Жастармен жумыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2012 в 21:33, реферат

Описание

Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының жеке ел болып, төл шаңырағының астына көптеген ұлттар мен ұлыстарды біріктіріп, өркениетті даму жолына түскеніне де он бес жылдай уақыт болды. Әрине, қазіргі жағдайына ғасырлап жеткен өзге өркениетті елдерге қарағанда бұл тым аз уақыт. Бірақ, осыған қарамастан бәйге жолына бірге шыққан көршілерінен оқ бойы озық келе жатқан Қазақстан Республикасының бүгінгі экономикалық, әлеуметтік және саяси салаларда жеткен жетістіктері аз емес.

Содержание

КІРІСПЕ 3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ 6
І ЖАСТАРМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ 6
1.1. Жастар – әлеуметтік-демографиялық топ ретінде 6
1.2.Жастардың әлеуметтік психологиялық ерекшеліктері……………...11
ІІ ЕЛІМІЗДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙЫ 15
2.1. ҚР-дағы жастардың әлеуметтік проблемалары 15
2.2. Жастарды жұмыспен қамту проблемаларын шешу жолдары мен механизмдері 26
ҚОРЫТЫНДЫ 31
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 33

Работа состоит из  1 файл

абданов бакытжан.docx

— 81.15 Кб (Скачать документ)

     Қазақстан Республикасының өмір сүру деңгейі  халықтың кірісімен, орташа айлық жалақысымен  айқындалады. Жалпы халықтың кірісі тікелей түрде жастардың өмір сүру жағдайына ықпалын тигізіп  әлеуметтік көңіл-күйі мен  материалдық  жағдайына әсерін тигізеді. Демократиялық  қоғамдағы нарықтық қатынастардың  обьективті қиыншылықтарына  қарамастан жастар материалдық мүмкіншілігін көтеруге тырысып мемлекет қолдауына қарамай қолдан келгеннің бәрін істеуде. Алайда күнделікті өмір көрсетіп отырғандай, жас азаматтарымыз нарықтық заманың талабын түсініп, біраз бейімделіп қалған жағдайы бар. Ауыл жастары да өз қолдарынан келгенше бірігіп фермерлік іс пен айналысып, мал санын көбейтіп, ауыл шаруашылығының дамуына үлес қосуда. Дегенмен кейінгі үш жылды «Ауыл жылдары» деп атап, осы салаға үлкен басымдылық бергенімен көптеген ауылды жерлер әлі де мемлекеттің қолдауын сезінбей отырғаны рас.

     Тағы  бір қуантарлық жай - жастарымыздың  еліміздің басқару органдарында қызмет етуге талпынысы. Бұл аспект олардың өздерінше мемлекеттік  маңызы бар өткір мәселелерді  талқылап, талдау жасап, өз ұсыныстарын  қалыптастыруы жастардың саяси  сауатының артуының көрсеткіші деп  айтуға да болады.

     Дегенмен, бүгінгі күнге дейін кейбір ауылдық  жерлерде мәдени орталықтардың жоқтығы, жұмыссыздық және тағы да басқа мәселелер  әлі де толықтай шешілген жоқ. Жағдайдың  былайша етек жаюы өз кезегінде жергілікті жерлердегі жасөспірімдер арасындағы қылмыстың артуына, нашақорлықтың  етек алуына әкелуде. Себебі жұмыссыз жүрген жасөспірім кез-келген әрекетке барып, өмірінде үлкен қателіктерге ұрынып, болашағына балта шабуы әбден  мүмкін.

     Оның  үстіне, кейінгі уақытта қазақи менталитетке сай емес, өткен тарихында болмаған тастанды балалар үйі күннен күнге  көбейе түсуде. Осындай келеңсіз жайттардың болмауы үшін Қазақстан жастарын отансүйгіштікке, патриоттық рухын  көтеру отбасы-ошақ қасынан басталып, бастауыш сыныптарда жалғасын  тапқанда ғана аталған мәселелер өз 

     шешімін табары анық. Сонымен бірге жоғары оқу орындарының да жастардың  отансүйгіштігін, біртұтас ұлтжандылығын, өз елінің патриоты сезінуіне, ана тілін  қастерлеуде алатын орны ерекше екендігін  атап өткен жөн.

