Жұмыссыздық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 18:14, курсовая работа

Описание

Зерттеудің құрылымы. «Тұрғындарды жұмыспен қамту теориясы», «Қазақсатан Республикасындағы жұмыссыздықтың мәселелері» атты курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен және қорытындыдан тұрады.
Еңбек нарығының негізгі мақсаты - еңбек ресурстарын жұмыспен тиімді және нәтижелі қамту. Еңбекке жарамды адамдарды жұмыспен камтамасыз ету аса күрделі әрі мемлекеттік маңызды мәселе. Себебі, алға қойған саяси экономикалық және әлеуметтік катынас негізінен туындаған оның ерекшеліктерін бейнелейтін сапа белгісі. Жұмыспен тиімді қамту әрбір елдің нақтылы даму кезеңдерінің деңгейіне сай жұмысқа жарамды адамдарды үнемді және нәтижелі пайдаланып, оларды шаруашылық салалары және аймақ бойынша бөлудің тепе - теңдік үлесімділігіне жету.

Содержание

Кіріспе
I. Тұрғындарды жұмыспен қамту теориясы
1.1. Жүмыспен қамтудың бұрынғы және қазіргі теориясы
1.2. Жұмыссыздықтың пайда болу теориялары мен түрлері және оның себептері
1.3. Еңбек нарығын реттеу және халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру жолдары
II. Жұмыссыздық әлеуметтік-экономикалық категория ретінде
2.1. Жұмыссыздық деңгейін бағалау
2.2. Кедейшілік пен жұмыссыздық себептері
2.3. Жұмыссыздықтың әлеуметтік зардаптары
III. Жұмыссыздырды жұмыспен қамту саясаты
3.1. Қазақстандағы жұмыссыздық пен кедейшілікті жою мәселесі
3.2. Жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру шаралары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Жұмыссыздық курс жұмыс.doc

— 313.50 Кб (Скачать документ)

      Жалпы жұмыссыз деп статистиклық тексеру кезінде жұмыссыз болып, бірақ жұмыс іздеп және жұмысқа кіруге дайын адамдарды айтады. Шетелдік мамандар жұмыссыздықтың себептерін талдай отырып, оның әр түрлі нысандарын тудыратын нақты факторларын қарайды. Жұмыссыздықтың мынадай нысандары болады: жасырын функционалдық, маусымдық, құрылымдық, технологиялық, институтционалды, ерікті, жасырын тағы басқа.

Жасырын жұмыссыздық - өндірісте және мемлекеттік ақпаратта артық жұмысшылардың қолданылуы. Қазіргі болмыста олардың жұмыстарын аз жұмысшылардың қолданылуы. Қазіргі болмыста олардың жұмыстарын аз жұмыс күшімен атқаруға болады.

     Институтционды жұмыссыздық еңбек рыногының институтынан, құрылысынан, ұсыныс пен сұранысқа ықпал ететін факторлардан туады.

      Ерікті жұмыссыздыққа әр себеппен, өз еркімен жұмыс істегісі келмейтін адамдар жатады.

Маусымдық жұмыссыздық – жұмыс күшінің тек маусымдық кезеңде жұмыс жасауы: бұл кейбір өндіріс саласында кездеседі, әсіресе қайта өрлеу өнеркәсібінде т.б.

Технологиялық жұмыссыздық – адамдарды машинамен ауыстырудың нәтижесі, біліктілікті өзгертуді немесе басқа мамандықты игеруді талап етеді.

      Жұмыссыздық – экономикалық белсенді халықтың бір бөлігінің еңбек рыногында талап етілмеумерінен туындайтын әлеуметтік-экономикалық құбылыс; адамдар жұмыс істеуге қабілетті және жұмыс істегілері келетін, бірақ жұмыс табылмайтын хал-жағдай.

