Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 18:14, курсовая работа
Зерттеудің құрылымы. «Тұрғындарды жұмыспен қамту теориясы», «Қазақсатан Республикасындағы жұмыссыздықтың мәселелері» атты курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен және қорытындыдан тұрады.
Еңбек нарығының негізгі мақсаты - еңбек ресурстарын жұмыспен тиімді және нәтижелі қамту. Еңбекке жарамды адамдарды жұмыспен камтамасыз ету аса күрделі әрі мемлекеттік маңызды мәселе. Себебі, алға қойған саяси экономикалық және әлеуметтік катынас негізінен туындаған оның ерекшеліктерін бейнелейтін сапа белгісі. Жұмыспен тиімді қамту әрбір елдің нақтылы даму кезеңдерінің деңгейіне сай жұмысқа жарамды адамдарды үнемді және нәтижелі пайдаланып, оларды шаруашылық салалары және аймақ бойынша бөлудің тепе - теңдік үлесімділігіне жету.
Кіріспе
I. Тұрғындарды жұмыспен қамту теориясы
1.1. Жүмыспен қамтудың бұрынғы және қазіргі теориясы
1.2. Жұмыссыздықтың пайда болу теориялары мен түрлері және оның себептері
1.3. Еңбек нарығын реттеу және халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру жолдары
II. Жұмыссыздық әлеуметтік-экономикалық категория ретінде
2.1. Жұмыссыздық деңгейін бағалау
2.2. Кедейшілік пен жұмыссыздық себептері
2.3. Жұмыссыздықтың әлеуметтік зардаптары
III. Жұмыссыздырды жұмыспен қамту саясаты
3.1. Қазақстандағы жұмыссыздық пен кедейшілікті жою мәселесі
3.2. Жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру шаралары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Мазмұны
Кіріспе.......................
I. Тұрғындарды жұмыспен
қамту теориясы......................
1.1. Жүмыспен қамтудың бұрынғы және қазіргі
теориясы......................
1.2. Жұмыссыздықтың пайда болу
теориялары мен түрлері және
оның себептері................
1.3. Еңбек нарығын реттеу және халықты жұмыспен
қамтуды жетілдіру жолдары.......................
II. Жұмыссыздық әлеуметтік-экономикалық
категория ретінде.......................
2.1. Жұмыссыздық деңгейін бағалау.......................
2.2. Кедейшілік пен жұмыссыздық себептері.....................
2.3. Жұмыссыздықтың әлеуметтік зардаптары....................
III. Жұмыссыздырды жұмыспен
қамту саясаты.......................
3.1. Қазақстандағы жұмыссыздық пен
кедейшілікті жою мәселесі.....
3.2. Жұмыссыздарды жұмысқа
Қорытынды.....................
Қолданылған әдебиеттер....................
Кіріспе
Жалпы халықтық дәрежеде жұмыссыздықпен күресу және жұмысбастылықпен қамтамасыз етуде мемлекет саясаты жүреді, елдегі еңбек нарығының заңды базалары, жұмыс күшінің сапалы сипаттамалары (білім жүйесі мен кадрларды қайта даярлау арқылы) қалыптасады, құрылымдық саясат жүргізіледі, еңбекке деген сұраныс пен ұсыныс реттеледі, еңбек нарығы институттары жетілдіріледі.
Тұрғындардың түрлі категорияларын әлеуметтік қорғаудың нақтылы іс-шаралары керек. Әлеуметтік-еңбек аясындағы жағдайдың шиеленісуіне кірісу үшін жаңа шешу жолдарын табу керек.
Қазіргі таңда мүгедектер, жастар және әйелдер сияқты әлеуметтік қорғаусыз қалған тұрғындар категориясын жұмысбастылар қатарына қосу мәселелерін ұйымдастырудың жаңа жолдарын табу өте маңызды. Бұл азаматтар категориясы мемлекеттің аса қатты қорғауын сұрау етеді.
“Жұмыссыздықтың індетінің” қазіргі бұрқ ете түсуі “бар жұртты жарылқайтын қоғам” жайындағы ағымның күлін көкке шығарды. Жаппай жұмыссыздық еңбекшілердің қайыршылыққа ұшырап, экономикалық жағдайының нашарлап тұрақсыздануының, олардың материалдық күйзеліске душар болып, рухани жапа шегуінің басты себебіне айналып отыр.
Осы заманғы жұмыссыздықты – оның құрамы мен сұрапыл өсу себептерін, еңбекшілердің жағдайына тигізетін әсерін мемлекеттің еңбекке араласуды реттеу әдістерін және жұмысшы тобының еңбек ету құқысы жолындағы күресті өрістету тәсілдерін практикалық, теориялық және тәжірибе жүзінде дәріптету қажет.