     Келесі  мәселе – бүгінгі жастарымыздың  рухани көңіл-күйіне тікелей әсері  бар денсаулық мәселесі. Шын мәнінде, қазіргі жастарымыздың денсаулығы көңіл көншітерлік деп айта алмаймыз. Олай дейтініміз, сонғы

кезедері  көптеген жас азаматтарымыздың өз денсаулығына деген немқұрайлылығынан туындаған  ауру-сырқау түрлерінің көбейіп кетуі. Солардың ішінде дәл қазір саны жағынан  да, өзектілігі жағынан да алдыңғы  орында тұрған ауру түрлеріне жастар арасында кең атараған туберкулез, тыныс алу мүшелері, онкологиялық, нашақорлық, жыныстық қатынаспен берілетін  әртүрлі ауру түрлерін жатқызуға  болады. СПИД ауруын жұқтырған жастар саны да алаңдатуда..

     Әңгімені  алыстан бастар болсақ, кейінгі уақытта  жастар арасында некеге тұрып отбасын  құру коэффиценті өскенімен, айырылысу  тенденциясы да азаяр емес. Оған себеп көптеген жастардың тұрақты  тұрғылықты мекен-жайы мен жұмысының  жоқтығы, материалдық қажеттіліктерінің  қанағаттанбауының салдарынан болып  отырған отбасындағы келіспеушілік  фактілерінің көбеюі болса керек. Оның үстіне кейбір жастардың некелік-отбасылық қатынастарға деген дәстүрлі көзқарасының өзгеріп, заңды түрде тіркелмеген азаматтық некелердің көбейуі белең алуда. Бұл тенденция әсіресе қалалық жерлерде көбейіп, осыдан барып заңсыз некеден жасанды түсік тастау, тастанды балалар саны күрт өсуде.

     Қазіргі таңда қоғамымызға дендеп енген  ғасыр дерті адамзаттың сорына айналып, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан өсуімізге  елеулі кесірін тигізуде. Әсіресе, есірткіге  еліктеушілік жастар арасында белең  алып бүгінгі күннің өткір мәселесіне айналуда. Осы маңызды мәселені шешуде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 2000 жылдың 16 мамырында «Қазақстан Республикасы нашақорлыққа, есірткі бизнесіне  қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған стратегиясы туралы» Жарлыққа қол  қоюы осы мәселені аясында табанды  қызмет істеп, жүзеге асыруда жаңа талпыныс бергендей. Мәселен, кейінгі уақытта  есірткі, нашақорлыққа қарсы жастардың  акциялары, мерекелік кештері жергілікті әкімшіліктердің, құқық қорғау органдарының қолдауымен көптеп өтуде.

     Сонымен бірге, жастардың толыққанды дамуына  әлі де салауатты өмір салты мен  жалпы спортқа деген көзқарасты қалыптастыру мүмкін болмай отыр. Әлеуметтік мәселелердің  шешілмеуі, экологиялық  жағдайдың  

     нашарлауы, жастардың денсаулығына әсер етіп түрлі  аурулардың туындауы болашық буын өкілдерінің  тағдырына алаңдаушылық туғызуда. Республикалық  санитарлық-эпидемиялық орталықтың мәліметінше 2002 жылдың басында, өткен  жылмен салыстырғанда жастар арасында туберкулезбен, педикулезбен, өткір  инфекциялық ауруға шалдыққандар қатары артқан. Жастар арасында кең етек ала  бастаған жыныстық ауруларда көбейюде.

     Естеріңізде болса, Қазақстанда есірткі заттарын пайдалану салдарынан СПИД-ті жұқтырған  ең алғашқы адам 1987 жылы тіркелген. Ал қазіргі таңда олардың ресми  тіркелген саны –2250, болса соның 68 % жастар екен.  Кейбір дерек көздеріне  сүйенсек тіркелмегендер саны екі-үш есеге  жетеді. Қарап отырсаңыз, небәрі 15-16 жыл ішінде бұл індеттің динамикалық  өсімі шошытарлық деңгейге жеткен. Бұл не, заманымыздың тозғаны ма, әлде адами рухымыздың дағдарысы  ма?

