Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2012 в 21:21, курсовая работа
Осы мақсатқа жету үшін мынандай міндеттерді шешу көзделіп отыр:
– отбасымен әлеуметтік-педагогикалық жұмысты жүзеге асырудың құқықтық табиғатын, мемлекеттің отбасымен жүргізілетін әлеуметтік үдерісінің бағыттарын қарастыру;
– отбасын негізгі әлеуметтік институт ретінде зерттеу;
– отбасымен жүргізілетін психологиялық кеңес беру үдерісінің қағидалары мен ерекшеліктерін көрсету;
– отбасымен әлеуметтік жұмыстың ұйымдастырушылық негіздерін атап көрсету;
– отбасыны әлеуметтік қамсыздандыруды, жұмыспен және мемлекеттік қорғауды қамтамасыз ететін мемлекеттік жүйе және отбасы мүшелерін мемлекеттің әлеуметтік қолдауын зерттеу.
КІРІСПЕ......................................................................................................................3
І ОТБАСЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Отбасы әлеуметтік топ ..................................................................................6
1.2 Отбасының негізгі қызметтері..............………….............................................10
1.3 Отбасы – тұлғаның қалыптасу үдерісіндегі басты әлеуметтік институт...........................……………………………………………………...........16
ІІ ОТБАСЫМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ СПЕЦИФИКАСЫ
2.1 Отбасымен әлеуметтік-педагогикалық жұмысты ұйымдастыру негіздері......................................................................................................................23
2.2 Отбасылық кеңес берудің жалпы принциптері мен дамуы.............................27
2.3 Отбасымен әлеуметтік-педагогикалық жұмысты дамыту ерекшеліктері.............................................................................................................31
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................36
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................40
Сонымен қоса, балалар да өз кезегінде ауру немесе қартайған ата-аналарына, ағаларына, апаларына қарасуға міндетті. Жауапкершіліктің бұл түpі заңдастырылмаса да, моральдық ұстанымның жалпылама қабылданған нормасына жатады.
Белгілі бір себептерден ата-аналар балаларын қамтамасыз ете алмаса, онда бұл іcкe мемлекет араласады. Мемлекеттің отбасы іcтepінe араласуы белгіленген заңдылықтар негізінде жүзеге асырылады. Кейбір елдерде ата-анасы қарамай тастап кеткен балаларды жеке және қоғамдық топтар қамқорлыққа алады. Мұндайда олардың әpeкeтін мемлекет өз тарапынан бақылаyға алады.
Ата текті білуде туыстық, жақындыққа байланысты: баба, ата, әке, бала, немере, шөбере, туажат, жүрежат деген ұғымдар бар. Атаның баба, алдындағы зор міндеттері баланың, немеренің, шөберенің, туажаттың, жүрежаттың алдында жалғасады, ол әдептік қарым-қатынас ру, ел, ұлт, ұлтаралық, бүкіладамзаттық мәнде дами қалыптасып, адамгершілік парыздарды өтеуге міндеттейді. Адам баласының адамгершілік қарым-қатынасындағы атаға, руға, ұлтқа бөлiп, адамдық асыл сезiмдерге жол бермей, күндестiк, бақталастық дүние таластықты тудыруға, әдептi бұзып, адамгершiлiкке қиянат көрсетiп, қылмыс жасау тeктi сыйламаудан, адамдық қасиеттердi қастерлемеуден туындайды. Тегiмiз – адам. Бiз адамдық қасиетке иемiз.
Ceнім – отбасы шеңберінде әрекет eтeтін азаматтық құндылықтардың маңыздылардың бірі. Ceнім болған отбасының шаңырағы биік, босағасы берік болады. Статистика бойынша, ажырасушылықтың елеулі бөлігі ерлі-зайыптылар арасында ceнімнің болмауынан немесе оны ақтамaғандықтан болатын көрінеді. Ceнім болған жерде жайшылық түcініcтік болады, отбасының қаyіпсіздігі күшейеді.
“Асығыс түбi – өкiнiш, ойланып алмақ – сабыр сол” деп, Абай атамыз дұшпанға да әдiлетсiздiк жасау қылмыс eкeнiн айқын айтады. Ешкiмге арамдық-жамандық ойламай, әдiл де адал ниеттi болу әрбiр адамның адамгершiлiк сапасын көрсетедi. Халық әдiлеттiк пен адалдық жолында күншiлдiк, пәлеқорлық, жалақорлықпен, өсек-аянмен аяусыз күресiп келедi. Өмiрде қанша қырсық, қиындық, зорлық пен қорлық болса да, әдiлдiк пен адалдық, шындық жеңiп отырады.