Қазір дүние жүзі елдерінің халықаралық жағдайда асқындыруына байланысты жұмыссыздық пен инфляцияның арақатынасы, жанталаса қаруланудың еңбекке араласуға әсері, жөніндегі мәселелер ерекше маңызға ие болып отыр.
Жұмыс бастылық ұғымымен еңбекке жарамды халықтың жұмыспен қамтылғаны түсіндіріледі. Ал есейген еңбекке экономикадағы жалпы ресурстарының істейтіндердің тұтас санымен қатынасы жұмыссыздық коэффицентін құрайды.
Кейбір кезде барлық жұмысқа қабілетті халық бос болмауы табиғи құбылыс. Оған объективті себептер бар: біріншіден, адамдардың бір орынның екіншісі орынға көшіп отыруы, бір қызмет орнының екіншіге ауысуы, тиімді жұмыс іздеуі және оны күтуі және т.б.
Осы себептен жұмысы жоқ адамдар функционалдық жұмыссыздықты құрайды.
Екіншіден, өндірістегі технологиялық өзгерістер жұмысшы күшінің сұранысына құрылымдық өзгерісін көрсетеді. Жаңа құрылымды жұмыс орнында жұмыс кіші құрылымы сәйкес келмейді, осыдан жұмыскерлердің бір бөлігін жұмыстан ығыстырады, бұл құрылымды жұмыссыздықты құрайды.
Қазақстанда еңбек сыйымдылығы (трудоемкость) жоғары өндіріс салаларын қалыптастыру және дамыту; ауыл шаруашылық шикі заттарын терең технологиялық өңдеу және түпкі өнім өндіру экономикасын мемлекет тарапынан басым түрде колдап - дамыту мақсаты және міндеті анықталған. Бұл міндетті іске асыру біріншіден, көптеген жүмыс орындарын ашуға, жаңа мамандықтар дайындауға, жұмыссыздықты жоюға, еңбекақы табысын арттыруға жол ашады; екіншіден, еңбек пен жұмыс күшінің сапасы жоғарылап, еңбек өнімділігі және жалпы экономика тиімділігі артады; үшіншіден, жалпы ұлттық өнімнің құрылымы жақсарып, ұлттық табыс үлесі артады; төртіншіден, салық төлемдері өседі және мемлекет бюджетінің мүмкіншіліктері кеңейеді.
Зерттеудің мақсаты: Еңбек нарығының экономикадағы рөлін, яғни еңбек нарығы дегеніміз бұл ең алдымен жұмыс күшіне сұраным мен ұсыным.
Жұмыс күшін реттеуде оны әкімшілдік - әміршілдік әдіске қарама -қарсы әдіс деп қарауға болады. Еркін еңбек - бұл тиімді экономиканың негізі.
Еңбек нарығының негізгі мақсаты - еңбек ресурстарын жұмыспен тиімді және нәтижелі қамту. Еңбекке жарамды адамдарды жұмыспен камтамасыз ету аса күрделі әрі мемлекеттік маңызды мәселе. Себебі, алға қойған саяси экономикалық және әлеуметтік катынас негізінен туындаған оның ерекшеліктерін бейнелейтін сапа белгісі. Жұмыспен тиімді қамту әрбір елдің нақтылы даму кезеңдерінің деңгейіне сай жұмысқа жарамды адамдарды үнемді және нәтижелі пайдаланып, оларды шаруашылық салалары және аймақ бойынша бөлудің тепе - теңдік үлесімділігіне жету.
Халықты жұмыспен қамтамасыз ету мәселесі осы күндері ең өткір проблемаға айналып отыр. Қазақстанның ұзақ мерзімді стратегиялық даму бағдарламасында жұмыссыздық пен кедейшілікті толық та тұрақты жою мәселесі 2010 жылға дейін шешілетін мемлекеттік міндет ретінде анықталғаны белгілі. Осы 2010 жылға дейін Қазақстан экономикасында күрделі де қарқынды өндірісаралық құрылымдық өзгерістер жүруі қажет. Осы құрылымдық даму стратегиясы бір - бірімен байланысты жалпы ұлттық экономикалық, әлеуметтік және технологиялық мақсаттар мен міндеттердің орындалуын көздеген.