Жалпы жұмыссыздық –  үш критерийге қатар жауап беретін  адам жұмыссыз болып есептелетін  кездегі жұмыссыздық, олар:

а) істейтін жұмыс (табысты  жұмыс) жоқ,

б) белсенді түрде іздеп  жүр,

в) белгілі бір уақыт  аралығында жұмысқа кірісуге даяр (қағида бойынша, екі аптаның ішінде).

Ресми жұмыссыздық – маусымдық ауытқуларға түзетусіз, мемлекеттік органдарда тіркелген жұмыссыздардың жалпы саны.

Жасырын жұмыссыздық (бүркемелі) – жұмыс істеглері келетін, бірақ жұмыссыз ретінде тіркелуді, әдетте, жәрдемақы алуға құқылы еместігінен пайдасыз көретін жұмыссыздардың жалпы саны.

Созылыңқы жұмыссыздық – 12 айға және одан ұзақ уақытқа созылатын жұмыссыздық.

       Өнеркәсібі дамыған елдердегі жұмыссыздықтың себептерін талдай отырып шетел авторлары олардың жекелеген түрлерін тудыратын нақты факторларын қарастырады. Мысалы, АҚШ-ы Конгресі экономикалық статистика бойынша комиссияның жүргізген зерттеуі жұмыссыздықтың 70 түрін атаған. Олардың әрқайсысының өзінің ерекше “себептері” бар. Экономистер барлық жұмыссыздықтың түрлерін негізінен екі топқа жіктеп қарайды. Жұмыссыздықтың бірінші тобына – “жиынтық сұранымның жеткіліксіздігінен”туындауын жатқызады, алдыменен циклдық жұмыссыздықты айтамыз. Жұмыссыздықтың екінші тобына – “жиынтық сұраным өзгерісімен байланысты емес: фрикциондық, құрылымдық, технологиялық және басқа түрлерін” жатқызамыз.

       Кез келген жұмыссыздықтың болуы – қоғам үшін ең ауыр экономикалық және әлеуметтік сілкініс. Батыс ғалымдарының пікірі бойынша, адамды жұмыссыз деп есептегенде, ол тек жұмыстан айырылып қана қоймай, өзінің абыройын да жоғалтады. Шетелде жұмыстан айырылуды психологиялық зақым ретінде бағалап, тек ең жақын туысқаны қайтыс болғанда алатын стресс деңгейінде қаралады.

       Жұмыссыздқ деңгейін есептеу төмендегідей формуламен анықталады:

 

ЖБ=ЖС/ЖК*100

Мұндағы – ЖБ – жұмыссыздық  деңгейі;

                    ЖС – жұмыссыздар саны;

                    ЖК – жұмыс күшінің саны.

      Ол Халықаралық еңбек ұйымының әдісі бойынша және әр мемлекеттің арнайы заң нормаларымен есептелінеді. ХЕҰ әдісі бойынша, мемлекеттік жұмыспен қамту органдарынан басқа қызмет орындары мезгіл–мезгіл халықтық сұрақтану жүргізеді. Қазақстанда жұмыссыздық деңгейін есептеумен Статистика бойынша агенсттік шұғылданады.

     Жұмыссыздық қоғамға көптеген зиян келтіреді; инфляцияның өсуіне ықпал жасайды, сондықтан еңбекке қабілетті адамдардың бар бөлігі өнім өндіруге қатыса алмайды. Сөйтіп олар жұмыспен қамтылмағандықтан ақшалай жұмыссыздыққа ақы алады, осыдан барып мемлекеттік бюджеттің шығыс бөлігі өсе түседі.

      Әйелдердің де, еркектердің де жұмыссыздықтарының негізгі себептері оқу орнын бітіргеннен кейін жұмысқа орналасудың қиындығы және кез келген жұмыстың табылмауы болып табылады. Әйелдердің салыстырмалы теңсіздігінің себебі – олар еркектерге қарағанда штат қысқартуға байланысты  жұмыстан жиірек босатылады және үй шаруашылығын жүргізу қажеттілігі бойынша жұмысты тастайды.