1.2 Отбасының негізгі қызметтері
Отбасының табиғатын, маңыздылығын анықтауда ежелгі ойшылдардың ұстанған түрлі көзқарастары бар. Неке-отбасы қарым-қатынастарының сипатын анықтауға алғаш тырысқандардың бірі – ежелгі грек философы Платон болды. Ол, отбасы дегеніміз – өзгермейтін қоғамдық ұяшық: отбасылардың бірігуі нәтижесінде мемлекет пайда болған деген пікір айтады.
Ал француз ағартушысы Жан-Жак Руссо: «Барлық қоғамдардың ішінде ең ежелгі әрі жалғыз табиғи қоғам – бұл отбасы. Сонымен, отбасы – бұл саяси қоғамдардың бейнесі» деп жазды.
Жалпы айтқанда, отбасы дегеніміз – некеге қарағанда күрделірек қарым-қатынастар жүйесі, отбасы – бұл әлеуметтік институт пен шағын топ белгілері бар әлеуметтік жүйе. Отбасы әлеуметтік институт ретінде жұбайлардың, ата-аналардың, балалар мен басқа туыстардың өзара қарым-қатынастарын реттейтін әлеуметтік нормалардың, санкциялардың және мінез-құлық үлгілерінің жиынтығымен сипатталады.
Отбасының әлеуметтік функциялары оның әлеуметтік институт ретіндегі қоғамдық қажеттіліктері мен өмір сүру сипатын, сондай-ақ отбасы тобының жеке қажеттерінің сипатын көрсетеді.
Отбасы мынадай функциялар атқарады:
– бала өсіріп, тәрбиелеу арқылы ұрпақ жалғастығын қамтамасыз ету. Қоғам үнeмі өзінің демографиялық өcyін қамтамасыз eтyі керек. Әcіpece жері көп, халқы аз Қазақстан қoғамы үшін бұл өте өзекті болып табылады. Өйткені, қазақ жерінің мол табиғи байлығын игеру, орасан үлкен aумақты қорғау, дүние жүзіндегі қуатты елге айналу үшін елімізге бұқара халық керек. Келешекте Қазақстан 50 млн. тұpғыны бар іpі елге айналуы керек. Cондықтан мемлекет жастардың дер кезінде отбасын құруына, бала өcіpyінe мүдделі;
– баланы әлеуметтенуге, басқалай айтқанда, қоғамда өмір сүруге дайындау. Баланың қоғамда бағаланатын құндылықтарды меңгеруін, білім алуын, кәсіп таңдауын, өзінің қабілеттерін пайдаланып еңбек eтyін, қoғамдa өмір сүруге үйретілyін алдымен отбасы қамтамасыз етеді;
– отбасы мүүделерін баспанамен, көлікпен, киіммен, тамақпен, үй заттарымен, oқyға, еңбек етуге қажетті жабдықтармен, тaғы да басқа материалдық құндылықтаpмен қамтамасыз ету.
Сонымен қатар отбасының атқаратын қызметі мұнымен шектеліп қоймайды.
Қазіргі
отбасын зерттеушілер отбасы функциясын
зерттеуге аса зор назар
Мұндай жіктеуді А.Г.Харчев, И.ВГребенников, А.И.Кочетов та жақтайды. Отбасы функцияларына қазіргі көзқарасты В.И.Торохтийдің пікірінен көреміз: «Жалпы орта азиялық отбасы үшін өмірлік маңызы бар функциялардың белгілі бір санының болу сипаты, олар жоқ болса, отбасының өмір сүру мәні де жоғалады». Жіктеудің ешқайсысын отбасының барлық өмірлік цикліне қатысты қолдануға болмайды, себебі уақыт өткен сайын отбасы функцияларында өзгерістер пайда болады: кейбірі жоғалады, кейбірі жаңа әлеуметтік жағдайларға сәйкес өзгереді, үшіншілері көмекші болып қалады. Сонымен қатар толыққанды отбасының өмірлік циклінің бойына қандай да бір түрде нақты немесе күш-қуат түрінде сақталатын функциялар болады.
