. Уақыт өте әр тәжірбиелі маман әдістемелерді өзінше трансформациялайды, бірнеше қолайлы жұмыс формаларынан өзінің контаминациясын құрайды.
Барлық қолданылған құралдардың маңызы отбасыны тілеулі тұрақтылыққа алып келетін өзгерістерді болғызу және оларды бекіту, нығайту болып табылады.
Ерлі-зайыптылардың
немесе ата-аналармен балалар
ҚОРЫТЫНДЫ
Отбасы ер мен әйелдің некемен біріккен, олардың балалары мен туыстары қандастығымен байланысқан адамдар бірлігінің формасы болып табылады. Сонымен қатар, А.Г.Харчев анықтамасы бойынша, отбасы – мүшелері некелік және туысқандық қатынастарымен, тұрмыстық бірлігімен және өзара моральдық жауапкершілікпен және халық өндірісінде физикалық және қоғам талаптарымен байланыстырған тарихи нақты қарым-қатынастар жүйесі [2, 18-21бб.].
Қандай отбасы болмасын жас па, әлде орта немесе егде отбасы болмасын отбасы саясаты ең алдымен отбасының және оның әрбір мүшесінің экономикалық және рухани күш-қайраты мен мүмкіндіктерін іске асыруына қолайлы жағдайларды ұдайы жетілдіруге, олардың қоғамдық еңбек бөлінісіне тиімді тартылуына бағытталуы тиіс. Мұндай саясаттың ең басты мақсаты – қоғамдық қайырымдылыққа, жәрдемақы, жеңілдіктер мен ақысыз және тағы басқа қызмет түрлеріне мейлінше аз мұқтаж отбасы санын барынша көбейтуге қол жеткізу.
Отбасы
саясаты – бір-бірімен өзара
әрекеттестіктегі көптеген инстиуттардың
бірі ретіндегі отбасының өзіндік
мүдделерін және де әлеуметтік рөлдермен
қатар отбасылық рөлді де атқарушы
ретіндегі адамның өзіндік
Бұған қоса, біздің пікірімізше, отбасы турасында орын алған көзқарас қатынастар мен отбасы іс қызметіне байланысты саяси-әлеуметтік институттарға мақсатты бағытталған ықпал әсерлер жиынтығы да осы отбасы саясатына кіреді.
Отбасы саясатының субъектісі ретіндегі ғалымдардың көзқарасы халықтың, әртүрлі бұқаралық топтар мен жіктердің мүдделері мен көзқарас пікірлерін жеткізуші саяси-әлеуметтік инстиуттар, түрлі саяси-қоғамдық ұйымдар мен мемлекет және оның органдары табыла алады.
Мемлекеттің отбасы саясаты саяси билікпен, құқықтық саясатпен, этносаясатпен, демографиялық саясатпен және саяси процестермен институттардың басқа да механизмдерімен тығыз байланыстары жан-жақты қарастырылады. Олардың өзара әрекеттігінің негізі болып табылатын ортақ объект – нақты көрінісінің көп қырлылығымен алғандағы қоғамның отбасылық өмірі.
Мемлекеттің отбасы саясатының саяси процестер мен институттар жүйесіндегі орны мен атқаратын міндеті сол отбасы орындайтын қызметтерде де өз көрінісін табады. Ал мемлекеттің отбасы саясаты, өз кезегінде көптеген қызметтерді атқарады. Отбасы саясатының негізгі бағыттары мен принциптері:
Некелік-отбасылық заңдар тек тіркелген некеге ғана маңыз береді. Соңғы кезде көптеген жұптар бірге тұруды, тиісті некеге тіркеуден өтпей, ортақ шаруасын жүргізе беруді мақұл көреді. Мұны шын мәнінде некелік қарым-қатынастар немесе азаматтық неке деп атауға болады. Сонымен қатар, бүгінде көптеген діндар адамдар арасында неке қиюды немес ұлттық дәстүрге сәйкес некеге тұруды қажет деп есептейді. Алайда, мұндай әдет-ғұрыптардың құқықтық негізі жоқ. Бірақта, діни неке тіркелген некемен бірдей саналатын елдер де бар. Олар Англия, Италия, Канада, АҚШ-тың бірқатар шаттары және тағы басқалар. Сондай-ақ діни некені ғана мойындайтын елдер бар. Олар: Иран, Ирак. Израиль, тағы басқа да елдер.
Қазақстан Республикасында неке-отбасы қатынастары реттеледі, сондай-ақ оларды жүзеге асырудың кепілдіктері белгіленген, отбасының дамуын Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік саясатының басым бағыты деп анықтай отырып, оны құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді.
Мемлекетіміздің отбасы саясатының қажеттілігі артып, оны жан-жақты талдап, жете зерттеу кезеңі келді. Бұл қоғамдық дамудың кез келген басқа мүмкіндіктері мен экономикалық, саяси және демографиялық процестердің өзара байланысын жан-жақты қысқа мерзімді болжамдар артықшылығына ерекше көңіл қоюмен бірге жалпы адамзат құндылығының айрықша артықшылығынан туындауы керек. Мемлекеттік саясаттың ерекше бағытына табиғи емес себептерден болатын өлім деңгейін төмендету, халық денсаулығын сақтауға байланысты арнайы шараларды талдап жатқызуымыз керек. Қазақстан халқының денсаулығын сақтауды зерттегенде денсаулықты сақтау тиімсіз әрекеттерді жою мәселесімен қатар жүргізуді қамтамасыз ету керектігін атап атап кеткен жөн. Адам саяси өмірге белсене араласа қоймайтыны белгілі. Ол бірте-бірте әлеуметтеніп, саяси субъектіге айналады. Саяси әлеуметтену отбасы, құрдастар тобы, саяси ұйым сияқты өмірдің сан саласының ортасында пайда болып, одан әрі өрбиді. Саяси әлеуметтену жалпы тәрбие жұмысының құрамдас бөлігі ретінде отбасында басталады.