       Жасқа қарай жұмыссыздық сипаттамасы да сондай-ақ еңбек рыногындағы әйелдер мен еркектер арасындағы теңсіздікті айғақтайды.

       Жұмыссыздық  – экономикалық өсу жетістіктерінің адам дамуына ықпалын азайтатын құбылыс.

Біріншіден, ол адамдар  мен үй шаруашылықтарының белгілі  бір бөлігін (кейде едәуір көлемін) экономикалық әрекет жағдай жасайтын мүмкіндіктерге қол жеткізуден айырады. Олар үшін адам даму жағдайлары едәуір нашарлайды. Екіншіден, жұмыссыздық (әсіресе, ұзақ мерзімді, тоқыраулы) еңбек дағдыларын жоғалтуға, яғни жинақталған адам капиталынан айырылуға ұшыратады және осылыайша ол адам дамуына теріс ықпалын тигізеді. Үшіншіден, жұмыссыздық тек жеке адамдардың ғана емес, сонымен бірге жұмыссыздардың әл–ауқатының деңгейін қолдауға, мемлекетердің жұмыспен қамту жөніндегі түрлі бағдарламаларын іске асыруға байланысты елеулі әлеуметтік шығындарға ұшыратады, ал мұндай жағдай адам дамуына анағұрлым тиімді бағытталуы мүмкін ресурстарды қоғамнан оқшауландырады.

      Сонымен, жұмыссыздық құбылысы қоғам үшін қазыналық жоғары шығындарды, адам капиталынан айырылуды, әлеуметтік саралардың күшеюін, жастар проблемасының шиеленісуін білдіреді.

Жұмыссыздық – бұл  әлеуметтік-экономикалық көрініс. Жұмыссыздық Халықаралық Еңбек Ұйымының анықтамасы бойынша жеке тұлға болып табылады, яғни:

1) дәл қазіргі уақытта  жұмысы жоқ;

2) нақты және белсенді  әрекет жасай отырып, жұмыс табуға  шешім қабылдайды;

3) дәл қазіргі уақытта  жұмыс істеуге дайын.

Жұмыссыздық дәрежесі –  бұл жұмыссыздар санының экономикалық белсенді халық санына қатынасы. Есептеу  барысында барлық халық 3 үлкен топқа  бөлінеді:

  1. 16 жастан жасырақ тұлғалар;
  2. үлкендер;
  3. жұмыс істеуге қабілетті және дайын тұлғалар.

Жұмыссыздар дәрежесін  анықтағанда келесі моменттерді  қамту керек:

  1. жарым-жартылай бірең-сараң жұмысбастылар;
  2. жұмысқа тұруға үмітін үзген жұмысшылар;
  3. жалған ақпараттар

 

1.3. Еңбек нарығын реттеу және халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру жолдары.

 

Еңбек нарығы - бұл жұмыс  күшін (адамның еңбек ету қабілеті) тауар түрінде сату - сатып алуға байланысты болатын экономикалық қатынастар жүйесі. Еңбек нарығы жоғары квалификация еңбектің беделінің сөзсіз көтерілуіне әсер етеді, осының арқасында әрбір жұмыс орнының бағасы артады, жұмыскерлерге және олардың еңбегінің сапасына деген талап күшейеді.

Еңбек нарығы – бұл  нарықтың ерекше түрі, онда жұмыс күші тауарын сату және сатып алу жүзеге асады. Осы жерде оның құны мен  жалдану жағдайы бағаланады. Еңбек  нарығы экономика жағдайын көрсетудің айнасы, тұрғындарды жұмыспен қамту көлемі мен динамикасын, жұмыссыздықтың сала – бойынша, кәсіби – биліктілік, демографиялық және басқа да көрсеткіштерінің құрылымын байқады.