Осы курстық жұмысты Бердалиев К.Б «Қазақстан экономикасын басқару негіздері», Алматы -2001, 8. Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә. «Кәсіпорын экономикасы», Алматы - 2003, 5. Ихданов Ж.О., Орманбеков Ә.О «Экономиканы мемлекеттік реттеудін өзекті мәселелері», Алматы - 2002. т.б. көптеген оқулықтарына сүйене отырып Қазақстандағы жұмыссыздық мәселесіне талдау жасап және жұмыссыздықтың пайда болу теориясы мен түрлеріне тоқталдым.
Зерттеудің құрылымы. «Тұрғындарды жұмыспен қамту теориясы», «Қазақсатан Республикасындағы жұмыссыздықтың мәселелері» атты курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен және қорытындыдан тұрады.
I. ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ТЕОРИЯСЫ
1.1. Жұмыспен қамтудың бұрынғы және қазіргі теориясы
Жұмыссыздық - экономикалық теорияның бұрынғы және қазіргі тарихындағы ең өткір мәселелердің бірі. Жұмыссыздықты әртүрлі мектеп өкілдері әртүрлі түсіндіреді. Мысалы, мальтузиандық теория жұмыссыздықтың пайда болуын түрғындардың тым артып кетуінен түсіндіреді. Кейнстік теория бұл құбылысты рыноктық сұраныстың жетіспегендігімен түсіндіреді, еркін кәсіпкерлік мектебінің геориясы жұмыссыздық жалақы деңгейінің жоғарылауымен туындайтынын айтады, яғни ол еркін болып табылады. Еркін кәсіпкерлік теориясының қазіргі өкілдері - «монетаристер» - осы көзқарасты құптайды.
К.Маркстің қорлану теориясы мен қазіргі технологиялық теория жұмыссыздықтың болуын біріншіден - капиталдың қорлануымен, екіншіден, - техника прогресімен болатындығын айтады.
Мальтузиандық теорияны ағылшын экономисі Томас Роберт Мальтус (1766-1934) жасаған. Ол 1798 жылы «Халық саны туралы заңның тәжірибесі» кітабын шығарған. Онда ол былай деп жазған: «Жер шарындағы тұрғындар теометриялық прогрессиямен өседі; ал өмір сүру жабдығы тек арифметикалық прогрессиямен өседі; яғни әрбір 25 жылда екі есе өседі; ал өмір сүру жабдығы тек арифметикалык прогрессиямен өседі: халық саны -1,2,4,8,16,32 ж.т.б.».
Жалпы жұмыссыздық термині
бірінші рет 1911 жылы Ұлыбритания
энциклопедиясында 1915 жылы АҚШ-тың
Минтруд әдебиетінде қолданған.
Қазіргі кезде жұмыссыздық
Елдегі еңбекке жарамды халықтың қоғамдық өндірісте тұрақты қатысуы, ол әр бір елдің сақтандыруды қамсыздандыруы ең негізгі факторларының бірі болып табылады.
Әміршіл-әкімшіл экономикадан нарықтық бағдарға ауысуы көптеген жұмысшылардың жұмысынан айырылуына әкеп соғады. Рыноктік қатынастардың дамуы кәсіпкершіліктің қаупі өндірстік сферадан еңбек, жұмысбастылықтан туындайды. Яғни рынокке ауысудан жұмыссыздықтың, мәні – объективтік процесс, ал басқа жағынан – қоғам, ол жұмыссыздық табиғи деңгейін сақтандырудың ұйғарымды шегін талап етеді. Оның осы қоғамдық шектен шығуы өткір проблема тұғызады.
Жалпы жұмыссыздықты түсіндіруді бүгінгі кезде “қарабайыр” деп атауға болады: бұған еңбектегі баға мен еңбекке ұсыныстың өзара қарым-қатынасы деп айтуға болады. Жалақының төмендеуі еңбекке деген сұранысқа жағдай жасайды және де осыдан жұмысбастылық; жалақы өсімі еңбекке деген ұсынысты көбейтеді, бірақ сұраныс өсімін тоқтатады. Жұмыссыздықтың себептерін талдауды көптеген экономикалық мектептер береді. Ең алғаш жұмыссыздықты түсіндіру туралы ағылшын экономисті Т. Мальтустың “Халықтың өсу тәжірибесі” еңбегінде көрсетілген. Мальтустың айтуы бойынша жұмыссыздық демографиялық себептерге әкеліп соғады, соның нәтижесінде халықтың өсуі қарқыны өндірістің өсу қарқынынан асып түседі.
Ал Марксистік әдебиетте Мальтустың теориясын “тұрпайы” және дәрменсіздік деп қарап тұрақты дәстүр қалыптасқан. Мұнда айтылады: “жұмыссыздықтың түп негізін өзінен іздеу емес, оны дәл экономикалық шаруашылық жүйеден іздеу керек” дейді.