Отбасының репродуктивті функциясы
Оның негізінде – қарама-қарсы жынысты адамдарды одақ құруға итермелейтін физиологиялық және сексуалдық қажеттіліктерді қанағаттандыру. Э.Дюркгеймнің пікірінше, жыныстардың қарама-қарсылығы неке одағының негізі ғана емес, отбасындағы ізгілікті жақындықтың негізгі себебі. Ол отбасы-неке қатынастарының тұрақтылығына әсер ету күші жағынан қандас туыстық тәрізді фактордан да басымырақ. Э.Дюркгейм жыныстардың қарым-қатынастарын еңбекті бөлу тұрғысынан талдайды. Ол алғашқыда тек сексуалдық функциялармен ғана шектелсе, бірте-бірте көп нәрсеге әсерін тигізеді. Әйелдердің функциялары мен еркектердің функцияларының маманданғаны соншалықты, әйелдер еркектерден өзгеше өмір кеше бастады. Еркек күш-қайраттың, ақыл-ойдың көрінісі болса, әйел нәзіктікті, әлсіздікті, жұмсақтықты, сезімталдықты білдіреді. Функционалдық айырмашылық біртіндеп физиологиялық белгілердің өзгеруіне әкеп соқты: бойы, салмағы, сырт бейнесі, еркек пен әйелдің бас сүйегінің құрылысы бір-бірінен едәуір ерекшеленеді. Бір-бірінен айырылған еркек пен әйел нақты бір бүтіннің түрлі бөліктері, олар біріккенде бүтін қалпына келеді.
Отбасына қоғамдық қарым-қатынастың барлық жүйесі енеді – неке және туыстық қарым-қатынас, құқықтық және әлеуметтік қарым-қатынас, шаруашылық-тұрмыстық және экономикалық, ізгіліктік әне этикалық қарым-қатынас, эмоционалдық қарым-қатынас. Осының арқасында отбасы әлеуметтік қауым ретінде жеке тұлғаның қоғаммен байланысын жасайтын алғашқы элемент болып табылады: ол баланың әлеуметтік байланыстар жөніндегі пікірін қалыптастырады және осы қатынастарға туғаннан бастап қосылады.
Бұдан отбасының келесі функциясы шығады, бұл – жеке тұлғаны әлеуметтендіру, жас ұрпаққа мәдени мұраны беру. Адамның балаға, оны тәрбиелеуге және әлеуметтендіруге деген қажеттігі адамның өміріне мән береді. Жеке тұлғаны әлеуметтендірудің басты нысаны ретінде отбасының басымдығы табиғи-биологиялық себептерге байланысты екені анық. Басқа топтарға қарағанда өзінің ерекше ізгілікті-эмоционалды психологиялық махаббат, қамқорлық, құрметтеу, мейірімділік атмосферасының арқасында отбасының жеке тұлғаны әлеуметтендіруде үлкен басымдығы бар. Отбасынан тыс тәрбиеленген балалардың эмоционалдық және ақыл-ой дамуының деңгейі төменірек болады. Олардың жақынын жақсы көру, басқаның қайғысына күйіну қабілеттері тежелген. Баланың өмірінде алғашқы бес жылдың маңызы зор, себебі осы кезеңде баланың дамуында әсерлі өрлеу болады, жеке тұлғаның келесідей негіздері қалыптаса бастайды – ес, зият, сөз сөйлеу, ойлау, эмоциялар сипаттамасы, танымалдық белсенділік.
Отбасының
келесі маңызды функциясы экзистенциал
Отбасының келесі маңызды функциясы экономикалық және шаруашылық-тұрмыстық. Қоғамдық тұрғыдан алғанда бұл функцияның мәні қоғамның кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз мүшелеріне қолдау жасауда, отбасының бір мүшелерінің басқа мүшелерінен материалдық қаражат пен шаруашылық-тұрмыстық қызмет түрлерін алуда.
Әлеуметтік-мәртебелік функция қоғамның әлеуметтік құрылымын қайта жаңғыртумен байланысты, себебі отбасы мүшелеріне белгілі бір әлеуметтік мәртебе беріледі.
Рекреативті, күшті қалпына келтіру функциясы адамның еңбек күнінен кейін дене күшін, психологиялық, эмоционалдық және рухани күштерін қалпына келтіріп, нығайтуға бағытталған. Бұл функция толық зерттелмеген, алайда ғалымдар отбасының жұбайлар денсаулығына жақсы әсер ететінін көрсететін нақты дәлелдерді тапты.