Еңбек нарығында барынша қабілетті және іскер жұмыскерлерді қатал, аяусыз түрде іріктеу тән. Еңбек нарығы жұмыс күшін толық бағалауды қамтамасыз етеді, оның жоғары жылжымалығына, қозғалысына, ширақтығына себепші болады, іскерлік пен белсенділікке ынталандырады. Нарықта жүмыс күшіне сұраным мен ұсыным заңы әрекет етеді, ол еңбекке төленетін ақының шамасын белгілейді. Бұл жерде жүмыс күшін сатушылар мен сатып алушылар кездеседі.

Еңбек нарығын мойында  жұмыс күшінің әлеуметтік - экономикалық табиғатын және оның өндіріс құрал жабдықтарымен косылу тәсілін түбегейлі өзгертеді. Қазірде, біздің коғамымызда жұмыс күшінің тауар табиғаты жөніндегі ғылыми да негізінен аяқталды деуге болады. Еңбек нарығының әрекет ету жағдайында жұмыс күші тауарға айналады, ал оны өндіріс құрал - жабдықтармен қосу нарықтық тәсілмен жүзеге асады.

Қазақстан Республикасында  осы уақытқа дейін еңбек нарығы болған жоқ. Еңбек нарығы – бұл  жұмыс күшін тауар ретінде  сату – сатып алу туралы экономикалық қатынастардың жүйесі.

Еңбектің тікелей әсер етуінің арқасында жоғары биліктілікті еңбектің дәрежесі көтеріледі,  әрбәр жұмыс орнының бағасы өседі, жұмыскерге және оның еңбегіне талап күшейеді. Жұмыссыздық мәселесін шешуде ерекше орынды еңбекбиржалары алады. Еңбек биржасы – бұл тұрақты негізде қызмет жасайтын мекеме, мұнда еңбектің жалдау кезінде жұмыскер мен кәсіпкер арасындағы делдалдық іс – әрекет жүзеге асады.

3.3. Еңбек нарығын реттеу және халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру жолдары.

     Қазіргі ғылыми өндірістер еңбек ресурсына жаңа көзқараспен қарауды талап етуде. Бұл арақатынастар макро деңгейінде ұлттық жұмыс күнін ақы төлеуде кемшіліктерінің сақтау саясатын білдіреді. Аралық деңгейде жұмыс ету жағдайлары шартты, ақысы төмен аймақтарға мамандардың жұмыс ету қызығушылығын арттыру. Микро деңгейде ресурстар сапасын білімді жоғарылату жұмыстарын жүргізу керек. Халықаралық тәжірибеге сүйенсек, еңбек өндіргіштігі мен мамандарының бір жұмыс орнында жұмыс ету ұзақтығымен тығыз байланыста екендігін көрсетеді.  Арнайы зерттеулер менеджер–маманның бір орында  оптимальды жұмыс ету мерзімі – 4 жыл  болатынына ккәгер бола алады. Психология осы уақытта өндірісті дұрыс түсіну және басқару жұмыстарын шешуде қажетті тәжірибеде жинақталатындығын көрсетті, алайда әрі қарай ізденісі кемігендіктен бұл білімдер көрсетілген мерзімнен бастап төмендей бастайды. Сондықтан тігінен (қызметтік өсу, карьерлік ауысу) немесе көлденеңі бойынша (жаңа міндеттер) маманның жұмысқа тұрақты белсенді қатынасын көрсетеді.

 

 

 


 

 

 



 

 

 



 

 

 

 



 

 

 

 


 

 

 

Сурет 1 -Еңбек ресурстарының тиімділігін қолдану шаралары

 

Еңбек нарығындағы жағдайды жақсарту мақсатында келесідей шараларды жүзеге асыру қажет:

·2010-2015 жылдарға тұрғындарды  жұмыспен қамту бағдарламасын дайындау және жүзеге асыру;

·Шағын кәсіпкерліктің ары қарай дамуы үшін жағдайлар  құру;

·Қала кәсіпорындарында жаңа жұмыс күшін құруға жәрдемдесу, жұмыс орындарын құруда жұмыс берушілерді ынталандыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

·Еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып даярлау және қайта  даярлау курстарын ұйымдастыру  арқылы жұмыс күшінің біліктілігін жоғарылату;

·Көптен бері жұмыссыз жүргендердің мониторингін жүпгізу;

·Еңбек құқығы мәселелері жөнінде  жұмыссыздарға кеңес беру бойынша  қызметтер көрсетуді ендіру;

·Нақты мамандықтар бойынша  бос орындар жәрменкесін өткізу тәжірибесін жалғастыру және арнайы бос орындар банкісін қалыптастыру;

·Жұмыс бастылық, еңбек ақы және еңбек жағдайлары, бейімделу үрдісін  қамтамасыз ету мәселерін шешуде әлеуметтік серіктестіктердің ролін  жоғарылату;

·Мүгедектердің кәсіби жүйесіне инвестицияларды  көбейту;

·Жаңа жұмыс орындарын құруда жұмыссыздардың құрылымын ескеру.

      Елдегі жұмыспен қамту мәселесін шешуде кемшіліктер, кедергілер аз емес. Мәселен, халықты жұмыспен қамту туралы заңға бір жылда екі рет өзгеріс енгізілсе, оның орындалу механизмін кешіктіру жұмысты жоспарлы түрде жүргізуге кері әсерін тигізеді. Яғни, бұрынғы заңның жетімсіздігін өмір көрсетті. Кейбір мекеме, кәсіпорын басшыларының заңды құрметтеу мәдениетінің төмендігі жұмыссыздарды еңбекке орналастырғанда қиыншылықтар туғызатыны жасырын емес. Осындай сәйкессіздіктің салдарынан күнделікті жұмыста қолбайлаулар да кездесіп жатады.

       Біз қаншалықты еңбеккерлер мен зейнеткерлердің жалақысын арттырып, отырғанымызбен, ол бәрібір инфляция жетегінде кетіп жүр. Әсіресе, осыдан жұмыссыз отбасылар қатты зардап шегеді. Сондықтан әрбір отбасының жағдайын жақсарту және инфляция деңгейін бәсеңдету үшін адамдарды жұмыспен қамту шарт. Осыған байланысты қазіргі таңда нарықтық экономика мен әлеуметтік әділеттілік негізінде жоғары өркениетті демократиялық қоғам құру жолында әртүрлі оқиғаларды басынан кешіп отырған мемлекетіміздің бүгінгі тіршілігінің негізгі мақсаты мемлекеттегі әрбір азаматтың бақытты өмірін және мұң-мұқтажсыз ауқатты тұрмысын қамтамасыз ету болып табылады.

Жастарды жұмыспен қамту.

        1. Жастарды еңбек нарығына дайындау.Кешенді зерттеу негізінде жастарды жұмыспен қамту мәселелері көрсетілген (еңбек нарығының жастар сегментіндегі диспропорционалдық, жұмыссыз жастарды жұмыспен қамтылмау себептері, оқып жүрген жастардың негізгі ағымының еңбек саласындағы құндылықтарды бағалау, еңбек нарығындағы әлеуметтік – психологиялық бағыты мен кәсіби біліктілік дайындығы тұрғысынан алғаш еңбек нарығынан шыққан кездегі бәсекелестік қабілеті, сәтті кәсіби өсім факторлары, әлеуметтік дайындық қызметін үйлестіру мәселесі).

2. Оқу орындары түлектерін жұмыспен қамту мәселелері. Әлеуметтік сауалнама нәтижелері жоғарғы оқу орындарының түлектері көп жағдайда оқу бітіргеннен кейін жұмысқа орналасуды мақсат тұтатындарын көрсетіп отыр (82,5 пайыз), оның ішінде облыстағы жоғарғы оқу орындары түлектерінің 60,1 пайызға жуық негізгі нормативтері бойынша жұмысқа орналастыруды көздейді.

Информация о работе Жұмыссыздық