Жалпы К.Маркс жұмыссыздықты өзінің “Капитал” еңбегінде зерттеп қарастырған. Ол айтып кеткен, техникалық өрлеумен өндіріс жабдықтарының көлемі мен бағасы өседі, жан басына шаққанда 1 жұмысшыға. Бұл жағдай Марксті сенгіздіреді, экономикалық өркендеу капиталды жинақтау қарқынынан еңбекке деген сұранысқа әкеп соғады, осыдан келіп жұмыссыздық себептері көрінеді. Бұл трактовка байланыссыз болып есептеледі, егер жұмысшы күшіне сұраныс өссе, онда жұмыссыздық жойылады, немесе ең болмаса қысқарады, капитал жинақтаудан одан әрмен жоғары қарқынмен (нақтаудан одан әрмен) болады.
Бұл жұмыссыздықтың түсіндіруін толық деп санауға болмайды. Маркс және де басқа себептеріне болжам жасады.
Нарықтық шаруашылықтың дамуы, оны өркендеген рыноктік шаруашылықтың серігі жасайды.
Экономикалық циклдің дамуынан жұмыссыздықты тұжырымдау Маркстен кейін экономикалық теорияда тұрақты дәстүр болып қалыптасты. Егер, экономика циклдік дамыса, өсу мен кему шаруашылық дамуымен келіссе, бұдан жұмысшы күшін босату және өндірісті тоқтату деп тұжырымдайды, жұмыссыздық армиясы көбейеді.
Батыс мектебінің өкілдері 20-шы ғасырдың 30-шы жылдарына дейін жұмыссыздықты дәстүрлі түсіндірумен, яғни жұмыссыздық – жалдамалы
Ол халық санының және өмір сүру әдісінің өсу каркыны жоғарыдағы көрсетілген есеппен салыстыра отырып мынандай қортындыға келген: тұрғындардың жоғары қарқынмен өсуі кайыршылық пен жұмыссыздықтың себеп салдары болып табылады.
Түрғындардың қарқынды өсуін Мальтус (әрбір 25 жылда екі есе өсуі) ХҮІІ-ші ғасырда АҚШ-да халық санының өсуі негізінде есептеген, бірақ ол
кезде АҚШ-да тұрғындар саны тек табиғи өсіммен ғана емес, Еуропадан иммигранттар легінің келуімен да өскенің ескермеді.
Қазіргі жағдайда адамзаттың өмір сүру әдісінің тұрғындар қарқынының тез өсуінен қалмауы үшін мүмкіндіктер көп. Бұл туралы ағылшын экономисі Джон Бернал өзінің 1954 жылы шыққан «Қоғам тарихындағы ғылым» кітабында былай жазған: «Қазіргі уақытта атом ядросының бөлінуі негізінде ядролық энергия алынды және оны ядролық синтезден, тіпті көп мөлшерде күтуге толық негіз бар, себебі тамақ өндірісін ары дамытудың шексіз екенін көрсетеді».
Ағылшын экономисі Джон Кейнстің баяндауынша, жұмыссыздық бұл тауарға сұранымның төлем қабілеттілітінің жеткіліксіздігі мен жалақының өте жоғарылауының салдары деп түсіндіреді. Төлем сұрамының жеткіліксіздігінің ол адамдардың кор жинауға бейімділігімен және күрделі қаржыға ынталандырудың әлсіздігімен түсіндіреді. Оның ойынша, толық жұмыстылықпен қамтамасыз етуге болады, ол үшін адамдардың кор жинауға бейімділігін жоюы қажет және жұмыс орнын құру үшін жоғарғы деңгейлі күрделі қаржыны қарастырған дүрыс.
Батыс мектебінің өкілдері ХХ-шы ғасырдың 30-шы жылдарына дейін жүмыссыздықты дәстүрлі түсіндірумен, яғни жұмыссыздық - жолдамалы жұмыскердің өзінше еркін талдауы деп есептеді. Жұмысшылар шектен тыс жоғарғы жалақыны талап етеді, сондықтан жұмыс күшіне сұраным төмендейді. Бұл теорияны ағылшын экономисі Кембридж университетінің профессоры А. Пигу өте дәйектілікпен жасады. Ол өзінің ойын 1923 жылы шыққан «Жұмыссыздық теория» кітабында баяндады. Алайда ХХ-шы ғасырдың 30-жылдарындағы жаппай жұмыссыздық кезінде бұл позицияның дұрыс еместігі барынша айқындала түсті.