Бос уақытты дұрыс ұйымдастыру функциясы тиімді сауықты ұйымдастыруды және осы салада бақылау жасауды жүзеге асырады, сондай-ақ бұл функция индивидтің бос уақытын өткізу жөніндегі белгілі бір қажеттіліктерін қанағаттандырады. Әлеуметтанушылар отбасының дәулеті мен сауығы арасындағы тығыз байланысты анықтады. Бақытсыз ерлі-зайыптылар жұбының бесеуінің біреуі ғана бос уақытын бірге өткізеді, бұл көрсеткіш бақытты жұптардың арасында 2-5 есе артық. Бос уақытты өткізу функциясы отбасының бос уақытын ұйымдастыруды тиімді етуге, отбасы мүшелерінің қарым-қатынас жасау қажеттігін қанағаттандыруға, мәдениет деңгейін көтеруге, денсаулық жағдайын жақсартуға, күшті қалпына келтіруге бағытталған.
Әлеуметтанушылар отбасының коммуникативті функциясына көбірек мән береді. Бұл функцияның келесі компоненттерін атауға болады: отбасының өз мүшелерінің бұқаралық ақпарат құралдарымен (теледидар, радио, баспасөз), отбасының өз мүшелерінің қоршаған табиғи ортамен түрлі байланыстарына және оны қабылдау сипатына әсер етуі; отбасылық бірлестікті ұйымдастыру. Егер отбасы осы функцияны орындауға қажетті назар аударатын болса, бұл оның тәрбиелік күш-қуатын арттыра түседі.
Отбасында ересектер де, балалар да тәрбиеленеді. Әсіресе отбасының жас ұрпаққа әсерінің маңызы зор. Сондықтан отбасының келесі функциясы ол – тәрбиелік функциясы.
Біріншісі аспектіге – баланың жеке тұлғасының қалыптасуы, оның қабілеттері мен мүдделерін дамыту, қоғамның жинақтаған әлеуметтік тәжірибесін отбасының ересек адамдарының (шешесінің, әкесінің, атасының, әжесінің және т.б.) балаларға беруі, олардың ақыл-ойын байыту, эстетикалық дамыту, дене бітімінің жетілуіне көмектесу, денсаулығын нығайту және санитарлық-гигиеналық мәдениет дағдыларын қалыптастыру.
Екінші аспект – отбасы ұжымының өзінің әр мүшесіне өмір бойына жүйелі тәрбиелік әсері.
Үшінші аспект – ата-ананы (отбасының басқа ересек мүшелерінің) балаларына үнемі әсер ете отырып, өзін-өзі тәрбиелеуге итермелеуі.
Қоғамдық
қатынастардың дамуына сай
1.3 Отбасы – тұлғаның қалыптасу үдерісіндегі басты әлеуметтік институт
Отбасын әлеуметтік зерттеудің қажеттігі оның қоғамдағы алатын орнымен түсіндіріледі. Ол – адамның өте маңызды да жауапты жанұясы. Себебі отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс-тіршілік әкеледі. Қоғамның негізгі мақсаты – адамдарды бақытты ету, ал мұның өзі терезесі тең, берік отбасына байланысты.
Отбасының аса маңыздылығы оның қоғам алдында атқаратын қызметтерінен көрінеді. Ол отбасында туатын балалар санымен көбейіп, өсіп отырады. Отбасы қоғамның биологиялық жағынан үздіксіз дамуын қамтамасыз етеді. Басқаша айтқанда, ол адамдардың санын көбейтіп, өсіріп отырады.
Отбасы қажетті мәдени мұраны қоғамдағы өзінен жоғары үлкен бірліктер арқылы бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жалғастырады.
Отбасы индивидті (жеке адамды) өмір қиыншылықтарына көнуге, басқалармен үйлесімді өмір сүруге, басқаруға үйрететін әлеуметтік өмір мектебі. Отбасы қоғамның бастапқы ұясы, оның әлеуметтік құрылымының негізі болып табылады. Отбасының аса маңыздылығы оның қоғам алдында екі негізгі атқаратын қызметінен көрінеді. Біріншіден, отбасы – ол адамдардың ерекше тобы, өйткені оның құрамы сырттан келетін адамдар санымен немесе сырттан келетін адамдар санының өсуімен байланысты емес, ол отбасында туатын балалар санымен көбейіп, өсіп отырады. Бұл топ (яғни, отбасы) қоғамның биологиялық жағынан үздіксіз дамуын қамтамасыз етеді. Басқаша айтқанда, адамдардың санын көбейтіп, өсіріп отырады. Отбасының екінші негізгі атқаратын қызметі – ол қажетті мәдени мұраны қоғамдағы өзінен жоғары үлкен бірліктер арқылы бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жалғастырады.