          Жалпы жастардың  денсаулығының нашарлауына ең бірінші  экологиялық жағдай, сондай-ақ психологиялық  ауыртпалық, тағам құнарлығының кемуі, еңбек етудің ауыр жағдайы және күтпеген оқыс оқиғалар сияқты себептерді келтіруге  болады. Бұл бүгінгі заман құбылысы. Осы күннің салдарынан болашақта  ұрпақтың денсаулығы әлеуметтік-экономикалық факторлардан әсерінен туындайтын гендік ауытқуларға әкеп соғуы мүмкін. Міне, бұл болса адамның тозуына  әкелетін құбылыс. Сондықтан осындай  күрделі мәселенің алдын алу  үшін жастардың спортқа, салауатты  өмір салтын қалыптастыруға деген құлшынысын арттырған жөн.

     Бүгінгі жастарымыздың денсаулығына кері әсерін тигізіп отырған ғаламдық проблеманың  бірі экология екендігі белгілі. Жоғарыда атап өткендей, егер жастарымыздың ауылдан қалаға көшуі үдей түссе, онда қалалық жердегі өндіріс орындарынан, автомобильдерден шығатын зиянды түтін-қалдықтар экологияға әсер етіп белгілі мөлшерде сол жастарымыздың денсаулығына кері әсерін тигізуде. Сонымен бірге медециналық сауықтыру орталықтары мен емханалардың қызметінің ақылы жүйеге көшуі көптеген сәттерде жастардың уақытылы емделуіне кедергі болып, ауруының асқынып қайғылы қазаға әкелу фактілері де аз емес. Демек, келешек ұрпағымызды сауықтырып, еліміздің прогрессивті дамуы үшін бүкіл қоғам бір жұдырықтай жұмылып, ғасыр індеттері мен дерттеріне қарсы тұруы шарт.

     Жалпы бүгінгі таңда қоғамымызды алаңдатып  отырған мәселелер жеткілікті, соның  ішінде әсіресе жасөспірімдер арасындағы қылмыстың азаймай отыруы алаңдатады. Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігінің ақпараты бойынша  қылмыстық іске кәмелеттік жасқа  толмағандар саны динамикалық түрде  өсуде. Қылмысқа бару көбінесе нашақорлық, таксикомания, алкоголизмнің кең  қанат жайюымен байланысты болып  отыр. Мұндай заттарды дәл бүгінгі  күні еш қыйындықсыз табуға болады. Айталық, алкогольді ішімдіктерді тәулік бойы жұмыс істейтін дүкендер мен  дүңгіршектерден ешбір қиындықсыз алуға, ал есірткі заттарын кез-келген түнгі ойын-сауық орталықтарынан табуға болатыны бәрімізге мәлім.

     Жалпы наркоманияның етек жаюы барша адамзатқа, оның денсаулығына, сайып келгенде еліміздің экономикалық-саяси дамуы  мен 

тұрақтылығына әсер етпей қоймайды. ТМД мемлекеттері арасында көшбасыға айналған еліміздің  экономикалық өрлеуіне қарамастан, халқымыздың  саны мен есірткіге тәуелді болған жастар арасындағы пропорцияның өте  жоғары болуы көңіл қынжылтары анық. Бұл жастардың тек патриоттық тәрбиесіне ғана емес, бүкіл еліміздің  ұлттық қауіпсіздігіне, яғни жастарымыздың  да болашағына әсер ететін фактор.

     Демек, мемлекетіміздің жас буын өкілдерінің  физикалық және интеллектуалды потенциалы, стратегиялық ресурс болғандықтан көп  ретте еліміздегі реформалар, осы  жастардың тікелей араласуымен  жүзеге асуы тиіс сияқты. Осындай бағытта  жасалып жатқан реформалардың демократиялық  қоғамдағы жастардың қоғамдық-саяси  белсенділігін көтерері хақ. Демек  барша қазақстандық жастардың саяси  сана-сезімі, мәдениеті мен қоса патриоттық рухын көтеру өз кезегінде  жемісті нәтижелерін беретін  шараларды талап етеді.

       Еліміздің ірі қалаларында әртүрлі  демалыс орындары, түнгі клубтар,  интернет залдары мен компьютерлік  ойындар орталығы көбейіп жасөспірімдердің  уақыты мен санасын өзіне тәуелді  қылуда. Жастарымыз осындай мән-мағынасыз  жолдармен кете берсе ертеңгі  шынтуайт өмірді ұмытып, виртуалдық  дүниеге алданып, психикалық ауруға, депресияға ұшырауы әбден мүмкін. Бұндай ауруға ұшыраған жас  өспірім қоршаған ортаны ұмытып,  білім алу, кітап оқу дегендерді  теріс көріп, тәулік бойы компьютердің  алдында телміріп отырудан ләззат  алатын болады. Ал бұл өз кезегінде  оның нағыз азамат болып қалыптасуына  кері әсерін тигізері анық. Сондықтан осындай мәселелерге жол бермеу үшін мемлекет тарапынан жас буын өкілдерінің санасына кері әсерін тигізетін орталықтардың жұмысын реттеп, тәртіпке келтіретін заңдық нормалар қабылдауын талап етеді.

     Мәселен, осындай проблемаларды шешу үшін заңдық нормалармен анықталған, мемлекеттің  қаржылық қолдауымен «Қазақстан жастарының патриоттық тәрбиесі» атты бағдарлама қабылданып, осы сарында тиімді жұмыс  атқарудың маңызы зор. Аталған бағдарламаның  негізгі мақсаты жалпы Қазақстандық жастарға Отанына деген патриоттық тәрбиесін жетілдіру болуы тиіс.

2.2. Жастарды жұмыспен қамту проблемаларын шешу жолдары мен механизмдері

 

     Әлеуметтік  саланың салалық органдары жастардың  қалыптасуы мен дамуына мемлекеттік  қолдау жүйесін қалыптастыруға белсенді ат салысуда. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңда, мемлекеттік және қалалық жастар саясаты туралы бағдарламаларда жастар проблемаларының ерекшеліктері ескеріліп отыр. Алайда, жастар басқа әлеуметтік топтардан тек жасымен ғана емес, сонымен бірге дүниеге көзқарасымен, ұрпақ жалғастырушы белсенді топ ретінде де ерекшеленеді. Әлеуметтік саланың дәстүрлі салаларыне жетекшілік ететін органдар жастардың өз рольдерін орындауын толықтай қамтамасыз етуге шарасыз. Сондықтан елімізде жастар ісімен айналысатын арнайы комитет не болмаса жастар ісі жөніндегі мемлекеттік агенттік ашылып, еліміздегі жастарға қатысты мәселелерді бір орталықтан қадағалап, шешіп, реттеп отырса, нұс үстіне нұр болар еді. Ел боламын деген кез келген мемлекет жастарына жағдай жасайды. Халықтың осы күнгі жастарының тұрмыс деңгейіне, санасына, саяси бағдарына, ғылыми-біліктілік потенциалына қарап, елдің 10-15 жылдан кейінгі тағдырын көз алдыңызға елестете беруіңізге болады. Сондықтан да бұл мәселеге келгенде ешқандай да енжарлыққа жол берілмеуі керек.

     Жастарды  жұмыспен қамту мәселесін шешуде олардың біліктілігін арттыру, кәсіптік училищелерде оқуын ұйымдастыру, жалпы шетелдерге жіберіп, сапалы білім алуына жағдай жасау өте маңызды міндет болып табылады. Бұл бәсекеге қабілетті ел болуымыз үшін де қажет стратегиялық маңызды мәселе. Сондықтан да жастар мәселесін, олардың әлеуметтік жағдайы мен білім алуы, жұмыспен қамтылуы Елбасы Н. Назарбаевтың назарынан ешуақыт тыс қалмай келеді.

     Елімізде білімнің заңдылық және нормативтік құқықтық базасын жетілдіруде маңызды қадам жасалды. 2004 жылғы 9 шілдеде Қазақстан Республикасы “Білім туралы” Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Заң қабылданды. Онда білім беру қызметін лицензиялауға талапты қатаңдату қарастырылған, білімнің барлық деңгейлерінде білім беру қызметін көрсетуге сыртқы бақылау және тиісті бюджеттер қаржысынан мемлекеттік бақылау жүргізуге мүмкіндік беретін нормалар енгізілді.  
 
 

2005-2010 жылдар  аралығында Қазақстан Республикасында  білім беруді дамытудың Мемлекеттік  бағдарламасы Президенттің 2004 жылғы  11 қазанында №1459 Жарлығы және  оны жүзеге асыру жөніндегі  2005-2007 жылдарға (1-ші кезең) арналған  іс-шаралар жоспары Қазақстан  Республикасы Үкіметі Қаулысымен  бекітілді.

Информация о работе Жастармен жумыс